ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕ ЗАМАНАУИ ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ИНТЕЛЛЕКТУМ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРНЫ

Е.Б. Аубакиров1, О. Метин2, Р.Э. Тульбаева3
1педагогика ғылымдарының магистрі, «НұрОрда» халықаралық мектебінің директоры, Астана, Қазақстан.
2Intellectum бағдарламасының авторы, жоғары санатты мұғалім, Астана, Қазақстан.
3педагогика ғылымдарының магистрі, «Астана Білім Ордасы» әдіскері, Астана, Қазақстан.

ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕ ЗАМАНАУИ ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ИНТЕЛЛЕКТУМ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРНЫ

Мақалада қазіргі білім беру жүйесі мен Қазақстан республикасындағы жаңа оқу бағдарламасының ерекшеліктерін жетілдіру жолдары қарастырған. Мақала авторлары оқушылардың интеллектуалдық, тұлғалық, шығармашылық қабілеттерін арттырудың теориялық және іс-тәжірибелерін ұсынады. Нақтылы практикалық эксперименттер негізінде қол жеткізілген интеллектум бағдарламасының нәтижелерімен бөліседі. Сонымен қатар, мақалада 2020 жылға белгіленген 10 үздік дағдының Жаңа оқу бағдарламасымен байланысы кеңінен талқыланған. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттың бәсекелестігі мәселесі талқылау нысанына алынған.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік негізі ретінде француз ойшылы әрі ғалымы Мишель Монтеннің, балалардың когнитивті дамыту теориясының негізін салушы Жан Вильям Пиаже́нің, белгілі психологтар Лев Выготский мен Эрик Эриксонның, интеллекттің көпқырлылығы теориясының авторы Говард Гарднердің, балалардың ақыл-ой әдіснамасын зерттеуші, бағдарлама авторларының бірі Осман Метиннің тұжырымдары басшылыққа алынған.
Мақаланың ғылыми-практикалық негізі ретінде соңғы 5 жыл ішінде қолданылып келе жатқан Астана қаласындағы «НұрОРДА» халықаралық мектебіндегі бағдарлама тәжірибесі талданған. Бағдарлама контекстінде 4 дағды: тілдік, математикалық, өнер және ғылыми дағдылар синтезді түрде қамтылған.
Қазақстан республикасы 2050 жылы әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуді жоспарлап отыр. Бұл межеге нұсқаумен емес, әр азамат шығармашылық, интеллектуалды әлеуетін жүзеге асыра алғанда ғана кіреміз. Мақала авторлары орта білім аясындағы шығармашылық әлеуеттің дамуын (innovative potential, creativity) «Руxани жаңғыру бағдарламасы» аясында қоғамдық талқыға салатын басты міндеттердің бірі деп санайды.

Кілт сөздер: педагогика, ойын әдістері, дағдылар, мектепке дейінгі педагогика, интеллектум бағдарламасы, интеллект, білім, интеллектум.

КІРІСПЕ
Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесі, әсіресе орта білім беру саласында ауқымды, концептуалды өзгерістер жүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Бұл жердегі басты мақсат – оқушының пайдасына болатыны түсінікті. Жасалып жатқан өзгерістердің дені әлемдік білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтарға бағытталып отыр. Ол жаңашылдықтардың негізгі тұжырымдамасы нені көздейді? Бұрынғы білім беру жүйесінде нендей мәселелер назардан тыс қалды? Қазіргі оқылып бастаған жаңа оқу бағдарламалардың басты артықшылықтары қандай болмақ?
Бұл жерде бірден айтуымыз керек, жаңа оқу бағдарламасының негізінде, өзегінде – оқушылардың әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болуы көзделген. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласында «Біз, өз дәстүр құндылықтарымызды, ұлттық ерекшелігімізді сақтай отырып, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болуымыз керек. Басқалай жағдайда, біз тарих топырағының шаңына көміліп қаламыз» делінген [1, 2-4]. Иә, бәсекеге қабілеттілікте ұрпақ тәрбиесінің, оның біліктілігін, қабілетін айқындаудың, қалыптастыру жолдарының маңыздылығы ерекше. Әсіресе, баланың стандартталған бағдарламалардан бір сәт азат етіп, өзінің ішкі, туа бітті қабілеттерін дамытуы өте маңызды. Бұл тәсіл өз кезеңінде баланың өзін тез танып, өмірлік мұраттарын айқындауына септігін тигізеді. Жаһандық бәсекеде қандай да бір ел білім беруге тиімді, төте тәсілдерді басшылыққа алса, мазмұн мен іс-тәжірибенің синтезіне ие болса, сол ел озық шығады, жетістікке жетеді деген сөз.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Әрбір мемлекеттің негізгі қуат күші – адам капиталы. Ал адам капиталының ең негізгі өзегі білім беруде екені сөзсіз. Отандық білім беру жүйесінде аталған дағдыларды қалыптастыруға немесе жетілдіруге қатысты арнайы бағдарламар бар ма? Бар болса қаншалықты жүзеге асуда? Заманауи дағдылардың қайсысына иесіз? Дәстүрлі өтіп тұратын Әлемдік экономикалық форум /Wold Economic Forum/ 2015 жылы ағымдағы бес жылдықта сұранысқа ие болатын 10 негізгі дағдыны атап көрсеткен. Демек, 2020 жылды нысанаға алып жасалған дағдылардың реттілігі төмендегідей:
1. Проблемаларды кешенді түрде шеше білу – Complex Problem Solving
2. Сыни ойлау – Critical Thinking
3. Жасампаздық — Creativity
4. Адам басқара білу – People Management
5. Өзгелермен қарым-қатынасқа бейімділік – Coordinating with Others
6. Эмоционалды интеллект – Emotional Intelligence
7. Пікір қалыптастыру және шешім қабылдау – Judgment and Decision Making
8. Жүйелі де сапалы қызмет көрсете білу (сервис-ориентация) – Service Orientation
9. Өзара әрекеттестік пен келісім жасасу – Negotiation
10. Когнитивті икемділік (ақыл-ойдың өзгермелі құбылыстарға, жағдаяттарға жылдам бейімделуі) – Cognitive Flexibility
Бұл дағдылардың әрбіріне қатысты зерттеулер жүргізілген. Әрі олардың әрбірі бойынша заманауи еңбек нарығын, адамзаттың мәдени, рухани, психологиялық ахуалын, жалпы сұранысын зерттеп, талдап, сауалнамалар жүргізу нәтижесінде іріктелген. Сонымен қатар, кезекті форумға дейін аталмыш дағдылардың орналасу тәртібі өзгеріп отырады. Мәселен, 2015 жылы алтыншы орында тұрған креативтілік, осы тізімде екінші орынға көтерілген [2].
Тақырыптың ғылыми-әдістемелік негізі. Бала болмысы оның ойлау жүйесі, даму сатылары сан қырлы. Бұл мақалада біз балаларға арналған ақыл ойындарының /интеллект/ ерекшеліктеріне тоқталатын боламыз. Әйгілі швейцарлық балалар психологы әрі ойшылы, балалардың когнитивті дамыту теориясының негізін салушы Жан Вильям Пиаже́ бір еңбегінде: «Баланың ақыл-ой интеллектісін тану – қапастан ғауһар іздегендей асыл іс. Мұндай кіршіксіз мүмкіндік сізді де шексіз рахатқа жетелейді» деген. Өзінің «Баланың сөйлеуі мен ақыл-ой жүйесі» атты еңбегінде ғалым аталмыш тезистің астарын ғылыми тұрғыда ашып, талқыға салады. Мұндағы ғалымның алға тартатыны интеллекттің сан қырлылығы әрі оны классификациялау барысындағы әдістемелік түйткілдер барысы [3, 317322]. Ғалым ақыл-ой, яғни, интеллектуалды даму үдерісі мен адамның кезең-кезеңмен тұлғалық дамуының жақын ұқсастығын тапты.
Пиаже бойынша: сенсомоторлық интеллект (2 жасқа дейінгі балаларда); операциональды ойлануға дейінгі кезеңдік интеллект (2-ден 7 жасқа дейінгі аралық); нақтылы операциялды интеллект (7 мен 11 жас аралығында); шартты түрдегі қарым-қатынас интеллектісі (14-15 жасқа дейін). Демек, Пиаже көзқарасы «адамның дүниетанымдық, адамгершілік және өзге де сыпаттары оның ойлау әрі ойлана білу дәрежесіне байланысты» дегенге саяды. Жан Пиаженің баланың ақыл ой жүйесі жайлы өзге де еңбектерінде осы тақырыптың методологиялық негізі сараланған [4].
Қайта Өрлеу дәуірінің белгілі ойшылы Мишель Монтень «Баланың құштарлықтарына дейін түсіп, жетелей білу асқақ әрі күшті жандарға тән. Біз болсақ таудан түсуді білмейміз» деген екен. Шынтуайтында, білім беру жүйесінде баланың қабілеттерін кезең-кезеңмен дамыту, анықтау, бағыт беру ісі кемшін түсіп жатады. Француз ғалымының 1580 жылдары жарық көрген «Бала тәрбиесі туралы» атты еңбегінде: «Нам без отдыха и срока жужжат в уши, сообщая разнообразные знания, в нас вливают их, словно воду в воронку, и наша обязанность состоит лишь в повторении того, что мы слышали. Я хотел бы, чтобы воспитатель вашего сына отказался от этого обычного приема и чтобы с самого начала, сообразуясь с душевными склонностями доверенного ему ребенка, предоставил ему возможность свободно проявлять эти склонности, предлагая ему изведать вкус различных вещей, выбирать между ними и различать их самостоятельно, иногда указывая ему путь, иногда, напротив, позволяя отыскивать дорогу ему самому. Я не хочу, чтобы наставник один все решал и только один говорил; я хочу, чтобы он слушал также своего питомца, Сократ, а впоследствии и Аркесилай заставляли сначала говорить учеников, а затем уже говорили сами. Obest plerumque iis qui discere volunt auctoritas eorum, qui docent» [5, 23].
Білім берудің бастапқы мақсаттарының бірі болған өз мәселесін өзі шешетін тұлға болып қалыптасудың мәселелері әлі де болса шаш етектен. Баланың шынайы болмысын тану, тек ойын арқылы ғана жүзеге асатыны ғылыми тұрғыда дәлелденген тұжырым. Балалардың ойын ережелерін нақты, қатесіз орындауда өзін тексеру жақтарын күшейтеді. Ойын ақыл ой динамикасының негізі, әр аналитикалық ойлау мен өзіне-өзі сенімділік ұялатудың басты баспалдағы. Бұл тұжырымның теориялық және іс-тәжірибелік аспектін Л.С.Выготский жан-жақты ашып береді [6]. Ойын барысында ерекше көзге түсетін қабілет – ол эмоция. Баланың сезім-түйсігі, шығармашылық қабілеті, бәрі-бәрі сайып келгенде оның эмоциялық, тұлғалық интеллектін қалыптастыратын аса маңызды факторлар болып табылады. Ал эмоциялық интеллект деген не? Оның мектеппен, орта білім беру жүйесімен қатыстылығы қаншалықты деген мәселеге қатысты да тұжырымдар жеткілікті.
Мақаламыздың басында ХХІ ғасырға қажетті 10 дағдыны тілге тиек еткен болатынбыз. Солардың бірі — эмоциялық интеллект болатын. Эмоциялық интеллекті әркім әрқалай түсінеді және түрліше түсіндіріп келеді. Біздіңше эмоциялық интеллект дегеніміз Абайдың кәдуелгі «біреуінің күні жоқ біреуінсіз» дейтін «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста; Сонда толық боласың елден бөлек» дегені болса керек. Таным, сана-сезім, мінез-құлықтар, құндылықтар күнде өзгеріп жатқан ХХІ ғасырда эмоциялық интеллектке деген қажеттіліктің артары анық әрине.
Бір топ ғалымдар эмоциялық интеллекті дамыту мектеп жасынан басталуы керек және арнайы бағдарламалар дайындалып, жүйеге қойылуы керек деген ұсынысты алға тартады. Одан қалса эмоциялық интеллектісі жоғары адам IQ-і жоғары адамдарға қарағанда мықтырақ болатыны және көбірек жетістікке жететіні де айқындалып келеді. Бұл тұрғыдан алғанда, эмоциялық интеллект — адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі болмақ.
Баланың эмоциялық қабілеттерін ашуда интеллектум жүйесінің өзіндік орны бар. Тұлғалық интеллект пен бала болмысының ерекшеліктері мұнда, ең алдымен, түрлі жаттығулар арқылы эксперимент жүргізуге негізделген. Шығармашылдық ойлау қабілеті дамып, қоғамға көбірек пайдалы тұлға бола білуге көмектеседі. Әр ойын түрлі алаңда логика құруға бағыттайды. Стратегиялық ойындарда ойын құруды, өзгерген жағдайларға қарай жаңа жоспар құру және қарсыласының ойын анықтауды үйренеді. Сонымен қатар, стратегиялық ойындарда қарсылас болуға лайық деңгейде жетіледі. Жүйенің қолданылуымен оқушылар қоғамға пайдалы, әлеуметтік бағыты мықты және тіл байлығы мол тұлға болып қалыптасады. Жүйенің теориялық негізі ретінде Эриксонның еңбектерін арнайы атап кетуге болады. Э. Эриксон көзқарасы бойынша баланың және жалпы адамның дамуы ұдайы, үздіксіз жүретін процесс және ол ең алдымен қоршаған ортаға байланысты. Көбіне баланың әлеуметтік ортасына байланысты екендігін алға тартады. Ғалым бұл ойының теориялық негіздемесі мен классификациялық трактовкасы өзінің 1950 жылдары баспа бетін көрген «Childhood and Society» яғни «Бала және қоғам» атты еңбегінде кеңінен көрініс табады [7].
Интеллектум жүйесінде қолданылатын ойындар, оқушылардың сабақтағы үлгерімін жақсартуда: тың ойлау, мәселені шешу, топ құра алу және шығармашылықпен ойлауды мақсат етеді. Білім беруді жоғары деңгейде жүзеге асыруда балаларға мотивация беретіндей жаттығулар жасалады. Ойындардың иелендіретін қабілеттері баланың мектептегі жетістіктерінің жоғары деңгейге көтерілуіне көмектеседі. Сонымен қатар, оларға өмір сүруге қажетті қарым-қатынасты меңгеруге бағыттайды. Мотивацияға толы оқушылар алдына келген мәселелерді жақсылап анализдейді және түрлі шешім жолдарын табады. Түрлі жаттығулар арқылы эксперимент жүргізуде көзқарастары күшейеді. Шығармашылдық ойлау қабілеті дамып, қоғамға көбірек пайдалы тұлға бола білуге көмектеседі.
Әр ойын түрлі алаңда логика құруға бағыттайды. Стратегиялық ойындарда ойын құруды, өзгерген жағдайларға қарай жаңа жоспар құру және қарсыласының ойын анықтауды үйренеді. Сонымен қатар, стратегиялық ойындарда қарсылас болуға лайық деңгейде жетіледі. Жүйенің қолданылуымен оқушылар қоғамға пайдалы, әлеуметтік бағыты мықты және тіл байлығы мол тұлға болып қалыптасады.
Интеллекттің көпқырлылығы теориясының авторы Говард Гарднер «баланың санқырлы когнитивті қабілеттерінің арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ» деген тұжырымды алға тартады. Американдық психолог ғалымның пікірінше, баланың бір саладағы не бір пәндегі үлгерімі төмен болуы оның интеллектісінің төмендігін білдірмейді. Егер соны негізге алатын болсақ бұл өте қате пайым болып шығады. Бала бір тәсілді түсінбегенмен екінші жолмен тез түсінуі мүмкін немесе ол басқа салада алғыр болуы мүмкін деген тұжырымды ұстанады [8]. Осы тұрғыда, педагог, бастауыш сыныптардың практик оқытушысы О.Метиннің ұсынған бағдарламасында келесідей кең шеңберлі қабілеттер алаңы қамтылған. Олардың қатарында >>> :
 визуалды қабылдау алаңы
 ойлау дағдыларын қалыптастыру алаңы
 психомоторика алаңы
 математикалық алаң
 симметриялық тұрпат алаңы
 стратегиялық ойын алаңы
 шығармашылық алаңы
 өзгеше модельдер құра білу алаңы [9].
Интеллектум бағдарламасының практикалық негізі. Педагогтардың пайымында бала 13-14 жасқа дейін балалық болмысымен бірге өсу керек. Қазіргі стандартталған мектеп жүйесімен бірден ондай нәтиже бере алмайтыны да мәлім. Еркіндіктің аңсайтын балаға тәртіп ережелерден бір уақыт креативті алаң қалыптастыру аса маңызды. Бұған әрине, білім саласындағы жауапты тұлғалар да ата-ана да бірдей мүдделі болуы керек. Бұл бір күнде не бірер жылда еңсере салатын шаруа емес… Бірақ, кезең-кезеңімен ендірілетін, оқушының интеллектуалдық қабілетін кеңінен тануға жетелейтін кешенді жұмыс. Әрине, қазіргі 21 ғасыр бәсекелестік заманында кезек күттірмейтін жоба. Мұндай ойға қазақтың шын мәніндегі классик жазушысы Бердібек Соқпақбаевтан оқыған мына үзіндіден соң күмәнім қалмады: «Қазір маған оқудан ойын мың есе қымбат еді. Оқудың маған бүйтіп міндет болып келерін қайдан білейін. Мойынға бұғалық болып түсерін қайдан білейін!» [10, 249]. ХХ ғасырдың орта шенінде жарық көрген осы классикалық еңбекте ойынның бала табиғатының ажырамас бөлігі екені шынайы суреттелген. Жазушы Бердібек Соқпақбаев шығармалары өзінің ғұмырнамалық, іс-тәжірибеден өткізген жайттардың жемісі.
Білім берудің бастапқы мақсаттарының бірі болған өз мәселесін өзі шешетін индивид болып қалыптасуына үлесін қосады. Балалардың ойын ережелерін нақты, қатесіз орындауда өзін тексеру жақтарын күшейтеді. Мұғалімдердің оқушыларды түрлі ортада бақылаулары және оларды жақыннан тануға мүмкіндік туғызады. Ойындардың функцияналдық бағыты оқушыларға практикалық ойлау және жоспарлауды үйретеді. Мектеп кезеңінде және күнделікті өмірде қажетті аналитикалық ойлау қабілеттерін иеленулеріне және мұны орындай алуларына көмекші болады. Ойындардың түрлі ережелермен тұруы әр баланың адамдығына болымды әсерлер қалдырады. Жасаған жұмыстармен жетістікке жетуі оларға сенімділік ұялатады.
Соңғы 5 жыл көлемінде елімізде қолданылып келе жатқан Интеллектум жүйесінде 32 түрлі ойын негізге алынған. Алғаш 2014 жылы Астана қаласындағы «НұрОРДА» халықаралық мектебінде бағдарлама іске қосылған болатын. Содан бері, бүгінде еліміздің әр өңірлерінен 50-ден аса мектептерінде интеллектум бағдарламасы енгізіліп, өз нәтижесін беріп келеді.
Мектеп және курс ортасында сабақ ретінде жүргізілуі үшін дайындалған бағдарлама. Бұл бағдарлама әр жас топтарынан 32 және 35 аптаға дейінгі жоспарды ұсынады. Мұғалімдер үшін әр сабаққа дайындық және сабақ барысы түсіндірілген. Жүйе халықаралық жәрмеңкелерде арнайы таңдалған, бірнеше жылдар бойы мектепте эксперимент жасалған және жаттығулары нақтыланған ойындардан тұрады. Ойындардың мазмұны мен оқушылардың ақыл-ойы мен рухани жетілу кезеңдері ұзақ зерттеулер нәтижесінде белгіленген және бағдарламасы дайындалған. Әр ойын әлемнің ең сапалы фирмалары тарапынан өндірілген, сондықтан денсаулыққа ешқандай зияны жоқ. Оқушылардың белсенді ойын жаттығуларынан кейін көбірек мотивация және басқаша ойлау жаттығу кітаптары бар. Мектепке дейінгі кезеңдегі 4-6 жастағылар үшін дайындалған 96 және 112 беттік жаттығу кітаптары; 1-4 сыныптағыларға 96 беттік жаттығу кітаптары бар.
Мазмұны және түсініктеме бөлігінде берілген тақырыпты түсіндіруден бөлек көмек көрсету құпталмайды. Кітаптың негізгі мақсаты — оқушылардың берілген нұсқаулықтарды қабылдау деңгейлерінің байқау. Кітап соңында әр бетті жасай алу деңгейін көрсететін кесте орын алған. Кесте толтырылғаннан кейін әр оқушының жылдық нәтижесі көрінеді.
Интеллектум бағдарламасы жүзеге асырылу тұрғысынан да тиімді: ол зертханалық жұмыс ретінде немесе үйірме не жеке дәріс ретінде де жүргізіледі. Әдістемелік кітапта жүйенің барлық ерекшеліктері және жылдық жоспары орын алған. Әр ойынның орындау сыныппен және мерзіммен нақтылы түсіндірілді. Сабақтарға белгіленген сағат саны: мақсаты мен күтілетін нәтижелері, сабаққа дайындық және сабақ барысы болып 3 бөлімде ұсынылды. Әр ойынды орындау барысының қиындығына қарай тәжірибеде қолданылған әдіс-тәсілдер берілді. Сонымен қатар әдістемелік кітапта мақсат ережелер, ойынға тән терминдер және бағалау кестесі орын алды. Бақылау бағалау бөлімінде балалардың ойын барысында немесе соңында мұғалімнің жасайтын бақылауларға көмекші критериялар берілді. Ойын түсіндірілімінің соңында сынып тізімі мен өлшеу нәтижелерін, сыныптағы оқушылар үлгерімінің орта деңгейін анық байқауға негіз болады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі заман білім саласының айтулы зерттеушісі, педагог, новатор Кен Робинсон /Ken Robinson/, бүгінгі білім беру жүйесіне креативтілік, сан алуандық қасиет жетіспейтіндігін жиі айтып келеді. «Болашақтың мектебі» атты кітабында ағылшын ғалымы былай дейді: «Балалардың қабілеті сан қырлы. Бірақ, біз оларға қасаң бір қырлы стандартта білім бергіміз келеді. Біз әлі күнге дейін аграрлық, өндірістік жүйеге негізделген орта білімнен арыла алмай келеміз. Бұл жүйе адамның сан қырлы интеллектуалын танудан гөрі жансыз өндірістің жүйенің қажеттіліктерін өтеуге ыңғайлы» [11, 211-218].
Қазақстан республикасы 2050 жылы әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуді жоспарлап отыр. Бұл межеге нұсқаумен емес, әр азамат шығармашылық, интеллектуалды әлеуетін жүзеге асыра алғанда ғана кіреміз. Шығармашылық әлеуеттің дамуы (innovative potential, creativity) — отбасыдағы еркіндіктен, ал оны жүзеге асыру — қоғамдағы еркіндікке байланысты. Бұл да өз кезеңінде «Руxани жаңғыру бағдарламасы» аясында қоғамдық талқыға салатын басты міндеттердің бірі деп санаймыз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н. Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар // «Егемен Қазақстан», 2017 ж.
№0091
2. www.weforum.org/reports/
3. Пиаже Ж. Речь и мышление ребенка. – М., 1984.
4. Пиаже Ж. Психология интеллекта. – М., 1998; Пиаже Ж. Генезис числа у ребёнка. М., 2001.
5. Монтень М. О воспитание детей. – М., 1992.
6. Выготский Л.С. Мышление и речь. – М., 2012.
7. Эриксон Э. Детство и общество (Childhood and Society). – М.,1950.
8. Гарднер Г. Структура разума: теория множественного интеллекта = Frames of Mind. The Theory of Multiple Intelligence. – М., 2007.
9. Метин O. Egitimde akil oyunlari /Білім берудегі интеллект ойындар/– Istanbul, 2015.
10. Соқпақбаев Б. Менің атым Қожа. – А., 2012.
11. Робинсон К. Школа будущего. – М., 2014.


Е.Б. Аубакиров1, О. Метин2, Р.Э. Тульбаева3
Роль программы интеллектум в формировании современных навыков в среднем образовании
1,2Международная школа «НұрОрда», Астана, Казахстан. 3«Астана Білім Ордасы», Астана, Казахстан. В статье рассматриваются пути совершенствования особенностей современной системы образования и новой учебной программы в Республике Казахстан. Авторы статьи представляют теоретические и практические способы повышения интеллектуальных, личностных и творческих способностей учащихся, и делятся с результатами программы интеллектум, достигнутых на основе конкретных практических экспериментов. Кроме того, в статье широко обсуждается связь 10 лучших навыков, намеченных к 2020 году, с Новой учебной программой. Центральной темой обсуждения является вопрос конкурентоспособности нации в программной статье Главы Государства Н.А.Назарбаева «Вгляд в будущее: модернизация общественного сознания».
В качестве научно-методической основы исследования приняты концепции французского мыслителя и ученого Мишеля Монтена, основателя теории когнитивного развития детей Жана Вильяма Пиаже́, известных психологов Льва Выготского и Эрика Эриксона, автора теории множественного интеллекта Говарда Гарднера, исследователя методологии детского интеллекта, одного из авторов программы Османа Метина.
В качестве научно-практической основы статьи анализирован опыт программы международной школы «НурОрда» в городе Астана, применяемой в течение последних 5 лет. В контексте программы в синтетической форме охвачены 4 навыка: языковой, математический, научный и навык искусства.
Республика Казахстан планирует войти в ряд 30-ти наиболее развитых государств мира к 2050 году. Мы достигнем этой цели не с помощью указаний, а лишь при том условии, что каждый гражданин сможет реализовать свой творческий и интеллектуальный потенциал. Авторы считают, что развитие творческого потенциала (innovative potential, creativity) в среднем образовании является одной из задач, требующей общественного обсуждения в рамках «Программы модернизации общественного сознания».

Aubakirov Y.B.1, Metin О.2, Tulbayeva R.Y.3
The role of the intellectum programme in developing modern skills in secondary education
1,2International school «NurOrda», Astana, Kazakhstan. 3 «Аstana Bilim Ordasy», Astana, Kazakhstan..
This article considers the ways of improving characteristics of the modern education system and the new education program in the Republic of Kazakhstan. The article authors present theoretical and practical means of enhancing students’ intellectual, personal, and creative abilities. The authors also share the results of the intellectum program achieved on the basis of specific practical experiments. Furthermore, the article extensively discusses the connection of 10 best skills projected by 2020 with the New Education Program. The key topic of the discussion is an issue of the nation competitiveness in the policy article of the Head of State N.A.Nazabayev “the
Course towards the Future: Modernization of Public Conscience”.
The concepts of a French thinker and scholar Michel de Montaigne, a founder of the children’s cognitive development theory Jean William Piaget, renowned psychologists Lev Vygotsky and Erik Erikson, an author of the multiple intelligences theory Howard Gardner, a researcher of the childhood intellegence methodology and one of the program authors Osman Metin are taken as a research and methodological basis.
The experience of the program of the international school “NurOrda” in the city of Astana which has been applied for the past 5 years has been analyzed as the article’s research and practice basis. The program involves 4 skills in the synthetic form: linguistic, mathematic, scientific, and art.
The Republic of Kazakhstan is planning to enter the circle of the world’s 30 most developed states by 2050. We will achieve this goal not by following instructions, but only by ensuring that every citizen can fulfil his/her creative and intellectual potential. The authors believe that the development of creative potential (innovative potential, creativity) in secondary education is one of the concerns that needs to be publicly discussed within “the Program of Modernization of Public Conscience”.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *