Ж.Т. Бектасова
Қазақ ұлттық өнер университеті Астана, Қазақстан
Bzhomazhan@mail.ru
ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ — ТАРИХИ ТҰЛҒА
Аталмыш мақалада көрнекті көкшелік ақын, әнші, композитор Үкілі Ыбырай
Сандыбайұлы туралы сөз қозғалады. Ыбырай – шын мәніндегі ұлы өнерпаз. Ол тарихи тұлға. Оның ақындық мектебі мен үлкен өнер жолына тәрбиелеген ұстаздары туралы айтылады. Ақын шығармашылығы екі ғасырдың тоғысында туған. Соныдқтанда оның шығармашылығын зерттеуге деген қызғушылық үлкен. Әншінің өмір сүрген ортасы әрқилы тарихи жағдайғада толы болған. Және осы кезеңдерде өмір сүрген басты-басты ақын-қоғам қайраткерлері, тарих, музыка, мәдениет, әдебиет зерттеушілері нысынасынан тыс қалмағандығы мақалада жақсы көрсетілген.
Кілт сөздер: тарихи, мәденит, тұлға, ұстаз, поэзия, музыка, әмбебап.
Үкiлi Ыбырай Сандыбайұлы – Көкше өңiрiнiң iргесiн Орынбай ақын мен Біржан сал қалаған өнер-эстетика мектебiнiң белдi өкiлi. «Ел аузындағы аңызда, жасы егде тартқан Біржан, жас Ыбырай қасына еріп, әндерінен үлгі алғаннан кейін, – «Ендігі Біржандарың – Ыбырай, соны тыңдаңдар!» – деп, Ыбырай бар жерде өзі ән айтуды қойған деседі», – деп жазады академик жазушы, Ыбырай шығармашылығының бірден-бір жанашыры С.Мұқанов
[1,21б].
«Ыбырай – шын мәніндегі ұлы өнерпаз. Ақындығымен халықты тылсым буғандай бағындырып алу әркімнің қолынан келе бермейтін өнер. Ыбырай ақындығы терең тамырлы да күшті. Ол – Көкшетаудың атақты Орынбай, Арыстан, Шөже, Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Нүркей, Тезекбай сияқты атақты әншілерінің өнер дәстүрін игеріп, дамытып, сақтап, біздің революциялық заманға жеткізуші өнерпаз», – деп жазады Е.Ысмайлов [2,121б]. Сонымен қатар, Ыбырай Бiржанды өзiне тiкелей ұстаз тұтса, Ақан серiнiң көзiн көрiп, өнерiнен, адами қасиеттерiнен үлгi алған. Ақан шығармашылығы мен өнерiн өзiнiң шығармашылық қадамына ұштастырған ақын.
Ыбырай Біржан салдың тікелей ұстазы екенін өзінің поэзиялық туындысында тамаша айтып кеткен атақты «Шалқымасында»:
Өлеңмен екі өкпемді қалқытайын Қорғасындай денеңді балқытайын. Біржаннан алып қалған әнім еді,
Азыр-ақ шалқымамды шалқытайын.
Салайын «Шалқымамады» ырғақтатып,
Үкілі домбырамды бұлғақтатып,
Шығарған әнім еді Көкшетауда,
Оңаша Торшолақпен келе жатып.
Өлеңмен болдым таныс ой мен қырға, Құлақ салып, халайық, әнімді тыңда. Біреуге айдай алмас малды беріп,
Мол қылған ән-өлеңмен мені жырға.
Өлеңмен талай жерді тегістедім, Қадір білмес адаммен келіспедім.
Атығай, Қарауыл мен Керей, Уақ,
Сен алма, мен бір тауық, жеміс тердім [3,55-б.].
Демек, Ыбырай – сонау ықылым заманда iрге тасы қаланған әншiлiк – жыршылық мектептiң тас түлек шәкiртi, дәстүр жалғастырушысы ретiнде iрiктелiп алынған бай мұра. Ыбырай шығармашылығы сол кездегi аумалы-төкпелi заман ағымымен аққан әлеуметтiк жағдайларға төтеп берiп, қазақ өнерi, соның iшiнде музыка мәдениетi мен әдебиеті өнерінде өзiндiк орны бар көшелі тарих.
«Төңкерістен бұрынғы қазақ өнерпаздарының бойындағы әмбебаптық сипат – ғасырлар бойы іріктеліп, сұрыпталып, шыңдалған дәстүрлердің жақсы көрінісі. Әркім әр нәрсені малданып, мүше-мүше етіп бөлшектемеген заманда ән де, күй де, әншілік те, күйшілік те, серілік те, батырлық та – бір адамның басынан табылған. Өзара қабыса бермейтін дара ерекшелікті өнер түрлері – ақындық пен композиторлық сахара жағдайында туысып, табысып, егіз боп кеткен. Қазақтың сері, сал дегені – композитор, ақын, әнші, күйші, палуан, құсбегі. Қатыгез, өгей сұм өмірдің тепкісін көрген қайран ерлердің баршасының тағдыры ұқсас: елжұртынан безініп шығып, тау-тасты мекен еткен Ақан анау; қолын арқан бұғау кесіп Біржан жатыр. Еңіреп, абақтыда көңілін құмалақпен жұбатып Мәди отыр, Тобыл түрмесінде торыққан Жаяу Мұса.
Қазақтың сал-серілері туралы жазу ең алдымен азаттық күрескерлері туралы жазу деген сөз, қазақтың әні-күйі, рухани дүниесі, музыкасы, поэзиясы туралы жазу деген сөз», – дейді Р.Нұрғали [4,430-431-б.].
Ыбырай Сандыбайұлы туралы тақырып үлкен және тарихи тақырып. Әншi-ақынның шығармашылығын кiмдер зерттедi, қалай зерттедi, олар ақынның тұтас өмiрi мен шығармашылығына қандай баға бердi? – деген сұрақтарға тоқталуымыз қажет.
Ыбырай Сандыбайұлының шығармашылығын алғаш зерттеп, ақынды көзiмен көрiп тiлдескен адамдар олар: ақын-қайраткер С.Сейфуллин [5], академик-жазушы С.Мұқанов [1], әдебиет зерттеушiсi Е.Ысмайлов [2], музыка зерттеушiсi А.Жұбановтар [6], драматург Ш.Хұсайынов[7]. Бұл зиялы қауым Ыбырай шығармашылығына толыққанды пікірін білдірген және заман зобалаңына қарамастан әділ ойларын ортаға салған жандар.
Ш.Хұсайынов Бiржан, Ақан, Ыбырай өмiрiне қатысты деректердi Е.Ысмайловқа және
А.Жұбановқа өзi берген шығар деген сұрақтар тууы әбден мүмкін. Өйткені, кезiнде Ш.Хұсайынов А.Жұбановпен бiрге халық музыкасын жинау экспедициясына қатысты деген деректер бар.
Осыған орай, ақын досы, әрі Ш.Хұсайынов лабораториясының даму процестерінің тірі куәсі, шығармашылғының жан ашырларының бірі Ә.Тәжiбаевтің автор туралы жазған естелiгiндегі мына пікір: “Арқаның әншiлерi туралы тек Шахаңнан сұрау керек. Ол ән бiлгiрлiгiнiң үстiне, музыка тарихшысы сияқты, – деп А.Жұбановтың айтқаны есiмде» [7,5б].
Ал Есмағамбет Ысмайлов Ыбырай жайлы ғылыми еңбегiнiң алғашқы жолдарында дерек берушiлер тiзiмiне Ш.Хұсайыновты да кiргiзген болатын.
Бiз, ең алдымен академик-жазушы С.Мұқановтың еңбектерiне үңiлер болсақ: “Сандыбайдың Ыбырайы “лақап” аты “Үкiлi Ыбырай” шоқша қара сақалы мен суағарын басып жүретiн қалың мұртына аққтаң түсе бастаған ол, денесінің зорына қарамай жеңілтек, ойнақы мінезді екен. Өлеңді ол сол аяғын астына баса, тізерлеген оң аяғына домбырасын қоя, денесін қойқаңдата, дауысын елірте айтады екен. Ал дауыс күші масқара, ірі айғайға басқанда, қасында отырған кісінің құлағы тұнып қалады. Өзi бiр жоғары, бiр төмен өрлейтiн деңгейде биiкке шырқап шығаруы да, сорғалап төмен құлдырауы да келiсiмдi, ырғақты, сәндi,”– деп, көзiмен көргенiн қаз-қалпында жазады және Ыбырай шығармашылығына деген жанашырлығын біз енді мына бір жолдарынан танимыз: “Елде оның кейінгі өлеңдерi мен Ыбырайдың революцияға дейiнгi өлеңдерiн, айтыстарын, әндерiн бiлетiн кiсiлер көп. Ендiгi мiндет, соларды және Ыбырайдың басқа да әндерiн жинап баспадан шығару»[1,25-б.].
«Қазақ ауыз әдебиетiнде және музыкасында Ыбырайдың орыны үлкен. Ақындығымен қатар, Ыбырай iрi компазитор адамның бiрi болған” – [2,159-б.] деп көрсетеді эссесінде әдебиет тарихын зерттеуші, белгілі ғалым Е.Ысмайлов.
Ал С.Сейфуллин «Көкшетау» атты поэмасында ақынның сыршылдық құдіретіне және көкшелік поэзия ардагерлерінің рухына тағзым ете отырып, жыр жолдарын арнағаны баршамызға аян. Осы ойымызға орай поэмадан үзінді келтірсек:
Әншi бар Көкшетауда талай iрi, Ыбырай – топ жарғанның о да бiрi.
Қаңбақша қыз-бозбала қағып алып, Жайылған талай әсем ән мен жыры. Өзi ақын, ән шығарғыш, домбырашы, Сауықтың жан думаны, болған пiрi. Ақырып, арыстандай ән салады, Ыбырай – жүйрiк, тарлан әлi тiрi. Кең алқым, кең көмейлi, дауысы керней, Ақырмай ән салмайды, көкiрек кермей.
Астына алты қырдың естiледi, Шырқаса екiленiп құлаш сермей, Ән салса, алқымы iсiп құйқылжиды.
Бәйге атша алып қашқан, ырық бермей.
Айнала айдын көлге естiледi,
Жаңғырып керней даусы аспанға өрлей. Қапсағай, қыр мұрынды, арыстандай Әуенi қалтыратқан, күркiр дауыс.
Тiресiп дауылменен қарысқандай.
Әнi бар “Гәкку” деген аңқылдаған,
Аққудай айдын көлде қаңқылдаған.
. . . . .
Туса егер, өнерлi елде бақтарына, Бiлiм ап жүрсе бәрi баптарында.
Бiржан сал, Ақан серi, Ыбырайлар,
Туған-ды Шаляпиндей жұрт бағына – деп, [5,102-б.]
Ақын Сәкен Ыбырайдың әншiлiк, ақындық, домбырашылық өнерiне тәнтi болып, өз жырына қосып, ақынның сырт пішінін, портретін поэзия тілімен тамаша жасаған.
Көкшенің көркем табиғатының аясында ақын Сәкен Үкілі Ыбыраймен кездескен. Кездесудің шын мәнінде болғандығына алдымен Ыбырай ақынның өз туындысы куә, ақынның ол өлеңі «Көкшетауда кездесу» деп аталады.
Отырмын Сәкенмен қия таста, Ыбырай өнеріңді енді баста.
Шырқайын сұлу әнді осы жерде,
Естісін ну қарағай, бұлбұл құс та.
Өнерпаз қара жерге салар қайық,
Жан-жақтан тағлым алар қанат жайып.
Көкшетау өзі сұлу, жері шүйгін,
Жаз болса, семіруге малы лайық.
Оралған Көкшетаудың шөбі балғын, Балауса балбыраған нағыз шалғын.
Жаз болса Көкшетаудан табылады,
Маржан тас, күміс пенен ылғи алтын. [3,135-б.].
Ал осы кездесу жайлы С.Мұқанов: «1927 жылы, жаздыкүні Сәкен Сейфуллин Қызылордадан Көкшетау еліне, жер бөлу науқанын өткізуге барды. Бурабай тауын айнала отырған елде бұл науқанды жүргізіп жатқан Сәкенді 71 жасқа шыққан Ыбырай іздеп келді. Мен Сәкеннің қасында жүр едім. Ыбырай мен Сәкен бұған дейін жүзі таныс емес екен. Ыбырайдың ірі ақын, ірі әнші екенін бұрын естіген Сәкен: «Оқжетпестің түбінде отырып тыңдау керек», – деді. Сонда, Көкшенің жотасын қоршаған Оқжетпес қасында, Ыбырай «Көкшетаудың биігі-ай» деп бастайтын «Қаракөз» әніне шырқап жібергенде, жантайып жатқан Сәкен орнынан атып тұрып, Ыбырайдың алдына шөге түсіп қатты да қалды. Аса ырғақты және аса биік және көркем дауыс болады екен!», –деп Ыбырайды құшақтап сүйді», – деп жазады өзінің «Өсу жолдарымыз» [1,26б] атты шығармасында.
Сәкеннің қазақ ақын, әншілеріне поэма арнағанын, поэзия тілімен Ыбырай, Ақан сері, Балуан Шолақ, Қажымұқан, Біржан сал шығармашылықтарын шабыттана жырлағанын жоғарыда айтқанбыз. Осы кездесудің нәтижесі Сәкен шығармашылығында жаңа поэма «Көкшетау» дастанын туғызса, ал ақын Ыбырай шығармашылығында «Көкшетауда кездесу» деген өлең туған.
Көкше өңiрiнiң ғалым-азаматы Е.Ысмайлов Ыбырай Сандыбайұлын көзiмен көрген және ән орындау мақамы, дауыс күші жайлы былай дейдi:
«Қолында үкiлi домбыра. Жиналған мың сан халық намазға ұйып қалғандай тым-тырыс, Ыбырайдың ауызына телмiре қарап қалыпты. Ашық аспанның астында, дүниенi жаңғырта шыққан әншiнiң құдiреттi даусы бiрде шырқап, биiктеп, қалықтап кетiп жатса, бiрде арыстанның ақырғанындай гүрiлдеп тегеуірiндi күшi Көкшенiң қия жартасына соғылып жатқандай. Дауыстың әдемiлiгiнен гөрi, сол бiр кең ән сарайынан шалқып шыққан зор да пәрмендi дауыс өзiнiң кәнiгi емес, ерке арнасына қарай құйылып жарастық тапқандай» [2,120-
б.]. Ғалым Ыбырайдың әншiлiк құдiретiне бас ие және көзiмен көргенiнiң тiрi құбылысын көзге елестете, ойын әрі қарай сабақтайды: «Бұл менiң он бес жасымда Ыбырайды тұңғыш көруiм. Бұдан кейiн Көкшетаудағы Биттейұлы Бекжанның үйiнде Жұмағалиға ерiп барып бiрер қабат әңгiмесiн тыңдағанмын. Қызылжарда педтехникумға келiп өлең айтып, И.В.Коцыхке әнiн жаздырып жүргенде тағы бiр көргенiм бар. Бәрiнен де Ыбырайдың дарқан ақындық, әншiлiк өнерi, алғыр шешендiгi есiмнен кетпейдi», – деуi Ыбырай шығармашылығы болашақ ғалым ойынан берiк орын алғандығының кепілі сияқты. Тағы бiр ескерер жай, осы кезде Ш.Хұсайынов И.В.Коцых басқарған педтехникумның хорында солист болғандығы. Белгiлi ақын Ә.Тәжiбаев осы кездi былай суреттейді: “Мен Бiржан, Ақан, Үкiлi Ыбырай, Балуан Шолақ әндерiн, олардың өздерi туралы қызықты әңгiмелердi де бiрiншi рет Ш.Хұсайыновтан естiдiм. Кейiнiрек бiлдiм. Шахмет осы қаладағы мықты әншiлердiң бiрi екен. Ол техникумның атақты Коцых басқарған хорымен Москваға барыпты: Сондағы хор бастайтын солист осы Шахмет болыпты”, – деуiнде үлкен ой жатқан тәрiздi [6,6-б.]. Осы фактi жайлы Е.Ысмайлов та Ш.Хұсайыновқа арнап жазған мақаласында былай деген еді: “Өзi өскен ауылда Ақан серi, Балуан Шолақ, Орынбай, Шоқан және басқа ардагер ұлдардың өмiрi мен шығармашылығына байланысты көп жайларды жастайынан қызыға тыңдаған Шахмет техникумда оқыған жылдары көркем өнерге икемдiлігiн бiрден танытты. Ә.Тәжібаевтің пікірін қуаттай түседі және драматургтің қаршадайынан өнерпаздардың шығармашылығымен етене таныс екенінен хабар береді [9].
Сонымен қатар, бізде Ш.Хұсайынов ақынның әндерін зерделеп, нотаға түсіру немесе қағазға түсіру ниетінде Ыбырайды Коцыхпен өзі жолықтырған шығар деген ой да жоқ емес.
И.В.Коцых (11.06.1891 – Варшава 22.06.1946 ж.) Совет хормейстрі, композитор. Діни семинария және консерваторияда оқыды. 1923 жылдан (Петропавлскі) Қызылжарда педагогика техникумының жанынан тұңғыш төрт дауысты хор ұйымдастырған. 1928 жылы осы студенттер хоры Москвада өткен ВЦИК сессиясына арналған концертке қатысты [10,640б.].
Осыдан шығаратын қорытынды кезінде әнші-солист Ш.Хұсайынов Мәскеуде мүмкін Ыбырай әндерін кең жұртшылыққа алғаш орындаушылардың бірі болды ма? Бұл тек сұрау ғана, ол келешек музыка тарихын зерттеушілерінің еншісіндегі ісі.
Шахмет Хұсайыновтың шығармашылық жолы Үкілі Ыбырай өнерімен тағы мына тұста астасады. Академик-жазушы С.Мұқанов: «Қазақтың ауыз әдебиетi өкiлдерiнен Қазан төңкерісін, совет өкiметiн ең алғаш жырлаған ақындардың бiреуi – Ыбырай. Оның бiр куәсi – Қызылжарда шыққан «Бостандық туы» газетiнiң 1925 жылы, майда басылған 26 санындағы бiр топ жарияланған өлеңiнiң жолдары»[1,24-б.].
Алдыңғы жолдарда айтылғандай, кезiнде осы газетте 1928-1930 жылдар аралығында Ш.Хұсайынов та еңбек еткен. Осы бір фактілер мен деректер тізбегіне қарап, Ш.Хұсайынов қаншама ақпаратық топтаманың бел ортасында жүріп, пьеса жазу үстіндегі дайындығы ретінде ақын Ыбырай жайлы естелiк әңгіме немесе әдеби эссе жазбауына қайран қаламыз десекте Ш.Хұсайынов ақын туралы кесек туынды пьеса жазып қалдырған. Ол пьесасы 19.. жылы «Үкілі Ыбрай» деген атпен жарық көрді.
Ал ойымызды жалғастырсақ, Е.Ысмайловтың мынандай сөзiн келтiруге де болады: «Бiз осы еңбегiмiздi жазу үстiнде Сәбиттiң Ыбырай туралы бұрын-соңды жазған ауызекi естелiк әңгiмелiрiн де, М.Тырбиев, М.Ержанов, И.Әлiбаев т.б. ақын-жазушылардың және Ш.Хұсайынов … деректерiн де еске алып пайдаландық» [2,122-б.].
Әншi Молдахмет Ержанов: «Ыбырайдың жүрген жерi думан едi, әнi де, әңгiмесi де таусылмайтын. Бiз қоршап алып, еркiне қоймай сөйлетiп, тыңдаудан жалықпайтын едiк. «Өнеге алған ақындарың бар ма?» – деп жастар болып сұрағанымызда, Ыбырай таңданған пiшiнмен бетiмiзге қарап алды да: “Үлгiсiз тон пiшiле ме екен? Нүркей ақынды түсiмде де, өңiмде де көрiп, батасын алдым. Жиырмаға келгенiмде Орекеңдi, Бiржанды көрiп, өлеңiмдi сынға салдым. Қалың жиын iшiнде Жанқожа отырып: «мынау – Әбiленiң iнiсi жолымызды қуып жүр екен, Ореке», – дедi. Орекең: “Қане тыңдайық, дегенде, шекемнен ағыл-тегiл тер саулап қоя бердi. Шу дегенде жаттаған қиссаларды жырладым, оны ықылас қойып тыңдап отырды да: «Өз айтатының бар ма?» –дедi. Мен сол жерде: «Қалқам шырақты» шырқап салдым. Орекең ықыласпен риза болып батасын бердi: «Ауылда, үйде жүрiп өнер таппайсың, шырағым, алысқа көз жiбер! Ел кез, сонда жақсыларды, әншiлердi көп тыңдап, көп көресiң, мен алыс елдi көп аралағанымнан опық жегенiм жоқ», – дедi.
Орекең – тақуалығы бар, жүрiс-тұрысы бөлек, көп жасаған қария адам, оның қасына ерiп, жақын араласып жүре алмадым. Ал Бiржан, Ақан, Балуан Шолақ өзiмiзбен құрбы-құрдас сияқты едi. Өлеңмен әндi күйттеп, жастықтың әуенiмен жүрген шағымда, Бiржан сал бiздiң Қарауылды аралады. Бiр топ, сал серiлер қасына ерiп, жүрген-тұрған жерлерiмiздi шулатып жiбердiк”– деп Ыбырай ақын жайлы әншi, шәкiртi М.Ержанов еске алады.
Осы естелiк әңгімелердің бәрiн қарастыра отырып бiз мынандай тұжырымға келемiз: Ыбырай – кезiнде жыр сүлейлерiнiң көзiн көрiп, ақылын тыңдап, олармен өнер бәйгесiне түскен, әнi, өнерi қалың қазақ жұртына мәлiм ақын. Ыбырай Сандыбайұлының шығармашылығына байланысты ойымызды Е.Ысмайлов ойымен тұжырымдар болсақ: «Сөз жоқ, Ыбырай өз заманының жүйрiк ақыны, асқан өнерпазы…», «Ыбырай-шын мәнiндегi ұлы өнерпаз. Ақындығымен халықты тылсым буғандай бағындырып алу әркiмнiң қолынан келе бермейтiн өнер» [6,125-б.].
Сондай-ақ, Үкiлi Ыбырайдың «Қалдырған», «Дүние», «Қарақат көз», «Гәкку»,
«Желдiрме», «Шалқыма» аталатын әндерiнiң кейбiр түрлерiн тұңғыш рет А.Затаеевичтiң «Қазақ халқының 1000 әнi» (1925), «Қазақтың 500 ән – күйi» (1931), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының орталық кiтапханасының қорында қолжазба қорынан орын алған.
Ыбырай жайлы жазылған музыка зерттеушiлерiнің тұжырымы мына тәрiздi, алғашқысы:
А.Затаеевичтің «1000 ән» жинағының 34 ескертпесiнде былай дейдi: «Ыбырай Ақмола губерниясы Көкшетау уезiнiң профессианал әншiсi, Абдрахман Бекiшевтiң айтуынша, жасы алпыс бестерге келген, қуақы, қалжыңқой шал көрiндi. А.Н. Бөкейхановтың растауынша жас кезiнде ерекше күштi тамаша тенор дауысы болыпты, сондықтан да оның өнерiне бас иiп құрметтеушiлердiң iшiнде ауқаттылары Ыбырайды музыкадан бiлiм беру үшiн Петербургке де алып барыпты, бiрақ ол мұндай ниеттi жүзеге асыра алмапты» [11,472-б.].
Сондай-ақ, 1959 жылы «Мектеп» баспасынан «Ыбырайдың әндері» деген жинақ жарық көрді. Әндерді нотаға түсіріп, құрастырған, алғы сөзін жазған Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, өнертану ғылымының докторы Б. Ерзакович. Бұл кісі – қазақтың халық музыкасын жинап, зерттеуге көп күш жұмсаған белгілі ғалым. Оның мұрағатында мыңдаған ән-күйлердің үлгілері бар. Ыбырай туралы жинақ – сол бай қазынаның бір бөлігі ғана. Осы жинақ арқылы біз атақты әншінің өмірі мен музыкалық шығармашылығы туралы көптеген деректермен, тыңдаушысын тамсандырған әдемі әндер мәтінімен танысамыз [12].
Ыбырай өлеңдеріне арналған тағы бір жинақ «Гәкку» деген атпен «Өнер» баспасынан 1995 жылы басылып шықты. Жинақты құрастырған және әндерінің музыкалық редакциясын жүргізген – өнертанушылар Қ.Жүзбасов пен З.Қоспақов. Бұл жинаққа Ыбырайдың белгілі әндері мен ол туралы әр жылдары жазылған естелік әңгімелер кіргізілген [13].
Ал заман, ғасыр жаңарған сайын Ыбырай мұрасы қазақ халқына рухани азық ретінде керектігін өмір өзі дәлелдеп отыр. Осы ойымызға орай, қазақтың ақиық ақындарының бірі – Кәкімбек Салықов ағамыз да Үкілі бабасының шығармашылығын қолына алып, өлеңдерін ұқыптылықпен жинап, бұрын жарық көрмеген туындыларын жиып-теріп, жаңа редакциясын жасап, 2005 жылы «Фолиант» баспасынан «Гәкку» жинағын бастырып шығарды. [14]
Кезіндегі Ыбырай мұрасы драматург ағамыздың жанын қалай тебірентсе, қазіргі уақытта Ыбырай және оның дәстүрін жалғастыруышылары; көкшелік ақын-жазушылармен қатар өнер сүйер қауымның, журналистердің де қиялын әлі күнге дейін тербеуде. Жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарының ауыр зобалаңы ел серісі Ыбырайды да қырындап өтпей, ту сыртынан дүрелей соғып, лай тасқынына ілестіре кеткен. Жетпістен асқан ақынды «халық жауы» деп танып, 1931 жылы қамауға алып, ату жазасына бұйырған, кейінен бұл ауыр жаза қайта қаралып, он жылға бас бостандығынан айырып, ит жеккенге айдатқан. Осылай Ыбырай ақынның өмірінің соңы немен біткені, бейітінің қайда екені әлі күнге дейін беймәлім. Ыбырай ақынның шығармашылығы талан-таражға салынып, тіпті ел ішінде кең тараған «Гәкку» әні де біреудің қанжығасына байланған оңай олжадай болып кете жаздаған. Бұл болған істі келтіруімнің өзіндік себебі бар.
1960 жылы Есім Байболовтың «Әйгілі «Гәккудің» авторы кім?» – деп, «Қазақ әдебиеті» газетіне жазуы немесе кейіннен Амантай Сатаевтың «Парасат» журналының 1997 жылы шыққан №7 номерінде « «Гәкку» бар, Ыбырай қайда?» атты мақаласында: «Көкше көлінде аққу иесіз қалды. Қазақ көгінде шырқалған «Гәкку» иесіз қалды. Біреулер иемденбек те болды. Шын иесінің есімі аталмай мұңды дауыс «Гәккуді» үлкен сахналардан шырқады. Отыз жылдан кейін ән нағыз иесін әрең тапты. Үкілі Ыбырайдың есімі ақталды, өнері туған халқына оралды. Есімі оралғанына шүкіршілік дейміз. Қарт ақынды арулап көмген жанды ұшырастырмадық. Қиыр Шығыстың қай сайы, қай ну орманында, қазылған қай орда қалғанын бізге ешкім айтпады. Әлі күнге дейін белгісіз»,- деп[15] жазған еді.
Өзіміз жоғырыда айтқанымыздай Амантай Сатаев тәрізді көкшелік қаламгерлердің қазіргі таңдағы ақсақалы Естай Мырзахметовте Ыбырайдың кейінгі тағдырын, мехнат жылдарына ой-толғамын жергілікті «Оқжетпес» газеті арқылы көпшілікке білдіріп еді. Енді сол материалдарға үңілейік: «…Тағдыры осыған ұқсас тағы бір өлеңнің туу тарихы былай баяндалады… Үш шал, ішінде Ыбырай да бар, жауапқа тартылады. Тергеуші прокурор Ыбекең жайын әлбетте біледі, «өздеріңнің жағдайларыңды бір ауыз өлеңге сиғызып табан аузында айта қой. Босатып жіберемін. Өйтпейді екенсіңдер «сотталасыңдар» », дейді. Ыбекең бөгелсін бе:
Прокурор деген сотымыз, Жүріп тұр ғой қотыңыз.
Осы үш шалды айдатсаң,
Қисайды біздің к….міз – деп салады.
Прокурор риза болады. Сөзіне берік жігіт екен, сертін жұтпай үш шалды босатып жібереді-мыс. Ал енді осы «аңызды» ой елегінен өткізіп байқайық. Ең әуелі, шал ғой, үшеу емес бесеу. Солай ма? Мұны бір деп қояйық. Одан соң, Ыбекеңдерді тергеген прокурор екеу емес, біреу ғана. Ол-Чатыбеков. Ал Чатыбеков шалдардың біреуін де босатпаған, қайта ауыр қылмыскерге балап, жауапқа тартуға келісімін қара қарындашпен өз қолынан мықтап жазып бергенін, ілкім әзірде өз көзімізбен көріп, оқыған едік. Осының бәрін саралай келіп, ой түйсек, аталмыш өлеңнің де Үкілі Ыбырайға үш қайнаса сорпасы қосылмайтынына көзіміз жетіп, көңіліміз сене ме, жоқ па? Менің ойым айтады. Бұл өлеңнің астарында да қалың қыртысты үлкен мән жатыр. Сол кездегі прокурордың жалпы заң қызметкерлерінің әділетсіздігіне, тіпті шал-шауқанға да аяушылығы жоқ без бүйректігіне көкірегі қыжылға толы, бірақ та қолынан келер дәрмені жоқ азаматтардың бірі шығарған өлең бұл. Ойға салып толғайықшы өзіміз: Қисайды біздің к…іміз. Қалай-қалай сілтейді, ә?! Қаншалықты зілді ыза, удай ащы мысқылмазақ сыйып тұр осынау жалғыз-ақ жолға! Пай-пай-пай! Қай сабаздың тілінен у запырандай төгілді екен, білер ме еді?!» – деп жазған еді. [16].
Ыбырай жайлы жазылған жаңа драманың («Қош бол, қайран Гәккуім») авторы көкшелік белгілі ақын-прозагер Т.Қажыбаевтың мына пікірін тілге тиек етсек: «Шұңғырша елі. Жеке ауыл. Ащылы деген жерде жайлауда отырса керек. Ұлан асыр той. Бұл қыз ұзату рәсімі. Ақан сері бастаған, Үкілі Ыбырай қостаған өнерлі қауым той ажарын арттырып думандатуда. Аттанар қыз бен Ыбекеңнің көңілі жақын болса керек. Қыз аттанар тұста Ыбырай елге бүгінде толық нұсқасы жетпеген атақты «Алтыбасар» әнін салған дейді. «Алтыбасар» аталуының негізгі алты ауыз өлеңінде ғой. Ал қазіргі «Алтыбасарыңыз» екі-үш ауыздан аспайды» [17] – деген пікірді алға тартады. Әннің шығу тарихы хақында айтылған пікірлермен мазмұндас, бұл ойдың ерекшелігі әннің жаңа нұсқасы бар екенін айтып тұр және ән атауы алғашқы пікірлерде жер атауымен байланыстырылса, бұл пікірде өлеңнің шумақ саны немесе алты ауыздан тұратындығына назар аударылғандығымен ерекшеленеді. Барлық алынған фактілерде ақынның әндері мен өлеңдерінің шығу тарихы сөз болады және ақынға әнді тудыру оңай соқпағандығын көрсетеді,ақынның кезкелген әні өзі мен елінің тарихи кезеңдерімен тығыз байланысты.
Сондықтан да, олар Ыбырай мұрасын аса ұқыптылықпен жинап-теріп кезекті баспа бетінен жарыққа шығарып отырғандықтарының куәсі – жергілікті үнжария мен журналдарға шыққан ақынның жаңа әндері, ақын жайлы жаңа табылған естелік әңгімелері мен ән тарихына байланысты хикаяттарын жинақтап бір мақаланың көлеміне сыйғызған болдық дегенмен, артына мол мұра қалдырып кеткен шығармашылық адамының жұмбағын ешкім әлі шешкен жоқ дегім келеді. Және бұл тұтас пікірлерді келтірген себебіміз, жергілікті көкшелік екіншіүшінші толқын «әдебиет» дәнін қаузап жүрген жұртшылық Үкілі Ыбрай шығармашылығын әлі де терең зерттеп, ұлт тарихында және мәдениетінде болып жатқан жағашылдық кезеңінде тың пікрлер мен ойлар туарына шүбә келтірмек емеспіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Мұқанов С. Өсу жолдарымыз. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббасп, 1960. – 689 б.
2 Ысмайлов Е. Әдебиет жайлы ойлар. Ақындық өнер мен ақындық туралы. – Алматы:
Жазушы, 1968. – 320 б.
3 Үкілі Ыбырай. Гәкку. /құрас.Салықов./ – Астана: Фолиант, 2005. – 184 б.
4 Нұрғалиев Р. Арқау. Қазақ драматургиясының жанр жүйесі. – Алматы: Жазушы, 1991.
– 576 б.
5 Сейфуллин С.С. Көкшетау. /Жыр – дастандар/. – Алматы: Жазушы, 1994. – 296 б.
6 Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 415 б.
7 Хұсайынов Ш. Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1986. – 417 б. –
416 б. – 444 б.
8 Тәжібаев Ә. Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы. – Алматы: Жазушы, 1971. – 478 б.
9 Ысмайлов Е. Елудің өрінде. // Қазақ әдебиеті. — №2.– 1957.– 11 қаңтар.
10 Қазақ совет энциклопедиясы. 2, 5, 8, 11 том. – 645 б. – 655 б. – 663 б. – 631 б.
11 Затеевич А. 1000 песен Казахского народа. Институт литературы и искусство академи наук Каз.ССР. Государственный музей издательство. – Москва, 1963. – 605 с.
12 Ерзакович Б.Г., Қоспақов З. Қазақ музыка фольклорының тарихнамасы. – Алматы: Ғылым, 1972. – 110 б.
13 Қоспақов З. Сыр тартсақ тарихынан әншіліктің тарихынан. – Алматы: Ғылым, 1996.
– 168 б.
14 Салықов К. «Гәкку» және Үкілі Ыбырай // Жас алаш. – 2000.– 16 наурыз.
15 Сатаев А. «Гәкку» бар, Ыбырай қайда?» //«Парасат» журналы.– 1997. – №7.
16 Мырзахметов Е. Үкілі Ыбырай. // Оқжетпес. – 1994. – 11 наурыз.
17 Қажыбаев Т. Үкілі Ыбырай – әнші, сазгер. // Арқа ажары. – 2003. – 4 қыркүйек.
Ж.Т. Бектасова
ҮКИЛИ ЫБЫРАЙ – ИСТОРИЧЕСКАЯ ЛИЧНОСТЬ
В данной статье рассмотривается творчество композитора, поэта, певца Укили Ыбырая. Ыбырай – великий поэт, импровизатор и историческая личность. Его поэтическая школа была основана поэтами Орынбаем и Биржан сала. Он — ученик и продолжатель их поэтического и артистического наследия. Его творческая деятельность прошла на стыке двух веков. Поэтому изучение его творчества представляло особый интерес для представителей последующих поколений, таких как поэт, общественный деятель С.Сейфуллин, писател-академик С. Муканов, исследователей народной музыки В.Ерзакович, А. Затаеевич, А.К. Жубанов и драматург, его земляка Ш.Хусайынова. По сей день его творческое наследие имеет исследователей в лице Е.Мырзахметова, Т.Кажыбаева и других молодых ученых. В статье приведены высказывания, мнения, критика, обобщения этих исследователей творчества Укили Ыбырая. Но все исследователи его творчества сходятся во мнении, что он является незаурядной личностью и выдающимся поэтом, великим певцом.
Zh.Т. Bektassova
UKILI YBRAY — HISTORICAL PERSONALITY
This article is about the creativity of the composer, poet and singer Ukily Ybyray. Ybyray is a great poet, an imbecter, and a historical personality. His poetic school was founded by the poet Orynbay and Birzhan Sal. He is their pupil and continuer of poetic and artistic heritage. His creative activity was at the turn of two centuries.
Therefore, the study of his work was of particular interest to the next generation, for example:
the poet, public figure S. Seifullin, writer-academician S. Mukanov, explorers of the music of V. Erzakovich, A. Zataeevich, A. Zhubanov and playwright, fellow countryman Sh. .Husayinov. Sow the day, his creative heritage is borne by researchers in the person of E.Myrzakhmetov, T.Kazhybayev and other young scientists. In this article the above statements, opinions, criticism, generalizations of these researchers creativity Ukily Ybyray. But all the researchers of creativity Ukili Ybyrayaya agree that he is an outstanding personality, an outstanding poet, a great singer.