КӨРКЕМ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДЫ АУДАРУ ПРОЦЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ

Ақерке Бескемер
“Аударма ісі” мамандығының 2-курс докторанты, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана, Қазақстан

КӨРКЕМ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДЫ АУДАРУ ПРОЦЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ

Мақала аударматану ғылымы ішінде өзінің өзектілігін ешқашан жоймайтын, әлі де жіті зерттеуді қажет ететін көркем аударма мәселесі көтеріліп отыр. Себебі аударманың бұл күрделі де, маңызды түрі аудармашы тарапынан ерекше жауапкершілікті, кәсіби шеберлікті қажет етеді. Осы орайда автор мақалада аударма процесінің негізін түсіндіру үшін қажетті, оның ішінде көркем аударма барысында қолданылатын негізгі теориялық модельдерді анықтап, мақаланың негізгі бөлімінде әр қайсысына жеке-жеке сипаттама беріп, оларды мағыналық-құрылымдық жағынан топтасытруға тырысқан.
Сондай-ақ, аударматану ғылымы аясында қалам тербеген бірқатар отандық және шетелдік ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып, талдау әдісі арқылы жазылған зерттеу барысында заманауи аударма ғылымының басқа да теориялық мәселелеріне аса мән беріліп, мысалдар арқылы айқындалып тоқталған.

Кілт сөздер: көркем аударма, аударма модельдері, семантикалық модель, трансформациялық модель, психолингвистикалық, коммуникативті және ақпараттық модельдер.
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда заманауи аударма ғылымы бірқатар теориялық және практикалық мәселелерді шешуді жүзеге асырумен айналысады, солардың қатарына аударманың «сәйкестілігі» және «баламалылығы» мәселелерін зерттеу де жатқызылады. Аударматану саласындағы белгілі ғалымдар (В.Н. Комиссаров, А.Д. Швейцер, А.В. Федоров, Я.И. Рецкер,
В.Г. Гак, Л.C. Бархударов, B.C. Виноградов, В.В. Алимов, Ж.А. Жақыпов, С. Талжанов, С.Абрадманов және т.б.) өз еңбектерінде бұл терминдер туралы жан-жақты мәлімет берсе де, бұл ұғымдардың нақты сипаттамасы әлі де келтірілмегендігі айта кеткен жөн. Шын мәнінде, «сәйкестік» ұғымы түпнұсқа мәтінінің мазмұнының да, түрінің де дәл берілуін қамтамасыз ететін аударма шарттары болып табылады. Осы мақала аясында аудармадағы модельдеу мәселесіне, яғни аударма процесінің негізін түсіндіру үшін қажетті теориялық модельдерді қолдану туралы сөз қозғайтын боламыз.
Аударма модельдері әдетте әрекеттердің үздіксіз жалғасын баяндау үшін қолданылады.
Аталған уақытта ең көп таралған аударма модельдерінің қатарына семантикалық, ситуативті (денотативті, формальді), трансформациялық, психолингвистикалық, коммуникативті және ақпараттық модельдер жатқызылады [1;97].
Аударма модельдерінің әрқайсысы оның жеке бір бөлігін сипаттайды; бұл кезде модель аппараты аудармашының әрекеттері сол модельдің талаптары мен қарарларына сәйкес жүргізілуін қадағалайды. Сол секілді модельдердің көбісі аударманы сызба не кесте түрінде бейнелейді; бұл сызбалар фазалар мен кезеңдерден тұрады және аударма мәтінінің жасалуындағы операциялардың ілеспелілігін анықтайды да тілдік бірліктердің бара-барлығы мен жалпы мәтіннің тұтас дәлдігіне қол жеткізуге мүмкіндік туғызады. Міне осы қасиеті модельдерді аударманың тәсілдері мен түрлерінен айрықшалап тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Аударманың қандай да бір нақты түрін сипаттау үшін модельдердің кез келгені негізгі, тіпті қалаулы болып саналуы мүмкін. Көркем әдеби туындының аудармасы аудармашылық модельдердің негізгі үш түрін қамтиды. Олар: семантикалық, ситуативті және коммуникативті [2;198].
Ситуативті модель. Аударманың ситуативті-денотативті моделі дегеніміз барлық тілдік таңбалардың мазмұны шынайы өмірдің қандай да бір заттарын, құбылыстарын не қатынастарын суреттейтін жағдай. Шынайы өмірдің тілдік таңбалар арқылы сипатталатын заттары денотаттар деп аталады [2;207]. Шынайы өмірдегі жағдайлар бұл сол денотаттар мен олардың арасындағы қатынастардың қосылысынан тұрады. Сәйкесінше, сөйлеудің қысқа нұсқаларында шынайы өмірдегі қандай да бір жағдай туралы ақпарат жатады. Ситуативтіденотативті модельдің негізіне тиесілі келесі хабарлама мынадай: кез келген жағдай негізінде, кез келген тілдің құралдары арқылы суреттелуі мүмкін, мұны ортадағы адамдардың тілдерінің алуан түрлілігіне қарамастан, олардың біртұтас қоғам ретінде қалыптасуы арқылы айқын көрсетуге болады. Бір құбылысты бірнеше тілдің бірліктері арқылы әртүрлі қылып суреттеуге болады, яғни қандай да бір тілде сәйкес атаудың болмаған жағдайында да мұндай сипаттаманы жүзеге асыруға болады.
Жоғарыдағы тұжырымға сүйене отырып аталмыш модель аударма процесін келесі жолмен суреттейді. Түпнұсқа тілдің мәтінін (немесе оның сегментін) қабылдау сатысында аудармашы тілдік таңбалардың мағыналары мен олардың байланыстарын сарапқа ала отырып, ол таңбаларға нақты қандай денотаттар қажет екендігін және шынайы өмірде сол денотаттардың қосылысы нақты қандай жағдайды сипаттайтындығын жан-жақты анықтап алады. Аудармашының санасында өзі сипаттағалы отырған жағдай туралы қандай да бір түсінік, яғни шынайылықтың үзігін бейнелейтін қандай да бір сурет қалыптасқаннан кейін, ол осы жағдайды өзге тілдің құралдары арқылы сипаттап шығады. Осы модельді жасап шығарып, «интерпретация» деп атаған И.И.Ревзин мен В.Ю.Розенцвейгтің түсіндіруінде бұл модель келесі түрде көрінеді. Жіберуші А, хабарламаны алушы В және оларды байланыстырушы аудармашы С жағдайдың басты кейіпкерлері саналады, А қандай да бір түпнұсқа тілін қолдана отырып, В-ға шынайы өмірдегі жағдай туралы хабарлама жібереді, аудармашы тұпнұсқа тілінің жүйесін пайдалана отырып, А мен В-ның арасына байланыс орнатады, содан кейін аударма тілінің жүйесін пайдалана отырып, хабарламаны В алушыға жеткізеді. В алушы өз кезегінде аударма тілінде алынған хабарламаны ой елегінен өткізіп, нақты жағдай туралы өзінің түсінігін қалыптастырады. Басқаша айтқанда, аудармашы қандай да бір сөйлеу тізбегін қабылдап алып, оны жағдаятқа көшіреді, сол жағдаятты жіті қарастырады. Бұдан кейін өзі әуелде қабылдап алған тізбектен мүлдем бас тартып, тек қана жағдаят дәрежесінде хабарлама құрастырады да, жаңа жағдаят туралы қабылдап алушы тұлғаға хабар етеді. Бұл процестің нұсқасы ретінде И.И.Ревзин мен В.Ю.Розенцвейг «өзіндік аударма» деп атаған қысқа процесті алуға болады [3;67].
А шынайы өмірдегі Д жағдаяты туралы С-ға хабар береді, бірақ П С1 хабарламаны қабылдап алып, одан шынайы өмірдегі жағдаятқа емес, ортаны байланыстырушы тілге, яғни ТТ мен АТ арасындағы яғни, сәйкестіктер жүйесіне көшеді. АТ көмегімен ол С2 хабарламасын жасайды, сол хабарламаны содан кейін шынайы өмірдегі жағдаяттың сипаттамасы ретінде алушыға жеткізеді. Байқалып тұрғандай, бұл процесс шынайы өмірде орын алған жағдаяттың тікелей қатысуымен жүзеге асады. Тілдің бір жүйесінен екінші жүйесіне көшу алдын-ала белгіленіп қойылған сәйкестіктер сызбасының көмегімен жүргізіледі. Бірақ, аталмыш сәйкестіктер сызбасы орнатылып жатқан кезде осы категорияларды өзге тілде де сипаттауға болатын шынайы өмір мен жағдаяттар легі есепке алынуы аса маңызды. Мұның барлығы бұрын осылай болатын. Ситуативті-денотативті модель кей жағдайларда бақыланатын деректерді өте жақсы түсіндіреді. Сондай жағдайлардың қатарына берілген денотатты білдіретін тілдік бірліктің аударма тілінде болмауы жатқызылады. Бұл жағдайда аудармашы ТТ таңбасы арқылы құбылыстың негізі мен қасиетін түсініп алады да, аударма тілінде аталмыш жағдаятты сипаттап айту үшін аудармалық тәсілдің қайсысы сәйкес келетіндігі туралы ойланады. Ол жаңа таңбаны жасауы мүмкін (beatnik — битник), ТТ бар таңбаның қызметін кеңейтіп те пайдалануы мүмкін (American-firster — ура-патриот) немесе түсіндірмелі аударманы пайдалануы мүмкін (Asiafirster — Азиядағы белсенді саясатты жақтаушы). Аталмыш модель жағдаяттың түпнұсқа тілінде берілген тілдік құралдарынан тәуелсіз түрде, аударма нұсқасын таңдап алу кезінде аударма процесін дәл суреттейді. Түпнұсқадағы жағдаятты зерттеген аудармашы оны АТ оны берудің бір ғана жолы бар екендігін (Fragile — «Осторожно, стекло», «Абай болыңыз, шыны» instant coffee — «растворимый кофе», «ерітілетін кофе»), немесе бірнеше тәсілдердің арасында жалпылай қабылданған ортақ бірінің бар екендігін (Keep off the grass — «По газонам не ходить», «Шалғынмен жүруге тыйым салынады») көз жеткізеді [4; 133].
Аударманың басты мақсаты түпнұсқада нақты не толықтай сипатталмаған жағдаяттарды суреттеп көрсетуде де жатуы мүмкін. Бұндай жағдайда, мәселенің аныққанығын жақсы түсінетін аудармашы АТ құралдары арқылы толықтырулар мен түзетулер енгізіп, хабарламаны дәл сипаттауға қол жеткізеді. Шныайы өмірге иек арту аударма мәтінінде жалпы сәйкестікті пайдаланудың дұрыс не бұрыстығын тексеру қажет болған жағдайда орындалады. Бұл ретте осы мәселеге қатысты В.Н.Коммиссаров қызықты мысал келтіреді. Ағылшын тіліндегі «X was baited by the right» сөйлемін аудару үшін, аудармашы to bait — етістігінің жалпылай қолданылатын «қорлау» (травить) мағынасын пайдалануға ұмтылуы мүмкін, сонда сөйлемнің аудармасы «X оң тараптағылар жағынан көп қорлық көрді» немесе «Оңшылдар X қорлады» түрінде көрінеді. Әйтсе де, егер Х орнына «Рузвельт» есімін алсақ, онда аталмыш сәйкестік жөнсіз көрінеді (В.Н.Комиссаровтың жазуынша, елде алпауыт сенім мен билікке ие болып, президенттікке төрт рет сайланған адамның қорлыққа ұшырауы ақылға сыймайды)[1;76]. Шынайы өмірге иек арту арқылы біз етістіктің алғашқыдан сәл жұқалау мағынасы бар — «күтпеген соққыларға тап болды» етістігін табамыз. Ситуативті-денотативті модельдің артықшылығы, аудармашының шынайы өмірге иек арту әрекеттерін түсіндіруге мүмкіндік беретін, аударма процесінің ерекшеліктерін қамтуында жатыр. Бірақ оның түсіндіру мүмкіндігі шектеулі. В.Н.Комиссаровтың пікірінше, ол түпнұсқадағы жағдаятты аударма тіліне дәл сол қалпында аудару кезінде іске аспайды, өйткені бұл жағдайда тіларалық коммуникация орындалмайды; аударманы қабылдаушы өзге мәдениетке тиесілі болуының әсерінен, суреттеуден ешқандай қорытынды шығармайды
[1;78].
Ситуативті-денотативті модель аударма тілінде түпнұсқада суреттелген жағдаят қана емес, сол жағдаяттың суреттелуі сақталған жағдайда да, сол секілді тілдік құралдардың мағынасының негізгі бөлігі сақталған кезде де орындалмайды. Осы соңғы ескертумен келісуге болмайтын да болар. Практикалық жағдайда аудармашы әрдайым шынайы өмірге иек артып отыратын тәрізді, өйткені түпнұсқада нақты ненің суреттеліп жатқандығы, шынайы өмірдің нақты қандай фрагменті барлығын түсінбей шектелген жағдайларда ғана аударманың толыққанды болып шығуына кедергі келтірмейді. Аударма барысында жағдаятты суреттеу тәсілі мен тілдік құралдардың қандай да бір бөлігін сақтап қалу аударма басқа модель арқылы орындалып жатыр деген сөз емес. Аударма бар болғаны берілген фрагменттің ТТ мен АТ бірдей тәсілмен суреттеліп отырғанына көз жеткізіп(My brother lives in Moscow — «Мой брат живет в Москве», «Менің ағам Мәскеуде тұрады»), суреттеудің өзге тәсілдерін іздеуден бас тартқан.Ал аударма процесін, яғни бір тілдегі хабарламаны екінші тілдегі хабарламаға көшіруді шынайы өмірге иек артусыз жүзеге асыру аударманың барлық салаларына тән деп санаған И.И.Резин мен В.Ю.Розенцвейгтің пікірі расында қарсылықтар тудырады, өйткені көбінесе мұндай құбылыс ілеспелі аудармашылардың әрекеттерінен байқалады, ал интерпретациялық аударма (шынайылыққа жүгіну) көркем туындыларды аударуда көп кездеседі. Бұл ретте аударманың кез келген процесінің құрамына қабылдау, сараптау, түпнұсқаны интерпретациялау сатылары енетіндігін айтып кеткен жөн, ал интерпретацияның негізгі мақсаты тілдік таңбалардың астарына жасырынған шынайылықты анықтау болып табылады. Жіті түсінілмеген түпнұсқалық мәтін аударманың нысаны болып санала алмайды [4;169].
Аударманың денотативті теориясына жақын идеялармен біз аударылу, аударылмау және толықтай аударылу мәселелерін талқылау барысында жолықтық. Универсалистік көзқарастар барлық тілдердің шығу тегінде өзара ұқсас екендігін нұсқаған болатын.Тілдерді арасындағы тектік ұқасатық неден көрінеді?- деген сұраққа денотативті теорияны жақтаушылар қоршаған ортадағы кез келген заттың, құбылыстың денотат түрінде қызмет атқаратындығын алға тартып, жауап береді. Қоршаған шынайы ортаны барлық тілдер бейнелейді және олар денотаттар арқылы бірігеді. Кей кезде денотаттар қызметінде тұтас жағдаяттар да көрінуі мүмкін. Осынад келіп, теорияның екінші атауы – аударманың денотативті теориясы атауы шығады. Жағдаят бұл кезде қандай да бір қарым-қатынастарға түсуші денотаттардың жиынтығы болып түсініледі. Аударманың мұндай моделі Дж.Кэтфордтың және В.Г.Гактың жұмыстарында көп пайдаланылған[6;165]. Денотативті теорияның логикасы мынадай. Адам бақылап және өзі бейнелейтін әлем ол барша адамзатқа ортақ. Кез келген тілден сыртқы түрі мен айшықталуы әртүрлі болғанымен, бір реалияны нұсқайтын сөздерді табуға болады. Бұдан шығатын қорытынды, тіларалық коммуникацияның мазмұны болып экстралингвистикалық шынайылық саналады, ал денотативті теорияға сәйкес аударма теориясы бұл түпнұсқа тілінде көрсетілген денотаттардың аударма тілінде сипатталуы болып табылады. Түпнұсқа тіліндегі мәтінді қабылдап алған аудармашы ТТ бірліктерін сәйкес денотаттармен және обьективті шынайылықтың фрагменттерімен біріктіреді. Бұдан соң сол денотаттарды анықтап, суреттейді, бірақ бұл жағдайда ТТ емес, АТ құралдарын пайдаланады. Әдетте аудармашы ТТ мен АТ нақты қай тілдік бірліктері бірдей денотаттарды суреттейтіндігін алдын-ала біліп отырады. Сондықтан оған оларды сәйкес денотаттармен салыстырып жатиу қажет емес, аудармашы бар болғаны ТТ бірліктерін сәйкес АТ бірліктерімен ауыстыра салады. Әйтсе де, мұндай қысқа әрекетті жүзеге асыру үшін шынайылықтың бір фрагментін белгілейтін ТТ мен АТ тілдік бірліктерінің сәйкестігіне қол жеткізілген болу керек.
Аударманың трансформациялық моделі. Аударманың трансформациялық моделі (теория) Н.Хомскийдің трансформациялық грамматикасына сүйенеді. Трансформациялық грамматика лексемалардың жалпылығы және негізгі логикалық-синтаксистік байланыстарымен сипатталатын синтаксистік құрылымдардың туындауы ережелерін қарастырады. Трансформациялық грамматикаға сәйкес синтаксистік құрылымдардың барлық мүмкін түрлері логикалық-синтаксистік қатынастары айтарлықтай жеңіл көрінетін қарапайым, ядролық құрылымдардың шектелген санына дейін қысқартылуы мүмкін[5;56]. Мәселен, А.Д.Швейцер, мынадай мысал келтіреді: ағылшын тіліндегі ядролық құрылым ретінде қарастырылып отырған John hit Bill сөйлемінен трансформалардың айтарлықтай түрлерін жасап шығаруға болады:
Bill was hit by John.
John’s hitting Bill.
Bill’s being hit by John. ¦
The hitting of Bill by John.
It was John who hit Bill.
It was Bill who was hit by John.[6;87].
Немесе басқа бір мысалды алайық егер «Бала оқып отыр» сөйлемін ядролық құрылым ретінде алсақ, (предикативті құрылым «әрекетті орындаушы — әрекет»), онда трансформациялық грамматиканың ережесіне сәйкес одан келесі туындыларды шығаруға болады «Баланың оқуы», «Оқып отырған бала», «Баланың оқығаны», және бұлардың барлығында «әрекетті орындаушы-әрекет» негізгі қатынасы сақталып қалған. В.Н.Комиссаровтың нұсқауынша, құрамын жасамдайтын бірліктердің формасы жағынан айырмашылықтары бар бұл трансформаларда мазмұн тұтастығы сақталған. Жай құрылымдардан ядролық құрылымдардың айырмашылығы оларда мағыналық байланыстар әрдайым нақты және дәл көрінеді: зат әрдайым зат есіммен беріледі, ал процесс әрдайым етістікпен сипатталады, субьект әрқашан бастауыш болып көрінеді, ал обьект толықтауыштың қызметін атқарады, бір сөзбен айтқанда, жай құрылымдарды ядролық құрылымдарға ауыстыру процесі әуелгі мәтіннің грамматикалық және семантикалық категориялары арасындағы бірмәнді сәйкестіктердің орнатылуы немесе грамматикалық құрылымдардың бірмағыналы интерпретациялануына қол жеткізу тәсілі болып табылады.
Аударманың трансформациялық теориясының ережелеріне сәйкес аударма процесі негізгі үш кезеңнен тұрады: 1) сараптау кезеңі — түпнұсқаның құрылымдары (жай) ТТ ядролық құрылымдарына өзгертіледі, яғни түпнұсқа тілінің шегінде трансформациялар жүзеге асады; 2) ауыстыру кезеңі — ТТ ядролық құрылымының оған балама АТ ядролық құрылымымен өзгерту (тіларалық трансформация); 3) синтездеу кезеңі немесе қайта жасамдау — АТ ядролық құрылымы АТ жай құрылымына, яғни мәтіннің негізгі құрылымына көшеді. Соңғы кезеңге қатысты есте тұтатын жайт, кез келген тілдің қорында кездесетін нұсқалар, синонимдес бірліктердің өз арасында стилистикалық айырмашылықтары болғанымен, олар аударма тіліне әуелгі қалпында көшірілуі мүмкін, сондықтан АТ ядролық құрылымын АТ жай құрылымына қайта жасамдау кезеңінде стилистикалық шектеулер пайдаланылуы тиіс. Аталмыш модельге өз пікірін білдірген
А.Д.Швейцер Ю.Найданың мысалын келтіреді. Оның ойынша, аудармашының әрекеті өзенді тасқыны көп не ең терең жерінен кесіп өтудің орнына, жағаны бойлай жүріп, ең қауіпсіз жерді айналыс жолмен табатын саяхатшының әрекетімен бірдей болады[9;54]. А.Д.Швейцер нақты аударманы жүзеге асыру үшін трансформациялық модельді қолданудың мысалын келтіреді. Әуелгі мысал ретінде ағылшын тіліндегі The White House pressurized the Senate into reconsidering its decision сөйлемі алынады. Кері трансформация әдісі арқылы екі ядролық құрылым алынады: The White House pressurized the Senate. The Senate reconsidered its decision. Осы кезеңде бұдан әрі аса құнды ақпаратты жоғалтып алу қаупі туындайды: яғни екі ядролық сөйлем арасындағы мағыналық байланыс жоғалып кетпеуі керек (себеп – салдар). Мұндайға жол бермеу үшін, ядролық сөйлемдерді бір күрделі сөйлемге айналдырамыз, олардың арасындағы мағыналық қатынас жалғаулықтар, есімдіктер мен өзге де синтаксистік құралдардың көмегімен қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде біз төмендегі сөйлемдердің біріне қол жеткіземіз:
1) The White House pressurized the Senate and it reconsidered its decision.
2) The White House pressurized the Senate so that it should reconsider its decision.
Бұдан әрі аударманың келесі кезеңі орындалады — ауыстыру кезеңінің нәтижесінде келесі нұсқалардың біріне ие боламыз (контекстке байланысты ) :
1) Белый дом оказал нажим на сенат, и тот отменил свое решение.
2) Белый дом оказал нажим на сенат, чтобы тот отменил свое решение.
1) Ақ үй сенатқа қысым жасады да, ол өз шешімін өзгертті
2) Ақ үй сенаттың өз шешімін өзгертуі үшін қысым жасады [6;876].
Мұндай нұсқалардың соңғы болуы міндетті емес. Аталмыш жағдайда біз жартылай ядролық деңгейде тұрмыз. Бұдан әрі аудармашы контекстті, мәтіннің стилистикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, ТТ жай құрылымдардың баламалылылығын барынша дәл беру үшін, АТ қосымша өзгертілген құрылымдарды жасамдайды деп күтіледі. Аудармалық әрекетті зерттеу үшін трансформациялық модельдерді пайдалану аса пайдалы деп саналады. В.Н.Комиссаров аталмыш модельдің келесі артықшылықтарын алға тартады:
1) трансформациялық теория араларында барабарлық қатынастары бар әртілді формаларды салғастыра зерттеуге баса ден қояды, бұл өз кезегінде нақты екі тілдің арасындағы аудармалық қатынастардың жүйесін сипаттауға мүмкіндік беретін теориялық базаны құруға мүмкіндік береді;
2) трансформациялық модель аудармалық трансформациялардың әртүрлі түрлерін анықтауға мүмкіндік береді;
3) аударма процесін тілдің өз ішіндегі трансформациялармен байланыстырудың айтарлықтай пайдасы бар, өйткені АТ сәйкестіктері жоқ шетел тіліндегі аудармалық құрылымдарды аудару барысын түсіндіруге мүмкіндік береді. Мәселен, ағылшын тіліндегі She is a poor letter-writer құрылымының орыс не қазақ тілінде мүлдем сәйкестігі жоқ.
Аударма процесінің алғашқы сатысында бұл құрылымды сол тілдің өз шегіндегі ядолық құрылымға айналдырады: She writes letters poorly.
Екінші сатыда ТТ-дағы ядролық құрылымды АТ ядролық құрылымға айналдыру жүзеге асады: «Она пишет письма плохо», «Ол хаттарды нашар жазады». Содан кейін АТ ядролық құрылымды аударма тілінің жай құрылымына айналдыру процесі орындалады: «Она не умеет писать письма», «Ол хат жаза алмайды». Сонымен бір мезетте, аударманың кез келген өзге моделі секілді трансформациялық модельдің де өз кемшіліктері бар. Олардың қатарына мыналар жатқызылады:
1) трансформациялық модель аудару процесінің үшінші сатысында мүмкін трансформалардың ішінен нақты қайсысын таңдау керектігін түсіндірмейді (өйткені осы модельге сәйкес, трансформациялар әртүрлі тілдердің шегінде орындалады, сәйкесінше бастапқы және соңғы құрылымдар бірінен бірі мүлдем тәуелсіз болады };
2) трансформациялық модель ұқсас құрылымдарға келтірілмейтін құрылымдардың арасында барабарлық қатынастарының қалыптасу процесін түсіндіре алмайды: The split in the Democratic Party elected Lincoln. «В результате раскола в демократической партии к власти пришел Линкольн», «Демократиялық партияда келіспеушіліктердің пайда болуы салдарынан билікке Линкольн келді».
3) трансформациялық модель Fragile —«осторожно, стекло», «абайлаңыз шыны» секілді құрылымдар арасындағы барабарлық процесін түсіндіре алмайды. А.Д.Швейцердің пікірінше, өзеннің арғы бетіне өту мүмкіндігі бар жерден айналма жол іздеудің мүлдем мәні жоқ. Толықтай алғанда, осы модель туралы сөз қозғағанда, А.Д.Швейцер грамматикалық трансформациялар расында әуелгі мәтінді семантикалық сараптаудан өткізудің тәсілдерінің бірі ретінде қызмет атқаратындығын атап көрсетеді, ол сол секілді соңғы тіркесті құрастыру формаларының бірі ретінде де көрінеді. Әйтсе де аударманы тек қана грамматикалық трансформациялармен шектеу дұрыс емес, өйткені аудармада сол секілді лексикалық – синтаксистік ауыстырулар, семантикалық модификация және ситуативті – прагматикалық факторлармен шартталған. Сонымен, трансформациялық аударма моделі әмбебап сипатқа ие бола алмайды, өйткені оның мүмкіндіктері шектеулі саналады[7;43].
Аударманың семантикалық моделі. «Екі мәтіннің мазмұнының ұқсастығы дегеніміз, (соның ішінде әртүрлі тілдердегі екі мәтіннің де) осы мәтіндердің мазмұнын құрамдайтын мағыналық элементтердің барлық не бірқатары өзара бірдей» деген сөз екендігі даусыз». Осыдан шығатын қорытынды, аударманың семантикалық моделі дегеніміз, түпнұсқаның мәтінінен мағыналық элементтерді ерекшелеп алып, АТ дәл осындай мағыналық элементтерді құрамдайтын бірліктерге сәйкестендіру.
Аударманы жүзеге асыру барысында туындайтын қиындық, түпнұсқаның әрбір бірлігінің мазмұнына енетін қарапайым мағыналардың құрамын анықтауда жатыр.Бұл мәселені шешу үшін, берілген бірліктің мазмұны сол тілдің өз шегіндегі оған жақын, белгілі бір семантикалық қатынасқа түсетін екінші бірліктің мазмұнымен салғастырылатын дифференциалды белгінің көмегімен анықталады. В.Н.Комиссаровтың мысалын пайдаланып көрейік. Мысал ретінде алынған «студент» сөзінің келесі қарапайым мағыналары бар: 1) «оқытылушы» — «мұғалім емес»; 2) «ЖООда білім алушы» — «оқушы емес»; 3 «жекеше түр» — «студенттер емес». Қазақ тіліндегі бұл сөздің ағылшынша (student) деген сәйкестігінің мағынасы әлдеқайда аз: оның мағынасында сөздің орыс тіліндегі сәйкестігінде пайдаланылатын «жынысқа» байланысты мағынасы кездеспейді. Әйтсе де бұл ағылшынша student сөзінің аударма барысында «студент» сөзін алмастыруына еш кедергі келтірмейді
[6;232].
Тілдік бірліктің барлық семалары коммуникацияның белгілі бір шарттарында сәйкес бола бермеулері мүмкін, сәйкесінше, олардың барлығын аударма барысында өзге тілге оңай ауыстыруға болмайды. Мәселен, орыс тіліндегі «Все студенты обязаны посещать занятия» сөйлемі ер жынысты адамдарға да, әйел жынысты тұлғаларға да қатысты қолданыла береді, сондықтан мұндай жағдайда жынысты ерекше белгілеп айтудың еш қажеті болмайды. Ал енді басқа жағдайды қарап көрейік. Дәл осы сөзді орыс тіліндегі «Студентки нашего университета слишком много курят» сөйлемін аудару үшін қолдансақ, аударма барысында
«студент» сөзінің жынысын нақтылаудың қажеттілігі туындайды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, аударманың семантикалық моделіне сәйкес, аудармашының басты мақсаты түпнұсқа тіліндегі коммуникативтілігі жағынан сәйкес элементарлық мағыналары бар бірліктерді аудару болып табылады. Аудармалық барабарлық түпнұсқа мен аударма мәтіндеріндегі семалардың ортақтығына негізделеді. Мұндай ортақтастық семалардың қосындысынан емес, тек жекелеген семалардың арасында ғана кездесуі мүмкін. Аударманың семантикалық моделін жасап шығарушы, ағылшындық зерттеуші Дж.Кэтфорд, жоғарыда айтылған пікірлерге өзіндік баға береді.Мысалы, ағылшын тіліндегі I have arrived сөйлемі орыс тіліне «Я пришла» сөйлемімен аударылу керек болсын. Бұл кезде түпнұсқа мен аударманың мазмұны келесі жолмен қатынасқа түседі. Келтірілген сызбадан ағылшын сөйлемінде бес қарапайым мағына бар екендігі көрінеді: 1) сөйлеуші (бірінші жақ); 2) келу (қозғалыс түрі көрсетілмеген); 3) өткен шақ (not «arrive»); 4) өзге әрекетпен не уақыт мезетімен байланысы (перфект мағынасы); 5) сөйлеу мезетімен байланыс (not «arrived»). Орыс тіліндегі сөйлемде алты қарапайым мазмұн бар:1) сөйлеуші; 2) келу; 3) өткен шақ; 4) әйел текті; 5) жаяу жүру; 6) аяқталған әрекет. Бірақ ортақ семалар небары үшеу: «сөйлеуші», «келу», «өткен шақ». Әйтсе де барабарлық аударма жасау үшін осының өзі жеткілікті болады. Ал сәйкес келмейтін қарапайым мазмұндар коммуникативтілігі сәйкес емес болып есептеледі. Түпнұсқа мен аударманың мазмұнында неғұрлым көп семалар сәйкес келсе, аударманың барабарлығы соғұрлым жоғары болатындығы түсінікті. В.Н.Комиссаров атап өткендей, бірін бірі алмастыратын семалар сәйкес келмесе де, семантикалық қайта фразалау қатынастарымен байланысқан болуы мүмкін.: Last year saw a rapid growth of industrial production — «Б прошлом году отмечался быстрый рост промышленного производства», «Өткен жылы өндірістің жедел өсімі байқалды»; мұндағы қайта фразалау қатынастарын келесі түрде көрсетуге болады: А бірлігі X бірлігін байқайды = X бірлігі А бірлігінің меншігіне көшеді = X бірлігі А бірлігімен бір мезетте болады.
Аударманың семантикалық моделінің бірқатар түсінік беру қасиеті болады. Ол екі мәтін арасындағы семантикалық айырмашылықтардың біразын түсіндіре алады, аударма нұсқасын таңдауда шешуші күшке ие факторлар қатарына нұсқайды. Сонымен бір мезетте, оның өзіндік кемшіліктері де бар. В.Н.Комиссаровтың пікірінше, ол бір жағдайды суреттеу үшін әр тілде пайдаланылатын әртүрлі семантикалық категорияларды мүлдем қарастырмайды (instant coffee — растворимый кофе – ерітілетін кофе); ол аудармадағы бейнелік және өзге де ассоциациялардың берілу қиындықтарын қарастырмайды, мәтіннің әралуан мазмұнын есепке алмайды, тілдік бірліктердің ауыспалы мағыналарда қолданылу жағдайлары мен түпнұсқа және аударма тілдерінде әртүрлі болуы мүмкін ассоциацияларды қарастырмайды; В.Н.Комиссаровтың аударма моделінің бұл түріне айтқан ескертуі , аударма құралын таңдап алу кезінде маңызды қызмет атқаратын коммуникация мақсатының категориялары семантикалық аударма моделінің шегінде қарастырылмайды.

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Швейцер А.Д. Перевод и лингвистика. – М., 1973 – 280 c.
2 Федоров А.В. Основы общей теории перевода. – М., 1983 – 303c. 3 Гак В.Г. курс перевода. – М., 1970 – 359c.
4 Виноградов В.С. Введение в переводоведение. – М., 2001 – 224c.
5 Рецкер Я.И. Теория перевода и переводческая практика. – М., 1974 – 208c.
6 Алимов В.В. Теория перевода. – М., 2005 – 160c.
7 Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату. – Алматы, 2004 -192c.

Акерке Бескемер
Основные теоритические модели перевода художественных произведений
ЕНУ имени Л.Н.Гумилева
Астана, Казахстан
Данная статья посвящена вопросам перевода в целом и в частности проблемам художественного перевода, поскольку данный вид перевода является актуальным и очень важным на любом этапе развития отечественного переводоведения, также требует от переводчика высокого уровня ответственности и большого профессионального опыта. Автор рассматривает ключевые этапы художественного перевода и выделяет основные теоритические модели, используемые при художественном переводе для пояснения основ процесса перевода. В основной части исследования дана обобщенная характеристика, также автором предпринята попытка раскрыть основные особенности каждой модели, приводя примеры. Значительное внимание уделяется трудам отечественных и зарубежных ученых, обобщается их практический опыт. В статье также затрагиваются и другие теоретические вопросы художественного перевода.


Beskemer Akerke
Basic theoretical models of belle-letres translation
L.N.Gumilyov Eurasian National University
Astana, Kazakhstan This article is devoted to the problems of translation in general and, in particular, to the problems of literary translation, since this type of translation is relevant and very important at any stage of the development of translation studies, it also requires high level of responsibility and great professional experience from translators. The author considers the key stages of literary translation and identifies the main theoretical models used in such translations to explain the fundamentals of the translation process. In the main part of the study, generalized characteristics are given, and the author attempts to reveal the main features of each model by giving appropriate examples. Much attention is paid to the work of domestic and foreign scientists, their practical experience is generalized. The article also touches upon other theoretical issues of artistic translation.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *