Денсаулық – зор байлық!

Тәрбие сағаты: «Денсаулық – зор байлық!»
Топ: 1
Өткізетін тәрбиеші: Чанваева Айгерим Тагымбековна.
ШҚО ББ «Ақ ниет»мектеп-интернаты» КММ
Тәрбие сағатының мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көз қарасын қалыптастыру және бала бойына сіңіру.
Білімділігі: Салауатты өмір салтын сақтау және денсаулық туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру.
Тәрбиелігі: Өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу,
әдемілікті,сұлулықты сезіне білуге баулу.
Түрі: ашық тәрбие сағаты
Әдісі: ойын, жұмбақ шешу,сурет бойынша жұмыс, сұрақ-жауап, плакаттар.
Көрнекіліктер:
— Ақпараттық мәліметтер слайдтар арқылы ;
— Кеңестер слайдтар арқылы;
— «Дұрыс тамақтану пирамидасы»
— Бейнеролик
Тәрбие сағатының барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
-Оқушылардың дайындығын қадағалау.
-назарын сабаққа аудару.
Тәрбиеші:
«Білер қазақ баласы, сәлем сөздің анасы »-дегендей алдымен сәлемдесіп алайықшы.
«Қайырлы күн балалар!»
«Қайырлы күн қонақтар !»
Күндей жарқырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі тәрбие сабағымызды бастайық.(Оқушылар орнынан тұрады)
Армысың, асыл күн!
Армысың, асыл жыр!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос
Міне, менің қолым.

  

І. Кіріспе бөлім.
Тәрбиеші;
— Бүгінгі тәрбие сабағымыз ерекше болмақ.
— Балалар, сендерге Данышпан атай хат арқылы жұмбақ жіберіпті. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар , өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі тәрбие сағатымыздың да тақырыбы сол жұмбақтың жауабымен тығыз байланысты.
-Олай болса мен жұмбақты оқиын, ал сендер мұқият тыңдаңдар.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (денсаулық)
Қане балалар, денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Дұрыс айтасыңдар .
Денсаулық дегеніміз — адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Денсаулық – зор байлық!» -деп аталады.
Сұрақ –жауап арқылы балалардың денсаулық туралы білімдерін тексеру
1.Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану,дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.
2.Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет?
3. Денсаулыққа не зиян?/ Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу,жағымсыз әдеттерге әуес болу /.)
-Олай болса, дұрыс тамақтану ережелері туралы, айтып беру үшін бүгінгі қонағымыз «Ақ ниет» мектеп- интернатының медбикесі Альмира Насиповнаның кеңесіне назар аударсақ.
II.Дәрігер:
-Сәлеметсіздер ме балалар! Мен сіздерге дұрыс тамақтануды ұйымдастыру үшін «Дұрыс тамақтану пирамидасымен» таныстырамын.
Ол мынадай 4 деңгейден тұрады:
1-деңгейі-бидай өнімдері:нан, жарма бұйымдары, макарондардан тұрады. Көмірсулар, дәрумендер мен минералды заттарға бай. Бұл тағамдардың тәуліктік калориясы 40% болады. Күніне 1,5 кг.
2-деңгейі — жемістер мен көкөністерден тұрады. Бізге мол дәрумендер мен минералдық заттарды береді. Ағзамыздың қартаюын тоқтатады. Калориясы 35 % немесе күніне 400гр.
3-деңгейі — ет, балық, бұршақ өнімдері, жаңғақтар, жұмыртқа және сүт өнімдері. Бұл өнімдер ақуыз, дәрумендер, темір, және т.б. пайдалы компоненттердің көзі. Бұл тағамдардың майлылығы төмен болғандығы пайдалы. Олардың күнделікті калориясы 20% болу керек.
4-деңгейі — жануарлар майы мен өсімдік майы бар тағамдар, тәттілер, құрамында майлылығы жоғары өнімдер (соустар, колбаса, майлы ет, тәтті тоқаштар), қант, құрамында қанттың мол мөлшері бар өнімдер(тәтті сусындар , сироптар, кондитерлік тағамдар) кіреді. Күнделікті тұтыну мөлшері 5% аспау керек.
Денсаулығымызды сақтау үшін және дұрыс тамақтану үшін осы пирамиданың барлық деңгейлеріндегі тамақтарды көрсетілген мөлшермен пайдалану керек.
Өзімізге ұнамаған тамақ түрлерін алып тастауға болмайды. Егер нан жемесек, «В» дәрумені мен басқа да пайдалы заттарды ағзамыз ала алмайды.
-Ал, балалар, күніненешереттамақтанукерексендербілесіңдерме?
Еңтиімдісі 4 реттамақтану:
Таңертең –құнарлытамақ,
Түскедейінгі-жеңілтамақ,
Түскезіндегі-күштітамақ,
Жәнекешкі -жеңілтамақ.
Дәрігер :
-Оқушының тамағы үйлесімді болуы керек. Тамақ құрамында мынадай негізгі қоректік заттар болады. Олар: ақуыз, майлар, көмірсу. Олар мына қарым-қатынаста болу керек: 1 бөлік май, 1 бөлік ақуыз, 4 бөлік көмірсулар.
Сергіту сәті:Кел ,балалар тұрайық.
Алақанды соғайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Бас аяқпен топ-топ,
Шапалақпен хоп-хоп,
Бір оңға ,бір солға иіліп.
Орнымызды табайық.
III.(Суреттер арқылы оқушылармен жұмыс ) Пайдалы және пайдалы емес тағамдар.
Қане балалар қазір мен сендерге суреттер таратып беремін, сол суреттерден пайдалы және пайдалы емес тағамдар туралы екі топқа бөлініп тақтаға жапсырамыз. Керемет балалар, Жарайсыңдар! Енді осы пайдалы тағамдар туралы жұмбақтар жасырамын соны, шешіп табиғи дәрумендерді табайық.
1.Үстіне тігіп көк шатыр
Астында қызыл дәу жатыр. (қызылша)
2.Әрі қызыл әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты (алма)
3.Әр желінің асты толған көк қоян
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям (қияр)
4.Жерде жатып желіндейді
Күз түскенше желінбейді (қауын)
5.Ызақор бұғып жатыр
Сақалы шығып жатыр (сәбіз)
IV. Сергіту сәті: Көзге арналған жаттығу
V.Тәрбиеші:
-Балалар деніміз сау болу үшін бізге не жеу керек екен?
-Дәрумен.
-Ал дәрумендерді жемес бұрын не істеу керек?
-Жуып жеу керек
-Ия, балалар дұрыс айтасыңдар.
Адам дұрыс жетілуі үшін ас құрамында қажетті дәрумендер мен минералдар болуы шарт.
Барлығың да дәмдісіңдер,
Шырқап айтар әнімсіңдер.
Көз тоймайтын кереметке
Дастарханның сәнісіңдер-дей отырып дәрумендерді ортаға шақырайық
Әр дәруменнің ағзамызда өзіндік маңызы бар. Ал оның маңызы қандай? Оны өздері айтсың.
А дәрумені: -Мен балалардың бой өсіру және дамуы үшін қажетпін.
В дәрумені. Мен көздің көруін жақсартып, көздің шаршауын басамын.
С дәрумені:Адам ағзасының қорғаныс күшін күшейтемін.
Д дәрумені: Кішкентайлардың сүйегі мен тісін қатайтамын.
Тәрбиеші:
-Міне балалар, біз дәрумендер арқылы көп нәрсе білдік. Солайма?
-Ия.
-Дұрыс айтасыңдар, балалар.

VI. Сергіту сәті:
Видео сергіту. Балалар видеоға қарап қимыл –қозғалыс жаттығуларын жасайды.

VII.Қорытынды бөлім.
-Бүгінгі сабақ ұнады ма?\
Балалар смайликтер арқылы өз көңіл күйлерін жапсырады.
— Ендеше сабағымызды қортындылай келе, қанекей бәріміз бір-бірімізге жақсы тілекер тілейікші:
-Аспанымыз ашық болсын!
-Күніміз жарық болсын!
-Деніміз сау болсын!
-Балалар күліп жүрсін!
-Жарайсыңдар, балалар орындарына жайғасыңдар.
Тәрбиеші: Сау дене, азат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады. Өмір деген нақыл сөз бар. Олай болса, өз денсаулығымызды күтуде күресе білейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *