Ж.М. Дүйсебекова, Г.Н. Нұрманова
Сулейман Демирель атындағы университет
Қаскелең, Қазақстан zhaina_sdu@mail.ru
ТҰЛҒАНЫҢ БОЙЫНДА СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ ТІЛ МӘДЕНИЕТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ САТЫЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Тілде көптеген амал-тәсілдер бар. Солардың ішінен сөйлеушінің мақсатына сәйкес әрі аса қажеттісін таңдау арқылы ой мен сезімді дәл жеткізе білу – тіл мәдениетінің биік шыңы десек болады. Сол шың – шешендік өнердің де көрсеткіші болып табылады. Аталмыш шеберлік тілдік амалдарды әдеби тіл нормасына сай қолданудан, сөз жатықтығын үйренуден, сөз байлығын молайтудан, сөз тазалығын сақтау, сөз дәлдігін тану және сөз әсерлілігін меңгеру арқылы көрініс табады [2, 29].
Кілт сөздер: сөз мәдениеті, шешендік өнер, шешендік сөз, әдістеме.
Сөз мәдениеті, шешендік сөз және шешендік өнер ұғымдары бір-бірімен өте тығыз байланысты. Сөз мәдениеті ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып, қоғам мен сол тілде сөйлеушілердің қарым-қатынас мәдениетін реттейді. Ол тілдің қалыптасқан заңдылықтарын сақтауды жүзеге асырудың амалдары мен тәсілдерін көрсетеді. Тіл мәдениетіне тән нормалар тіл тазалығын, нақтылығын, әсерлілігін, түсініктілігін, байлығын және сөз әдебін талап етеді. Тіл мәдениеті нысанына мәтінді мәнерлеп оқу, өз ойын қисындылықпен байланыстыра алу, жазуда орфографиялық норма дағдыларын қалыптастыру талаптарын игерумен де анықталады [1, 6]. Шешендік өнер, ең бастысы, сөйлеу актісінің атауы, яғни шешен сөйлей білу дегенді білдіреді. Оның әлеуметтік қызметі басымырақ. Ал шешендік сөз дегеніміз сол шешендік өнерде пайдаланылатын шикізат, яғни шешен сөйлеушінің топ алдында сөйлейтін сөзі. Профессор Р.Әміровтың пікірін келтірсек: «Сөздің мазмұнын анықтау, жоспарлау, оны құрау жолымен қатар, шешендік сөздің сөйлем құрау, сөз талғау, интонациялық бейнесін анықтау сияқты таза тіл қазынасына тірелетін жайлары тағы бар. Тілдік амалдарға жататындар түрлі экпрессивті, эмоциялық сөздер, сөйлемдер, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер, полемикалық пікірді білдіру мақсатына арналған риторикалық сөйлемдер, дауыс ырғағы, сөздерді, сөйлемдерді ритмикалық үндес етіп теру, құру, т.б. Бұл амалдар ғасырлар бойы қалыптасқан. Сол амалдарды дұрыс біліп, талғап жұмсау – шешендік сөздің талабы» [2, 22].
Тіл және сөйлеу мәдениетінің ең дамыған формасы – осы шешендік. Әр адамның ой-пайымы әртүрлі болатыны секілді, тіпті олардың сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнерді игеруі де әртүрлі болады. Дегенмен кез келген адам өз ойын дұрыс әрі әсерлі етіп жеткізуге жаттығады. Көптеген ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, адамдардың көбісі жазып, оны оқығаннан гөрі ауызша формадаға қарым-қатынасты ұнатады екен.
Тілдің ауызша өмір сүру формасы – сөйлеуші мен тыңдаушының бір-біріне тікелей әсер етуіне мүмкіндік береді. Оның жазба тілден тағы бір артықшылығы, ауызекі сөз шешенге импровизация жасауға кең жол ашады, сөзін түзеуге, үнемі тыңдаушымен байланыста болуға, оның көңіл-күін бағып, мүддесін ескере алады. Ауызекі сөйлеуде сөздің әрін кeлтіріп, оны әсерлі ету мақсатында жазба тілдің қатаң қағидаларын аттап өтуге де болады. Жазба сөз өз бойына интеллектуалдық ақпаратты көбірек сіңірсе, ауызша сөздің адамның жан сезімін, көңі-күйін, көзқарасын білдіру үшін ыңғайлырақ болып келетін ерекше тұстары да бар [2, 3].
Ауызша сөздің өзі екі түрлі болады: бірі – адамдардың күнделікті тұрмыста бір-бірімен бетпебет сөйлеу актісі, екіншісі – топ алдында сөйленетіндері [2, 31-32]. Яғни, біріншісі біздің күнде қолданатын ауызекі сөзіміз, ал соңғысы «шаршы топ алдындағы сөзіміз». Оны біз басқаша шешендік сөздер деп айтсақ әбден болады. Бұрынғы замандарда шешендік сөздер – би-шешендердің, абыздардың айтқан сөздері деп білсек, қазіргі таңдағы шешендік сөздердің орнын шаршы топ алдындағы сөйленістеріміз басты. Ол өз кезегінде сөйлеу нормаларын сақтап, көпшіліктің санасына өз ойыңды сауатты, дұрыс орнықтыру дегенді білдіреді. Бүгіндері шешендік сөздің маңызын арттыру – тіл мәдениетінің сапасын көтерудің бірден-бір шарты болып табылады. Әсіресе, әдеби тілдің ауызша түрін дамытудың үлкен маңызы болып отыр. Бірқатар ғалымдардың көрсетуінше, шешендік сөздердің әлеуметтік-саяси, академиялық, соттағы, әлеуметтік-тұрмыстық, діни уағыз сөздері секілді түрлерімен қатар, жоғарыдағы міндет шешендік сөздің жаңа түрлерінің пайда болуын талап етеді. Олардың қатарына кәсіптік және педагогикалық шешендік сөздерді жатқыза аламыз. Соңғысын академиялық шешендіктің аясында да қарастыруымызға болады.
Сонымен педагогикалық шешендіктің ерекшелігі неде? Бүгінгі филолог-студент – ертеңгі мектеп немесе басқа білім беру ордаларының ұстазы екенін естен шығармағанымыз жөн. Сондықтан олардың шешендік өнерді игеруге деген қажеттіліктері жоғары. А.П.Чехов айтқандай: «Парасатты адам үшін сөйлей білмеу – оқу, жаза білмеу тәрізді ұят саналуы тиіс». Осы ретте Б. Қалимұқашеваның көрсеткен мұғалімнің шешендік өнерді қажет ету себептерін келтіру орынды болады:
Біріншіден, шешендік өнер педагогке өз сөзін дәл, нақты, қисынды да дәлелді етіп құруға көмектеседі әрі оқушылармен шығармашылық, достық қарым-қатынас негізінде пікірталас, дискуссия ұйымдастырып, өз сабағын қызықты өткізуге, берілетін ақпараттың көлемін көбейтіп, сапалы әрі әсерлі жеткізуге мүмкіндік береді. Екіншіден, шешендік өнер мұғалімге түрлі қиын оқушылармен байланыс орнатуға жол ашады. Соның нәтижесінде бұрын ауызша тілдесу мүмкін болмаған, ал мұғалімнің түсіндіруін оқушылардың түсінбеуі, тіпті қажет етпеуі секілді педагог ретінде өз мақсатына жетпей қалу қаупінен құтқарады. Үшіншіден, кез келген педагогтің тұлғалық бейнесі оқушының көзінде оның сөзі арқылы қалыптасады. Төртіншіден, шешендік өнер оқу барысында ұшырасатын көптеген «неге?» деген сұрақтарға жауап табуға көмектеседі [2, 28].
Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті. Қазақ халқының тіл келешегі балаларда. Көптеген ғылыми педагогикалық әдебиеттерді, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдап зертей келе, бүгінгі күні балалардың сөз саптауы көңіл аударарлық көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген қорытынды жасауға болады. Олар өз ойларын дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмайды, басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашатыратып жібереді. Кейбірі орысша сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргонмен диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мәселе туралы көптен айтылып та, жазылып та жатыр. Бүгінгі таңда өзекті мәселелерінің бірі балалардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу. Балалардың жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әркетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогикалық қазірдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу жұмыстары «тірі» дыбыстармен жұмыс істеудің негізінде жүргізіледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекешелігін ескере отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды негізгі үш кезеңде қарастыруға болады.
І кезең І жас Б жас З жасқа дейін;
ІІ кезең З жастан Б жасқа дейін;
ІІІ кезең Б жастан Б жасқа дейін;
Мектепалды дайындықта сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың соңғы кезеңі болып табылады. ІІІ кезеңнің басында артикуляциялық айтылуы қиын дыбыстарды нақты бір бірінен ажырату мақсатында жұмыс жүргізіледі.
(с ш, з ж, и й, м л,) және т.б.
Балалардың фонематикалық есту қабілетін жетілдіру үшін арнайы жұмыстар жүргізіледі (сана шана, қаз жаз). Бұл кезеңде негізінен дидактикалық ойындарға, әңгімеуге, әңгімелесуге, жаттауға көп көңіл бөлінеді.
Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудегі жұмыстар дыбыстарды бөліп алу тұрғысынан топтастырылады. Кез келеген дыбыстарды бөліп алуда үш түрлі жұмыстар жүргізіледі.
Жұмыстың бірінші түрі жеке дыбыстарды ажыратуға байланысты болды. Педагог дыбыстардың акустикасы мен артикуляциялық құрылымын анықтау үшін суретті кестелер береді.
Жұмыстың екінші түрі сөздегі дыбыстарды топтау арқылы жүргізіледі. Педагог әртүрлі суреттер, заттар, ойыншықтарды іріктеп алып, оның ішінен бөлініп алынған дыбыстарды ажыратқызады. Алдымен тұтас сөз алынады. Одан бөлініп алынатын дыбыстарды ажырату тапсырылады, одан кейін сөзден бір дыбысты бөліп ажырату ұсынылады. Балалар дыбыстарды дұрыс, анық айтуы және олардың айтылу айырмашылығын ажыратуы тиіс. Ал бұл балалардың дұрыс ырғағын, сөздерді дұрыс айтуды орфоэпиялық нормада дұрыс сөйлей білуге дағдыландырады.
Жұмыстың үшінші түрі сөйлеудегі дыбыстарды дифференциациялау. Педагог сөздік ойын, әңгіме, сурет топтамалырын, өлеңді, жұмбақ, жаңылтпаш және т.б. тілдік материалдардан бөлініп алынған дыбыстарды ажыратады.
Балалар ол дыбыстарды дұрыс айтып қана қоймай оны күнделікті дұрыс падалана білуі қажет. Тақпақ, өлең, әңгімелердегі дыбстарды бөліп алуда педегог сөйлеу темпін, дауыс ырғағын, әдеби нормада сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.
Педагогқа қойылатын талаптардың бірі оның сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы. Сөйлеу мәдениеті бойынша дұрыс сөйлеу орфоэпиялық грамматикалық, лексикалық, стилистикалық, әдеби тілдік нормаларды сақтап сөйлеу білу.
Тәрбиеші педагог сөйлеу мәдениетін меңгеруде тілдің барлық элементтерін толық түсініп, үйреніп қана қоймай (сөз, түбір, жалғау, жұрнақ, сөйлем түрлері, дауыс ырғағы), оны өз орнымен, шеберлікпен қолдана алуға тиіс. Өйткені сөз мәдениеті алдымен, сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы), екіншіден, сөзді орынды жұмсау (сөз шеберлігі) болып табылады. Бүлдіршіндер дұрыс, сауатты сөйлеуді ересектерден, тәрбиешілер мен ата аналардан үйренеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар сөйлеу мәдениетінде тілдік этикет туралы мағлұмат алады. Онда сөйлеушінің мінез құлқына қатысты сыпайылық, жомарттық, қайырымдылық, өзіндік көзқарасы және т.б. нормалар қалыптастырылады.
Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің өзіндік міндеттерін шешуде педагогтің тілдік құралдарды саналы талдатуда лингвистика саласы бойынша білімі сәйкес болуы шарт. Ал өз кезегінде ол балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға қажетті дидактикалық материалдарды ірікреуге көмектеседі.
Тіл дамыту сабақтарында пайдаланылатын педагогикалық технологиялардың төмендегідей міндеттерін жүзеге асыру қажет.
1.Педагогтың педагогикалық кәсіби іс әркетіне деген сенімділігі, шығармашылық шеберлігі.
2. Балалардың тұлғалық бағдарлы дамуының ескерілуі.
3.Оқу үдерісінің кез келген кезеңіңдегі бала дайындығының іске асырылуы мен кепілдігінің міндеттілігі.
4.Оқыту технологиясында пайданылатын педагогикалық ақпараттың міндетілігі.
5.Балалардың білімді меңгерудегі танымдық қызығушылығы мен қажеттілігінің ескерілуі.
6.Балаларды өздігінен қорытынды жасауға, белсенді іс әрекетке ұйымдастыру.
7.Оқу үрдісін жобалағанда іс әркеттің, оқу материалы мен оқыту материалының дәлелдігінің бірлігі.
8.Оқыту үдерсін жобалау технологиясы негізінде іске асырылуы.
9.Балалардың шығармашылық іс әрекетін ұйымдастыру.
10 Шығармашылық іс әрекетті нәтижеге жеткізу [3].
Сондықтан балаға бастуыш сыныптан бастап шешендік сөз бен тіл мәденениетінің ұшқындарын берудің маңыздылығы артып отыр. Соның айқын көрінісі ретінде қазір мектептерде бастауыш сыныптарды өтілетін «Тіл дамыту» сабақтарын атап өте аламыз. Ол сөйлеу мәнері енді қалыптасып келе жатқан оқушының тілін дамытып қана қоймай, сөздерін дұрыс байланыстырып сөйлеуге, дұрыс тілдік қарым-қатынас орната білуге баулиды. Ал орта немесе жоғары сыныптарда жүргізілетін факультатив «Шешендік өнер» немесе «Тіл мәдениеті» сабақтары оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сөздік қорын толтыру арқылы тіл байлығын молайтуға, тілідк нормаларды сақтай білуді үйренуге жол ашады. Педагогикалық жоғары оқу орындарында «Шешендік өнер» пәнінің енгізілуіндегі мақсат – болашақ ұстаз болатын студенттерге тіл мәдениетін, сөз мәдениетін игертуге көмектесу. Тіл мәдениетін игерту – әдеби тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын меңгерту, сонымен қатар бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдануға үйрету. Мақаланың соңында осындай тілдік амал-тәсілдерді орынды қолдануды жетілдіруге арналған бірнеше жаттығуларды келтіргенді жөн көріп отырмыз:
1. Төмендегі синоним сөздердің мағыналары ашылатындай сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ел//халық//жұрт, өмір//ғұмыр, дауыс//дыбыс//үн, ауа//әуе, атақ//даңқ//мәртебе//лауазым//шен, арман// қиял//мақсат, рақмет// алғыс//бата, рақым// мейірім// шапағат, сөндіру // өшіру, суық // мұздай, ықылас//ниет//ынта//көңіл.
2. Берілген тұрақты сөз тіркестерін олардың мағыналарымен сәйкестендіріңіздер.
Арадан қыл өтпестей құрметтеу
Арқа сүйеу қымбат
Көңілі жай табу қызғану
Көңілі қалу батыр
Жерден жеті қоян тапқандай ұялу
Бетінен оты шығу қуану
Тасы өрге домалау қолдау күту
Темірден түйме түю тату
Жүрек жұтқан ренжу
Ауызбен орақ ору мақтану
Қой аузынан шөп алмас жуас
Өзегі өртену жақын
Қол созым алыс
Атасының құнын сұрау үндемеу
Ит жеккен жер үйлену
Бірге от жағып, түтін түтету шебер
Алдынан қия өтпеу жолы болу
Тіс жармау көңілдену
3. Сөйлемдерді қажетті тұрақты сөз тіркестерімен толықтырыңыздар.
Қазақтар сұлу қыздарды деп атаған. Айдос күні бойы үндемей, болып жүр. Менің қорыққаным соншалық,. Оның жобасы қарапайым, ешнәрсе жоқ болып шықты. Бұл ауылда ғана адам қалды. Ол -, қашан сұрасаң да, «жоқ»-тан басқа нәрсе айтпайды. «Тамақты неге сонша құйғансың?». Асанның балалары өзінің, өзіне қатты ұқсайды. Мараттың бүгін ешнәрсе істегісі келмей.
Қажетті сөздер: аузы мұрнынан шығарып, шөптің басын сындырмады, айдай аузы, күндей көзі бар, аузынан түсіп қалғандай, Шық бермес Шығайбай, аузына құм құйып алғандай, төбе шашым тік тұрды, айтуға тұрарлықтай, саусақпен санарлықтай.
Пайдаланылған әдебиеттер :
1 Қапасова Б.Қ. Тіл мәдениеті: Шешендік өнер: Оқулық. – Алматы, 2014. – 224 б.
2 Қалимұқашева Б. Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер: Оқу-әдістемелік құрал / Б. Қалимұқашева – Астана: Фолиант, 2010. – 168 б.
3 http://ds0019.kokshetau.akmoedu.kz/article/view/601d2a12e8b7371aa23bf17c19c68acd.ht ml.
4 Негимов С. Шешендік өнер. – Алматы: Ана тілі, 1997.
5 Бейсенбаева З., Уәлиев Н., т.б. Тіл мәдениеті: Оқу құралы. – Алматы: Print-S, 2005. – 112 б.
6 Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. – Астана, 2001.
Главная целеустановка культуры речи – сделать оптимальный выбор языковых средств для адекватного выражения мыслей и чувств. И в этом процессе очень важным является использование слов в соответствии с литературными нормами иметь навыки уместного использования языковых единиц, иметь богатый запас слов. Особо важно сохранение чистоты словоупотребления, выразительность слов.
The main purpose of the culture of speech is to make an optimal choice of linguistic means for the adequate expression of thoughts and feelings. And in this process it is very important to use words in accordance with literary norms to have the skills of appropriate use of language units, to have a rich stock of words. Especially important is the preservation of the purity of word usage, the expressiveness of words.