ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ОРТАҚ ЕТІСТІКТЕРДІҢ
СЕМАНТИКАЛЫҚ МӘНІ



ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ОРТАҚ ЕТІСТІКТЕРДІҢ
СЕМАНТИКАЛЫҚ МӘНІ

Файзулла Г., Үсенбаева Ш.
Түркістан қаласы, А.Ясауи атындағы ХҚТУ-і

Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан, ол қоғам мүшелерінің қатынас құралы ретінде қызмет етіп, сол қоғаммен бірге өсіп, дамып отырады. Сондықтан да түркі тілдерінің оғыз тобының оғыз-селжұқ бұтағына жататын түрік тілі мен қыпшақ тобының қыпшақ-ноғай бұтағына жататын қазақ тілінің де өткен тарихы, қазіргі кездегі қалпы және болашағы бар.
Түркі халықтары о баста бір негізден өрбігенімен, оның этностық құрамы бір текті емес, әртүрлі ру-тайпалардан, тайпалар одағынан тұрған: олардың тілдерінде де белгілі өзгешеліктер болған. Түрлі тарихи, әлеуметтік себептермен түркі халықтары өздерінің бұрынғы өмір сүрген Орталық Азия жеріне көшіп, мекен ауыстырып, Қиыр Шығыс пен Дон өзенінен Қара теңізге дейінгіиұлан-ғайыр өлкеде сапырылысып, араласқа түскені тарихтан мәлім. Осы араласу кейінірек бөлініп шыққан жеке түркі халықтарының тіліне, этникалық құрамына әсер еткен [1.25]. Бүгінгі жұмысымызда осы тарих толқынында тербелген түрік және қазақ халық сөз қазынасының негізгі элементтерінің бірі етістіктің ортақ семантикалық мәнін ашып көрсетуді негізге алдық.
Болмыстағы кез-келген нәрсе қозғалыста болады. Қимыл-әрекет жасамайтын, өзгермейтін бірде-бір зат не құбылыс жоқ. Демек, жоғарыда айтып өткен тарих, тарихи даму, этникалық өзгерістердің басты көзі – қимыл мен әрекет, іс пен қозғалыс. Ал осы қозғалыстарды, қимыл-әрекетті таңбалайтын тілдік бірліктер бар. Бұл әлемнің барлық қозғалысын таңбалаушы сөз табы да етістік болып табылады. Даттың атақты ғалымы О. Еспенсен «Етістік сөйлемге жан бітіреді, сондықтан да ол сөйлем құрылысы үшін маңызды» деп жазған. Ал қазақ дәстүрлі грамматикасында «Етістік» сөзін алғаш термин ретінде пайдалынып, грамматикалық мән беріп, жүйелі талдап түсіндірген ғалым – А.Байтұрсынұлы. Сөйлеу барысында санада суреттелетін ұғымдар мен одан туындайтын атаудың мағыналары, олардың тіркесімділік қабілеті мен валенттілік қасиеті арқылы жедел түрде қолданысқа түскенде, оларды ешкім сөз табына жіктемейді, қолданыс аясында қажеттілік пен мүмкіндікке байланысты сөз әр алуан қызмет атқарып, әр түрлі семалық жіктеліске түседі. Қазіргі тілімізде жұмсалатын бір буынды түбірлердің заттық және қимылдық мағынада жұмсалуын сөздің мәтіндегі қызметіне қарай орайласып, тілдік тәжірибеде үнемі қолданыста жүруіне байланысты мағыналық жіктеліске түсіп, ерекше мағынада тұрақталуымен түсінеміз. Етістіктің қандай да бір мағына бере алу қабілетін оның ішкі терең мағыналық құрылымының коррелятивтілігінен іздеу орынды болмақ. Етістік пен зат есімнің жеке сөз табы ретінде орнығып, қалыптасуы, ең алдымен олардың лебіздегі қолданыс тәжірибесі мен грамматикалық категорияларының шығуынан деп түсінеміз.
Етістіктің табиғатын анықтау үшін, оның семантикалық мәнін, морфологиялық құрамы мен грамматикалық категорияларын бөліп талдау орынды. Ал, іс-қимылды білдіретін сөз табының мағынасы әр алуан. Етістіктің өзге сөз таптарына қарағанда, семантикалық-құрылымдық жағы күрделі, әрі грамматикалық категориялары мол. Қазақ және түрік тілдеріндегі ерекше айта кететін қасиет – қалыптасуы жасалау, дамуы көне ғасырлардан басталып, кезкелген зат пен құбылыстын әрекетін таңбалау үшін өзге тілден ешбір қимыләрекетті білдіретін сөздерді қабылдамай, қайсы бір қимыл ұғымдарын ұлттық тілдік бірліктермен таңбалап келген. Барлық ұғымды таңбалауда тек төл тілдік бірліктер негізгі қажеттілікті атқарады. Осы қажеттіліктерді толықтырып отырған бүгінгі тілдік қорымыздағы таңбалар, әуел бастан-ақ түркі халықтарының ортақ ішкі терең семантикалық құрылымының кеңдігінен негіз алады [2, 263-265 ].
Сондай-ақ, қайсы бір түркі тіліндегі етістіктің мағыналық құрылымына назар салсақ күрделілігі анық. Қазақ және түрiк тілдеріндегі етістіктер де сөйлемдегі қызметі мен орын тәртібіне байланысты әр түрлі сипатта жұмсалып, түрлі мағынада қолданылады. Ал әртүрлі мағынадағы тұйық етістік түрлері қазақ тілінде «-у» жұрнағы, дәл осындай түрік тіліндегі тұйық етістік түрі «mak/mek» (-мак/мек) [3,199] жұрнақтары арқылы жасалады. Түрік тілінің алфабиті негізінен латын әріптерінен құралған. Олардың кейбіреулерінде ғана кішкене өзгешеліктер мен ерекшеліктер кездеседі. Мәселен, С әрпінің дыбысталуы қазақ тілінің Д және Ж әріптерін қосып айтқанда шығатын дыбыспен сәйкес келеді. Яғни С=ДЖ. Түрік тіліндегі Ç әрпі Ч әрпінің дыбысталуымен сәйкес келеді, Ç=Ч. Түрік тіліндегі Е әрпі болса Э әрпімен сәйкес, яғни Е=Э. Түрік алфавитіндегі Ğ әрпі түрікше “жұмсақ г» деп аталады. Негізінен бұл әріп қазақ тіліндегі К мен Г арасындағы дыбысқа сай келеді. Дегенмен, сөз арасында қолданылған кезде оқылмай, алдыңғы дауысты әріп созылыңқы айтылады. Мысалы dağ (даа), сонымен Ğ=К,Г. Түрік тіліндегі І әрпі, қазақ тіліндегі Ы әрпіне дыбысталу жағынан жақын. Яғни І=Ы. Түрікщедегі J=Ж, Ş=Ш, Y=Й, Ö=Ө, Ü=Ү дыбыстарына сәйкес десек қателеспейміз [4,7].
Ендігі жерде осы екі тілдегі ортақ (түбірлес) етістіктердің семантикалық құрылымын төмендегідей саралап салыстыра аламыз:
1. Сөйлеу мәнді етістіктер

Сөйлеу етістіктері:
Қазақ тілі Түрік тілі
Хабарлау Хабер вермек (haber vermek)
Сұрау Сормак (sormak)
Жауап беру Джевап вермек (cevap vermek)
Деу Демек (demek)
Сөйлеу Сөйлемек (söylemek)
Сөйлету Сөйлетмек (söyletmek)
Сөгу Сөкмек (sökmek)
Сөз бастау Сөз вашламак (söz başlamak)

Хабарлау етістіктері:
Қазақ тілі Түрік тілі
Дәлелдеу Делил етмек (delil etmek)
Есеп беру Хесап вермек (hesap vermek)

Сөйлесу етістігі:
Қазақ тілі Түрік тілі
Пікірлесу Фикир алыш веришинде булунмак
(fikir alış verişinde bulunmak)
Сырласу Сыррыны пайлашмак (sırrını paylaşmak)
Сәлемдесу Селамлашмак (selamlaşmak)

Сұрақ-жауап етістігі:
Қазақ тілі Түрік тілі
Жауап алу Жевап алмак (cevap almak)
Сұрау Сормак (sormak)
Жауап беру Жевап вермек (cevap vermek)
Сұрақ қою Сору сормак (soru sormak)
сұрастыру Соруштурмак (soruşturmak)

Көңіл-күйге байланысты сөйлеу етістігі:
Қазақ тілі Түрік тілі
тілдеу Дил узатмак (dil uzatmak)






Жеке қарым-қатынасты білдіретін сөйлеу етістігі:
Қазақ тілі Түрік тілі
жалбарыну алвармак (yalvarmak)
тілену диленмек (dilenmek)
Тілек білдіру дилекте вулумак (dilekte bulunmak)
әмір беру емир етмек (emir etmek)
Насихат беру насихат вермек (nasihat vermek)
кұттықтау кутламак (kutlamak)

Бейнелік мәнді сөйлеу етістігі:
Қазақ тілі Түрік тілі
Тілінен бал тамызу дилинден бал акытмак (dilinden bal akıtmak)

Сөйлеу процесінің тоқталуы, үзілуін білдіретін сөйлеу етістіктері:
Қазақ тілі Түрік тілі
Ауыз ашпау ағыз ачмамак (ağız açmamak)
Тілі байлану дили бағланмак (dili bağlanmak)
Сөзін бөлу сөзүнү кесмек (sözünü kesmek)
Сөзді тоқтату сөзү дурдурмак (sözü durdurmak)
Сөзді аяқтау сөзу битирмек (Sözü bitirmek)

Ойлау мәнде етістіктер

Ойлау етістіктері:
Қазақ тілі Түрік тілі
Ақылға келу аклы башына гелмек (aklı başına gelmek)

Оқу әрекеті етістігі:
Қазақ тілі Түрік тілі
оқыту окутмак (okutmak)
оқу окумак (okumak)
Пікір білдіру фикир сөйлемек (fikir söylemek)
қабылдау кабул етмек (kabul etmek)
санау саймак (saymak)
сұрау сормак (sormak)
білу билмек (bilmek)
білдіру билдирмек (bildirmek)
есептеу хесапламак (hesaplamak)
есептету хесаплатмак (hesaplatmak)
Шығару чыкармак (çıkarmak)
азайту азалтмак (azaltmak)


Армандау етістігі:
Қазақ тілі Түрік тілі
қиялдау хайал етмек (hayal etmek)
Көзді жұму гөзү йуммак (gözü yummak)

Логикалық әрекет етістігі:
Қазақ тілі Түрік тілі
Пікір айту фикир сөйлемек (fikir söylemek)
қателесу хата йапмак (hata yapmak)

Сезім мәнді етістіктер

Жақсы көру етістігі:
Қазақ тілі Түрік тілі
құрметтеу хурмет етмек (hurmet etmek)
сую севмек (sevmek)
Ғашық болу ашык олмак (aşık olmak)
қызғану кысканмак (kıskanmak)
айрылмау айрылмамак (ayrılmamak)

Жек көру етістігі:
Қазақ тілі Түрік тілі
Сөзін тыңдамау сөзүнү динлемемек (sözünü dinlemek)
Көрмеу гөрмемек (görmemek)
қызғану кысканмак (kıskanmak)

Көңіл-күй етістігі:
Қазақ тілі Түрік тілі
күлу гүлмек (gülmek)
шаттану шад олмак (şad olmak)
Қиялға шому хайале далмак (hayale dalmak)
қиялдау хайал етмек (hayal etmek)
рахаттану рахатламак (rahatlamak)
Енсесі түсу енсеси дүшмек (ensesi düşmek)
сезіну сезмек (sezmek)
кулімдеу гилимсемек








Жұмыс әрекеті етістігі:

Жұмыс істеу етістігі:
Қазақ тілі Түрік тілі
жүру йүрүмек (yürümek)
қимылдау кымылдамак (kımıldamak)
отыру отурмак (oturmak)
әрекет ету харекет етмек (hareket etmek)
түсіру дүшүрмек (düşürmek)
жарысу ярышмак (yarışmak)
алу алмак (almak)
алғызу алдырмак (aldırmak)
алдырту алдыртмак (aldırtmak)
алыну алынмак (alınmak)
тасу ташмак (taşmak)
еңбектеу емеклемек (emeklemek)
итеру итмек (itmek)
жүргізу йүрүтмек (yürütmek)
тебу тепмек (tepmek)
тарту тартмак (tartmak)
тарқызу тарттырмак (tarttırmak)
шашу сачмак (saçmak)
басу басмак (basmak)
бастыру бастырмак (bastırmak)
Сөгу Сөкмек (sökmek)
ашу ачмак (açmak)
ашқызу ачтырмак (açtırmak)

Дайындау тексеру етістігі:
Қазақ тілі Түрік тілі
құрастыру курмак (kurmak)
құру курмак (kurmak)
Көру Гөрмек (görmek)
түзету дүзетмек (düzetmek)
алу алмак (almak)
әзірлеу хазырламак (hazırlamak)
қатесін табу хатасыны булмак (hatasını bulmak)
үйрету өғретмек (öğretmek)
үйрену өғренмек (öğrenmek)
үгіттеу өгүтлемек (öğütlemek)
талап ету талеп етмек (talep etmek)



Қолмен әрекет жасау етістігі:
Қазақ тілі Түрік тілі
жазу язмак (yazmak)
тігіс тігу дикиш дикмек (dikiş dikmek)
өлшеу өлчмек (ölçmek)
ұзату узатмак (uzatmak)
қою коймак (koymak)
сыпыру сүпүрмек (süpürmek)
кесу кесмек (kesmek)
төгу дөкмек (dökmek)
итеру итмек (itmek)
жүргізу йүрүтмек (yürütmek)
ашу ачмак (açmak)
басу басмак (basmak)
ақтару актармак (aktarmak)

Біріктіру әрекетін білдіретін етістік:
Қазақ тілі Түрік тілі
құрастыру курмак (kurmak)
біріктіру бириктирмек (biriktirmek)
жабыстыру япыштырмак (yapıştırmak)
қысу кысмак (kısmak)
шақыру чағырмак (çağırmak)

Жабу-ашу әрекетін білдіретін етістік:
Қазақ тілі Түрік тілі
ашу ачмак (açmak)
ашқызу ачтырмак (açtırmak)
ашылу ачылмак (açılmak)
кіліттеу килитлемек (kilitlemek)
сыр ашу сырр ачмак (sırr açmak)
қорғау корумак (korumak)

Бөлшектеу әрекетін білдіретін етістік:
Қазақ тілі Түрік тілі
езу езмек (ezmek)
үгіту өғүтмек (öğütmek)
еріту еритмек (eritmek)
сіңдіру синдирмек (sindirmek)





Көру етістігі:
Қазақ тілі Түрік тілі
аз да болса көптей көрді аз олса да чок гөрдү (az olsa da çok gördü)
аузына қарады ағзына бакты (ağzına baktı)
әуес көрді хевес гөрдү (heves gördü)
жерге қарады йере бакты (yere baktı)
көз айырмады гөз айырмады (göz ayırmadı)
көз алдына келтірді гөз өнүне гетирди (göz önüne getirdi)
көз ашқанша гөз ачынжа (göz açınca)
көз ашпады гөз ачмады (göz açmadı)
көз жіберді гөз атты (göz attı)
көз салды гөз койду (göz koydu)
көзін ала алмады гөзүнү аламады (gözünü almadı)
көру гөрмек (görmek)
көре алмады гөремеди (görmedi)
көре-біле гөре гөре (göre göre)
көрінер-көрінбес гөрүнүр гөрүнмез (görünür görünmez)

Жоғарыда қазақ және түрік тілдеріндегі бір түбірден шыққан ортақ етістіктердің семантикалық қатарын көрсетуде біз қазақ тіл білімінің ғалымдары А.Ысқақов пен М.Оразовтың бөлулеріне сүйендік. Кестеде тізбектелген ортақ етістіктердің бір түбірден шыққанын және олардың аз ғана дыбыстың өзгерістерге ұшырағанын, атап айтар болсақ, Түрік тілін оқытуда әдістеме ретінде танылған «Алтын ереже» бойынша [5, 26] қазақ тіліндегі «к» әрпінен басталған сөздердің түрік тілінде «г» әрпінде, «ж» әрпінен басталған сөздердің «йе», «ш» әрпінен басталғандар «ч», «т» әрпінен басталғандары «д», «б» әрпінен басталғандары «п», «қ» әрпінен басталғандары «к» болып дыбысталу заңдылығын байқадық [6, 89].
Қысқасы, тарихы тереңнен тамыр алған туыс екі тілдің сыртқы тұлғалық жақындығы мен мағыналық сипаты жағынан да ортақ етістіктері негізгі мағынасында да, тұрақты тіркес құрамында да, күрделі етістік құрамында да әртүрлі мағына беруімен дәстүрлі грамматикада қашан да орын алмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітануға кіріспе. А., 1992.
2. Салқынбай А. «Қазіргі қазақ тілі». Оқулық. Алматы, 2008.
3. Kiremit М., Türk Dili, Ankara 1997. s.224.
4. Сарбасова Г., Түрік тілінің грамматикасы. Түркістан 2011.
5. Karahan L., Türkçede Söz Dizimi, Cümle Tahlilleri, Ankara 1991.
6. Hatipoğlu V., Türk Kelimelerinin Önsesleri, Ankara 1961.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *