Адал дос-асыл қазына

Тақырыбы: Адал дос-асыл қазына
Мақсаты:Адам қарым –қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру; балалардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету; балаларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайлыққа, адалдыққа, тәрбиелеу.
Міндеті:Балалардың арасындаға жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлау, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.
Білімділік:Балалардың еркін ойлауын,дүниетанымының кеңіп рухани өсуін іске асыру. Тақырыпқа өзiндiк көзқарас тудыру;оқуда алған білімдерін қолдану.
Түзету дамытушылық:Баланың шығармашылық дамуына мүмкіндік туғызу.Ойлау қабілетін жетілдіру,сөздік қорын дамыту,өз ойларын толық жеткізе білуге,сөздерді дұрыс айтуға үйрету,жұппен,топтық жұмыс істеуге үйрету.
Түзету тәрбиелік:Адами қасиеттерін дамыту,сүйіспеншілікке,достарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Бейнетаспа, жүрек, ақ парақ беттерi, фломастер,қобдиша, тақта,көрме,нақыл,дәйек сөздер,сахналық көрініске арналған шымылдық,қуыршақтар(саусақ театры)
Әдiс-тәсiлдер: Шығармашылық тапсырмалар,пiкiр талас, әңгiмелесу, ойын,сахналау.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану,қоршаған орта

Шаттық шенбер
«Сиқырлы сандық» ішінде айна
-Осы «Сиқырлы сандық» ішінде кімді көріп тұрсындар,сол балаға мінездеме беріңдер.
Тәрбиеші: Құрметті балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Адал дос-асыл қазына» Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі, бірақ та кейбіреулер дос деген сөздің мәніне жетпейді.
«Достық-өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес»
Балалар, алдымен достық деген не, оны қайсысымыз қалай түсінеміз, соны айырып алайық.
Достық алдымен екі адамның бір-біріне деген адалдығы. Адалдықсыз достық та болмайды. Ал адалдық деген -рухани тазалық. Онсыз сен досың үшін майданда да жан бере алмайсың?
Дәйек сөз
«Айнымас досы бар адам-ең бақытты адам»


Тақырыпты ашу сұрақтары.
Дос-друг
Дос деген кім?
Сыр бөлісетін адам.
Мені жақсы түсінетін адам.
Көмекке ардайым дайын адам
Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам.
«Достық» және «Сыйластық» топтары
Тренинг ережелерін қабылдау:
Шуламау;
Бір-бірінің пікірін сыйлау, санасу;
Басқаның сөзін бөлмеу;
Уақытты тиімді пайдалану;
тапсырманы орындау;
Белсенді болу;
Топпен бірігіп жұмыс жасау.
Жауап берген топқа жүрекшемен баға беру
Жүректен–жүрекке.


Қызыл –адамгершілік, сары–адалдық, көк–сүйіспеншілік, жасыл–әдептілік, ақ–қайырымдылық. Осы қасиеттер бойларыңызда дари берсін.
Мақал-мәтелді жалғастыр?
1.Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан………………….(көзіңе мақтар)
2.Досыңа күлме келер ………………………………..(басыңа)
3.Доссыз адам тамыры жоқ …………………………( ағашпен тең).
4.Досқа күлкі қылма, дұшпанға……………………..(таба қылма)
5.Досы жоқпен сырлас, досы көппен ……………………( сыйлас)
6.Досың менен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғаннан …………………………..(сақтан)
7.Ақылсыз достан, ақылды ……………………………(дұшпан артық.)
8.Дос басқа қарайды,
Дұшпан………………………………………………………….. ( аяққа қарайды).
9.Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті……………………………………………….(дау алмайды)

«Қасиеттер жәрмеңкесі» ойыны.

Екі топқа парақ таратылып беріледі.
1. «Сатамын»
2. «Сатып аламын» деген сөздер жазылады. Құм сағат қойылады.Оқушылар бойындағы қандай қасиеттерді сататынын және қандай қасиеттерді сатып алатынын жазады. Жазып болған соң, жазуды кеуделеріне ұстап тұрып, өзара сатуға ұсынылған қасиеттермен танысады.
Қандай қасиеттер көбірек сатылуға ұсынылды?
Не себептісатып алғымыз келеді?
Не себепті сатқың келеді?
Оқушылардың ойы ортаға салынады. Бұдан шығатын қорытынды «Кемшіліксіз адам болмайды, Өзіңнің кемшілігіңді мойындау – олда бір ерлік» Сол кезде балалар өздерінің жаман қасиеттерін қағазға жазып, шиыршықтап тастайды да, аяқтарымен таптайды да, сілкінеді.

Сергіту ойыны. «Дос достыққа»

Нұсқау: Қазір сіздер өте бір қызық ойынды ойнайсыздар. Ол үшін жасалатын қимылды тез-тез жасау керек. 5 секундтың ішінде өзіңізге серіктес тауып алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен «сәлемдесеміз»:
Баспен бас,
Мұрын мұрынмен!
Оң қол оң қолмен!
Иықпен ыйық,
Арқамен арқа,
Саусақпен саусақ.
Жағдаятты шешу.
1-жағдаят. Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастап, өзімен ғана дос болуды қалайды? Сенің өз пікірің?

2-жағдаят. Саған досың өкпелі, неге екенін білмейсің, екі күн болды, ол сені көрсе үндемей, қашқақтайды. Сенің іс-әрекетің?
Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық. Адал достық–өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, сондықтан балалар адал достықты таба біліңдер. Достарыңа әрқашан адал, таза ақниетті болыңдар.
Достықтың тағы бір түрі болады.Соны біз көрініс арқылы көрсеткіміз келеді.
Бүгінгі тренинг сабағымызды қортындылай келе, сендерге тек қана шын дос тілеймін.Өздерің де нағыз дос бола біліңдер.
Қорытынды:
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінен қандай әсер алдық?
-Достықтын тағы қандай түрі болады екен?
-Ертегі сендерге ұнады ма?

Коспаева Жулдуз Туркестановна
ШҚО ББ «Ақ ниет»мектеп-интернаты»
КММ

 

 



 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *