Р.Ж Абнасырова
С. Демирель атындағы университеттің қауымдастырылған профессоры, филол.ғ.к. Қаскелең қаласы, Қазақстан
«ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ» КУРСЫ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ
Ұлтжандылық сезімді ояту мектепте «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәніне байланысты болса, жоғары оқу орнында «Практикалық қазақ тілі» сабағына қатысты. С.Демирель атындағы университет оқытушылары ф.ғ.к., қауымдастырылған проф. Р.Ж.Абнасырова, аға оқытушы Ж.М.Дүйсебекова, аға оқытушы Г.Н.Нұрманова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУдің дайындауымен жасалған типтік оқу жоспары негізінде «Қазақ тілі» оқулығын дайындады. Мақалада оқулық туралы қысқаша айтылып, сол жерде берілген материалдар мен тапсырмалар ұсынылған.
Түйін сөздер: практикалық қазақ тілі, сөз мәдениеті, инновация, коммуникатив, сөздік қор, тілдік деңгей.
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы еліміздің интеллектуалдық потенциялын дамыту, адамдық ресурстардың сапасын, яғни халықаралық деңгейде бәсекеге төтеп бере алатын жастарды қалыптастыру міндетін алға қойып отыр. Алға қойылған мақсатқа жетудің бірденбір жолы – жастардың ғылыми және көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, өз елінің тарихына, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік сезімін жетілдіру. Жастар жоғарғы білікті маман болуларымен қатар, өз елінің азаматы, мемлекетіміздің қорғанышы болулары де қажет.
Ұлтжандылық сезімді ояту мектепте «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәніне байланысты болса, жоғары оқу орнында «Практикалық қазақ тілі» сабағына қатысты. Практикалық қазақ тілі курсының негізгі мақсаты – мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілінің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру. ЖОО-да қазақ тілін қарым-қатынас құралы деңгейіне айналдыру дағдыларын қалыптастыру. ЖОО түлектерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, тілдік біліктілігі жоғары маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасау.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
С. Демирель атындағы университет оқытушылары ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Р.Ж. Абнасырова, аға оқытушы Ж.М.Дүйсебекова, аға оқытушы Г.Н. Нұрманова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің дайындауымен жасалған типтік оқу жоспары негізінде «Қазақ тілі» оқулығын дайындадық. Оқулықта тақырыпқа қатысты берілген мәтіндер деңгей бойынша сұрыпталып, тілдік әрекеттердің (оқу,тыңдау, сөйлеу, жазу) барлық түрлерін қамти отырып құрастырылды. Тақырып бойынша берілген мәтіндер мен сол бойынша дайындалған оқылым, сөйлесім әрекетіне қатысты тапсырмаларды орындау арқылы тіл үйренушілер қазақ тілін жақсы білуге, топ алдында өз пікірлерін еркін жеткізуге, әр тақырып бойынша ойлауға және сараптай алуға машықтанады деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қоса, оқу құралында лексикалық тақырыптарды ашу мақсатымен «Ой бөлісейік» айдары арқылы сұрақтар, тақырыпты болжау тапсырмалары берілді және тіл үйренушілерге ыңғайлы және түсінікті болу үшін лексикалық тақырыптың мазмұнын ашатын «ұлттық құныдылықтар» сызба және кестелер арқылы ұсынылды.Тыңдалым әрекеті бойынша көбіне тақырыпқа қатысты ютубта бар пайдалы бейнематериалдар алынды және кейбір мәтіндердің қазіргі заманға сай болуына баса назар аударылды. Ал «Біле жүріңіз» атты айдарда тіл үйренушілердің дүниетанымын кеңейтетін, ұлттық құндылықтар мен тақырыптарға қатысты әлемдегі қызықты фактілерді беруге көп көңіл бөлінді. Жалпы біздің ұсынып отырған мәтіндер мен тапсырмалардың нәтижесінде, тіл үйренуші жеке дара және топтық, ұжымдық бірлестікте жұмыс істей отырып, мемлекеттік тілді қарым-қатынас құралы ретінде еркін қолдануға дағдыланады деп ойлаймыз.
Енді нақты дәлел болу үшін бірнеше тақырыпқа тоқталып, сол бойынша қандай мәтіндер мен тапсырмаларды жасағанымызды айтып өтейін.
Типтік бағдарлама бойынша лексикалық тақырыптың үшіншісі «Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары» деп аталады. «Практикалық қазақ тілі» курсы аптасына 3 сағат болғандықтан әр тақырыпқа біз 3 сағат бөлеміз. Осы 3 сағаттың ішінде тілдің төрт әрекеті де (оқылым,тыңдалым, сөйлесім, жазылым) қамтылған. Ал енді берілген тақырыпқа көшпес бұрын бірінші «Ой бөлісейік» айдарымен тақырыпқа қатысты тірек сөздер және суреттер беру арқылы студенттерге болжам жасатып аламыз.
ел шекара сарбаздар жас ұрпақ қорғаныс Ұлы Отан бейбіт өмір ардагерлер мереке борыш қолбасшы бағынышты отансүйгіштік ерлік
Енді оқылым бөлімінде «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі» деген тақырыпта шағын мәтін және сол бойынша сұрақтар берілген. Ал сөйлесім бөлімінде Б.Момышұлынан алынған қысқаша сұқбат бар. Сұқбат бойынша студенттер жоспар құрады және сіз тілшінің орнында болсаңыз қандай сұрақтар қояр едіңіз деп сұрау арқылы студенттермен пікірталас өткізіледі. Тыңдалым бөлімінде сөзі Бәкір Тәжібаев, әні Сейдолла Бәйтерековтың «Әлия» әні қойылады. Әнді тыңдап болған соң әннің мазмұны бойынша студенттер кластер құрастырады. Соңында қазақ даласында болған немесе дүниежүзінде өз ерлігімен танылған тағы қандай нәзік жанды батыр қыздарды білесіз? деген сұрақ арқылы қорытылады. Біздің оқулықта «Біле жүріңіз» деген айдармен барлық тақырыптарға қатысты қызықты деректер, қосымша мәлеметтер берілген. Аталған тақырып бойынша біз Қазақстанның Қарулы Күштері және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдардың қазақша атауы туралы қысқаша мағлұмат беріп өттік. Жазылым бөлімінде қазақ даласында болған батырлар есімдерін хронологиялық реттілікпен орналыстырып, олар туралы қысқаша ақпарат жазыңыз деп төмендегідей адам аттары ұсынылды.
Күлтегін Махамбет Өтемісұлы Қабанбай батыр Сырым Датұлы
Исатай Тайманұлы Мәлік Ғабдуллин Мәншүк Мәметова
Және екінші тапсырма «Ер есімі – ел есінде» тақырыбына төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, шағын ойтолғау жазу.
— Сіздің ұғымыңызда ерлік деген не?
— Батырды заман тудырады дегенді қалай түсінесіз?
— Қазіргі таңда ерлік деп бағаланатын қандай әркеттер деп ойлайсыз?
— Намыс деген ұғымға қандай анықтама берер едіңіз?
— Еліңіз туралы айт десе, неден бастар едіңіз?
Тақырыптың соңында студенттердің деңгейлері жоғары болып жатса деп топтық жұмысқа «батырлық», «ерлік» тақырыбында мақал-мәтел жарысын ұйымдастыруды және «Қазақстан Республикасының азаматы мен азаматшасы ретінде төмендегі антты жаттап алыңыз» деп анттан шағын үзінді ұсындық.
11-тақырып – «Салауатты өмір салты. Спорт кешендері. Ұлттық спорт.Атақты спортшылар». Ең алдымен Қазақ халқының қандай ұлттық спорт түрлерін білесіз? Қазіргі күні ұлттық спорттың қай түрі кеңінен қолданылады? Атақты спортшылардан кімді білесіз? Өздеріңіз қай спорттың түрімен айналысасыз? — деген сұрақтарға студенттер жауап беріп алған соң, «Спорт және денсаулық» деген сызбаны толтырады. Оқылым бөліміне Қазақтың ұлттық ойындары туралы төмендегідей сызба ұсындық. Оқытушы сол сызба арқылы студенттерге қазақтың ұлттық ойындарынан мағлұмат береді.
Ұлттық ойындар туралы студенттер толық ақпарат алып болған соң «Мобильді қосымшада қазақтың қандай ойын түрлері бар?», «Сіз өзіңіз қай ойын түрін жасар едіңіз?» деген қазіргі жаңа технология мен ұлттық ойынды байланыстыра отырып сұрақ қойылып, әр студенттің жекежеке ойлары тыңдалады. Енді осы жерге қызықты дерек ретінде «Мысыр патшасы Тутанхамон перғауынның өзі асық ойнапты» деген тақырыптағы асықтың ежелден келе жатқан ойын екендігін дәлеледейтін қысқаша ақпарат ұсынылады. Және осы ақпараттан кейін шахмат пен тоғызқұмалақ ойындарына салыстырма жүргізуге тапсырма береміз.
Сөйлесім бөлімінде «Алаштың ардақты ұлы» тақырыбындағы Мұстафа Өзтүрік жайында ақпарат және мәтін бойынша қысқаша сұрақтар беріледі. Осы ақпараттан кейін жалпы қазіргі спорт түрлері туралы студенттермен пікірталас өткізуге болады. Тыңдалымда студенттерге қызықты болады деген оймен «Болашақта пайда болатын спорт түрлері» тақырыбындағы бейнебаянды көріп, сол бойынша сұрақтар берілген. «Біле жүріңіз» деген айдармен қосымша дерек ретінде «Паралимпиада» туралы да қостық. Қазіргі адамдар паралимпиада туралы деректі бірі білсе, екіншісі біле бермейді. Ең соңғы жазылым бөлімінде оқулықта берілген суреттер бойынша «Қазақ халқының ұлттық ойындары» тақырыбында екі студент бір-бірімен сұқбат құрады және студенттердің есінде жақсы қалсын деген мақсатпен денсаулыққа қатысты мақалдардың сыңарын табу туралы тапсырма берілді.
Қазақ жеріндегі таулар, өзен-көлдер
Қазақстанда мекендейтін бағалы аң, құстар ………………………………………………………………………………………….
Қазақстандағы сәулет ескерткіштері ………………………………………………………………………………………….
Халық ауыз әдебиеті үлгілері ………………………………………………………………………………………….
Қазақтың салтдәстүрлері ………………………………………………………………………………………….
1. Бірінші байлық – … Екінші байлық – …
Үшінші байлық – …
2. Жарлының байлығы — … 3. …ауырса — тән азады,
…басса — жан азады.
4. Емнің алды — …
5. Ауырып …іздегенше, Ауырмайтын …ізде.
18-тақырып – «Табиғи ресурстар.
Су ресурсы. Қазба байлық ресурстары».
Бұл тақырыпты ең алдымен «Ұлттық байлық дегеніміз не?», «Қазақстанның табиғи байлықтарына нені жатқызар едіңіз?», «Қазба байлықтарына не жатады?» деген сұрақтар арқылы бастаймыз.
Оқылым бөлімінде ұлттық қазба байлақ туралы қысқаша мәтін беріліп, сол мәтін бойынша сұрақтар қойылған.
Мәтіннен кейін табиғи ресурстарға қатысты төмендегідей кестемен таныстырып шығамыз.
Кесте мен мәтін ауызша толық талданып болған соң, алған білімдерін жинақтау мақсатында төменде берілген шағын кетені толтыртамыз.
Тыңдалым бөлімінде https://www.youtube.com/watch?v=Bib3LXR-iww сілтемесі арқылы
«Нұр әлем» павильоны» атты бейнежазбаны көріп, менталды карта жасайды.
Табиғи ресурстар — адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін
пайдаланатын қоршаған ортадағы
заттардың, құбылыстардың, табиғи денелердің жиынтығы.
Осы тапсырмадан кейін «Нұр Әлем» павильонының әр қабатының ерекшеліктеріне сипаттама беріп шығуға тапсырма беріледі.
Жазылым бөлімінде Қазақстанның пайдалы қазбалары тақырыбында мәліметтер жинақтап кесте, сызба, схема, диаграмма құрастырады. Сонымен қоса оқулықта М.Шахановтың шағын өлең жолдары берілген. Осы өлең жолдарындағы көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қажетті тұлғада қойып, өлең мазмұнын қара сөзбен жазады, негізгі ойды шынайы өмірмен байланыстыра баяндап береді.
Пәстеу соғып сырт көркі мазмұнынан, Бекер болды-ау, мезгілсіз тозды бір ән. … құйдық тұлғасын ұлылардың, Жер бетінде … аздығынан.
Міне, тағы құлашын жазды бір ән, Көркі осалдық етпегей мазмұнынан. Сорпа ішеміз … қасықпенен, Жер бетінде … аздығынан.
Жасық жайлы жасампаз ойға қалып, Жарар еді кетпесек майдаланып.
Сары шымшық сан рет той бастады, Бұлбұлдардың аздығын пайдаланып.
… өтсе … есімімен,
Үйреніппіз қарауға кешіріммен.
Соның бәрі асылдың аздығынан,
Азға зорлық жасаудың кесірінен (М. Шаханов) Қажетті сөздер: қалайы, алтын, күміс, мыс.
ҚОРЫТЫНДЫ
«Практикалық қазақ тілі» курсы бойынша оқулығымызда ұсынылып отырған мәтіндер мен тапсырмаларды орындау арқылы студент топпен жұмыс жасауды және жеке дара материалдарды іздене білуді, бейнебаяндарды көре отырып, сол бойынша жұмыс жасай алуды, суреттер мен кестелер бойынша әңгіме, сұқбат, эссе, ертегі т.б. жазуды үйренеді. Сөйлесімге берілген материалдармен жұмыс істей отырып, мемлекеттік тілді қарым-қатынас ретінде еркін қолдануға дағдыланады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1 Қарабаева Х.Ә., Омарова Б.А, Нұртазина А.Ө. Типтік оқу бағдарламасы. – әл-Фараби ат.ҚазҰУ, 2016 ж.
2 Абнасырова Р.Ж., А.А.Абиыр, Ғ.Н.Отарбаева. Практикалық қазақ тілі. С.Демирел ат.унив., 2014 ж.
3 Абнасырова Р.Ж., Нұрманова Г., Дүйсебекова Ж. Қазақ тілі. С.Демирел ат.унив., 2018 ж.
Р.Ж. Абнасырова
Обучение речевому этикету на уроках казахского языка
Университет имени С. Демиреля,
г.Каскелен, Казахстан
Цель дисциплины – на основе коммуникативного метода обучения казахскому языку в соответствии с уровнями лингводидактической системы способствовать формированию языковой личности, способной конкурировать на современном рынке труда, владеющей навыками свободного общения на государственном языке в устной и письменной форме. Преподаватели Университета им. С. Демиреля к.ф.н., ассоц.проф. Р.Ж.Абнасырова стар. Преп. Ж.М. Дуйсебекова, стар. Преп. Г.Н.Нурманова подготовили учебник «Казахский язык» на основе стандартной учебной программы, разработанной КазНУ им. аль-Фараби. В статье представлен краткий обзор учебника и представлены материалы и задачи.
R.Zh. Abnassyrova
Training the speech label on lessons of the kazakh language
Suelyman Demirel University,
Kaskelen, Kazakhstan
The purpose of the discipline is based on the communicative method of teaching the Kazakh language in accordance with the levels of the linguodidactic system, the formation of a linguistic personality that can compete in the modern labor market and has the skills of free communication in the state language in oral and written form. Teachers of the University R.Zh.Abnasyrova, J.M. Duseybekova, G.N.Nurmanova prepared a textbook «Kazakh language» on the basis of a standard curriculum developed by KazNU. Al-Farabi. The article provides a brief overview of the textbook and presents materials and tasks.