СӨЙЛЕУ ТІЛІ ЕТІСТІКТЕРІНІҢ МЕТАМӘТІНДІК ҚЫЗМЕТІ

СӨЙЛЕУ ТІЛІ ЕТІСТІКТЕРІНІҢ МЕТАМӘТІНДІК ҚЫЗМЕТІ

Жалмагамбетова С.К.
Көкшетау қ., Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Madam.kaz@inbox.ru

«Мәтіндегі метамәтін» [1] жұмысында А.Вежбицкая өзінің реферанттары ретінде пікір айту тақырыбын алатын сөз бен айтылуды алатын «метамәтіндік жіптерді» қарастырады.
В.А.Лукин оларды «метабайланыстырушы» деп атайды, өйткені олар мәтінді байланыстыру құралы болып табылады және алушының назарын автордың көзқарасы тұрғысынан анағұрлым мәндіге аудару үшін қызмет етеді, анофористік және катофористтік байланыстарды белсендендіре отырып мәтін кеңістігінде бағдар алуға көмектесетіндіктен» [2, б.63].
Көркемөнер мәтіндеріндегі төл сөз құрылымдарында осындай метаұйымдатырушылар ретінде метамәтіндік қызметті орындайтын сөйлеу тілінің етістіктері бола алады.
Төл сөзді сөйлемдерді құрған кезде отырып, яғни, бөтен адам сөзін енгізенкезде, біз, ереже бойынша, қазақ тілінде – айту, деу, сөйлеу; ағылшын тілінде– to say, to tell, to speak, to talk, орыс тілінде — говорить, сказать стилистикалық бейтарап етістіктерді қолданумен шектелеміз, дегенмен, көркем әдебиетті оқу кезінде біз сөйлеу тілі етістіктерін қолданудың әр түрлі жағдайларын кездестіреміз.
Төл сөзді сөйлемдер екі бөліктен тұратындығы барлығына белгілі, «олардың бірінде – автордың сөздерінде – бөтен адам сөз дерегінің өзі белгіленеді және оның бастау көзі аталады, ал екіншісінде – төл сөзде — бөтен сөйлеу тілінің өзі қайталанады [3]. Төл сөзді құрылымдарда сөйлеу тілінің етістіктері сөйлеу тілі авторы, сөйлеу тілін айту әрекеті мен сөйлеу тілінің өзінің арасындағы байланысты жүзеге асырады. Құрылымдық-семантикалық орталық бола отырып, сөйлеу тілінің етістіктері, негізінен, осылайша метамәтіндік қызметті жүзеге асыра отырып, бөтен адам сөзінің авторының сөздік әрекетінің тәсілі мен сипатын білдіреді.
Ю.Д.Апресян «метамәтіндік авторлық «алаңдардағы белгілер» адресаттың мәтінді қажетті жолда түсінуіне бағыттайтындығын, қандай жерлерден сол немесе өзге ақпаратты іздеу қажет екендігін көрсететіндігін, оның әр түрлі фрагменттерінің салыстырмалы ақпараттық құндылығын анықтайтындығын әділ атап өткен. Бұл – өзінше адресаттың назары хабарланатын ақпаратты қабылдау кезінде оның тиімді түрде қабылдануы үшін қалай бөлінуі қажеттігі жөнінде парагматикалық нұсқаулық» [4, б.33]. Автордың сол немесе өзге етістіктерді персонажды бейнелеу үшін көркемдік шығармаларда қолдану жеке стилдің ерекшеліктерін, жазушының көркемдік әдісін, автордың тұлғасын ашуға мүмкіндік береді.
Сөйлеу тілі етістіктерінің метамәтіндік қызметінің көрінісін қарастырар болсақ:
1.Ең алдымен, бұл етістіктер экспрессивті реңктен айрылған, стилистикалық бейтарап болғанда тікелей сөйлеу тілі кімге тиесілі екендігінің сөйлеу үдерісін тікелей білдіру. Мысалы:
Қазақ тілінде: – … Ақбілектің пердесін өзіміз ашпаймыз деген кімнін ойында бар? – деді [Кто же мог подумать, что фату Акбилек будем открывать не мы — сказал] (Аймауытов. Ақбілек);
— Иә, тіземсіп отырындар! Ұялатын үлкен кісі жоқ қой, — деп Ақберген де айтты.
Орыс тілінде: — Поглядывай, чтоб кто коней не увел! – сказал он
Егорушке и тотчас же заснул (Чехов. Степь); — Дед, – сказал он. – Дай воды! (Чехов. Налим).
Ағылшын тілінде констация дерегі сөйлеу тілі үдерісінің to say, to utter, to tell, to speak, to talk етістіктерін білдіруі мүмкін. Олар сөйлеу тілінің үдерісін қосымша сапалық сипаттарды тартусыз тап мұндай етіп сипаттайды. Сонымен бірге, to say етістігі анағұрлым кең мәнге ие. Көркем әдебиетте ол бөтен біреудің сөздерін ресімдеу қызметінде қолданылатын сөйлеу тілі етістігінің ең жиісі болып табылады. Л.В.Правикованың зерттеу мәліметтері бойынша «осы етістікті қолдану коммуникацияның барлық етістіктерін қолданудан 60%-ды құрайды. Сонымен бірге, to say етістігін қосымша ақпараттың оның мәнін түрлендірусіз қолдану туралы айтылып отыр, себебі, to say етістігінің ақпаратты сараламай берудің абстрактті мәні болады, себебі, оны төл сөздің енгізуде қолдану бір мақсатта ғана, атап айтқанда, әңгімеге екі коммуникативтен артық қатысқан жағдайларда кейіпкерлерді референтті сәйкестендіруде қызмет етеді» [5, б.98], мысалы:
“I spend most of my time looking for a job”, said Bobby (Christie);
“You sound like a correspondence in a Sunday paper”, said Frankie (Christie).
2. Сөйлеу тілінің етістіктерін төл сөздің әрекеттің сүйемелденуші сөйлеу тілінің құрылымдарында композициялық қызметпен күрделендірілетіндігін атап өту қажет:
а) композицииялық-мінезтану қызметтері төл сөздің құрылымдарында
сөйлеу тілі етістіктерінің өзінше қайталануы қолданылуы мүмкін. Сонымен, қазақ тілінде: — Сен жана не айттын? – деп сұрады ол. – Не дедім? – Дарқан дедін ғой. – Дедім бе? Ғажап. Ол қалай аузыма түсті екен (Райымқұлов. Жасыл белес);
Сонда уәзір отырып: «Қатыны буаз ба?» дегені — «еліңіздің есімі қалай?» деген еді, «малы жуан тыша ма?» дегені — «шаруасы берекелі ме?» дегені еді. Сіз сол сөзіні түсенбеген сон, кетіп қалды депті (Аймауытов. Ақбілек);
«Саулы бозiнгеннiң кiм екенiн айта кетемiз бе? … Бос сөзге жанымыз қумар барады ғой, айтсақ айта кетейiк» (Аймауытов. Ақбілек).
Ағылшын тілінде: “I tried to tell them, and my father gave me my first thrashing for telling lies. When afterwards I tried to tell my aunt she punished me again for my wicked persistence. Then, as I said, everyone was forbidden to listen to me” (Wells. The door in the wall);
“Oh, Jack, don’t let me hear you speak so! That is how he speaks – the other one!” “Baldwing – he speaks like that, does he?” (Conan Doyle. The valley of Fear).
Орыс тілінде: — Знаем мы вас, как вы плохо играете! – сказал Ноздрев, выступая шашкой. – Давненько не брал я в руки шашек! – говорил Чичиков, подвигая тоже шашку. – Знаем мы вас, как вы плохо играете! – сказал Ноздрев, выступая шашкой. – Давненько не брал я в руки шашек! – говорил
Чичиков, подвигая шашку. – Знаем мы вас, как вы плохо играете! – сказал Ноздрев, подвигая шашку, да в то же время подвинул обшлагом рукава и другую шашку. – Давненько не брал я в руки!.. Э, э! это, брат, что? Отсади-ка ее назад! – говорил Чичиков. – Кого? – Да шашку-то, — сказал Чичиков… (Гоголь. Мертвые души).
Кейіпкерлердің сөздерін енгізетін тікелей сөйлеу тілі етістіктерінің бұл «тартысы» Чичиковтың сөзін енгізетін және батырдың белсенді әрекеттерге көшуін білдіретін сказал етістіктерін қолданудың арқасында композициялық аяқталуға ие болады.
Стилистикалық бейтарап етістіктерді қайталау диалогты өзінше ұйымдастырады, бірқалыптылықты құрайды, диалогтағы қозғалыстық болмауын көрсетеді және оның құр бос сөз, мазмұнсыз екендігін баса көрсетеді: — Сделайте милость, не беспокойтесь, так для меня… — говорил Чичиков. – Нет, Павел Иванович, нет, вы гость, — говорил Манилов. – Не затрудняйтесь, пожалуйста… — говорил Чичиков…(Гоголь. Мертвые души).
Көркемдік мәтіндегі қайталама әр түрлі қызметтерді атқарады, олардың бірі тілдік бірлікті баса көрсетуге, мағынасын күшейтуге, кейіпкерлердің көркемдік кейіптерін құру үшін қызмет етеді. Сонымен, орыстың лепетать етістігін А.Чеховтың «Налим» әңгімесінде келесі контекстілерде бірнеше мәрте сөз қолдану: – Ры…рыбку ловим…– лепечет Ефим, не поднимая головы; — При господине барине и такие слова…- лепечет Ефим; — Знатный налим – лепечет Ефим, почесывая под ключица, біріншіден, оны түсініксіз, байланыссыз, әдетте жылдам қарқында белгілей отырып, кейіпкердің сөйлеу тілін сипаттайды, екіншіден, белгілі бір ассоциативті байланыстар негізінде бірдеңесімен баланы еске түсіретін оның сыртқы реңкін де құрайды, себебі, аталмыш етістіктің орыс тілінде шектелген субъектті сәйкестігі болады – әрекет субъектісі ретінде бала жиі көрінеді (Мальчик что-то лепетал непрестанно, но понять его было невозможно).
б) кей жағдайларда сөйлеу тілінің етістіктерін қолдану диалогтың шиеленісуін құрудың негізгі құралдарының бірі болуы мүмкін. Сонымен, ағылшынның «Шерлокс Холмс туралы жазбалардан» Холмстың доктор Гримбси Ройлотпен әңгімесі сипатталады, онда соңғысы өзінің жүрістұрысымен өзінің өгей қызының өліміне күдікті өзіне аударады, бұл оның сөзіне кіретін етістіктерде көрсетілген:

Шерлок Холмс Доктор Гримбси Ройлотт
said quietly (жайлап айтты) said (деді)
said blandly (сыпайы айтты) —
said (деді) —
— screamed furiously
(ашулы түрде айқайлады)
— said shaking his hunting crop (таяғын селтеңдетіп айтты)
— snarled and strode out the room (бірдене бұлдырлады да, кетуге мәжбүр болды)
said laughing (күле айтты) —

Холмстың сөзі етістіктерге қарағанда, нақтырақ айтқанда, оның сөзіне кіретін таратушы-сөздері бойынша тыныштығымен, әңгімелесушіге орналасуымен және кей кездері психологиялық ұстамдылығымен ерекшеленеді. Орыстың Ф.М.Достоевскийдің «Преступление и наказание» романында Порфирии Петровичтің Раскольниковпен әңгімесінде әрекеттің даму жоспарына сәйкес айыпталушы мен айыптаушының психологиялық жекпежектің ішкі серіппесін «тарқатуға» қарай етістіктік лексика, кейіпкерлердің сөздері және оған қозғалмалық береге күрт ауысады. Біз диалогта бір қатысушыдан екіншісіне белсенділік ауысуын көрсететін етістіктік «жекпежекті» бақылаймыз:

Порфирий Петрович Раскольников
вскричал —
заговорил пробормотал
вскричал
переговорил —
пробормотал прошептал было
прошептал —

— проговорил
воскликнул —
— прошептал
— вскричал
— произнес

Салыстыру әрекеттердің дамуы сөйлеу тілінің етістіктерінде қалай көрінетіндігін көрсетеді. Диалогтың басында тергеуші белсенді болады, Раскольников болса, ойын жинақтап, ақырындап өзіне келе бастайды. Бірақ, осы жерде Порфирий Петрович Раскольниковқа оның адам өлтіргіш екендігін (олар сыбырлауға көшеді) жариялайды. Раскольников абыржулы. Енді ол көбірек өзімен-өзі айтысады (прошептал-вскричал-спросил). Диалогтың соңында сыртқы құлдырау байқалады.
Осылайша, коммуникативтік, экспрессивті-стилистикалық қызметтерді шешуге, сондай-ақ, мәтінді композициялық ұйымдастыруға қатыса отырып, қазақ, және ағылшын, және орыс тілдерінің сөйлеу тілдерінің етістіктері әдеби шығарманың идеялық-көркемдік ойын ашуға себептестіреді және сонымен бірге метамәтіндік қызметті жүзеге асырады. Етістіктердің метамәтінділігі негізгі мәтіннің «семантикалық бедерін» түсіндіруге, күшейту мен байланыстыруға, яғни, біріктірілген қызметті жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік туғызады. Адресаттың назарын мәтіннің күшті айқындамасына бағыттай отырып, олар «өздігінен ұқсас айқындамаларды құрамайды». Бұл негізінен «бүтіндікке дейін» байланыстылық қызметін орындауымен себепші болады және «тілдің метамәтіндік құралдардың сөздігінің бөлігін құрайды» [2, б. 63].

Әдебиеттер:

1. Вежбицкая А. Метатекст в тексте // Новое в зарубежной лингвистике: Лингвистика текста. — М.: Прогресс, 1978. — Вып. 18. – С. 402-421.
2. Лукин В.А. Художественный текст: Основы лингвистической теории и элементы анализа. – М.: Изд-во «Oсь – 89», 1999. – 192 с.
3. Крючков С.Е., Максимов Л.Ю. Синтаксис сложного предложения // Современный русский язык. – М., 1988. – 163 с.
4. Апресян Ю.Д. Прагматическая информация для толкового словаря // Интегральное описание языка и системная лексикография. – М.: Школа «Языки русской культуры», 1995. – Т. 2. – С. 7-41.
5. Правикова Л.В. Прагматические свойства глаголов коммуникативной деятельности современного английского языка в актуальной и репрезентной речи: дисс. … канд. филол. наук. – Ростов-на-Дону, 1985. – 194 с.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *