Г.Ж. Меңлібекова 1, Л. Нәби,2 М.Т. Кошанова 3
1 Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті,п.ғ.д, профессор, Қазақстан Республикасы, Астана. e-mail:gmen64@mail.ru
2 Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, п.ғ.к, профессор м.а.,
Қазақстан Республикасы, Көкшетау, e-mail:liza281073@mail.ru
3 Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, п.ғ.к, профессор м.а.,
Қазақстан Республикасы, Көкшетау, e-mail:marash.koshanova70@mail.ru
МЕКТЕПТЕРДЕ ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
Бұл мақалада автор аталған интерактивті технология ұғымына түсініктеме берумен қатар мектептерде интерактивті технологияны қолдану жолдарын және тиімділігін сипаттайды. Бүгінгі таңда жаңа педагогикалық технологияда интерактивті технологияның бірнеше моделдері туралы айтылады. Интерактивті технологиясының негізгі қағидаларымен мақсаттары туралы айтылып, сол қағидаларды қалай қолдануға болатын мүмкіндіктері қарастырылған. Мектептерде интерактивті технологияларды қолданудың оқушылардың ақпараттық білімділігі мен қабілеттілігін жетілдіруде, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуына байланысты көкейкесті мәселелері қарастырылған.
Бүгінгі таңда ақпараттандырылған заманда оқу үдерісінде интерактивті технологияларды пайдалану түрлі мәселелер тудырумен қатар білім алушылардың таным сапасын жетілдіруге, оқу материалдарын меңгеру сапасын арттыруға және қолдануға тиімді екенін дәлелдеп көрсеткен.
Кілтті сөздер: жаңа педагогикалық технология, интерактивті технология, интерактивті әдіс, тұлға, білім беру жүйесі.
КІРІСПЕ
Бүгіндe eліміздің әлемнің бәсeкeгe қабiлeттi дaмыған eлу eл қaтaрынa eнудi мұрaт eтуi хaлыққa бiлiм бeру жүйeсiнe, oның iшiндe, бiлiмнiң нeгiзгi іргетасы қаланатын мектептегі оқу үрдісіне қойылар талаптарды қайта қарауды, түбегейлі жаңартуды қажет етеді. Өйткені білім беру жүйесі қоғам дамуының қай кезеңінде болса да, сол уақыттың талабына сай үздіксіз жүзеге асатыны белгілі.
Жалпы білім беретін мектептің білім мазмұнының тұжырымдамасында «оқыту мен тәрбиелеу әдістерін жетілдіру міндеті қойылсын» делінген. Осы міндеттерді жүзеге асыру арқылы жаңа педагогикалық технологияларды қолдануға болады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы жолдауындағы «Адам капиталы – модернизациялау негізі» деген жетінші бағыты еліміздің бүгінгі даму деңгейінде білім берудің жаңа сапасына назар аудару керектігін баса көрсетеді. Сонымен қатар білім беру ісінде елімізде озық білім беру жүйесін құруды жеделдету қажеттігі айтылды [1].
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Білім саласын дамыту жоспары жүргізілуде. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі білім беруді ақпараттандыру» делінген [2].
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін мектептерде оқыту-тәрбие үдерісін жаңа педагогикалық қолдану арқылы өзгерістерге үнемі бейім бола алатын, жаңа білімді меңгеруге қабілетті, функционалдық сауатты, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамыған тұлғаны қалыптасыра аламыз.
Жаңа педагогикалық технологиялар өріс алуына орай оқыту үдерісінде «интерактивті оқыту», «интерактивті оқыту әдістері» ұғымдары жиі қолданылатын болды. Бұл ұғымдардың ортақ түбірі «интер» ағылшын тілінің «бірлескен әрекет» деген сөздерінен енген. «Интерактивті оқыту» өзара әрекеттесуге негізделіп құрылған белсенді оқыту деп анықтауға болады, ал «интерактивті оқыту әдістері» ұғымының мәні оқушылардың өзара белсенді байланыста болып, мұғалімдермен бірлесіп отырып жұмыс жасауы, оқу-танымдық нәтижелерге жетуі.
Педагогикада интерактивті оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:
пассивті – оқушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру);
активті (белсенді) оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс);
интерактивті – inter (өзара), akt (әрекеттесу). Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады [3].
Интерактивті оқу/оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары [4]
Қағидала
р
Мақсаттар
Орта қалыптас тыру — Білім алушы оқып/үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасау;
— Үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарымқатынас орнату;
— Үйренушілерге білімді дайын күйде бермей, оны ізденуге бағытбағдар сілтеу.
Әрекет арқылы үйрету/үйрену — Үйренушілерге білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәлелдеу;
— Үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру.
Өмірмен байланыстыру — Үйрету/үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру.
Өзінділік пен дербестікке
баулу — Үйренушілердің дайын жауаптарын қанағат тұтпай, оларды ойтолғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуде өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру (егер студент жауап бере алмаса, дұрыс жауапты өзі бермей, оны басқа студенттердің табуына ықпал жасау);
— Үйренушілерде сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру (күмәндану, өзіндік түсінікке ұмтылу, ақпараттан әртүрлі мағынаны көре білу, дәлелдеме келтіру).
Педагогикада интерактивтілік — терминінің жиі қолданылатынына қарамастан ол теория мен практиканың жеке пәні ретінде қарастырылған емес. Әдіскер ғалымдар бұл ұғымды жан-жақты саралай келе оны жүйе ретінде төмендегідей сипаттайды:
— екі не одан да көп қатысушының біріккен әрекеттерін талдаудың бірлігі болып табылатын дидактикалық жүйе;
— ұжымдық іс-әрекет;
— әрекет нәтижесіне рөлдік жауапкершілік;
— басқа тұлғамен субъектілік байланыс;
— тұлға әрекетінің басқа мүшелердің қасиеттеріне тәуелді болуы және ықпалы; — субъектілердің өзара қарым-қатынасы [5].
Педагог ғалымдардың А.Қ. Рысбаева, Н.А. Кулмышева т.б. пікірінше, интерактивтілік бұл дидактикалық құралдардың (орта, мазмұн, оқу құралдары, іс-әрекет) әрбір субъектінің өз нәтижесі үшін рөлдік жауапкершілікте болуын қамтамасыз ететін және қарым-қатынас кезінде субъектілер арасында «полидиалог»,өзара әрекет, өзара түзетулер, қатынастар орнатуда көздейтін іс-әрекетті ұйымдастыра білу қабілеті. Сонымен бірге интерактивтілік оқытудың тәрбиелік міндеттерді шешуде рөлі ерекше мәнді [6].
Бұл технологияның өзін мұғалім түрліше (орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен) іске асыру мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге студенттің әрекеті – оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.
Интерактивті әдіс кезінде:
— сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды;
-ондай қарым-қатынас білім алушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;
— онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады [7].
Интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол — білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда балалардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады. Бұл әдісте білім алушы мыналармен қарым-қатынасқа түседі:
1) мұғаліммен (сұраққа жауап берген кезде);
2) өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеген кезде);
3) шағын топтармен ( топпен жұмыс істеген кезде);
4) белгілі бір топпен,аудиториямен (сауалнама алғанда)
5) кейбір техника түрлерімен (компьютермен интернетке шыққанда т.б.).
Интерактивті әдістің ерекшелігі – бала өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинай білуі керек. Тәжірибе интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десек те болады. Интерактивті әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:
1)олар мол мағлұмат алып, өздері айтқан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады;
2)өз пікірлерін терең ойланып айта алады;
3) мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана алады;
4)бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады; 5)шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады;
1-сурет
Интерактивтік оқытудың нақты және болжамды мақсаттары болады. Осындай мақсаттардың бірі – оқытуға жайлы, ыңғайлы жағдай құру, яғни оқушы өзінің жетістігін, интеллектуальдық дербестігін сезінетіндей жағдай, бұл оқыту үрдісінің өзін нәтижелі ете түседі.
Сабақтағы интерактивтік іс-әрекет өзара түсіністік, өзара әрекеттестік орнататын диалогтық қарым-қатынасты ұйымдастыруды және дамытуды көздейді. Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеушінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барысында оқушылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарымқатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жеке, жұптық және топтық жұмыс, зерттеу жобалары, ролдік ойындар, құжаттармен және сантүрлі ақпарат көздерімен жұмыс, шығармашылық жұмыс, суреттер т.б. жұмыстар ұйымдастырылады. Интерактивті әдіс кезінде мыналар ескерілуі керек:
— тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек;
— тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау керек; — оған өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек; — педагогикалық қолдау көрсету.
Интерактивтік әдістерді қолдану келесі жағдайларды не шарттарды құруға мүмкіндік береді:
• сан алуан шешімдерді іздеуді және талдауды талап ететін мақсаттар мен міндеттер қоюға;
• күтілген нәтижеге жету үшін саналуан тәсілдерді таңдауға;
• коммуникативтік біліктілік пен дағдыларды дамытуға; атқарылған жұмыстар туралы ойлануға;
• шапшаңдық және ептілік секілді маңызды әлеуметтік дағдыларды дамытуға;
• шешім қабылдау барысында ойлануға, мәселеге сын тұрғысынан қарауға;
• өзгелердің пікірін құрметтеуге, топта, командада тиімді жұмыс жасай білуге, жаңа жағдайларға, жаңа ұжымға, өзгермелі ортаға тез бейімделуге.
Интерактивтік оқыту бір мезетте бірнеше міндеттерді шешеді:
• коммуникативтік біліктілік пен дағдыларды дамытады, оқушылар арасында эмоционалды байланыс орнатуға көмектеседі;
• ақпараттық міндеттерді шешеді, өйткені оқушыларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді, олай болмағанда ортақ іс-әрекетті жүзеге асыру мүмкін болмас еді;
• жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларын (анализ, синтез, мақсат қою т.б.) дамытады, яғни білім беруші міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді;
• тәрбиелік міндеттерді қамтамасыз етеді, өйткені топпен, командамен жұмыс жасауға, өзгелердің пікірін тыңдауға үйретеді [7,30].
Интерактивтік оқыту тағы да бір маңызды міндетті шешеді. Сөз релаксация, жүйкеге түсетін жүктемені жою, зейін қою, іс-әрекет формасын алмастыру т.т.б. туралы болып отыр.
Сонымен, интерактивті оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген процесс.
Интерактивтік оқыту технологиялары.
1. Жұптық жұмыс.
2. Ротациялық (ауыспалы) үштік.
3. Карусель – Айналмақ 4. Шағын топтармен жұмыс.
5. Аквариум.
6. Аяқталмаған сөйлем.
7. Миға шабуыл.
8. Броундық қозғалыс.
9. Есептеу ағашы
10. Өз атынан сот.
11. Азаматтық тыңдау.
12. Ролдік (іскерлік) ойын.
13. Пресс (сығымдау) әдісі.
14. Өз қағидаңды ұстан.
15. Дискуссия.
16. Дебаттар.
Интерактивті оқыту әдістері оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенуіне негізделген. Сондықтан да олар сабақта ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта жайлы да, жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Бұл педагогикалық үрдісті демократияландыруға жол ашады. Оқыту нәтижесі оқушылардың бір-бірімен байланыс бірлігінен көрініп, оқушылар оқу нәтижесін бір-бірінің жауаптылығын сезінеді [8].
ҚОРЫТЫНДЫ
Интерактивтік оқыту қатысушылардың күтілетін проблемаларды шешуде мотивациясын арттырады, одан әрі қарайғы ізденіс белсенділігіне эмоциональды түрткі болады, оларды нақты әрекетке жетелейді. Интерактивтік оқытуда оқушылардың әрқайсысы жетістікке жететіні, топтық жұмыстың жалпы нәтижесіне өз үлестерін қосатындығы ешкімді бей-жай қалдырмайды, оқыту үрдісі мағыналы және қызықты бола түседі.
Сонымен қатар, интерактивтік оқыту проблемалық ситуацияларды өзінше көріп, одан шығу жолдарын жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады: өз ұстанымын, өзінің өмірлік құндылықтарын негіздеу – өзгелердің көзқарасын тыңдай білу, ынтымақтаса білу, серіктестік қарым-қатынасқа түсу секілді қасиеттерін дамытады.
Интерактивтік оқыту барысында педагог ақпарат көзінің бірі ретінде көмекші қызметін атқарады; оның қызметінде басты назарда индивид ретіндегі жеке оқушы емес, бірін-бірі ынталандырып, белсендендіріп отыратын, өзара әрекеттесуші оқушылар тобы болуы қажет.
Осылайша, мұғалімнің проблемалық-ізденушілік әдістерін меңгеруі – бұл оқушылардың шығармашылық-ізденушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың ең дұрыс жолы, демек, бұл — интерактивтік оқыту.
Жинақтап айтқанда, интерактивті технологияны оқыту тәрбие үдерісіне тиімді қолдана білсек, оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, белсенділігін оята аламыз.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.28.01.2018ж http://www.akorda.kz
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. ҚР Президентінің 02.11.2012ж http://adilet.zan.kz
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Президентінің 24.10.2010ж http://adilet.zan.kz
4. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарда қолдану. –Алматы,
2013ж.- Б.12б
5. Әлімов А. Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер.– Астана, 2014ж.- Б.7б
6. Сулейменова О.Я., Толебаев Т.П., Қайбалдиева Б.М. Шетел тілін оқыту үрдісінде жаңа технологияларды қолданудың маңызы. — Алматы: Вестник КазНМУ. 19.09.2012ж.-
Б.23-27б
7. Жайтапова А.А., Абдолдаева А.А., Студенттердің мәдениетаралық қатысым құзыреттілігін қалыптастыруда инновациялық оқыту технологиясының негіздері.-Алматы, Вестник КазНМУ №2 (53).2015ж.-Б.22-26б
8. «Оқытудың инновациялық интерактивті әдістері» пәні бойынша оқу-әдістемелік материал №1 басылым 10.09.2014 ж. –Семей,2014ж.-Б.10-19б
Менлибекова Г.Ж., 1 Л.Навий2 Кошанова М.Т. 3
Эффективность интерактивной технологии в школе
Евразийский Национальный университет им.Л.Гумилева Казахстан,г.Астана
Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова,
Казахстан, г.Кокшетау В этой статье автор объясняет понятие интерактивных технологий и описывает пути и средства использования интерактивных технологий в школах.
В настоящее время новые педагогические технологии касаются нескольких моделей интерактивных технологий. Основные принципы интерактивных технологий и их цели обсуждаются, как их использовать. Использование интерактивных технологий в школах ориентировано на улучшение знаний и навыков учащихся, удовлетворение текущих требований к квалификации.
Сегодня использование интерактивных технологий в учебном процессе в информационном обществе оказалось из множества вопросов, но и для повышения качества знаний учащихся, повышения качества преподавания и использования учебных материалов.
Menlibekova G.Jh,1 L.Naviy2 Koshanova M.T. 3
Efficiency of interactive technology in school
Euroasion national university named after L.Gumilev
Kazakhstan, Astana
Kokshetau State University named after Sh. Ualikhanov,
Kazakhstan, Kokshetau In this article, the author explains the notion of interactive technologies and describes ways and means of using interactive technologies in schools.
At present, new pedagogical technologies concern several models of interactive technologies. The basic principles of interactive technologies and their goals are discussed, how to use them. The use of interactive technologies in schools is aimed at improving the knowledge and skills of students, meeting current requirements for qualification.
Today, the use of interactive technologies in the educational process in the information society has turned out to be a multitude of issues, but also to improve the quality of students’ knowledge, improve the quality of teaching and use of teaching materials.