ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТІК БІРЛІКТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІН ЛИНГВОКОГНИТИВТІК ЖӘНЕ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРДЕЛЕУ МӘСЕЛЕСІ

К.М. Әбішева1, С.О. Симбаева2, Г.К. Жұмашева3
1 ф.ғ.д., профессор , «Тұран-Астана» университеті, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы, е-mail:abishevakm@mail.ru
2 ф.ғ.к, доцент, «Тұран-Астана» университеті, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы, е-mail:Salima.Simbaeva@mail.ru
3 ф.ғ.к, доцент, Қазақ ұлттық өнер университеті, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы.

ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТІК БІРЛІКТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІН ЛИНГВОКОГНИТИВТІК ЖӘНЕ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРДЕЛЕУ МӘСЕЛЕСІ

Берілген мақалада авторлар лингвомәдениеттік бірліктер мен оның түрлеріне тоқталып, лингвомәдениеттік концептілерді лингвокультурема тұрғысынан қарастырады, лингвокогнитивтік және прагматикалық тұрғыдан зерделейді. Лингвомәдениеттік бірліктер ұлттық мәдениеттің құндылықтарын, ұстанымдарын, халықтың көзқарасын, бағасын, қатысын, символикалық бейнелі түрде сипаттайтын сөздер ретінде алынып, жан-жақты талданған.
Лингвомәдениеттану — тіл мен мәдениеттің өзара байланысын сипаттайтын қазіргі заманның мәдени ұстанымдарына сәйкес ғылым саласы деп тұжырым жасауға болады.
Сонымен қатар авторлар өз зерттеулерінде шетелдік ғалымдар Ч. Моррис, А. Вежбицкая, Ю.Д. Апресян, қазақстандық ғалым І. Кенесбаев, Ә. Болғанбаевтардың еңбектеріне сүйенеді.

Кілтті сөздер: тіл, мәдениет, этнолингвистика, денотат, тілдік белгі, сөз шеңбері, когнитивтік деривация.
КІРІСПЕ
«Тіл, мәдениет және адам» сияқты келелі мәселелер көптеген ғалымдардың назарын өзіне аударып, бірталай салмақты зерттеулердің, жаңадан қалыптаса бастаған ғылымдардың пайда болуына ықпалын тигізді. Тіл мен мәдениет тоғысында қалыптасқан «лингвомәдениеттану» ғылымы «этнолингвистика», «лингвоелтаным» ғылымдарымен тығыз байланысты болса да, оның өзіндік пәні мен нысаны нақтыланып, анықталды. Егерде этнолингвистика көбінесе халықтың мәдени, психологиялық және мифологиялық түсініктерінің тілдегі көрінісін қарастырса, онда лингвоелтаным ғылымының пәні жеке ұлттық, өзіне ғана тән, өмір сүру дәстүрі мен мәдениетін бейнелейтін тілдік бірліктерді зерделеу болып табылады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Лингвомәдениеттану ғылымының мақсатын және мәселелерін В.Н. Телия былай көрсетеді. «Лингвомәдениеттанудың» мақсаты — лингвомәдениеттік қауымдастықтың күнделікті мәдени- тілдік құзыреттілігін анықтау [1,10]. Ғалымның пікірінше, лингвомәдениеттану ғылымының шеңберінде шешілетін үш мәселе қойылған: 1) мәдени түрде белгіленген сигналдарды анықтау, сипаттау; 2) мәдени «коннотация»түсінігін қарастыру; 3) «мәдени коннотацияның» типологиясын көрсету [1, 17]. Ал осы ғылымның пәнін В.А. Маслова былай деп белгіледі: «ол халықтың көңілінде бейнеленген мәдениеттің құндылықтарын зерделейді» [2,101]. В.В. Воробьевтің ойынша, бұл ғылым «мәдениетпен тілдің арақатынасын зерттейді. Сонымен қоса лингвомәдениеттану мәдени мағынаны тілдік бірліктерде бейнелеп, тілдегі мәдени құндылықтардың (нормалы және жалпы адамзаттық жүйелерін) көрінісін арнайы әдіс-тәсіл арқылы талдау үшін қолданылды» [3, 37]. В.В. Воробьев «Лингвомәдениеттану» ғылымының нысанын лингвомәдениеттік салаға жатқызып, оған келесі анықтаманы берді: лингвомәдениеттік бірлікті-кешенді деңгейаралық бірлік деп санаймыз. Ол лингвистикалық және экстралингвистикалық (түсініктік немесе заттық) мазмұнның диалектикалық бірлігі болып саналады. Осы бірліктің мәні сөзден гөрі тереңірек, себебі сөздің (лексико- семантикалық нұсқалық) құрылымы тілдік белгі және мағынадан құрастырылса, онда лингвомәдениеттік бірліктің құрамына үш компонент кіреді: тілдік белгі-мағына [түсінік/зат]. Егерде сөз референтпен, яғни затпен (денотатпен) өзара байланыста болса, соған сілтеме жасаса, лингвомәдениеттік бірлік оның мазмұнын, заттардың тобын сипаттайтын, оларға жалпы түсініктеме беретін ұғым ретінде көрінеді. Егерде сөз тек нақты затты атаумен шектелсе, онда лингвомәдениеттік бірлік реалияларды (заттарды) жүйеленген түрде көрсетіп, олардың ерекшеліктеріне назар аударады [3, 45].
А.А. Потебняның ойынша, сөз бен лингвомәдениеттік бірліктің ұқсастығы мен айырмашылығы бар. Лингвомәдениеттік болмыстық бірлік заттарға түсініктік- заттық сипаттама беру тәсілдерінің барысында әртүрлі тәсілдерді пайдаланады. Болмыстық заттардың санада бейнелеу үшін қолданылатын тәсілдерді көрсету үшін А.А. Потебня сөздің екі мағынасын (жақын және алыс) қарастыруды ұсынады. Ғалымның пікірінше, жақын мағына сөздің мазмұнының тұлғасы ретінде көрініс береді. Болмыстың заттарын атаумен қоса оларға меңзейді. Ал алыс мағынаның мазмұны күрделірек, ол сөздің тілден тыс мағынасын көрсетеді, яғни сөздің кең, әлеуметтік мәні туралы түсінігін іске асырады. Бұл мағына әлеуметтік және мәдениеттік факторлармен тығыз байланыста болады.
А.А. Потебняның көрсеткен осы екі мағынасын тереңірек талқылап, Л.В.Воробьев келесі тұжырымдамаларды жасайды: 1) лингвомәдениеттік бірліктің құрылымы жай сөздің құрылымынан күрделілеу, себебі тілдік белгінің мағыналық компоненттеріне мәдени ұғымдық компонент қосылады; 2) лингвомәдениеттік бірлік тек қана тілдік көріністі (ойдың тілдік тұлғасы) білдірумен шектелмей, сөздің көріністерін, заттарын, олармен байланысты ассоциативтік көріністерді де сипаттай алады. Сонымен қоса, сол мәдени артефактілермен байланысты, халықтың санасында қалыптасқан мәдени мәндерді де білдіре алады[4, 48]. Г.К. Кажигалиева В.В.Воробьевтің лингвомәдениеттік бірлік туралы айтқан ойларын жалғастырып, сөз бен лингвомәдениеттік бірліктің арақатынасын жіктейді: 1) сөз бен лингвомәдениеттік бірлік тығыз байланысты болады, себебі сөз лингвомәдениеттік бірліктің бір бөлігі болып табылады (тілдік белгі- мағына- түсінік- зат); 2) сөздің шеңбері- тіл, ал лингвомәдениеттік бірлік бүкіл заттық әлеммен байланысты болады. Бұл жағдайда заттық семантика туралы айтуға болады; 3) лингвомәдениеттік бірлік өзінің құрамында тілдік көрініспен (сөз-ойдың тұлғасы) көрсетумен қатар, сонымен тығыз байланыста болатын бірлік болып табылады. Ол мәдени орта (жағдаят, реалия) туралы түсінікті береді
[5, 36].
Сөз мағынасының арғы жағында көрініс беретін мәдени компонент туралы ғалымдар бұрыннан айтып та, жазып та келеді. Мәселен, белгілі тілші С.Д.Кацнельсонның пікірі бойынша, лексикалық мағынаның концептуалдық өзегі зат туралы формальды ұғымға сәйкес келеді, «белгілі бір тілдік жүйенің бірлігі ретінде қарастырылатын сөздің мағыналық құрамында заттың атауы көрсетіледі. Соны тануға, дұрыс атауға қажет болатын ең басты белгілері де сипатталады. Ұғымдар адамның санасында екі қалыпта көрініс береді: адамның осы зат туралы ұғым денотат туралы біліктерді, түсініктерді қамтитын «мазмұнды ұғым». Ол жеке сөздің мағынасымен сақталады. Мазмұнды ұғымға байланысты түсініктер «жабулы» күйде сақталады да, қажетті жағдайда үйлеседі. Ғалымның ойынша, формальды түсініктер тілдік ұжымның барлық мүшелеріне таныс, ал қосалқы мәдени мағыналар, яғни (түсініктік- заттық) әртүрлі түрде аталады [6,31].
Тілдік мағыналардан басқа қосалқы түсініктік мәдени мағыналарды В.Н.Телия мәдени-коннотативтік мағыналарға жатқызады [1,78]. Бірақ коннотацияны кейбір ғалымдар тілдік мағыналардың қосымша компоненті деп санайды.
Егер де Ю.Д. Апресян, Р. Авакова, Ф.В. Колшанский коннотацияны семантикалық тұрғыда болатын номинативтік бірліктердің құрамдас бөлігі деп санаса, М.Н. Шаховский коннотацияны көбінесе сөздің эмоцияналдық реңкін білдіретін мағына деп санайды. Сөздің осындай эмотивтік мағынасы тек қана сөздік әрекетте ғана пайда болмай, тілдік жүйедегі сөздердің мағыналары ретінде қарастырылады. М.Ш. Шаховскийдің ойынша, коннотативтік мағыналар сөйлеушінің эмоцияларын білдірумен шектелмейді, олар әлеуметтік эмоцияларды да көрсете алады [7].
Байқап отырсақ, сөздің денотативтік (тура) мағынасынан басқа ғалымдар бірнеше мағыналарды да көрсетеді. Солардың ішінде ауыспалы мағына, мәдени- коннотативтік мағына, коннотативтік эмоцияналдық мағыналар бар. Сөздің ауыспалы мағынасы көптен бері бейнелі мағына ретінде зерделенген. В.В. Виноградов, И.В. Арнольд, І. Кенесбаев, Ә. Болғанбаев, т.б. ғалымдардың еңбектерінде ол метафора немесе метонимия негізінде пайда болатын ауыспалы мағыналарға жатқызылады. Ауыспалы мағынаның пайда болуына ықпалын тигізген тәсілдер — семантикалық немесе когнитивтік деривация тәсілдері. Ал коннотативтік немесе мәдени-менталдық, сигнификативтік мағыналарының пайда болуына қандай факторлар әсер етті? Осы сұраққа жауап беру үшін тіл білімінде когнитивтік лингвистикада және прагматикада таралған сөздің семантикалық құрылымының көп компоненттігі және оның қызметтері туралы теорияларды қарастырайық. Егерде В.Н.Телия сөздің құр семантикалық құрылымында лексикалық-грамматикалық, коннотативтік, стилистикалық мағыналардың барын растаса, көптеген ғалымдар соңғы кезде сөзге тән прагматикалық мағыналар туралы сөз көтереді. Ч. Моррис, А. Вежбицкая, Ю.Д. Апресян прагматикалық мағынаның белгілі бір жағдаятқа, адамның мінез құлқының көрінісіне қатысын көрсетеді. Бұл мағынаның бағалауыштық қабілеті бар, себебі ол субъектінің қатысын, оның бағасын білдіре алады. Ал адамның санасына, ойлау қабілетіне біліміне қатысы бар ғылымды «когнитивтік лингвистика» деп атайды. В.С. Ли осы ғылымның зерттеу пәнін, тілге қатысын былай деп сипаттайды: «Тіл адамның санасының және ойлау қасиетінің тұлғасы»[8]. Коннотативтік лингвистика тіл мен мәдениеттің байланысын қарастырумен шектелмейді, ол тіл мен мәдениетті адамның санасымен байланыстыра зерделейді.
Лингвомәдениеттік бірлікте кездесетін мағыналар (коннотативтік, прагматикалық) адамның эмоцияларын, субъективтік қатысын, бағасын білдіреді. Сонымен қоса, олар, А. Вежбицкаяның пікірінше, этноцентрикалық мәнге ие. Сөздің этноцентрикалық мағынасының қалыптасуы бірнеше жағдайлармен байланысты: 1) сананың селективтік қызметімен, яғни сана қоршаған ортаның заттарын, құбылыстарын сараптап, таңдаулы түрде сөз арқылы атайды; 2) лингвомәдениеттік қауымдастықтарда қоршаған ортадағы заттарды атау үшін әртүрлі уәждерге сүйенуі қажет, себебі әрбір қоғамда заттардың көрсетілуі мүмкін; 3) сөздің ұлттық мағынасының қалыптасуына халықтың әртүрлі экологиялық текше шеңберінде тұруы да әсер етеді; 4) сөздің ұлттық мағынасын қалыптастыруына халықтың шұғылданған шаруашылығының түрі, кәсібі, мәдени, эстетикалық даму сатысы, психикалық қалыбының ерекшелігі де ықпалын тигізеді [9,25]. А.П. Комаровтың осы ойын В.Н. Манакин де қолдап, сөздің ұлттық-мәдени мағынасының қалыптасуындағы табиғаттың, мәдениеттің, гносеологиялық факторлардың (ұлттық ойлау тәсілі) ерекше рөлін дәлелдейді [10,45]. Осындай мәдениеттің «тілінің» қызметін орындайтын бірліктерге В.А. Маслова келесі лингвомәдениеттік бірліктерді жатқызды: 1) баламасыз сөздер, лакуналар; 2) мифологемалар, архетиптар; 3) паремиялық бірліктер; 4) фразеологизмдер; 5) стереотиптер, символдар; 6) метафоралар, ассоцияциялар; 7) әрбір тілдің стилистикалық қалыбы; 8) сөздік мінез-құлық; 9) сөздік этикет облысы [2, 36-37].
Г.А. Кажигалиева лингвомәдениеттік бірліктердің екі түрін (сөз және мәтін) сипаттайды. Зерттеуші олардың құрылымын ғылыми түрде қарастырып, тура және фондық лингвокультуремаларды зерделейді [5,51]. Ал З.К. Ахметжанова өзінің еңбектерінде лингвомәдениеттік бірліктерді олардың құрамындағы мәдени ақпаратқа орай жіктейді. Солардың ішінде: 1) материалдық мәдениеттің заттарын атайтын лингвомәдениеттік бірліктер (реалийлер); 2) халықтың перфоманстық коммуникациясын (рәсім, әдет- ғұрып, ритуалдарды белгілейтін сөздер). 3) халықтың аксиологиялық бағдарын білдіретін сөздер (аксиологиялық лингвомәдениеттік бірліктер). 4) мінез- құлықтық лингвомәдениеттік бірліктер [11,105].
Осындай бірліктердің ұлттық-мәдени мағыналарын дәлелдеу үшін реалийларды, ойықтарды, фразеологизмдерді талдап, олардың құрамындағы ұлттық компонентке назар аударайық, мәселен, «қара шаңырақ» реалийында мәдени мағынаның бары анық, себебі реалийды С. А. Моисеева, Е. А. Огневаның пікірінше, культуремаларға жатқызуға болады. Олардың құрамында келесі компоненттер бар: 1) мазмұн жоспары; 2) материалдық формамен байланысты көрініс жоспары; 3) реалия (зат) [12, 30]. Культурема да тілдік белгі, тілдік мағынаны көрсетумен қатар оның терең мазмұнын (мәнін) білдіру барысында мәдениеттің бір сегменті туралы түсінік береді. Лингвокультуремадағы мәдени фон, тілдік мағынамен тығыз байланыста болып экстралингвистикалық мазмұнның тұтастығы болып табылады. Сондықтан да Н. Н. Болдырев сөзді когнитивтік-семантикалық тұрғыдан қарастыру барысында мағына мен сөздің мәнін көлемді лингвомәдениеттік мәнмәтінде зерттеуді ұсынады [13,200], себебі көлемдік экстралингвистикалық контекст сөздің тереңде жатқан мәнін шығаруға себін тигізеді. Когнитивтік семантика лингвомәдениеттік бірліктің тереңдегі мәніне назар аударып, оны көзге түсетін тілдік мағынамен салыстыра отырып, тереңдегі мәннің мәдени мәнін білдірудегі рөлін көрсетеді. Лингвомәдениеттік концептінің, С. Г. Воркачевтың ойынша, лингвомәдениеттік таңбасы бар, яғни концептінің мазмұнына коммуникативтік маңызды ақпаратпен қатар құндылықты мәндер де көрініс табады. [14]. Міне, концептіге деген осындай көзқарас оны лингвомәдениеттік бірліктермен жақындастырады. Бірақ концептінің өзектілік белгілері де бар. Сөз бен лингвомәдениеттік бірлікті және концептіні салыстыруға болады. Оларды жіктейтін белгілерге келесілерді жатқызуға болады: 1) сөз қоршаған ортаның заттарын яғни денотаттарды атаумен шектеледі, ал лингвомәдениеттік бірлік көлемді экстралингвистикалық фондық білім туралы түсінік береді. Концепті де білімдерді көрсетеді; 2)концептінің негізгі белгілеріне оперативтік, субъективтік білімдердің кванттарын менталды түрде сақтауын жатқызуға болады. Концептіге Ж.А. Манкеева келесі анықтаманы береді: концепт тілдің семантикалық құралдары арқылы тілдік санада сақталған болмыстың, дүниенің бейнесі. Ол тұтас құрылым ретінде лексикада, фразеологияда, граматикада көрініс тапқан ұлыттық-мәдени тәжірибенің бейнесі [15,67]; 3) концепт санада ұялайды, ал, лингвокүльтурема әрбір деңгейде көрініс береді [7,47]; 4) концептілердің құрамында көбінесе құндылықтың компонент көрініс береді. Яғни концепт мәдени ақпаратты жеткізумен қоса халықтық мәдениеттік артефакты туралы мәлімет береді, халықтың құндылықтық бағдарын, көзқарасын білдіреді. Лингвомәдениеттік концептінің құрлымы күрделірек, себебі оның құрамына құндылықтық, фактуалдық, бейнелі компоненттер кірістіріледі [16, 97].
Лингвомәдениеттік концептінің лингвокультуремадан айырмашылығы бар болса да, кейбір көптеген ғалымдар оны лингвомәдениеттену ғылымының шеңберінде қарастыруды жөн көреді. Ал, кейбір зерттеушілер лингвомәдениеттік таңбасы бар концептіні «лингвоконцептология» ғылымының негізгі пәні деп санайды. Зерттеу нысанының айырмашылығы бар болса да, осы екі ғылымның лингвомәдениеттік бірліктерді зерделейтіні анық. Солардың негізгі түрлеріне біз фразеологизм, паремиялық бірлік, реалияны, ойықтарды, лингвомәдениеттік концептіні жатқызамыз. Осындай бірліктердің мазмұнында ұлттық қауымдастықтардың мәдени артефактілері, менталитеті, көзқарастары құндылықтық мәндердің, ассоциалары көрініс тапқанын В. Н. Телия пікірді растайды. Ғалым фразеологиялық бірліктердің құрамындағы бейнелерде халықтың менталитетінің, көзқарастың ұстанымдарының көрініс табатынын растайды. Сонымен қоса, ұлттық мәдениеттің артефакт атаулары да фразеологиялық бірліктің құрамында кездеседі, қараңыз: қонақ келсе – құт, ат шаптырым жер, қозы көш жер, бие сауым уақыт, ат-шапан айып, бауыздау құда, шаш сипар, шаңырағың биік болсын, көк жарылқасын, т. б. Реалиялар белгілі бір халықтың мәдени заттарын атайды.
С. Влахов, С. Флоринның айтуынша, реалийлер – белгілі бір тілде сөйлейтін халықтың ұлттық -тарихи бояуын, ұлттық менталитетін сипаттайды. Осындай сөздердің туыс емес тілдерден басқа тілдерде дәлме-дәл баламасы кездеспейді. Бұлар сөзбе- сөз аударуға келмейтін сөздер. Сондықтан өзіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді [17,33].
Осындай мәдениеттік артефактерді атайтын сөздерге келесілерді жатқызамыз: киіз үй, бесік, ер-тоқым, алаша, сырбаз, талқан, бауырсақ, қатырма, қуырдақ, киіз, қамшы т.б.
Ойықтарда мәдени мәндерді білдіре алады. Оларға көптеген тілде бар, бірақ мәндері басқаша болатын, не мүлдем жоқ сөздерді жатқызуға болады, мысалы «бауыр» сөзімен құрастырылған тіркестерде бұл сөздің жаңа мағыналары, мәндері пайда болады, мәселен, бауыры қатты, қара бауыр (қатыгез адам), бауыры суық (жаны ашымайтын адам), бауыры езілді (жұмсақ, жанашыр адам), бауыры құтсыз (бала таппайтын адам). «Көк», «қоңыр», «сары» сөздері де тіркестер құрамында жаңа мәнге ие болады, мәселен, қоңыр (түр-түс), қоңыр отыру (көңілсіз отыру), қоңыр үйлер (қарапайым үйлер), қоңыр жел, қоңыр күз (жылы, жағымды) мәндерді жүзеге асырады. Ал көк есек, көк ауыз, көк ми, көк езу, көк жалқау тіркестері жағымсыз мәндерді жүзеге асырса, көк етік, көк күмбез, көк (тәңір), көк өрім жас тіркестері жағымды мәнге ие. Қараңыз, көркем мәтіндегі қолданысын: жер де айғай, көк те айғай(Р. Тоқтаров – Бақытты құлдықтың ақыры, 270 б.); Көн етікті түгіл, көк етікке де қарамай қойғам (Р. Тоқтаров – Бақытты құлдықтың ақыры, 501б.); Көйлегі көк, тамағы тоқ (М. Әуезов – Алуа, 154б.) Көк өр жасқа не сын бар (Б. Алдамжаров – Ұлы сел, 114б.); Сен өзің көктен түскен шығарсың,- деп анау да тіксініп шыға келді (К. Исабаев, Арна, 31б.).
Ал Ш. К. Жарқынбекова «көк» концептісінің символикалық мағынасының бар екенін анықтайды. Мәселен көк – жоғары әлемді білдіреді, ал, «қызыл» — революция символы болып табылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, лингвомәдениеттік бірліктердің, көптен бері зерттелгенімен, анықтамасы әлі дәлелденбеген, түрлері толық сипатталмаған. Сондықтан да мақалада осындай сөздердің анықтамасы қарастырылып, құрылымы, түрлері зерделенді. Лингвомәдениеттік бірліктерге ұлттық мәдениеттің құндылықтарын, ұстанымдарын, халықтың көзқарасын, бағасын, қатысын, символикалық бейнелі түрде сипаттайтын сөздерді жатқызуға болады. Олардың құрылымы күрделі, себебі құрылымында төрт құрама жіктелінеді (тура, бейнелі, коннотативтік және мәдени). Лингвомәдениеттік бірліктінде құрамында белгіленетін мағыналардың негізгі түрлері: бейнелі, мәдени, коннотативтік, прагматикалық мағыналарды, мәндерді жатқызуға болады. Халықтың мәдени менталитетін, көзқарасын осыгндай мағыналарды іске асыратын бірлік — лингвокультурема болып табылады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 Телия В.Н. Первоочередные задачи и методологические проблемы исследования фразеологического состава языка в контексте культуры. — М. 1999. — С. 203-212.
2 Маслова В. А. Лингвокультурология. — М.: Академия, 2001.
3 Воробьев В. В. Лингвокультурология. теория и методы. — М.: Изд-во РУДН, 1997. – 300 с.
4 Потебня А.А. Мысль и язык. — М.: Изд-во Лабиринт, 1999. — 300 с.
5 Кажигалиева Г. О лингвокультуремах «квас» и «кумыс»// Поиск. — 1999. — №6. — С.
35-40
6 Кацнельсон С. Д. Типология языка и речевое мышление. — М.: Наука, 1972. — 213 с 7 Шаховский В.И. Язык и личность. — Волгоград : Перемена, 2009. — 169 с.
8 Ли В. С. Парадигмы знания в современной лингвистике. — Алматы: КазПУ, 2003.
150с.
9 Комаров А. П. К природе общего и особенного в семантике языков // Национальнокультурная ориентация при обучении иностранным языкам в вузе. — Бишкек, 1991. — С. 57 —
59.
10 Манакин В.Н. Сопоставительная лексикология. — Киев: Знання, 2004.
11 Ахметжанова З.К. «Алмазная колесница» Б. Акунина в лингвокультурологическом аспекте // З. К. Ахметжанова Сопоставительное языкознание. – Алматы, 2005. — С. 377-387.
12 Моисеева С.А., Огнева Е.А. Художественный текст как объект межкультрной адаптации. — М.: «ИРИС ТРУПП», 2010.
13 Болдырев Н. Н. Когнитивная семантика. — Тамбов, 2000. — 301с.
14 Воркачев С.Г. Лингвокультурология, языковая личность, концепт: становление антропоцентрической парадигмы в языкознании // Филологические науки. — 2001. — № 1. — С. 66–70.
15 Манкеева Ж. А.Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері. – Алматы: «Жібек жолы» баспасы, 2008. – 356 б.
16 Карасик В. И. О категориях лингвокультуролгии // Языковая личность: проблемы коммуникативной деятельности. Сб. науч. тр. — Волгоград: Перемена, 2001. – С.3–16. 17 Влахов С. И., Флорин С. П. Непереводимое в переводе. — М.: Валент, 2009. — 360 с.

К.М. Әбішева , С.О. Симбаева,2 Г.К. Жұмашева3
Проблемы лингвокогнитивного и прагматического изучения лингвокультурологического единства и его видов
1,2 Университет «Туран-Астана»
3Казахский национальный университет искусств
г. Астана, Казахстан Статья посвящена изучению лингвокультурологических единиц и их видов. Акцентируется внимание на различиях слов и лингвокультурем и концептов, заключающихся вразном характере и лингвокультуремы. Слово о лингвокультуремы напрямую связано с экстралингвистичскими денотами, факторами. Кроме того, семантика лингвокультурем шире, что обьясняется учетом контекстных факторов с точки зрения когнитивно-семантического подхода. Описанны виды лингвокультурем и доказывается культурная обусловленность таких единиц.

K.M. Abisheva1, S Simbayeva2 , G. K. Zhumasheva3
Problems of cognitive and pragmatic study of linguistic and cultural unity and its types Linguoculturology is a field of science in accordance with modern cultural principles that characterize the relationship of language and culture.
In addition, the studying is based on the research work of Ch. Morris, A. Skornicka, Y. D. Apresyan, and Kazakh scientists as I. Kenesbayev and A. Bolganbaev.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *