Г.Х. Тулекова1, Г.Қ. Төлекова2, Ж.Т.Атеева3
«Тұран университететі»1, «Азаматтық Авиация Академиясы»2,
№ 142 Жалпы білім беретін орта мектебі3 Алматы қаласы, Қазақстан
Gulzhan-saken@mail.ru1, Gulnaz.tulekova@mail.ru2, Zhazira.raimova@mail.ru3
КОНЦЕПТ – САНАНЫҢ МЕНТАЛЬДІК НЕМЕСЕ ПСИХИКАЛЫҚ
РЕСУРСТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ (АБАЙ, ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ )
Абай мен Шәкәрім шығармаларында халықтық рухты пайымдауға құрал болатын тілдік құрылымдар, сөз тіркестері өте мол. Олардың адам санасындағы ой қорытындыны есім сөз тіркестері арқылы берілуін, оның танымдық тілдік табиғатын ашу зерттеудің өзектілігін көрсететіні анық. Бұл бүгінгі қоғамдық өркениеттің өзектілігіне өріс алатын факторлардың біріне айналған.
Тірек сөздер: шығарма, үдеріс, сөз тіркес, ақпараттық білім.
Ана тіліміз де, басқа тілдердегі сияқты сөздің лексикалық және фразеологиялық, синтаксистік бірліктер, сондай-ақ морфологиялық бірліктері мағынасы мен мазмұны арқылы қазақ халқының болмысын, ұлттың дәстүрлі шаруашылығын, күнделікті өмірі мен тыныстіршілігін, таным-түсінігін, наным-сенімін бейнелеп, соған сәйкес концептілік категориялар өмір сүреді. Қазақ тілінде күнделікті қарым-қатынаста не болмаса жазба тілде қолданылатын сөйлемдердің негізгі материалы – сөз тіркестері де ғаламның тілдік бейнесін танытуда белгілі рөл атқарады. Зерттеп, зерделеген сайын тіл бірліктерінің құдіретін, мәнін ашып, соған көзін жеткізе түседі. Сондықтан да орыс ғалымы Б.А.Ларин концептіні тілдік тұлғаның танымдық деңгейлерінің басты бөлшегі ретінде танып, ғаламның тілдік моделін беруші ұжымдық сананың қозғалысын анықтаушы бірлік екендігін көрсетеді [1, 20].
Когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы – концепт бірнеше түрге бөлінеді. Зерттеуші В.А.Маслова концепті мәселесін сөз ете отырып, оның жеке тұлғалық концептілер, адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты концептілер, жалпыұлттық концептілер деген түрлерін береді.
Көркем мәтіндердегі концептілер жүйесі де әрқашан бейнелілігімен құнды. Кез келген ақын-жазушы қолынан туындаған көркем мәтінде ұлттық концептілер қалыптасады. Өйткені оның субьектісі ішкі рухани дүниені танытады. Көркем мәтіннің өзі де ғаламның көркем көрінісін обьектив-тендіреді. Абайдың қарасөздерінен де қазақтың бүкіл бітім-болмысы, жалпы қазақ иісі, салт-дәстүрі мен діні, ділі аңқып тұрады. «Концепт», «әлемнің тілдік бейнесі» категориялары адам мен оның қоршаған ортасына байланысты, сол жайлы ақпараттардың жинақталуына қатысты болады. «Ғаламның тілдік бейнесіне «тілдің ішкі формасы, сөз, сөйлем, сөздің мағыналық өзгеруі, оның ауыспалы мағынада қолданылуы, эмоционалды-экспрессивтік реңктер жатады», – деп С.Жиренов айтпақшы [2, 23],
Ғаламның поэтикалық моделі автордың индивидуалды танымы мен оның санада бейнеленген бейнесі арқылы көрініс табады. Демек, ақындар танымындағы дүние туралы концептілік жүйе оның шындық өмірге деген субьективті көзқарасы мен обьективтік қарымқатынасын көрсететін заңдылықтар тобынан құралады. Көркем концептілердің бейнелену шеберлігі, адам танымына қатысы ғаламның поэтикалық, лирикалық, эпикалық фольклорлық образдары арқылы көрінеді.
Концепт – сананың ментальдік немесе психикалық ресурстарының бірлігі; есте сақтаудың, концептуалды жүйенің, адам психикасындағы дүние бейнесінің, «ми тілінің» жедел түрдегі ойлау бірлігі. Ойлау үдерісі кезінде адам дүниені танып-білудің нәтижесінің білім «канттары» ретінде сақталған мазмұны концептілер арқылы көрініс табады [3, 45].
Көркем мәтін мен поэзиялық шығармалар мәтініндегі концептілер ұлттың, халықтың мәдениетіне, тарихына, діні мен діліне, ғылымы мен ауыз әдебиетіне, психологиясына, тілі мен әдебиетіне тығыз байланысты болып келеді. Олар өзгермейтін жүйе емес, заманның дамуына орай белгілі бір ұлт мәдениеті, әдебиеті негізінде уақыт пен кеңістікте құбылып отырады. Біз талдаған Абай, Шәкәрім шығармаларының өн бойындағы концептілердің адамдарға беретін ақпараттық концептуалдану үдерісінде олардың жаңа мәнге ие болғандығы байқалды.
Концептуалдану – субьектінің танымдық қимыл-қозғалысының аса маңызды үдерісі. Сондықтан ақын шығармаларында концептуалды үдерістің адамға берілетін ақпаратты реттеп, адам психикасына жаңа концептілердің, концептілік құрылымдар мен концептуалдық жүйенің жасалуына жол ашқандығы байқалды.
Жалпы адамзаттық адами құндылықтарға ие болу идеясының бастауына екі ақында да ата-ананың махаббаты негіз болады. Әсіресе, әкенің балаға деген махаббаты – Абай шығармаларының өзекті тақырыбы болып табылады. Жалпы халық танымында «бала – адамның бауыр еті», «ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің», «баланың тілі – бал» т.б. ассоциациялық, сематикалық мәнде ашылады. Абай шығармасында әкенің балаға деген махаббаты шынайы сезіммен әр қырынан ашылады. Қазақ танымында бала – ұрпақ жалғастығы, үрім-бұтақ, әулет ұғымдарымен бірлікте қолданылады.
Абай танымында бала – адамның көз қуанышы, қызығы. Әкенің баласына деген мейіріммахаббаты Абайдың Әбдірахман өліміне шығарған өлеңдері мынадай сезім-күйлермен өріліп, әкенің балаға деген сезімі осындай қасірет үстінде ашыла түседі:
Құдайға жалбарыну;
Тілеуін тілеу;
Қатты үрейлену;
Қасірет шегу;
Шексіз қамығу;
Үнемі жабырқау;
Жиі сағыну;
Баласын қимау; Өмірден түңілу.
Жалғыздыққа берілу; Мұңая білу;
Қасіретке ұшырау;
Қажу көру;
Құлазу;
Өмірден күдер үзу;
Өлімді аңсау;
Өмірді жатсыну; Аллаға сабыр қылу.
Құдайға жалбарыну әкенің ішкі үрейі мен секемінің, қорқынышының шындыққа айналуы, ішкі қимас сезімінің көрінісі. Ол осы өлеңде қолданылған мынадай ішкі психологиялық жай-күй, сезімдерді бейнелейтін сөздерден көрінеді: жүрегі шошу, қатты елжіреу, көз жасын төгу, қол жүрмеу (қол шорқақ), тілі байлану (тіл мақау), аңсау, бір ысып, бір суу, көңілге үміт арту, қауіп алу, әрнені ойлау, күдіктену, біреуге сенбеу, адамға күмәндану, кінәні мойындамау, ойлап мазасыздану, бір нәрсеге байыз таппау, неге болса да көну (ақшаны аяма, ұйқыны тыншытсын), оны сарылып күту, баласын сағыну, күні бойы уайым жеу, баласына үміт арту т.б. О бастағы үрей, қорқыныш сезімі өлең ырғағымен бірден-бір өсіп, күшейіп, психологиялық терең толғаныстарды сыртқа ақтарады.
Сөз өнеріне деген сүйіспеншілік екі ақын шығармаларында да өмірдің мәніне айналған, сондықтан өлең жазу, өнер шашу екі ақын өмірінің мақсаты ретінде көрінеді. Ақындар өмір сүріп отырған қоғамныңқандай жағы болмасын, қолынан келер ғибадаты сөз өнерін өлең арқылы беру болған.
Өлең – сөздің патшасы сөз сарасы, Қиынан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Жұп-жұмыр тегіс келсін айналасы, (Абай. «Өлең – сөздің патшасы сөз сарасы») – деп өлеңге анықтама берген Абайдың тыңдар қауымның жүрегіне, ой таразысына ешбір қиындықсыз жеңіл түсетін қисынды жлдармен келуін айтады.
Сонымен бірге, ең бастысы, өлең – екі ақын шығармаларында да іштегі дерттен айығудың, сыртқа шығарудың, тазарудың құралы, жан жолдасы, серігі, жұбанышы.
Өлең – өмір қызығы концептісінде өлең – тыңдаушы тыңдайтын көркем сөз емес, адаммен, қоғаммен қатар жүретін ақынның ой өрнегі.
Абайда:
Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы, бос қақпай елең-селең, – деп келетін жыр жолдарын өлең– өмір мектебінің айнасы, шындығы.
Өлең – дертті жоятын құрал концептісінде дерт тура мағынасында – ауру. Адам бойында жүретін емделетін процесс. Ал өлең аурып отырған адамның күй-жайына әсер етіп, ешбір дәрі-дәрмексіз емдейтін дәрі іспетті. Демек, өлең адам өмірінде әр түрлі күйде болып, адам танымының жетістігі бола алады. Өзгеге, көңілім, тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың (Абай. «Өзгеге, көңілім, тоярсың»). Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап, Жас балаша көңілді жақсы уатар.
Көкіректе толған шер, көңіл қаяу
Көкіректе толған шер, көңіл қаяу
Ермейсің деп елім жау, досым баяу.
Сүйенер кісім, сүйенер жақыным жоқ .
Бір өзіңе сиындым, бар құдай-ау. (Шәкәрім. «Көкіректе толған шер, көңіл қаяу»).[4, 84]. Жаратқанға жеткізуші, өлеңмен жыр жолдарын кестелеу арқылы денені бір босатып алатын жан рахаты сияқты.
Шәкәрімде:
Жазған хаттың сырымен,
Жарқыраған нұрымен, Тазарып жүрек кірінен, Қайғыдан басым болды азат!
Дерттен айығу үдерісі екі ақын шығармасында да жан дүниенің «етістіктелуі» арқылы ашылады. Абайда: толғану, қара көңілдің оянуы, жылау, омырауы жасқа толу, іштегі дертті қозғау, әуелеу, қалқу, от жалын боп шалқу. Шәкәрімде өлең арқылы айығу жүректің кірінен тазару, қайғыдан арылу, сырласу сезімдерімен байланысты анықталады.
Абай, Шәкәрім қоладнысында мінез концептісін адами мәселелерді шешетін деректер деп атасақ болады.
Бұлардың кейбірінің мінездері:
Еш нәрсе көрмегенсіп,бұртақтаған.
Кейбірі жайдары ашық боламын деп,
Орынсыз адамдармен жыртақтаған (Абай. Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат.) [5, 82 б.]. Мінез – Орынсыз адамдармен жыртақтау көзге оғаш қылық танытатын қызбаланың кейбір жағымсыз қылықтарын сөз етеді.
Ыржақ, жыртақ сөздерінің синонимі. Тура мағынасын қылжақтап, қалған жеңіл мінезді адамды айтады. Ыржақта орынсыз күлегештеу, қылжақтау мағынасын береді. Мінез –мақтаншақ концептісін тарқатсақ, Абай:
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап,
Күйкентайы үстінде шықылықтап,
Өзі алмайды, қыранға алдырмайды Күні бойы шабады бос салақтап, Қуанар иелері сонда ыржақтап.
Түні бойы күпілдеп құсын мақтап,
Қайран ол осымен жүр далақтап (Абай. Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап). Бұл жерде сонда ыржақтау, осымен жүру далақтап – сілтеу етістігімен тіркесіп келген, қабыса байланысқан, анықтауыштық қатынас түзейтін мінез концепті. Мақтаншақ көл көсір қылып жоқтан өзгеге мақтан салатын бос салақтауды айтып отыр. Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек, Өнерсіз қылығы өле көрмек.
Шыға ойламай, шығындап қылық қылмай,
Еркіншек езігінен көпке көнбек. (Абай. Қартайдық қайғы ойладық ұлғайды арман ). Мінез – көпке көнгіш ер адамның да бойынан ақлысыздықты көре отырып, жүре ойланып жасайтын сәтсіздіктерге ұрынатын тағы бір жағын ашып отыр. Жалпы мінез әр адамда әртүрлі. Мінезді түзетуге болады. Алдыға мақсат қоя біліп, сол мақсатқа ғашық болып, соған ерінбей еңбек еткен жағдайда жалқаулықтан құтылуға болатындығын арқау етсе, енді бірде бойдағы әдепсіз қылықтарды әшкерелеп содан арылу үшін мінездің микроөрістерін Абай да, Шәкәрім де ерекшелікті өлең құрылысынадығы сөз тіркестері арқылы ашады.
Мінез – пысықтық. Бұл концептіде берілетін ой – мінез пәле қуығыштық.
Қазақтың қайсысының бар санасы? Қылт етерде дап-дайын бір жаласы.
Пысықтықтың белгісі – арыз беру
Жоқ тұрса бес бересі, алты аласы (Абай. «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат»).
Арыз беру – Меңгеру. Табыс септігінің жасырын формасында келіп, толықтауышты қатынас жасайды.
Міне, Абай мен Шәкәрім шығармасының қай-қайсысын алмайық, барлығы дерлік етістікті басыңқылы сөз тіркестерінен келіп, жоғарыдағы ғаламның тілдік бейнесін «махаббат», «ақыл-ой», «ар-иман», т.б. концептілер арқылы береді екен.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Ларин Б.А. Эстетика и слова и язык писателя. – Л., 1974. – 47 с.
2 Жиренов С. ХҮ-ХІХ ғ.ғ. ақын-жырау поэзиясындағы «Өмір-Өлім» концептісінің танымдық табиғаты … фил. ғыл. қанд. диссертациясы. – Алматы, 2007. – 171 б. 3 Концепция образовательной программы «когнитивные исследования» // http: referat.niv.ru.
4 Шәкәрім. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы, 1988. 5 Құнанбаев А. Шығармаларының толық жинағы. – Т. 1-2. – Алматы, 1954.
Г.Х. Тулекова1, Г.Қ. Толекова2, Ж.Т. Атеева3
КОНЦЕПЦИЯ – ЕДИНСТВА МЕНТАЛЬНЫХ ИЛИ ПСИХОЛОГИЧЕСКИХ
РЕСУРСОВ СОЗНАНИЯ (на основе произведений Абая и Шакарима)
В произведениях Абая и Шакарима очень много словосчетании, языковых средств являющиеся инструментом для рассуждении (понятии) национального духа. Передача заключительной мысли в сознании человека с помощью именных словосочетании, открытие его позновательно языковой природы, показывает актуальность исследования. Это один из развивающих основных факторов сегодняшней общественной цивилизации.
G.H. Tulekova, G.K. Tolekova, Zh.T. Ateeva
“FROM RUSSIA WITH LOVE”: CULTURALLY SPECIFIC MEANINGS IN POLITICAL DISCOURSE
In the works of Abаy and Shakarim has a lot of language structure and phraseology to interpretation tool of national spirit. The idea of human consciousness through the conclusion noun phrases, clearly reflect the importance of the open nature of the cognitive linguistic research. Communicative process — one of the prerequisites for the development of the semantic of phrases structure. This is one of the factors that can a field the relevance of today’s society civilization. Arising from the so-called phrases communicative value of language and language teaching, functional differentiation of the phrase.