Әбу Насыр әл-Фарабидің музыкалық ілімі мен «Музыканың ұлы кітабы» трактатының маңызы

Әбу Насыр әл-Фарабидің музыкалық ілімі мен «Музыканың ұлы кітабы» трактатының маңызы
Фарабидің ғылым мен өнердегі үлкен де кесек дүниесі – оның музыкасы. Ол музыканың ұлы теоретигі саналды. Әл-Фарабидің музыка теориясын дамытудағы тарихтағы орнын айтпас бұрын, музыка теориясын бір жүйеге келтірудегі ізденген ғалымдардың еңбегіне тоқталып өтейін. Музыканың біртұтас физика-математикалық теориясын қалауда грек оқымыстысы Пифагор және оның шәкірттері Аристоксен, Гиппастың еңбегі зор болған. Олар өздерін «математиктерміз»,-деп есептеп музыканың алғашқы сандық-теориялық негізін жасады. Қазіргі уақытта музыка ғылымында қолданып жүрген – музыка, тон, октава, квинта, кварта, консонанс, диссонанс т.б. терминдерді бірінші рет Пифагор және оның шәкірттері қолданған. Музыкалық тонды сандармен өрнектеген солар. Пифагор мектебінде музыкалық теорияның ғылыми негізі қаланып, осы кезденбастап музыка және музыкадағы негізгі ұғым – дыбыстың физикалық жаратылыс жайлы түсінктер айтыла басталды. Гректердің мұрагері болып саналатын орта ғасырлардағы араб және шығыс елдерінде музыка ғылымына айрықша мән берілген. Грек музыкасының басын құрастырып, олардың музыкалық ғылыми жаңа замануи үрдісте дамытушылар: әл-Кинди, әл-Фараби, Әбу-Әли ибн Сина болды. Осылардың арасында Фарабидің музыка теориясын дамытудағы орны ерекше.
Фарабидің дыбыс және оның таралуы жөніндегі кейбір ой-пікірлері осы күнгі физикада қабылданған қағидаттарға жуық келеді. Мысалы, екі дененің арасындағы ауа тығыздала түскендіктен дыбыс шығады. Есту органы дыбыстарды алыс-жақындығына байланысты әртүрлі мағынада естиді.
Фараби аса үлкен музыкант, тамаша орындаушы ғана емес, ол өзі музыка әлемін зерттеуші. Оның «Музыканың ұлы кітабы» (Китаб әл-мусики әл-Кабир) деп аталатын көлемді шығармасын бүкіл музыканттар мен тарихшылар музыка теориясы жайында жазылған үлкен еңбектер қатарына жатқызады.
Фараби өзінің «Ғылымдар энциклопедиясы» деп аталатын атақты еңбегіде музыканы ғылымдар тізбегіне қосып, оның орнын анықтап беруге тырысады. Музыка, мелодия (күй,саз) түрлерін, оның неден жасалғанын, қалай өткір әсерлі болғанын зерттейді. Демек, музыка бірінші практикалық, екінші теориялық ғылым ретінде түсіндіреді. Музыкант – практик музыкалық аспаптардан тон, мелодия, саз шығарып алумен шұғылданады. Ал, теоретик осы ғылымды ақылмен сезу жайында білімдерді қалыптастырады.
Фараби музыка ғылымы жайында айтқан бұл қағидалары музыка теориясын, болашақ дамуына зор ықпал жасады. Атақты Әбу Эли ибн-Сина, Омар Хайям, Абдрахман Жами, т.б. бұл салада Фарабиді үлкен ұстаз, аға тұтып, өздерінің музыкалық шығармаларында үнемі басшылыққа алып отырған.
Бұл еңбек бүкіл орта ғасырлық ғылымның салдарлы да сындарлы ескерткіші. Мұнда ғылымның философиялық мәселелері мол қамтылған, физика-математика туралы да соны пікірлер мен қағидалар айтылады, ол бұл еңбекте музыканың тәжірибелік-теориялық негізін қалап және оны музыкалық аспаптарда қалай жүзеге асыру жолдарын көрсетіп береді. Нақтылы айтқанда Фараби теориялық ғылыми жасаудың үш шартын қойып, осы шарттар негізінде музыка теориясын өз бетінше жаңадан жасап шығады.
«Музыканың ұлы кітабы» музыка ғылымына кіріспе, музыка ғылымының негіздері, музыкалық аспаптар, музыкалық композиция деген үлкен төрт тараудан тұрады.
XV ғасырда-ақ латын тіліне аударылып, Еуропада музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен әсер етті. Мәселен, бұл еңбекте музыканың теориясы мен практикасында қазір қолданылып жүрген он екі жарты тондық, музыкалық жүйенің бастамасы бар. «музыканың ұлы кітабында» тек музыка ғана емес, философия, математика, тарих, этнография т.б. ғылым мәселелері мол ұшырайды. Мәселен, осы еңбектің бірінші тарауында Фараби түркі және славян халықтарының, көршілес, тұрмыстас және тағдырластығы жайлы аса бағалы дерек келтірген.
Екінші бөлігінде мына төмендегі мәселелер қарастырылған: дауыс мелодиялары, адам даусы, фонема және фразалар, сөздің мелодияға бейімделуі, бос және толтырылған тондарды айту, аралас айту, қосылушы және ажырасушы айтыстың түрлері, дауыс мелодияларын шығару (композиция), айтудың басталуы мен соңы, мелодияның эффекті, мелодияларды әшекейлеу және олардың, адам сезіміне қатысты.

Автор:  Диас Айтбек

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *