Г.С. Бөкен
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Көкшетау, Қазақстан asya_2309@mail.ru
СЛАВОМИР МРОЖЕК ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ГРОТЕСКІЛІК АМАЛДАР
Мақалада белгілі поляк драматургі, жазушы С. Мрожектің «Хочу быть лошадью» және «Тестариум» жинақтарына топтастырылған сатиралық әңгімелері қарастырылады. Аталмыш әңгімелер мазмұндық, тақырыптық-идеялық тұрғыдан зерделеніп, автордың қоғамдық-әлеуметтік, саяси, рухани, дүниетанымдық,т.б. мәселелерді қамти алу шеберлігі бағаланады. Сонымен қатар қаламгердің оқиғаны дамыту мен сюжетті өрбіту позициясына анализ жасалады. Яғни оның гротеск образ жасаудағы өзіндік ерекшелігі айқындалады. Және де кейіпкердің болмысы мен іс-әрекеті гуманизм тұрғысынан бағамдалады.
Кілт сөздер: әңгіме, гротеск, кейіпкер, әлеуметтік орта, қарым-қатынас, мәселе.
Славомир Мрожек – ХХ ғасырдың 60-80 жылдары поляк және бүкіл Еуропа әдебиетіне танымал жазушы, сатирик, суретші, эссеші, драматург, абсурд театрының классигі болып табылады. Оның әдебиет тарихында есімі атақты С.Выспяньски, В. Гомбрович, С.И. Виткевич, С.А. Лец, Ю. Тувий, К.И. Галчиньскийлармен қатар айтылады.
Автордың үлкен әрі беймәлім әлемдегі «кішкентай адам» идеясы Д. Скиф, Э.Т. Гофман, Н.В. Гоголь, М.Е. Салтыков-Щедрин шығармаларымен үндес келеді.
Зерттеуші В.А. Хорев «Польская литература ХХ века» монографиясында Мрожек шығармашылығына шолу жасап:«Блестящий сатирический талант Мрожека органически соединил «злобу дня» со «злобой века», равно волнующие современников: его новаторские, общественно значимые произведения появились тогда, когда не только польская литература и польский театр, но и общество в целом испытывали потребность в очистительном смехе, помогающем сокрушить устаревшие каноны мышления и поведения»[1], — деп өзіндік бағасын береді. Күнделікті тіршіліктегі түрлі оқиғаларды шағын әңгімелеріне арқау ете білген Мрожек, өмір мәнін осымен-ақ ұғындырғандай. Ендеше, қаламгердің «Хочу быть лошадью» және «Тестариум» жинақтарына енген сатиралық әңгімелерін талдай түссек.
Қоғамда жиі кездесетін келелі мәселелердің бірі – отбасыдағы ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжің, түсініспеушілік жайттары жазушының «Zemsta» («Кек») әңгімесінде көтеріледі. Беймәлім дерттің салдарынан күн сайын кішірейген кейіпкер өз жағдайын әйелінен жасыруға тырысқанымен, көп ұзамай құпияның сыры ашылып, ерлі-зайыптылар арасында конфликт туындайды. Мәселен, «За что ты так со мной поступаешь?/Я в этом не виноват. Все происходит независимо от меня, само собой./Нет! Ты это делаешь нарочно». Немесе: « Нет. Это само/ Что значит — само?/Само по себе, помимо моей воли. Неужели ты действительно думаешь, что я смог бы это делать?» [2], — дегенінен автор екеуінің өмірде бір-бірін түсініспей, ғұмыр кешіп, қиын-қыстау кезде қолдаудың орнына жұбайына сенімсіздік білдірген әйелінің әрекетін әшкерелейді. Оның тіпті кейіпкерді «әдейі кішірейдің» деп қоқан-лоққы жасауы бір жағынан күлкімізді келтірсе, екінші жағынан, жанұялық қарым-қатынастағы өзара түсініспеушілік проблемасынан хабар береді. Мұнан соң әйелі кейіпкерден оның баяғы қалпына келуін өтініп, аяғына жығылады. Оған кейіпкер кішкентай қолдарымен «Менен не қалайсың, мен кінәлі емеспін», я болмаса «Енді маған ештеңе де жасай алмайсың» деген екі ойлы ишарат білдіреді. Бұл жерде автор кейіпкердің жауабын әр қалай ұғынуын оқырманның өздеріне қалдырады.
Кейін кейіпкердің кішірейгені сонша, тіпті ол үлкейткіш айнамен де көрінбейтін деңгейге жетіп, жұбайы оны таппай қалады. Шығармада: «Однако раньше или позже наступает все же тот момент, когда исчезновение мужа перестает быть тайной жены, поскольку муж, какой угодно муж, остается также человеком, а следовательно — членом общества, которое неизбежно предъявит за него счет. Соседи, работодатель и, наконец, естественно, полиция [2]»,-делініп кейіпкерді іздестірген заң қызметкерлері жұбайының еш қатысы жоқ болғанын тексергеннен соң, оны психиатриялық емханаға орналастырады. Бұл шешімдері дұрыс болып, «есі ауысқан» деп саналған әйел күйеуінің көз алдында жоғалуы туралы ессіз әңгімелерін айтпайтын болады. Ұзақ емделуден кейін дәрігерлер оны шығармақшы болған күні әлгі әйелдің палатасына ессіз математикті орналастырады. Математиктің: «…математическая точка — это такой пункт в пространстве, который существует, будучи бесконечно мал, иными словами — в любое мгновение он меньше себя самого [2], -дегеніне палатадағы есі ауысқан «Напалеон» Ватерлоодағы шайқасты, «Нерон» Римді өртеуін айтып тыңдамайды, тек әлгі әйел ғана «Вы видите его, да?» дегеніне басын изеп: «Вижу. И вижу, что он улыбается» [2], — дейді. Бұған дәрігерлер оның шынымен есі ауысқан деп белгісіз мерзімге емханада қалдырады. Бұл «аңдамай сөйлеген ауырмай өледінің» дәлелі болса керек.
Әрине, С. Мрожек қияли әңгіме жазып отырмағаны белгілі. Адамның күн сайын кішірейіп, ауаға сіңіп, ғайып болмайтыны да аян. Автор ерлі-зайыптылар арасындағы суып кеткен сезім мен жұбайлық қарым-қатынастың соңы осындай бір-бірін елемеушілік пен немқұрайлық адамның адам ретіндегі тұлғасының ғайып болуына әкелетінін айтып отыр. Өзінің «Niemowl» («Ергежейлі») сатиралық әңгімесінде, керісінше, беймәлім жайттарға байланысты театр ергейжейлісінің кенеттен бойы өсіп кеткені баяндалады. Алғашында шындықты қабылдамаған театр актері аяқ киімінің тақасын жонады: «…Утром срезал каблуки. Он надеялся, что этот процесс имеет преходящий характер, что, может быть, позднее наступит регресс. На некоторое время срезанные каблуки помогли [2]. Алайда ол да ұзаққа созылмай, бар шындық айқындалып, ол театрдан қуылады. Үйреншікті жерінен кеткен «үлкейген» ергежейлі өзге театрда есептеуші, редакцияда тасымалдаушы қызметтерін атқарады. Кезінде жарнама бетінен жарқырап жүретін оның бет-бейнесі ұмытыла бастайды. Кейін бір компанияның сақтандыру кассасының қарапайым қызметкері бола жүріп, өзінің түлеп ұшқан театрына келеді. Ондағы қойылымға риза болып, кетерінде: «А эти малютки довольно забавны» [2],-дейді. Автор күнделікті өмірде жиі кездесетін ситуациялық жағдайды алу арқылы өткенді аңсап, шындықты көпке дейін қабылдай алмайтын, қабылдаған кезде де, өткенін жоққа шығаруы мүмкін екіжүзді адамдарды сын тезіне алып, әшкерелеген.
Автордың «Straż wazon chiński» («Қытай вазасының сақшысы») әңгімесінде өз қызметін мүлтіксіз отыз жыл адал атқарған сақшының ерлігі әспеттеледі дегенімізбен, шығарманың кульминациясында көзінің қарашығындай қорғаған қытай вазасын сақшының таяқпен сындырып, әр бөлігін аяқ киімімен таптауы түсініспеушілік туындатады. Өркениетті мемлекеттің бас қаласында орналасқан мұражайдың шығыс өнеріне арналған бөлімінде қойылып,материалдық әрі мәдени құндылығы жоғары деп бағаланған жәдігерді су астынан жиналған 1982 бөліктен жеті жыл бойы құрастырған. Оны күніне сегіз сағат, аптасына алты күн, жылына он бір ай күзететін арнайы сақшыны тағайындайды.Сақшыға айына бір-ақ рет демалыс берілгенде, мұражай да жөндеу жұмыстарына жабылатын. Өмірінің тек жарымын осынау жәдігерді күзетумен өткен сақшының бір сәтте бар еңбегін тәрк еткізген автор кейіпкеріне «ішкі бостандық» береді. Сөйтіп, бір сәттік мақтан мен марапат жолында денсаулығы мен жастық ғұмырын, адами тыныс-тіршілігін құрбан етіп жүрген әлеуметтік ортадағы шектен тыс «адал қызметкерлерді» әшкерелейді. Сақшы образы арқылы ғұмырының соңғы жылдары ғана өз өмірін ой елегінен өткізіп, кеш болса да, «ішкі бостандыққа» жете білу керектігін насихаттайды. Шығармада: «Он уходил с чувством, что жизнь его не прошла бессмысленно. Ибо, как оказалось, его тридцатилетняя бдительность была полностью обоснованной. Опасность, которой он был призван противостоять, существовала реально. К тому же он чувствовал себя бодро, как бы помолодевшим. И даже не на тридцать лет, а на целых пять тысяч» [2].
Славомир Мрожек – ізгілік пен адамгершілік қасиеттерді жалаң уағыздамай, оны жақсылық пен жамандықтың шиеленіскен уақиғаларында көрсете білетін шебер. Қай қоғамда болсын ескірмейтін ар-ұят, адалдық, тәкаппарлық мәселелері қаузалған «W jednej chwili» («Қас-қағым сәтте») шығармасында бір бикештен бейтаныс мырзаның жәй ғана сағат сұраған сәтінде, жан дүниесін тәкаппарлық кернеген оның санасында сан-саққа жүгірген түрлі қияли ойлар туындайды. Алғашында тура қарасам, қызығушылық танытты деп ойлар, қиғаш қарасам, керісінше, мырзада сенімсіздік пайда болар деген бикештің паңдық әрекетін қоғамдағы кейбір әйелдер бойынан танып, еріксіз езу тартамыз. Бикеш өз құрбысын нақсүйерімен араласуы мүмкін деген күмәнмен, нақсүйерін қызғандыру, кек қайтару, сынау мақсатында бейтаныс мырзамен әуейі болуды жоспарлауын көргенімізде, арсыздығынан жиеркенеміз. Шығармада: «В создавшейся ситуации она могла бы воспользоваться господином, который как раз обратился к ней со словами «О, мадам», либо в виде реванша по отношению к своему другу» [2]. Уақытты біле сала, теріс айналып кеткен бейтаныс мырзаның әрекеті арқылы автор бикештің қиялын ғана сейілтіп қоймай, оның бейәдеп әрекеттерін әшкерелейді.
«Specjalny korespondent» («Арнайы тілші») әңгімесінде жазушы ақша табу жолында жалған жаңалықтарды қолдан жасап, қоғамды дүрліктіруші тілшілердің әрекеттері сыналады. Оқиға газеттің бас редакторы баспа бетіндегі жаңалықтардың өзекті болмай, оқырмандардың аз болып, таралымның күрт кемуін қолға алу қажеттілігін тілге тиек етеді. Яғни алыс бір мемлекетте болып жатқан жаңалықтарды жеткізу үшін арнайы тілшіні іссапарға жіберу мәселесін алға тартады. Алайда қаражат тапшылығы бұл сапарнаманы жүзеге асырмасы анық. Сондықтан бас редактор қызметкерлеріне қолдан жаңалық жасауды ұсынады. Жаңалық екі түрлі болуы керек. Бірі – демократия, екіншісі – репрессия (саяси қуғын-сүргін) мәселесі. Бұл жайтқа барлық қызметкерлер келісіп, әр апта сайын алыс бір мемлекетте репрессия болды, не демократия орнады деп баспа бетін толтыра береді. Күн сайынғы осынау жаңалықтар оқырмандар саны мен баспа таралымын арттырып, редакция жұмысы алға баса береді. Дегенмен, уақыт өте келе бұл жаңалықтың да өзектілігі азайғанын сезген бас редактор халықаралық бөлімді жауып, оның орнына жергілікті нәпсіқұмарлық мәселесін алға тартады. Шығармада: «Что идет завтра? — спросил он.Секретарь проверил по календарю./Репрессии/ Выбросить/Но демократизация была вчера!/Выбросить. Не будет ни репрессий, ни демократизации. Даем сообщение о тройном убийстве на сексуальной почве»[2],-делініп, халықтың назарын өзге нәрсеге аударып, жалған ақпараттарды еселей түседі. Автор әр қоғамда түрлі мәселелерді қозғап, шындықты өз пайдалары үшін бұрмалап, елді адастыратын, саяси құрал – БАҚ-тың күңгірт жақтарын әжуалайды.
Мрожектің «Polityka krajowa» («Ішкі саясат») әңгімесінде қызмет бабын асыра пайдаланатын қоғамдағы «бастықсымақтардың» әрекеттері әшкереленеді. Екі кішкентай баланың бірі екіншісінен ойыншықты тартып алуының соңы сонша ұшығып, үлкендердің балалардың ортасына түсіп, қызмет баптарын алға тартуы автор тарапынан ащы сынға алынған. Шығарма кульминациясында:«Однако,несмотря на энергичные шаги правительства, Здисек игрушку обратно так и не получил, она осталась у Яся. Но Ясь тоже недолго радовался игрушке. У него ее отнял Юзик, брат которого служил в Первой Гвардейской танковой дивизии» [2]. Яғни неғұрлым мансабы жоғары болса, соғұрлым қоғамдағы адамның сөзі өтімді болатындығын сатирик дөп басып көрсете білген.
«Nie odbywa» («Бұлай жасамайды») шығармасында автор лирикалық кейіпкер арқылы жаһандану заманындағы жаңалықтардың бірі – соңғы үлгідегі жер серіктерінің қоғамдағы әр адамға әсер-ықпалын баяндайды. Жер серіктерінің қарыштап дамып кетуі сонша, жердегі кез келген адамды суретке түсіріп алады деп ақпараттанған лирикалық кейіпкер бұрын тыныстіршілігі мен әрекеттерін өзгерте бастайтыны күлкі етіледі. Мәселен, «Чтобы не отстать от техники, пришлось мне бриться ежедневно и купить новый галстук, что явилось непредвиденным расходом. Также ботинки чистить и вообще следить, чтобы каждый день выглядеть так, как раньше только по воскресеньям. На одни лезвия и гуталин я тратил в семь раз больше, чем до усовершенствования техники» [2]. Кейіпкердің бұл сөзінен оның жалтақ әрі сараң, екіжүзді адам екенін де байқап қаламыз. Бірақ кейіпкерден зейнеткерлікке шығарда суретін сұрарда, ол жаңағы жер серіктерінің суретке түсіретініне сеніп, БҰҰ-ға суретін сұрап хат жазады. Ол жақтан хат келмегендіктен, көңілі қайтқан кейіпкер айдалаға барып, аспанға бір жерін көрсетіп, өзінің жер серіктері туралы пікірін солай білдіреді. Әрине, бұл әңгімеде жер серіктерінің дамуы айтылып жатқан жоқ. Мұндағы адам факторының жаңалықты түсінбей, «ішкі бостандығынан» жоғалтып алып, қоғамның қуыршағына айналуы, кейін сеніп жүрген дүниесінің бір сәтте үмітін ақтамағанында, «ішкі бостандығы» «мен менділеп» өз қарсылығын оғаш әрекетпен танытады. С.Мрожек адамның қарсылығын анайы әрекетпен танытатындарды айта келе, кейде бұдан да зор қарсылықты білдіретіндерді алдын-алу қажеттілігі тілге тиек етіледі.
Қаламгердің «Pomnik»(«Ескерткіш») шығармасы әлемдік психоаналитиктер конгресінің шешімімен психоанализді ашқан Зигмунд Фрейдке ескерткіш қою мәселесімен басталады. Жоспар бойынша, ескерткіш граниттпен не қоладан құйылып, Фрейдтің табиғи бойымен жасалады. Қасына екі аллегориялық әйел бейнелері қойылып, олар түйсік пен сананы білдіретін болады. Дегенмен, Фрейдтің қолын не істерін білмей, ақыры оң қолымен сананың басын ұстап тұрғанын қалаған бір трп ғалымдардың шешімі, кейін көпшіліктің ренішін тудырады:«Когда настал день торжественного открытия памятника, оказалось, что Фрейд почесывает себе голову. Разразился скандал, поскольку подобный жест выражает сомнение и даже озабоченность»[2].Сондықтан ескерткішті жауып, оның орнына текшенің үстіне доп қойылған мүсін қойылады. Оған қарап әр адам өзі қалаған нәрсені көріп, ой түйетін болады. Әңгіменің тәрбиелік мәні де сол, қанша адам, сонша пікір болмақ. Әр адамға бірдей жағу мүмкін еместігін сөз етеді.
С. Мрожектің «Mizantrop» («Мизантроп») әңгімесінің атауынан-ақ біз, қоршаған ортасын жеккөретін, адамзатқа деген өшпенділігі басым, олардан өзін жырақ ұстайтын адамның іс-әрекетін сипаттайтыны белгілі болады. Алғашқыда біз екі жолаушының қайсысы мизантроп деген ойға келеміз. Бірі қатал тәртіпті ұстап, әр адамның билет бойынша поезда отыру қажет дегенін айтса: «Видите ли, правила необходимы для того, чтобы сохранялся порядок. Без правил начинается бардак/Тогда я хочу вам кое-что предложить: давайте поменяемся билетами. Вы займете мое место, а я — ваше. Так мы не нарушим правил, поскольку билеты у нас не именные, а на предъявителя. Что скажете?/Правила, уважаемый, — это правила, и все» [2], екіншісі оған осы ережені қайта-қайта айта бергені ашуланып, одан кек алу мақсатында құлайтын шамаданын айтпай отырады. Әңгімеде: «Расчет оказался верным. Медленно, но неуклонно чемодан передвигался к краю. Между мной и его центром тяжести установилось интенсивное взаимопонимание. Решающий момент приближался» [2]. Ақыр аяғында, поездың кенет аялдамадан жүйткіген сәтінде, сөредегі шамаданның темір қыры қыңыр жолаушының самай тұсына тиіп, ол құлап түседі. Жалма-жан арам ойының жүзеге асқанымен, сасқалақтап қалған екінші жолаушы төтенше тежегішті басады. Поезд тоқтағанымен, қыңыр жолаушы қайтыс болады. Алайда, адам өліміне өзін айыпты санамаған екінші жолаушының: «Но я, несмотря ни на что, все врем действовал в соответствии с правилами. Мне не в чем себя упрекнуть» [2],-дегенінен оның шынайы мизантроп екенін, адамға деген аяушылығы жоқ, менменшіл әрекетін автор сынай келе, оқырманын ондай қылықтан сақтандырады.
Адамдар арасындағы екіжүзділік, өзімшілдік, арамзалық қасиеттерін әжуалаған сатириктің «Dialog polsko-polska» («Полякша диалог») әңгімесінде Б есімді кейіпкер А-ның еш себепсіз тісін сындырып, бүйрегін көгертеді. Бұл жайтқа қапаланып, жәбірленген А-ның сұрағына: «А. Так вы утверждаете, что вышибли мне зубы и отбили почки ради моего же блага?/Б. Конечно. Должен же был вас кто-то избить — если б не я, это сделал бы ктонибудь другой. Сами знаете кто. Но только он травмировал бы вас значительно сильнее: уж он бы вам не только вышиб зубы и отбил почки, но и сломал ключицы, вырвал ногти и выдавил глаза. Так что, вместо того чтобы меня ненавидеть, вы должны быть мне благодарны» [2],-деп жауап берген Б өз әрекетін ізгі іске балап, ешбір жеке басын құнттамағанын, керісінше, күш-жігері мен бар ықыласын А-ның аз зардап шегуін көздеп, алаңдағанын алға тартады. Бұған ашуланған А оның өзін құрбан да етпей, қамқорлық та жасамай, одан да оны бұрынғыша жеккөріп жүре беруін өтінеді: «А. Осмелюсь обратиться к вам с одной просьбишкой. Раз уж вы до такой степени собою жертвуете…/Б. Ах, право, я охотно, чем могу…/А. …Так разрешите мне и дальше вас все так же ненавидеть» [2].Автор екіжүзді әрі қоғамда қамқоршының кейпін танытатын, өзінің бас пайдасы жолында ешкімді де еш жерде аямайтын арамза жандардың типтік образын жасайды. Әрекеттері мен сөздері қабыспайтын Б сияқты адамдардан сақтандырады.
«Cichy pracownik» («Тыныш қызметкер») әңгімесінде С. Мрожек өмірінің соңғы жылдары үндеу қағаздарын жаза берген шенеуліктің әрекеттері әшкереленеді. Тіпті оның жерлеу рәсімінде «Жасасын!» деген үндеу мүлдем ерсі көрінеді. Автор шенеулікке масаның қанатын жұлып, оны бояуға малып, ақ қағазға сөз жаздырту немесе беденың түрлі сорттарын суретшілер мен агрономдардың бірлесіп, адам портреті сияқты өсіру идеяларын айтқызуы – ойы мен әрекеті үнемі сәйкес келе бермейтін сөзшең шолақ белсендіні еске түсіреді. Оның өмірден өтуін де: «Оказалось, что он пал жертвой собственного рвения. По случаю государственного праздника он разделся догола и раскрасил свое тело полосами — семь продольных разноцветных полос, каждая из которых соответствовала одному из цветов радуги. Потом он вышел на балкон, забрался на перила и попробовал сделать гимнастическую фигуру «мостик». Таким способом он хотел создать живой образ, представляющий радугу или наше светлое будущее. К сожалению, балкон находился на третьем этаже» [2], -деп «шамаңа қарай көсілу» қажеттілігін ескертеді.
Сол сияқты жазушының «Хочу быть лошадью» жинағына енген, ішімдік мәселесін әжуалайтын ендігі бір сатиралық шығармасы – «Балалар» («Dzieci») сатиралық әңгімесін зерделесек. Оқиға қаланың көп адам жүретін жерінде орналасқан базарында қардан аққала жасап жатқан балаларды баяндаудан басталады. Балалар ешкімге, ешкім оларға кедергі келтірмей домаланған үш қарды бірінің үстіне бірін жайғастырып, мұрнына қып-қызыл сәбізді, үстіне қара көмір түйіршіктерінен көйлек жасап, аққаланы соғады. Балалар жасаған аққалаға мәз-мейрам болып, кешқұрым үйлеріне оралады. Әбден беттері домбыққанша ойнап, тәбеттері ашылған балаларымен әкелері де қуана қауышады. Осы кезде есік қағылып, сырттан базарда дүңгіршегі бар газет сатушысы келіп: «Разумеется, дети еще очень малы и нужно за ними следить, иначе из них ничего хорошего не выйдет. Я никогда не осмелился бы прийти с этим вопросом, но сделал это только ради детей. С воспитательными целями. В отношении носа из моркови, который дети сделали снежной бабе. Почему он красный? У меня у самого нос красный. Я его отморозил. А вовсе не от водки. Но это не причина, чтобы публично делать намеки на мой нос»[2],балалардың әкесіне өз ренішін білдіреді. Мұны жүрегіне алған әкесі балалардан шындықты айтуды сұрайды. Балалар бір жағынан түсінбей, екінші жағынан таңқалып, ондай ойлары тіпті болмағанын айтып, ақталғанымен, әкелері тәрбиелеу мақсатында оларды кешкі ассыз қалдырады. Әрине, кішкентай балалардың әдейілеп газет сатушысының мұрнына ұқсату үшін сәбізді аққалаға мұрын етпегені, тіпті оның аяздан емес, ішкіш болғасын үнемі мұрны қызаратынын білмегені де түсінікті. Дегенмен, автор сатушының өз масқарасын жәй сынамай, өзіне айтқызу арқылы әшкерелейді.
Көп ұзамай, есік қайта қағылып, үйге жергілікті өндірістің төрағасы келеді. Ол да балаларға қатысты өз шағым айтады. Яғни олардың өндірістерінде ұрлықтың жоқтығын тілге тиек етіп, ақтала бастайды: «Ну как же, разве не ясно,- они намекали на то, что в нашем кооперативе вор на воре сидит. А это клевета. Даже если такие материалы поступают в прессу, все равно нужны доказательства, но куда уж дальше, если на это намекают публично, на рынке»[2].Бұл кейіпкерді де автор әжуалауда бар ұрлығын өзіне айтқызады. Дегенмен, бұл жағдайда да балалар әкелеріне қанша ақталғанымен, оларды бұрышқа тұрғызып қояды. Мұнан кейін есік үшінші рет қағылып, үйге қалалық Раданың төрағасы кіріп, балаларды көрген бойда әкелеріне: «То, что я хожу у себя дома расстегнутый, это мое личное дело. Ваши дети не имеют права смеяться над этим. Пуговицы сверху донизу на снежной бабе – это тоже двусмысленность. Еще раз повторяю, если мне захочется, я буду ходить по дому вообще без брюк, и ваши дети не имеют к этому никакого отношения. Запомните» [2], — деп дүрсе қоя береді. Бұл жолы да аққаладағы түймелердің мүлде төрағаға қатысты еместігін айтып, жылаған балаларына сенбеген әкелері оларды тас еденде тізерлеп отыруларын бұйырып, жазалайды. Сатирик газет сатушының ішкіш екенін әрекетімен көрсетпей, арақ зиянын оның салдарымен дәлелдейді. Оны екінші күні базардан алысырақ жерде аққала жасап жатқан балалардың аузынан естиміз: «Ну тогда вылепим дядю, который продает газеты. Сделаем ему красный нос. У него красный нос, потому что он пьет водку. Он сам об этом вчера сказал»[2].Және де елдің ақшасын жымқырған, үкімет басындағы ұрлықшыны да аққаламен шебер байланыстырған автор, ұрлықшының өз кінәсін мойындатады. Болмаса, қалалық Рада төрағасының моральдік құлдырауын, «сырты бүтін, іші түтін» тіршілігін де ащы сынап өтеді.
Автордың ең танымал «Аққу» («Łabędź») сатиралық әңгімесінде саябақ күзетшісінің құсқа деген шеттен тыс аяушылығы мен ащы суға деген «әуестігі»: «В трактире было тепло и уютно, разносился запах горячих сосисок. Старичок посадил лебедя на стул напротив себя, чтобы не выпускать его из виду, и заказал себе скромную закуску и рюмку водки, чтобы согреться. Уплетая с большим аппетитом баранину, он заметил, что лебедь смотрит на него как-то по-особенному. Ему стало жаль птицу. Он не мог есть, чувствуя на себе взгляд, полный упрека. Он подозвал кельнера и заказал для лебедя белую булочку, вымоченную в подогретом пиве с сахаром. Лебедь повеселел. После ужина оба, добрые и довольные, возвратились на свой пост»[2], оны жұмысынан ғана айырып қоймай, құстың да сол «ішкіштікке» салынуына әкеледі: «А месяц спустя старичка выгнали с работы вместе с лебедем. Из-за детей. Лебедь среди белого дня качался на воде. На это пожаловались матери маленьких детей, приходившие в парк отдохнуть и посмотреть на птицу»[2]. Мұнан кейін автор шығарманы тұжырымды оймен тәмамдайды: «Даже самая скромная должность требует моральных устоев»[2],-деп кез келген қарапайым жұмысқа да салғырт қарамау керектігін ескертеді.
Мейірімсіздік пен өзімшілдік сияқты теріс әрекеттер Мрожектің «W pudełku» («Қорапта») әңгімесінде әжуаланады. Оқиға лирикалық қаһарманның өз қорабында көзілдірік, ескі фотосуреттер мен сарғайған хаттардың арасында мекендейтін кішкентай адамдармен сөйлесуінен басталады. Таңғы асын ішіп, ауқаттанған, көңіл-күйі керемет лирикалық қаһарман өз мәселелерін айтып, көмек сұраған қос ғашықты мұқият тыңдайды. Алтын шашты бойжеткеннің анасымен сөйлесіп, ғашықтардың қосылуына рұқсатын сұрап беремін деп уәде етеді. Автор кейіпкердің өзін алып күшке балауын, тіпті: «внезапно найденная связь между их жизнью и моими руками, моим голосом, мною доставила мне громадное, никогда еще не испытанное удовольствие. Ведь я неожиданно стал огромной силой, которая, случайно вплетаясь в ход их переживаний, могла на них влиять. Они были так малы, что, в сущности, были для меня просто ничем; я же мог быть для них всем»[2],деп дандайсынуын келемеж ете отырып, шамалы жасаған көмегін екі еселейтін «өтірікшілерді» көрсетеді. Сонымен бірге өз сөзінде тұру түгіл, жеке басындағы болмашы мәселе үшін өзгелерді кінәлап, қасақана теріс қылық жасап, берген уәдесін орындамайтын адамдардың болмысын лирикалық қаһарманның әрекеттерінен танимыз: «Потом, когда я возвращался домой, дождь уже не шел, но на плохо мощенной улице остались лужи. Проезжающий грузовик разбрызгивал жидкую грязь. Я стал к стене, но, увы, мои новые светлые брюки, которые я так берег, оказались забрызганными. Дома я выдвинул ящик стола, разыскивая в нем одежную щетку. В ящике стоял знакомый юноша и подавал мне знаки. Смущенно улыбаясь, он объяснил, что сейчас самое удобное время, чтобы помочь им, что… Я смел их всех одним нетерпеливым движением руки»[2].
«Дабылшының саяхаты» («Perkusista przygoda») әңгімесінің негізгі идеясы «жағымпаз надан – жаудан жаман» деген нақылдың баламасымен іспетті. Күндердің бір күні қысыжазы қолынан дабылы түспей, әр кеш сайын дабылын қаға беретін дабылшыға генералдың өзі жолығады. Генерал одан қанша уақыт дабыл қағатынын сұрағанда, жағымпаз дабылшы оның саусақтары талғанша дабыл соғып, кеш түссе де дамыл таппайтынын тілге тиек етеді. Онысына салғырт қараған ол, сөз арасында әскердің оның бұл еңбегін бағалап, мақтаныш ететінін айта салады. Бұл сөзге масаттанған дабылшы күндіз-түні тоқтамай дабылын қағып, әскер алдында осынау қызметін мүлтіксіз орындайтынын айтады. Сөйтіп түннің бір ортасына дейін генерал тоқтаған шатырдың жанында дамылсыз ойнай береді. Қатты шудан ұйықтай алмай, мазасы кеткен генерал барабаншыдан қашанғы ойнайтынын сұрғанда: «Не одолеет меня ни холод, ни сон, я готов барабанить до последнего дыханья, как велит мне мой долг и дело, за которое мы боремся, как велит устав и честь барабанщика! Клянусь!»[2]-дейді әумесер дабылшы. Бұған ашуланғанын танытпаса да, тісін қайраған генерал шатырына кетіп қалады. Көп кешікпей, генералдың күзеті келіп, оны тұтқындайды. Себебін сұраған дабылшыға, күзетшінің бірі генералдың бұйрығы бойынша, сатқындық жасағаны үшін тұтқындалғанын айтады. Және автор әңгіменің соңында шатырдың маңайынан кетіп бара жатқан дабылшыға генералдың қорылын есітуі арқылы надандығын әбден келемеж еткен. Пайдасыз іспен айналысып, қоғамға көмегінен бұрын, зияны тиетін жағымпаз, жылпоз адамдарды әшкерелеген.
Ал «Пер Гюнт» («Peer Gynt») әңгімесінде жайлы жағдай мен жақсы өмірге тез үйреніп, өткенін тез ұмытқан менменшіл адамның әрекеті баяндалады. Ескі лашықта жұбайымен ғұмыр кешіп жатқан қарапайым шаруаның бір жиналысқа қатысып, онда аудандарына шеге мен үйдің төбесін жабатын жұқа қыштың жеткізілмейтінін айтып, жұрттың назарын аудартуы өмірін күрт өзгертеді. Әр жердегі түрлі жиналыста осы мәселені айтуды үгіттеген өкілдер шаруаға тегін тамақ пен жайлы жатын орын ұсынады. Сондықтан шаруаның мінезі де өзгереді. Тіпті ол өзінің төбесінен су тамшылаған ескі лашығы мен жабырқаулы жұбайын да ұмытып кетеді. «Он приобрел несессер. С жильем у него тоже не было проблем. Как участнику съездов и конференций ему устраивали гостиницу и командировочные. Он умел жить бережливо. С волнением ожидал он часа выступления. Текстом пользовался уже свободно. Со временем к поправкам, внесенным некогда художником, он осмелился добавить свои собственные. И после слова «далеко» привык теперь кричать: «Все на борьбу за общий урожай!»… Он стал причесываться на пробор. Новая жизнь стирала в нем память о прошлом» [2].Тек кезекті бір агрономдарға арналған жиналыста әдеттегідей өзінің аянышты халін айтып, көмек сұраған шаруаның кезекті қулығы жүзеге аспай қалады. Оның нәзік әрі аппақ қолын көрген агрономдар жиналыстан шығарып жібереді. Амалы таусылған шаруа өзінің қыстағына оралғанда, алдынан қартайып қалған жұбайы шығады. Бірақ бұл оны менсінбей, өзінің үйреншіктті сөзін қайталай береді. Қаламгер осындай өзімшіл, өткінші атақ пен байлыққа еліткіш жандардың өзінің жақындарын да сатып кететіндігін көрсете білген.
«Соңғы шабандоз» («Ostatni huzar») әңгімесінде адам бойындағы қорқақтық мінезқұлқы сыналады. Әңгімені оқи келе: «Люциуш не любил бульон из телячьих костей и правительство»[2],-делініп, бас қаһарманның үкіметке деген қарсылығын ашық көрсетуге қорыққанын,тіпті өз үйінде есіктен біреу тың-тыңдап тұруы мүмкін деп сыбырлап сөйлейтінін білеміз. Дегенмен, оның анасы немерелеріне оны мақтап, «батырға» балап отыратынын да көреміз: «Гордитесь, что у вас такой отец, — и показывает им картинки, на которых изображены скачущие по равнине рыцари с султанами. — Ваш отец тоже мог бы так. Его не сломили…»[2]. Автор оның «батырлығы» — қоғамдық дәретханаға кіріп, оның қабырғасына «Большевиктерге жол жоқ!» деген сөз жазып, бірден көлікке отыра сап, үйіне оралатынын болмаса, тіпті кеңсе бастығының қаламсабымен жазуын әр түрлі өзгертіп жазатынын келемеж етеді. Бір күні тіпті «Каталоктир берілмейді» деп жазып жатқанда, дәретхананың есігі қағылып, Люциуш жазуды өшіріп, қарандашын жұтып қояды. Оның ойынша, келген адам айыптаушы болуы мүмкін. Қыстың бір күні әлгі дәретхананың есігінде «Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр» деген жазуды оқыған Люциуш, мұны әлгі үкіметтегілер қасақана жасаған деп санайды. Сол күні перронға барған ол ондағы дәретханаларға да әскер толып тұрғанын көріп, поезда мінеді. Алғашқы станциядан түсіп, бірінші үйге кіріп, олардан дәетхананы сұрағанда, үй іші олардың ағаштардың арасына баратынын айтады. Люциуш та көрп ойланбай, түннің бір уағында қалың ағаштың ортасына барып, «Сіздерге әлі-ақ генерал Франко» көрсетеді деп жазып кетеді. Үйне оралған ол, айнаның алдына тұрып өзінің соңғы шабандоз екеніне масаттанып, арқасына бүркіттің қос қанаты пайда болғандай қуанып тұрған баяндалады. Әрине, Люциуштың іс-әрекеті езуімізге күлкі үйіргенімен, оның үкіметке деген антикөзқарасы екіжүзділікпен орайлас. Өзіндік «мені» жоқ, тек жасырын түрде, тұтқиылдан соққы беретін қорқаудың ісіне ұқсатамыз.
Қаламгер «Жылқылар» («Koń») әңгімесінде жылқы зауытының басшысы өзінің бас пайдасы үшін көмілген адамның мүрдесін басқа жерге ауыстырып, оның орнына өзінің ашынасы болған хатшысын жерлесе, енді бірде кәрілер үйінде бір әжейді шығарып жіберіп, орнына өзінің әжесін орналастыруда қабыршыдан бастап, қала кеңесінің басшылығына дейін жылқыны пара ретінде ұсынады. Автор зауыт басшысы туралы: «Посланных на место общественных контролеров он пытался подкупить, предлагая им пони» [2],-деп әрекеті әшкереленеді. Ал «Піл»де («Słoń») менмен, бас пайдасын ойлайтын, иненің жасуынан өтетіндей жылпос, мансапқор адамдардың типтік образы зообақ директорының болмысы арқылы көрсетіледі. Мансапқор директор бақтағы аңдарды өз мақсатына жетудің құралы ретінде көріп, зообақтың жастар тәрбиелеудегі рөліне немқұрайлы қарайды. Ондағы аңдарды аянышты күйін автор: «У жирафы, жившей в его зоосаде, была короткая шея, барсук даже не имел своей норы, суслики, проникшиеся ко всему безразличием, свистели чрезвычайно редко и как-то неохотно» [3], — деп сипаттайды. Шеткей аймақта орналасқан зообақта кейбір басты аңдар жетіспеген болатын. Солардың ішінде – піл де болатын. Сондықтан ұлттық мереке қарсаңында баққа пілдің жеткізілетіні хабарланады. Жаңалықты естіген зообақ қызметкерлерінің қуанышын директордың шешімі су сепкендей басады. Варшаваға хат жазған ол: «Стремясь снизить себестоимость, я предлагаю заменить вышеупомянутого слона слоном собственного производства. Мы можем сделать слона в натуральную величину из резины, наполнить его воздухом и поставить в вольер… Сэкономленные деньги можно использовать на строительство самолета или на охрану памятников старины. Прошу обратить внимание, что, как идея, так и разработка проекта являются моим скромным вкладом в общее дело» [3], — деп, тірі пілді жасанды пілге алмастырып, солайша мемлекеттің ақшасын үнемдеп, оны халық игілігіне жұмсау қажеттілігін айтып, жалған жанашырлық танытады. Хат та пайдақұмар шенеулікке жетіп, бұл ұсынысты қабылдайды. Мұны естіген басшы қызметкерлеріне үлкен резеңкеден пілдің бейнесін жасап, оны ауамен толтыруға бұйрық береді. Сыйақыны қалаған ол мәселе тез әрі құпия түрде сақталуы үшін қызметкерлерге оны түнде жасатады. Автор тіпті бұл жұмысты кімге жүктегенін айту арқылы директордың сұмпайы қылығын көрсетеді: «Это были пожилые люди, не привыкшие к такой работе» [3]. Түннің бір уағына дейін резеңке пілге ауа үрлеген қызметкерлер: «Если и дальше так пойдет, мы закончим только к шести утра,сказал один из них/Что я скажу жене, когда вернусь домой? Она же мне не поверит, что я целую ночь надувал слона/Конечно,-согласился другой.-Ведь слонов надувают очень редко. А все из-за того, что у нашего директора перегибы» [3],-деген диалогтарынан қарапайым отбасылы адамның жұбайына мұны қалай түсіндіретінін ойлантса, екінші қызметкердің сөзінен амалсыз бастығының тапсырмасын орындағанын көреміз. Әбден шаршаған қызметкерлер ақыр аяғында пілді газбен толтырып қояды. Таңертең жалған пілді зообақтың ортасындағы маймылдарға таяу орналастырады да жанына «Ебедейсіз, мүлде жүрмейтін» деген тақтайшаны іліп қояды. Зообақтағы пілді көру үшін ең алғашқылар боп мектеп оқушылары келеді. Ұстаздары піл туралы ақпарат бере отырып«…Вес взрослого слона колеблется от четырех до шести тонн»,-деген кезінде самал жел баяу соққанда, әлгі піл аспанға ұшады. Көп ұзамай кактуска түсіп, ол жарылады. Сол күннен бастап, оқушылар да нашар оқып, бұзақылық жасай бастайды. Бұл орайда, С.Мрожек мансапқор зообақ директорының кесірі оқушылардың психикасына әсер етіп, ұстаздарына деген сенімін жоғалтқызғанын көрсете білген.
«Масалардың адамға көзқарасы» («Latać do ludzie») әңгімесінде: «лучше: умереть вместе с Величием Несбывшегося, которое все же было так близко, или малодушно все забыть и сдаться в плен наушникам и калошам» [3], — делініп, арын таптатып, өз нәпсісінің құлына айналғанша, ар-ожданын биік ұстап, ерлікпен өлген артық деген идеяны алға тартады. Сол сияқты автор масаны сөйлету арқылы оның адамға деген көзқарасын білеміз. Адамның денесі мен жеген асына қонған масаны ұнатпай, әрдайым қууы, күз түскен соң, терезе саңылауларын бекітіп, ақыры масаларды өлімге қия салатындарын айтады. Алайда, «қанатты құрт» бола тұра, оның өлімі жәй өлім емес: «Мне светит последний закат солнца. Тебе — лампочка в шестьдесят ватт»[3],- деп жаздың соңғы шуағына бөленіп өлетін ерлік өлімге балайды. «Экономия» («Oszczędności») әңгімесінде мекеме директорының жоғарыдан түскен үнемдеу өкіміне сәйкес, өз ұжымындағы курьерді қысқартып, оның орнына: «Срочно требуется курьер. Требование: одна нога и знание родного разговорного языка»[3],-делініп мүгедек қызметкет алу үшін хабарландыру жарияланады. Ақыры жалғыз аяғының өзі қысқа мүгедек табылып, жұмысқа алынады. Дегенмен, ендігі жерде «жалғыз аяқты мүгедекті» курьерлік жұмыспен жұмсауға аяған қызметкерлер мекемеден өздері шығып жүретін болды. Бұл оларға қызметпен қоса, бір шөлмек сыра ішуге де мүмкіншілік береді делінеді. Осылайша, автор адам бойындағы көзбояушылық, сараңдық пен өзімшілдік қасиеттерді ирониялық тұрғыда батыл сынайды. Жасанды батырсыну мәселесі автордың «Қаһарман» («Bohater») әңгімесінде көтеріледі. Яғни, «Я еще немного подождал, пока соберется побольше, подошел к воде и, ободряемый криками восторга, начал медленно стаскивать левый ботинок. Публика зааплодировала»[3],өзенге құлаған барлаушыны бірден құтқармай, ерлігіне куә болар көпшілік қауымды күткен кейіпкердің жасанды ерлігі әшкереленеді.
Жалпы Мрожек әңгімелерінде өз заманының шындығы айқындалады. Абсурдық, гротескілік жағдайларды саралай келе, автор кейіпкерінің сол қоғамдық формацияда өзін-өзі ұстай алуын, түрлі ситуативті мәселелерді қабылдап, оның шешімін таба алу қабілеттілігін көрсете білген. Оның ойынша, өмірді бір жақты қарап, оның мәні туралы айту мүмкін емес. Кез келген құбылысты айқындауда кем дегенде екі жақты көзқарас бар және оның ешқайсысы да дұрыс болмай шығады. Мрожек қаһармандарының әлемді қайшылық ретінде қабылдауы бұл – беймәлім эстетикалық таным ғана емес, ол сол қаһармандарды жасаушының танымы.Қаламгер әңгімелерінің мәні «жақсылық» пен «жамандық», «иә» мен «жоқ», «жақсы» мен «нашар» сияқты қасиеттер шеңберіне саяды.
Бұл орайда Славомир Мрожектің өзі де: «Я мечтаю о каком-нибудь новом законе природы, согласно которому каждый имел бы суточную норму слов. Столько-то слов в день, и как только выговорит их или напишет, становится неграмотным и немым до следущего утра. Уже к полудню царила бы полная тишина, и лишь изредка нарушалась бы она скупыми фразами тех, которые способны думать, что говорят, либо берегут слова по какимнибудь иным причинам. Поскольку произносились бы они в тишине, то и были бы наконец услышаны»[4].
Пайдаланылған әдебиеттер: 1 Хорев В.А. Польская литература ХХ века: 1890–1990. Изд. 2-е. – М.: «Индрик», 2016. – 352 с. 2 Мрожек С. Хочу быть лошадью (Сатирические рассказы и пьесы). – Москва: Молодая гвардия, 1990. – 310 с.
3 Мрожек С. Тестариум: Избранные пьесы и проза. – М.: Арт-Флекс; Вахазар, 2001. – 832 с. 4 Мрожек С. Валтасар. Автобиография. – Москва, 2008. – 232 с.
В статье рассматриваются сатирические рассказы, включенные в сборники «Хочу быть лошадью» и «Тестариум» известного польского драматурга, писателя С. Мрожека. Дана оценка мастерству автора, способного объединить общественно-социальные, политические, духовные, познавательные и другие вопросы в своих произведениях с содержательной и идейно-тематической позиции. Кроме того, проанализирована позиция писателя в раскрытии события и развертывании сюжета, т.е. раскрыта его своеобразная особенность в создании гротескного образа и оценена с позиции гуманизма бытие и действия героя.
The article deals with satirical stories included in the collections «I want to be a horse» and «Testarium» of a famous Polish playwright, writer S. Mrozek. An assessment is given to the skill of the author, who is able to combine social, social, political, spiritual, cognitive and other issues in his works with a substantive and ideological and thematic position. In addition, the position of the writer in the disclosure of the event and the deployment of the plot, i.е. Its peculiar peculiarity in creating a grotesque image is revealed and the being and actions of the hero are evaluated from the position of humanism.