ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ТІЛДЕРІНДЕГІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР
САЛАСЫНДАҒЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫНДАҒЫ
ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Шаяхимов Д.Қ.
Көкшетау қ., Көкшетау техникалық институты
Бүгінгі таңда, кәсіби терминдерді аудару мәселесі түбегейлі шешіліп, бір жүйеге келтірілді деп айту әлі де болса ертерек сияқты. Бұл бағытта минтерминком ауқымды жұмыс атқарды. Қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан уақытында, тілімізге әртүрлі техникалық термин сөздер қолданысқа енуде. Термин сөздердің бәрін қазақ тілінің ыңғайына келтіріп аудара беру де дұрыс емес. Кейбір халықаралық терминдер аударуды қажет етпейді. Олардың көбі латын, ағылшын, француз т.б. тілдерден шыққан сөздер.
Әрбір мамандық бойынша терминдер жинағы біршама жинақталып аударылып та болды десек те болады. Бірақ, әлі де болса термин сөздерді аудару қажеттілігі бар. Мысалы үшін, Төтенше жағдайлар саласы бойынша терминдер аударылып, олардың түсіндірмелі сөздігі баспадан шықты. Атап айтатын болсақ, (Б.Ө. Жақып. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс: Энциклопедиялық анықтама.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». 2011. – 640 б, Қазақша-орысша, орысша-қазақша, Б.Байкулов, Б.Садыков, А. Шегебаев. Төтенше жағдайлар жөніндегі қысқаша терминологиялық орысша-қазақша сөздік. – Астана, 2006. – 84 б, О. Жиреншин, А. Аралов. Төтенше жағдайлар саласының, Азаматтық қорғаныстың және әскери терминдерінің орысшақазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы – 2009. – 556 б ).
2012 жылдан бастап, Көкшетау техникалық институтында екі ел арасындағы келісімге сәйкес қырғыз елінің алты азаматы білім алуда. Осыған орай, қазақ-қырғыз тіліндегі төтенше жағдайлар мен өрт саласындағы термин сөздерді аудару, сөздің мағынасына түсініктеме беру сияқты мәселелер өзекті болып отыр. Көкшетау техникалық институтында білім алатын қырғыз азаматтарының барлығы бірдей орыс тілін жақсы біле бермейді. Аталған сала бойынша термин сөздер орыс тілінен қазақ тіліне аударылған сөздіктер мен түсіндірмелі сөздіктер жеткілікті екенін, жоғарыда айтқан болатынбыз. Орыс тілінен қырғыз тіліне аударылған сөздік те бар. Бірақ, қырғыз ағайындардың осы саланың терминдерін орыс тілінен аударған сөздеріндегі сөздердің мағыналарында алшақтық байқалады. Яғни, сөздің нақты мағынасын түсінуге қиындық туғызады. Сондықтан, Көкшетау техникалық институтында білім алатын қырғыз елінің азаматтарына қазақ тіліндегі кәсіби терминдер сөздігіне жүгінген әлдеқайда ыңғайлы. Қырғыз тілінің қазақ тіліне біршама жақын екені бәрімізге белгілі. Қазақ, қырғыз тілдері түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тобына жатады [1,130]. Сөзіміздің дәлелі ретінде, орыс тіліне қырғыз тіліне аударылған бірнеше термин сөздерді таңдап алып, үш тілде салыстыру арқылы, оларға мағыналық талдау жасап көрдік.
Разветвление трехходовое – үч жактуу тарам. [2,190]. – үш жүрісті тармақтану [3,120], – ең алдымен разветвление сөзінің шығу төркініне келетін болсақ орыс тіліндегі мағынасын айқындайық: Разветвле’ние, -я, ср. 1. см. Разветвить, — ся. 2. Место, где что-н. разветвляется, расходится в разные стороны. На разветвлении дорог. Рога с разветвлениями [4,643]. Ал, қырғыз тіліндегі баламасына келетін болсақ, аудармасы тарам. Қырғыз тіліндегі тарам — сөзі қазақ тіліндегі аудармадағы тармақ — сөзімен мағыналас. Тармақтану сөзіне бөліну сөзін синоним ретінде алуға болады. Тарам, тармақ сөздері мағыналық жағынан жақын, тек тармақтану сөзі шығыс септігінің жалғауы -дан және тұйық етістіктің -у, жұрнағы жалғанған. Қырғыз тіліндегі үч сөзі қазақ тіліндегі үш сөзімен сәйкес келеді, тек ч дыбысы мен ш дыбысының жазылуымен айтылуында айырмашылық бар, екі тілде де сан есімнің сұрағына жауап береді. Ал келесі қырғыз тіліндегі жактуу сөзі екі -у, дыбысы арқылы жасалған. Жактуу сөзі қазақ тіліндегі жақты сөзіне мағыналық жақындығы бар. Алайда, қырғыз тіліндегі жактуу сөзі қазақ тіліндегі жүрісті сөзімен сәйкес келмейді. Себебі, жақты — белгілі бір жаққа қатысты, жаққа тән. Істің қай жаққа тәндігін көрсететін грамматикалық қосымша [5,253]. Ал, жүрісті сөзі жүрісі жылдам, жүріскер сөзіне жақынырақ [5,325]. Ал орыс тілінде беретін мағынасына көңіл аударса трёх… Первая часть сложных слов со знач.: 1) содержащий три каких-
н. единицы, состоящий из трёх единиц, напр. трёхактный, трёхгодичный, трёхходовой, трёхгранный, трёхдневный, трёхместный, трёхфазный; 2) относящийся к трём, напр. трёхчасовой (поезд) [5,811]. Келесі сөзге мағыналық талдау жасап көрейік. Боевой расчет-күжүрмөн есеп [2,21], — жауынгерлік есеп [3,9]. Ең алдымен боевой сөзіне келсек, орыс тілінде Боево’й, -ая, -ое. 1. Относящийся к ведению боя, войны. Боевое задание. Боевая подготовка войск. Б. порядок войск. Первый б. вылет. Б. устав. Б. патрон (в отличие от учебного, холодно). Б. товарищ (товарищ по войне). 2. Готовый к борьбе, воинственный, решительный. Б. дух. Б. настрой. 3. Смелый, бойкий. Парень б. 4. Очень важный, первостепенный, первоочередной [4,54]. Қазақ тіліндегі баламасы болатын жауынгер сөзіне келсек: Жауынгер – қатардағы әскер, сарбаз [5,283]. Қырғыз тіліндегі күжүрмөн сөзі мен қазақ тіліндегі жауынгерлік сөздері мағыналық жағынан бір-бірінен алшақ сөздер. Есеп — сөзі екі тілде бірдей баламаланған. Расчёт, -а, м. 1. Рассчитать, -ся и расчесть. 2. Увольнение с полной выплатой заработанного. Дать р. кому-н. Взять, получить р.
Потребовать расчета. 3. Намерение, предположение. Поездка не входит в мои расчёты [5,668]. Расчет сөзінің баламасына келсек есеп — бір нәрсенің цифрмен көрсетілген саны, мөлшері. [5,236]. Бұдан байқағанымыз, қазақ тіліндегі термин сөздердің аудармасы қырғыз тіліндегі термин сөздердің аудармасына сәйкес келе бермейді. Мұны біз, екі тілдің ерекшелігі деп түсіндік. Келесі нысанаға алып отырған сөзіміз жоғары температурадан қорғайтын арнайы киім. Теплоотражательный костюм, қырғыз тілінде, жылуулук өткөрбөчү күрмө [2, 236], қазақ тілінде жылулық шағыстыратын (шағылыстыратын) костюм [3,56]. Орыс тіліндегі біріккен теплоотражательный — сөзіне жеке-жеке түсініктеме бергенді жөн көрдік. Себебі, қазақ, қырғыз тілінде бұл сөздер жеке қолданылып тұр. Тепло… Первая часть сложных слов со знач. относящийся к теплу, к его получению, потреблению и изучению, к теплоте, напр. теплоотдача, теплолечение, теплоснабжение, теплотрасса, тепловодность, тепловодный, теплозащитный [4,794]. Отражать — естественное препятствие изменяющее направление световых или тепловых лучей. Жылулық сөзін жоғарыда талдадық, екінші отражать деген сөздің баламасы — шағыстыру. Шағыстыру — күн сәулесінің әсерінен бір нәрсеге сәуле түсіру [5,892]. Бұл сөздің қырғыз тіліндегі баламасы өткізбеу, яғни түбірі өт. Өт — бір нәрсенің арасынан жүру, кесу, өту, -кіз, бұйрық райының жұрнағы болса, -бе, болымсыз етіс. Демек, екі тілдегі аудармалардың мағыналарында әлсіз болса да, бір-біріне жақындық байқалады. Ыстықтан қорғайтын арнайы киімнің негізгі қызметі екі тілде де анық көрініп тұр. Қазақ тілінде арнайы киімнің ыстықтан шағыстыру арқылы қорғайтыны айтылса, қырғыз тілінде ыстықты өткізбейтін арнайы киім екендігі көрсетілген. Үш иінді саты — сөзінің үш тілде қалай аударылғанына талдау жасап көрелік. Лестница трехколенная — үч муунактуу шаты [2,97], үш иінді саты [3,62]. Лестница сөзін талдадық. Трёх… Первая часть сложных слов со знач.: 1) содержащий три каких-н. единицы, состоящий из трёх единиц, напр. трёхактный, трёхгодичный, трёхходовой, трёхгранный, трёхдневный, трёхместный, трёхфазный; [5,811]. Колена-сустав соединяющий бедренную и берцовую кости; место сгиба на ноге, где выступает этот сустав [4,282], үч сөзімен үш сөзінің айырмашылығы -ч мен –ш әріптерінде ғана. Ал, коленная сөзінің аудармасына келсек, оны қырғыз халқы муунакты — деп, аударған муунак- қырғыз тілінен аударғанда буын деген мағынаны білдіреді. Яғни тура мағынасында аударылған. Ал, қазақ тіліндегі баламасы- иінді. Иін – иіні үлкенірек, кеңірек, иін жаса, ан, иілген. Жоғарыда қарастырған сөздеріміздің мағыналары бір-бірінен алшақ. Қазақ тілінде заттың сыртқы сипаты мен атқаратын қызметіне қарай мағыналық аударма жасалса, қырғыз тілінде орыс тіліндегі колено сөзін, тура сөзбе — сөз аударған. Пена низкой кратноститөмөнкү калдыксыз бөлүнүүчү көбік [2,151], — еселігі төмен көбік [3,91]. Пена — пузырчатая масса, образующаяся на поверхности некоторых жидкостей [4,498], низкий сөзінің түбірі низ — означает движение сверху вниз или предметы плохого качества [4,416]. Кратность сөзінің түбірі кратный — в математике делящийся без остатка на какое-н число [4,304]. Бұл терминде пена низкой сөзі дыбыстық өзгеріске ұшырағанымен мағынасы сақталған. Кратности сөзі қырғызша калдыксыз бөлүнүүчү деп аударылса, қазақша баламасы еселік болып табылады. Еселік — екі немесе бірнеше санға қалдықсыз бөлінетін сан [5,236]. Бір байқайтыны төменкү сөзінде қазақ тіліндегі дыбыс үндестігі жоқ, себебі қазақ тілінің дыбыс үндестігі бойынша –н әріпі мен –к әріпі мүлдем үйлеспейді (төменгі). Степной пожар-талаа өртү [2,229], — дала өрті [3,146]. — Степной сөзінің түбірі- степь. Степь- безлесное, бездное влагой и обычно ровное пространство с травянистой растительностью в зоне сухого климата [4,766]. Пожар — пламя, широко охватившее и уничтожающее что-н [4,546]. Қырғыз тіліндегі баламасы тала сөзі бұл қазақ тіліндегі дала сөзі. Дала- кең — байтақ жазық өңір [5,185]. Тек -т әріпінің орнына -д әріпін қойған және 2 — аа әріптері орналасқан, бірақ мағынасы сақталған. Ал, енді қырғыз тілі мен қазақ тілінің грамматикалық айырмашылықтарымен қоса фонетикалық айырмашылықтарын қарастырайық: қазақ тілінде дауыстылар жуан және жіңішке деп бөлінсе, қырғыз, ойрот, түркімен, хакас тілдерінде дауыстының созылыңқы деген үшінші түрі бар. Олар екі дауыстыдан құралған әріптер. Мысалы:-аа, -ээ, -оо, -өө,-үү,-уу [5, 230]. Сондай-ақ мына мысалдардан созылыңқы дауыстылардың сөз мағынасын ажырататындығын аңғаруға болады. Қырғыз тілінде «мал» деген сөздің мағынасы қазақ тіліндегі мағынасымен бірдей; ал созылыңқы дауыста дыбыс келген «маал» деген сөз қырғыз тілінде «уақыт» деген мағынаны білдіреді. Осы ойымызды пысықтау үшін бірнеше мысалдар келтіруді жөн көрдік. Қырғыз тілінде эр-қазақ тілінде «ер» (еркек, ер адам). Қырғыз тілінде ээр- қазақ тілінде «ер» (атқа салатын ер). Қырғыз тілінде болук- қазақ тілінде «толық» Қырғыз тілінде боолук – қазақ тілінде «бау, баулық» [5, 230]. Ендеше дауыссыз дыбыстарға келетін болсақ, мұнда біз этимология принципіне жүгінеміз. Бұл принцип сөздердің шығу тегін айқындауда фонетикалық, лексикалық заңдарға сүйенуді, туыстас тілдердегі дыбыстардың өзара сәйкестілік заңдылығын арқау етуді талап етеді. Мысалы: қазақ тіліндегі «бас, құс» деген зат есімдер қырғыз тілінде «баш, куш» деп берілген. Қазіргі қырғыз тілінде көне түркі тіліндегі –ғ,-г дауыссыздарының дауыстылармен тіркесі тек созылыңқы болып естіледі. Сондықтан, қырғыз тіліндегі «саат» сөзі қазақ тіліндегі «сағат» сөзімен сәйкес келсе, сол сияқты «маалымат»- «мағұлмат», «аалам»- «ғалам» т.б сөздер сәйкес келеді [5,139]. Осының бәрін қорытындылай келе, біз қырғыз тілі мен қазақ тілінде үлкен айырмашылықтар мен ұқсастықтар бар екенін аңғардық. Кез келген ұлт белгілі бір терминді немесе сөзді бір тілден келесі тілге аударғанда сөздерінің лексикалық заңдылықтарына сүйенеді. Байырғы сөздерінде аздаған айырмашылық байқалса, заманауи техникалардың дамуына байланысты енген жаңа сөздерде біз үлкен айырмашылықтарды көреміз. Терминдерді аудару барысында қазақ тіліндегі аударма да, қырғыз тіліндегі аудармалар орыс тіліндегі мағынасына сүйеніп аударылған. Алайда, қырғыз тілінде кейбір сөздер сөзбе-сөз аударылып, орыс тіліндегі сөздің өзінің бастапқы лексикалық мағынасынан ауытқып отырғандығын байқауға болады. Мұның өзі, Көкшетау техникалық институтында білім алатын қырғыз елінің азаматтарына орыс тілінен қырғыз тіліне аударылған кейбір кәсіби сөздердің лексикалық мағынасын дұрыс түсініп, үйренулеріне кедергі болатыны анық. Ойымызды қорыта келе айтпағымыз, жоғарыда сөз болған мәселеге байланысты, қазаққырғыз тіліндегі төтенше жағдайлар терминдерімен түсіндірмелі сөздігін құрастыру қажеттілігі туындап отыр.
Біздің институтқа білім алуға келген қырғыз елінің азаматтарының барлығы бірдей орыс тілін жатық біле бермейді. Сондықтан, оларға мамандыққа қатысты сөздердің мағынасын түсіну үшін, қазақ-қырғыз тіліндегі терминдер сөздігі аса қажет. Бұл мәселе, бүгінгі таңда шешімін күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі. Аталған көкейтесті мәселенің күрмеуі шешілсе, біздің институтта білім алатын қырғыз елінің азаматтарының сапалы білім алуына септігін тигізері анық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Аяған Б. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Алматы: Қазақ энциклопедиясы. 2006.- 704 б.
2. Өзгөчө кырдаалдар боюнча терминдердин орусча – кыргызча сөздүгү: 20 000 сөз /Редакциялаган Т.М.Мамбетжунушов. – Ош: Deutsche Gesellschaft für Internationale Zusammenarbeit (GIZ) GmbH. 2013. – 272 б.
3. Русско–казахский словарь пожарно-технических терминов/ Джумагалиев Р.М. Данаев Д.Т. Бошаева Н.К. Рахимова С.А. Алматы. 1994.-c.
4. Ожегов С. И. и Шведова Н. Ю. Толковый словарь русского языка: 80 000 слов и фразеологических выражений / Российская академия наук. Институт русского языка им. В. В. Виноградова. – 4-е изд., дополнение. – М.: ООО ИТИ Технологии, 2003. – 944 стр. ISBN 5-8928
5. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов – Алматы: Дайк – Пресс, 2008. – 968 б.
6. Аханов К. “Тіл білімінің негіздері”: Оқулық, 4-бас. – Алматы. “Санат” баспасы. 2003. – 496-бет.