Ж. Балтабаева
Абай атындағы ҚазҰПУ Алматы, Қазақстан
ПРОФЕССОР З.Қ. АХМЕТЖАНОВАНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ
ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Зәуреш Қанашқызы Ахметжанованың лингвомәдениеттану, лингвоаксиологияның мәселелеріне қатысты еңбектерінің бірі — ( З.Ш.Ерназаровамен авторлық бірлестіктегі) «Казахская лингвокультура: язык, человек, этнос» атты монографиясы. Монографияда алдымен лингвомәдениеттанудың әдіснамалық, ғылыми-теориялық мәселелеріне көңіл бөлінген.
Кілт сөздер: лингвомәдениеттану, зерттеу ұстанымы, паремиологиялық жүйе
Белгілі ғалым Зәуреш Қанашқызы Ахметжанованың лингвомәдениеттану, лингвоаксиологияның мәселелеріне қатысты еңбектерінің бірі — (Ш. Ерназаровамен авторлық бірлестіктегі) «Казахская лингвокультура: язык, человек, этнос» атты монографиясы. Монографияда алдымен лингвомәдениеттанудың әдіснамалық, ғылыми-теориялық мәселелеріне көңіл бөлінген. Атап айтқанда, лингвомәдениеттанымдық зерттеулер үшін үлкен мәні бар — өзге мәдениетті зерттеу ұстанымы, мәдениетті сырттан зерттеу ұстанымы, дисперстік ұсынылым қағидасы секілді ұстанымдар көрсетілген.
Мәдени құндылықтар философия, дін, өнер, адамгершілік нормаларында анық көрініс табады.
Сондықтан авторлар философия, дін, өнер, этикаға қатысты еңбектерді талдау қажеттігін ескертеді. Өйткені Абайдың шығармаларын, әсіресе «Қара сөздерін» немесе Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын, паремиологиялық жүйені, халықтың салт-дәстүрлерін, ән, күйлерін білмей, қазақтың мәдени құндылықтарын жасау мүмкін еместігін айтады. Ал мәдени құндылықтарды білу және түсіну нақты мәдени фактілерді, этнос мәдениетінің дамуы мен диалектикалық өзгерістерін ұғынудың кілті деуге болады дей келіп, бесік концептісіне қатысты нақты фактілерге талдау жасалған. Мысалы, өмірге келген сәбиді бесікке салу, бесікке салу тойының ерекшеліктерін, тойда кішкентай сәбиге арнап айтылатын үлкен боп өссін, ауырмай-сырқамай өссін, тез ширасын, т.б. секілді тілектерді келтірген. Одан әрі авторлар бесік сөзіне қатысты нақты мысалдарды, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді талдай келіп, осы сөзге қатысты мынадай тұжырым жасаған: «Анализ приведенных данных, а также большого количества фразеологизмов и паремий с компонентом бесік позволяют вывести ценностную концепцию: бесік в мировопосприятии казахов – это потомки, и патомство у казахов – это след, остающийся на земле, это то, что обеспечивает бессмертие казахского народа. В свою очередь, если хочешь, чтобы твои потомки прославили твое имя, особо обрати внимание на воспитание детей. Отсюда фразеологизм бесігіңді түзе — обрати внимание на воспитание подрастающего поколения»[1, 12]. Бұл фразеологизмнің әсіресе қайта құру кезеңінде өзекті болғанын және оған қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ақын, жазушылар, журналистер, сондай-ақ қазақ тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдары жастар тәрбиесіне қатысты назар аударғаны да айтылған.
М. Абдрахманованың пайымдауынша, мәдениетаралық байланыста өзінің ұлттық ерекшеліктерін, ділін, өзге мәдениет өкілдеріне таныстыру және сол арқылы өзі де ерекшелігін сезініп, тереңірек ұғынып, өзіндік баға беру қазақ халқының тарихында ерте кезден басталған, маңызды концептілер ұлттың тілімен, мәдениетімен бірге игерілгендіктен, олардың бірқатары бірден «білініп тұрады». Ал кейбірі талдау негізінде анықталады»[2, 29]. Мұндай «бірден білініп тұратын» концептілерге аталмыш монографияда талданған бесік концептісінің де қазақ халқының ұлттық ерекшелігін көрсететін мағыналары баршылық. Осы ретте монографияда бесік концептісіне байланысты бесігі төрге шықпаған деген фразеологизмнің талдануы да сәтті шыққан. Мұнда алдымен төр сөзіне: «Дело в том, что в казахской культуре в замкнутом пространстве жилище выделяют несколько секторов, различающихся по своей культурной значимости. Среди них самым почетным местом в доме, расположенным напротив входа, является төр» [1, 13],- деген түсініктеме беріледі де, бесік сөзінің бұл фразеологизмде ұрпақ мағынасында қолданылғаны айтылып, бұл тіркестің мағынасы былайша тұжырымдалады: «…можно вывести значение фразеологизма бесігі төрге шықпаған – семья либо род, чьи потомки никогда не удостаивались права занимать төр, иначе не удостаивались права занимать төр, иначе говоря, ничем не прославившиеся, ничего в жизни не добившиеся» [1, 14].
Тілдің табиғатын шынайы тануды адам және тіл тұрғысынан алғанда тілдік бірліктер яғни лексика-фразеологиялық жүйе ақиқат өмірді, ойлау мен тануды, тілді ұштастыратын категория ретінде танылып, концептілік ұғымға айналатындығы ғылымда белгілі жайт. Тұрақты сөз оралымдары – өз табиғатында лексикалық қорды байытатын, суретті сөз тіркестері мен ойды әсерлі жеткізу амалдарын жүзеге асыратын, көркемдік құрал. Сондықтан да тұрақты тіркестерде астарлы ой, концептілік тірек, ұғым (мәдени концепт категориялары), таным үлгілері басым. Яғни тілдің кез келген бірлігі мәдени концепт болып табылады [3, 33].
Олай болса, бесік концептісі қазақ халқының сан ғасырлық өмір тәжірибесінің сүзгісінен өтіп, үлкен дәрежедегі концептіге ие болған, сондықтан оның концептілік құндылығы: — «смысл жизни, счастье, радость, священный предмет, это будущее народа, это твой след в жизни» [1, 14].
Қарастырылып отырған монографияда лингвомәдениеттануға қатысты зерттеулердің негізгі түсініктері ретінде бірнеше концепциялары көрсетілген. Алдымен тіл → мәдениет бағыты тілдік, коммуникативтік және тәжірибелік мәліметтерді талдау арқылы дәстүрлі халықтық мәдениетті жаңғырту зерттеу нәтижелерінің ақиқаттығын, сенімділігін қамтамасыз ететіндігі айтылған. Одан әрі лингвомәдени бірліктер материалдық, құндылықтық, коммуникативті және әдет-ғұрып,салт-жоралар деп төрт топқа бөлініп, мәдениеттің түрлері мен әр лингвомәдени бірліктің типтеріне сай зерттеу жағдайы, ғылыми-түсінік аппараты, талдаудың әді-тәсілдері анықталған. Сондай-ақ лингвомәдениеттануға, коммуникативтік, когнитивистикаға қатысты макробелгі, қайтадан фреймдеу (рефреймирование), күрделі коммуникатитивті акт т.б. терминдер көрсетілген.
Ғылыми зерттеулерде лингвомәдени бірліктерге қатысты классификациялардың көптігіне қарамастан, монографияда мынадай топтама ұсынылған:
а) лингвомәдени бірліктердің мазмұнындағы айырмашылықтар;
б) тіл-сөзге қатыстылық.
Осы топтаумен байланысты лингвомәдени бірліктер төрт топқа бөлініп қарастырылған:
1. Халықтың материалдық мәдениетін көрсететін лингвомәдени бірліктер;
2.Халықтың рухани құндылығын көрсететін аксиологиялық лингвомәдени бірліктер;
3. Халықтың коммуникативтік мәдениетін көрсететін сөйлеу мәнеріне, жүйесіне қатысты лингвомәдени бірліктер;
4. Әдет- ғұрып, дәстүрді көрсететін лингвомәдени бірліктер.
Монографияда халықтың материалдық мәдениетін көрсететін лингвобірліктерді сипаттауда тілдік бірліктердің мазмұндық құрылысында ұлттық-мәдени компонент түрлі жағдайда кездесетіндігі айтылған. Оған мысал ретінде қазақтың қымыз деген сөзі мен түріктің пахлавасы ұлттық-мәдени компонент ретінде мынадай ұғымдарды беретіндігі айтылған: қымыз – бие сүтінен жасалған сусын, ал пахлава – бал қосылып ұннан жасалған тәтті тағам.
Қазақтардың материалдық мәдениетінің компоненттері арасында мынадай үш компоненттің ерекше орын алатындығы атап көрсетілген:
« 1) группа домашних животных, именуемых төрт түлік мал, поскольку они являются базовым компонентом, составляющим основу кочевого скотоводства казахов, именно они определили специфику миропонимания казахов;
2) жилье – киіз үй – войлочная юрта, в строении и структурных частях которой отразилась космоцентрическая философия казахов;
3) социальный институт родственных связей казахов, сформировавший казахов в единый народ и прививший ему навыки взаимовыручки и взаимопомощи» [1, 31].
Жануарлардың атауларында ұлттық-мәдени компонент екі түрлі көрініс беретіндігі мысалдармен дәлелденген. Бір жағынан, түрлі факторларға байланысты кейбір жануарлардың бірнеше атаулары болатындығына назар аударылған. Оған жылқыға қатысты атауларды келтірген: байтал – это двух-четырехлетняя, еще не жеребившаяся кобыла, жабағы – жеребенок в возрасте от 6 меяцев до 1 года, құнан – жеребенок-трехлетка, дөнен – самец по четвертому году (от 3 до 4-х лет, о крупном жеребец), дөнежін – самка –трехлетка (корова, кобыла)» [1, 32]. Екінші жағынан, әр ұлттың мәдениетінде зоонимдер өзіне тән ассоциациялармен сипатталатындығы да айтылған. Мұндай ассоциация адамды жануардың сыртқы формасына қарай ұқсатуына негізделген болуы мүмкін,- дей келіп, оған мынадай мысал келтірген: ботакөз – букв. огромные карие глаза, опущенные длинными ресницами, немесе жануардың жүріс-тұрысы мен адамның көңіл күйінің ұқсастығынан – жүрегі аттай тулады – букв. сердце трепещет как необузданный конь». Сондай-ақ монографияда жылқы малына қатысты тұрақты тіркес (ат құлағында ойнау), ат спорттық ойындарына қатысты атаулар да көрсетілген: бәйге, көкпар тарту, қыз қуу, аударыспақ. Бұл ойындар қазір республикалық тіптен халықаралық деңгейде ұйымдастырылатындығы да айтылған.
Сонымен қатар қазіргі кезде көп көңіл бөлінбейтін теңге ілу, садақпен жамбы ату, найзаласу, қылқұйрық шығару, ат сүйек беру секілді ат спорттық ойындарына да түсінік берілген. Одан әрі еңбекте қазақ халқы жылқы малының құндылығын сипаттауы келтірілген: «..мінсе – қанат, шөлдесе – сусын, жесе –тамақ, көшсе – көлік» [1, 35].
Жылқы малына қатысты жоралғылар да еңбекте көрініс тапқан. Мысалы, «Ашамайға мінгізу». Оған мынадай сипаттама берілген: «4-5 летнего мальчика приучают езде на лошади. На лошадь двухлетку (тай) надевают детское седло (ашамай), одежду мальчика украшают пучком филина (от сглаза). Известные в окрестности участники скачек, джигиты усаживают мальчика в седло, он просит аксакалов аула благословить его…После благолсовения один из взрослых проводит коня с мальчиком в седле по своему аулу, каждый из аульчан приветствует ребенка, дарит подарки. Вечером родителей мальчика накрывают шедрый дастархан для всех аульчан[1, 36]. Осындай халық санасының ділдік белгілері, ұғым-түсініктерінің нақты мысалдармен берілуі талданып отырған еңбектің құндылығын арттыра түседі.
Сондай-ақ қазақ халқында жеті қазынаның бірі ретінде жылқы жайында мақал-мәтелдер де жиі кездесетіндігі айтылған: Жылқы малы — ел қазынасы, аяқты қазына. Жылқы – малдың патшасы. Адам — жылқы мінезді т.б.
Мал шаруашылығымен айналысып, малын өзінің бірінші байлығы санаған қазақ үшін бақыт та, бақ та осы малы болған. Оны «Қазақтың бағы қойдың қара тұяғынан» деген мақалдан анық байқауға болады. Қазақ халқы әр малды ерекшелігіне қарай бағалай білген. Оған авторлар көрсетіп отырған мақалды келтіруге болады. «Қой – байлық, жылқы – сәндік (Овца – для богатство и достатка, конь – для статуса и красоты, для душа).
Ал қой малына қатысты түсініктер қазақ ұғымында ассоциация да туғызатындығы мынадай мысалдар арқылы дәйектелген: қой аузынан шөп алмайтын – спокойный, благожелательный, безобидный; қойдан қоңыр, жылқыдан торы – безобидный, тихий, спокойный(у человека); қойкөз – красивые карие глаза (у человека) , қой мінезді – спокойный, тихий характер (у человека), қой тісті – мелкие, ровные зубы (у человека), қой үстіне боз торғай жұмыртқалады — мирное, безмятежное время, когда благополучие и спокойствие царят на земле.
Сонымен бірге қойдың мүшелері кеңістік, ұзындық, көлем, уақыт мағынасын да беретіндігі, соған сай тіліміздегі сөздер, сөз тіркестері беріліп, солардың мәні ашылған. Мысалы, қой асығындай –величиной с альчик (коленная косточка овцы); кәрі қойдың жасындай жасы қалды – состарился (о чловека), қой бас жамбы – слиток серебра, по форме и величине напоминающий голову барана (использовалься в качестве денег либо ценного подарка), қойға келген ешкідей – пугаться, шарахаться, словно коза, впервые попавшая в стадо овец),т.б. [1, 38].
Осылайша монографияда қазақтың төрт түлік малына қатысты ұғымдар, жоралғылардың құндылықтық мәні болғаны жүйелі түрде сипатталған. Мұндай талдаулар магистранттар мен докторанттар үшін де, жалпы тіл мәселесіне қызығушылық танытатын мамандар үшін де пайдалы болмақ. Қазақ халқының өмірінде туыстық қарым-қатынас үлкен рөл атқарады. Өйткен ол қазақ халқының этнос ретіндегі ұлттық ерекшелігі болып табылады, сондықтан монографияда бұл мәселеге де назар аударылған. Авторлар бұны былайша пайымдайды: «Одним из факторов, играющих огромную роль в единении казахского этноса, является социальный институт родственных связей, представляющий собой сложную структуру, включающую ряд понятий, каждое из которых обозначают либо сущность, либо отношения между сущностями. Базовыми терминами, без которых понимание специфики института родственных связей казахского этноса весьма проблематично, следующие: жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт, өз жұрт, ағайын, жеті ата[1, 38]. Ғалымдардың пікірінше, қазақ мәдениетіндегі туыстық қарым-қатынас жүйесі этнобиологиялық және этномәдени тұтастықты сақтап келген. Сондай-ақ қарым-қатынаста адамның атқаратын әлеуметтік рөлі көп болса, ол өмірде өзін сенімдірек сезінеді. Бұл жайт былайша түсіндірілген: «Так, женщина – казашка в возрасте 65 лет является қыз (дочерью – есть мать в возрасте 85 лет), әйел, ана, әже, құдағи, нағашы апа, жиен апа, әпке, нағашы жеңге, қарындас, қайын ене, абысын, жеңге, құдағидың құдағиы, қайын ана и др. Каждая из отмеченных ролей накладывает определенные объязательства, но в то же время и наделяет человека определенными правами»[1, 49]. Осы әйел адамға қатысты атаулардың әрқайсысының аталу себептерін білу бір жағынан, осы атаулардың қазақ өміріндегі ерекшеліктерін ажырата білуге үйретсе, екінші жағынан, жастар үшін үлкен тәрбиелік те мәні бар. Мұның барлығы қазіргі жастардың қазақ халқына тән туыстық қарым-қатынас жүйесіндегі құндылықтарды бағалай білулеріне ықпал етеді.
Монографияда қазақтардың туыстық байланысының әлеуметтік институты негізінде төмендегідей ұстанымдар анықталған:
1. Иерархиялық ұстанымы. Бұл ұстанымға мынадай сипаттама берілген: «Принцип иерархичности социальных связей, т.е. в рамках каждого вида родственных связей (жұрт) существует иерархия, основанная на признании особой значимости социального статуса человека в системе родственных связей, помноженной на возраст человека»[1, 49].
2. Дала демократиясы ұстанымы. Бұл ұстаным бойынша туыстық қатынастың әлеуметтік институтының ержеткен мүшелері үлкендерге өзінің өтінішін, ұсынысын білдіре алады.
3. Өзара көмек көрсету және қолдау жасау ұстанымы. Бұл ұстаным бойынша туыстар бір-біріне қолдау жасап, көмек көрсетулері тиіс.
Сонымен қатар монографияда туыс адамдардың әлеуметтік институтының бірнеше қызметтері де көрсетілген:
1. Туыс адамдар арасында қиналған, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету қызметі. Туыс адамдардың отбасындағы қиын жағдайларда көмек көрсетуге байланысты жылу сұрау, жылулық, немеурін, қызыл көтеру, асар секілді дәстүрлер болатындығы жайында мәліметтер берілген.
2. Туыстық қарым-қатынастың әлеуметтік институтының келесі қызметі — реттеушілік. Бұл қызметтің де өзіндік ерекшеліктері көрсетілген: « …проявляется в том, что во время различного рода обрядов, ритуалов каждому человеку, независимо от места, занимаемого в иерархии родственых отношений, предоставляется право выразить свое пожелание, поздравление, утешение, соболезновние. …Регулятивная функция осуществляется через контроль старших по статусу и возрасту родственников, которые корректируют, комментируют, интерпретируют речевые высказывания других родственников»[1, 57].
Туыстық қарым-қатынастың әлеуметтік институтының келесі қызметі — моральдық-этикалық тәрбие және түзету деп аталған. Бұл қызмет үлкендермен қарым-қатынас, бала тәрбиесі, материалдық молшылық, ауқаттылық, ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністік, салт-дәстүр, жоралғыларды сақтау секілді мәселелерді қамтиды.
Монографияның екінші бөлімінде аксиологиялық лингвомәдени бірліктер жайында сөз болған. Мәдениетаралық концептуалды ерекшеліктерді көрсететін лингвомәдени бірліктер талданған. Алдымен мәдени концептінің әлемнің тілдік бейнесінің негізгі бөлігі ретіндегі басты белгілері сипатталған:
«-наличие имен концептов; неравномерная концептуализация разных фрагментов действительности в зависимости от их
значимости для конкретного этноса;
— специфическая комбинаторика ассоциативных признаков этих концептов;
— специфическая квалификация определенных предметных областей;
— специфическая ориентация этих областей на ту или иную сферу общения »[1, 85].
Осылайша мәдени концептінің негізгі белгілерін бере отырып, авторлар монографияда намыс, қанағат, дастарқан, қонақжайлылық, домбыра, ұрпақ, толеранттылық концептілерін жан-жақты талдаған. Адамның мәдени тәжірибесі қаншалықты аз болса, оның тілі, сөздік қорының концептілік өрісі соншалықты жұтаң болатындығы белгілі. Сондықтан бұл монографиядағы талданған концептілердің мән-мағынасы білім алушылар үшін өте пайдалы. Өйткені концептілік талдау сөз мағынасын түсінуді жеңілдетіп, ойлауды жалғастыруға, қиялдауға және сөздің танымдық аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондықтан концепт жасауда халық ауыз әдебиетінің түрлі салалары (мақал-мәтелдер, фразеологизмдер, шешендік сөздер, жұмбақтар, т.б.) бойынша және көркем шығармалар тілінен материалдарды пайдаланудың мәні үлкен. Kонцептілік ұғымға ие бoлу үшін белгілі бір ұлттың қoлданысындағы сөздер сoл ұлттың ғасырлар бoйғы мәдениетімен, дәстүрімен, дінімен, тілімен тығыз байланыста қолданылып, белгілі бір ұлттық-мәдени дәрежеге жетуі керек. Ұлт мәдениеті, діні, салт-дәстүрі және тілімен біте қайнасып, ұлттың болмысын бойына сіңірген танымдық түсінік беретін сөздер тілімізде өте көп. Осы ретте монографияда талданған концептілердің әрқайсысы да ұлттық ерекшелікті көрсететін лингвомәдени бірліктер деп ессептейміз.
Академик Ә. Қайдардың үш томдық этнолингвистикалық сөздігінің бірінші томы адамға арналған. Соған сай монографияда да коцептосфераны сипаттау «Адам» концептісінен басталған. Авторлар концептілік талдаудың ерекшелігін былайша тұжырымдаған: «Анализу подвергается бытовое языковое сознание, именно на этом уровне мы выявляем концепты и их ассоциативные поля путем проведения свободного ассоциативного эксперимента и анализа словарных статей концептонимов» [1, 111],- дей келіп, 15 томдық сөздіктегі «Адам» сөзінің бірінші философиялық мағынасынан басқаларын талдаған. Мысалы, «адам» сөзінің екінші «адамзат өкілі, кісі» деген мағынасын бірнеше иллюстрациялық материалдарды келтіре отырып дәлелдеген. Осы мағынаға қатысты Паустовскийдің «Ана тілін ұмытқан адам Отанға қауіпті. Өз жерінде ана тілін білмеу, біле тұра сөйлемеу – барып тұрған мәңгүрттік, рухсыздық»,- деген сөзінен бастап, төрт иллюстрациялық материал берілген. Осылайша «адам» сөзінің сөздіктегі мағыналары иллюстрациялық материалдар арқылы сипатталған.
Сонымен қатар лексемалардың толық семантикасын беруде сөздіктегі мағыналарға қоса сөзжасамдық және фразеологиялық материалдар да қамтылған. Мысалы, адам сөзінің мағынасын толықтыратын адам болды, адам бұйрықтан қалмайды (кетпейді), адам етті, адамға санамады, адам қатарына қосты, адам құрлы көрмеді, адам санады, жай адам, орташа адам, адамнан асқан, әулие адам, жақсы адам, жаман адам секілді фразеологиялық тіркестер де иллюстрациялық материалдармен дәйектелген. Фразеологиялық тіркестер мен паремияларда адам концептісінің мағынасы не жағымды, не жағымсыз бағаланады. Сондай бағалауда жақсылық-жамандық концептісінің адамға қатысы бар екендігі нақты мысалдармен көрсетілген: Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп өтеді, Екі жақсы дос болса, бірін-бірі қия алмас, екі жаман дос болса, бір шаһарға сия алмас. Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа т.б. Осындай адам мінез-құлқының жағымды, жағымсыз жақтарын сипаттайтын тіліміздегі лексикалық бірліктерді білу және олардың мағыналарын түсініп, талдай білу жеке тұлғаны тәрбиелеуде мәні үлкен екені даусыз.
Олай болса, ғылыми зерттеулердегі: «Қазақ тілінің лексикасы – қат-қабат сарқылмас мол қазына. Сөз тіркестері мен фразеологизмдерде, тіл шеберлерінің дайын үлгілері — мақал-мәтелдерде халқымыздың басып өткен бүкіл ұзақ өмірінің өрнегі жатыр» [4, 61],- деген пікірге сүйене отырып, лексикалық бірліктердің әлемнің ұлттық тілдік бейнесін бере алатындығын анық байқауға болады.
Ә.Қайдар еңбегінде келтірілген толық адам тіркесінің мәнін ашатын ақыл, жүрек, қайрат компоненттерін д авторлардың нақты иллюстрациялық материалдармен дәлелдеулері сәтті шыққан.
Сонымен монографияда бір ғана адам концептісіне қатысты оның концепт ретіндегі мәнмағынасын ашатын иллюстрациялық мысалдар, тұрақты тіркестер орынды беріліп, адам концептісінің мазмұндық құрылымы ашылған. Сөйтіп, адам лексемасы концепт ретінде дәлелденген.
Сол сияқты монографияда намыс, қанағат, дастарқан, қонақжайлылық, домбыра, ұрпақ, толеранттылық концептілерінің де концептілік өрістеріндегі басты когнитивті мағына беруші ерекшеліктері айқындалған.
Ғылыми зерттеулерде «концепт» термині сияқты «концептілік талдау» (концептуальный анализ) терминіне де лингвистикалық талдауды кең мағынасында күнделікті өмірде мағыналары анықталатын тірек сөзді қатардың талдануы деп түсініледі. Осы ретте семантикалық талдау мен концептілік талдаудың айырмашылықтарын ескеру қажет. «Семантикалық талдау – сөздің семантикалық құрылымының айқындалуы, оның денотатты, сигнификатты және коннотатты айырмашылықтарын анықтауды жүзеге асыру; концептілік талдау – бір ғана таңбаның аясына жинақталатын жалпы концептілерді тауып, когнитивті құрылымдағы сол таңбаның болмыс-бітімін анықтау» [5, 87].
Олай болса, семантикалық талдаудың мақсаты сөздердің мағынасын түсіндіру болса, концептілік талдаудың мақсаты – ғаламның тілдік бейнесі туралы білім қалыптастыру. Оның үстіне, сөз мағынасы, фразеологиялық тіркестер, сөйлемдер, мәтіндер қандай да болмасын талданатын концепт туралы мол мәліметтің көзі болып табылады. Соған сай монографияда аталған концептілерге қатысты ұлттық ерекшеліктерді көрсететін материалдар кеңінен қамтылған.
Монографияда сонымен қатар қазақ лингвомәдениетануындағы түс атауларына қатысты лингвомәдени бірліктерге де назар аударылған. Мысалы, анимистикалық мәдени код табиғат құбылыстарына немес (аспан, тау, от) секілді табиғи нысандарға байланысты болады. Мұнда табиғат құбылыстары мен түстердің байланысы ескеріледі. мысалы, ақ боран (длительный, снежный буран), ақ нөсер (сплошной длительный ливень), ақ нұр (ослепительный цвет) и др., о широте, просторе: сары арқа, сары дала, сары жайлау[1, 226].
Сондай-ақ авторлар «ақ» түс лексемасын фразеологизмдер арқылы талдаған. Алдымен 15 томдық түсіндірме сөздіктегі ақ түсіне қатысты мағыналар көрсетілген: « 1. Цвет снега и молока, 2.
перен. честный, невинный) және басқа осы түске қатысты мағыналарды келтірген: Это: а) седина(седые либо с проседью усы, волосы, борода); б) белки глаз;
в) бельмо (на глазу)
г) молочные продукты(айран, молоко, кумыс, шубат и др.)
д) белые (военные выступавшие на стороне царского правительства)[1, 227]. Одан әрі ақ түсіне
қатысты тұрақты тіркестер талданған: ақ боз ат шалу, ақ байлау, ақ қойдың қаны мен ақ батаның заңын бұзбау, ақ құю, ақ алып шығу, ақ босаға, ақ домбыра, ақ неке т.б.
Сонымен қатар ақ лексемасының «мейірімді, адал, ақкөңілділік» секілді мағыналарды білдіретін – ақ мұрат, ақ махаббат, ақ етек, ақ жан, ақ бата, ақ жолға салды, ақ адал, көңілі ақ, ақ дастарқан, ақ жүзді, ақ келбет т.б. тұрақты тіркестер де берілген. Сөйтіп, монографияда ақ лексемасына қатысты мынадай тұжырымдама жасалған: «…анализ цветоидиомы ақ эксплицирует наличие как универсальных образных ассоциаций, связанных с восприятием белого цвета, так и национально-культурных образных ассоциаций, отражающих самобытность материальных лингвокультурем, что, в свою очередь, явилось результатом действия ряда факторов, охарактеризованных в начале» [1, 233].
Осылайша аталған монографияда профессор З.Қ.Ахметжанова қазақ мәдениеттануындағы тіладам-этносқа қатысты лингвомәдени бірліктерді, қазақ ұлтына тән этникалық ерекшеліктерді кеңінен нақты тілдік иллюстрациялық материалдар арқылы жан-жақты талдау жасаған. Сондай-ақ осы еңбекте лингвомәдениеттану, лингвоаксиология мәселелеріне қатысты жасалған тұжырымдар мен айтылған пікірлер болашақ зерттеулерге ықпал етеді, бастама болады деп есептейміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ахметжанова З.К., Ерназарова З.Ш. Казахская лингвокультура: язык, человек, этнос:
монография.-Алматы: «Елтаным», 2016.288 с.
2. Абдрахманова М. Б. «Көз» концепті: лингвомәдени және танымдық парадигмасы. Ф.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайын. диссертацияның авторефераты, – А., 2008. 25 б.
3. Күштаева М.Т. «Тары» концептісінің семантикалық құрылымы мен лингвомәдени мазмұны. Ф.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайын. диссертация, – А., 2002. 192 б.
4. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері. // Тілтаным.№4,2002.
5.Кубрякова Е.С.Об одном фрагменте концептуального анализа слова память // Логический анализ языка. Культурные концепты. – Москва: Наука, 1991. – 191 c.
Статья посвящена анализу монографии З.Ахметжановой и З.Ерназаровой «Казахская лингвокультура: язык, человек, этнос». Особое внимание уделяется научно – понятийному аппарату исследования.
The article is devoted to the analysis of the monograph «Kazakh linguoculture: language, human, ethnos» by Z. Akhmetzhanova and Z. Ernazarova. Particular attention is paid to the scientific — conceptual apparatus of research.