РЕЯЛИЯ СӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

РЕЯЛИЯ СӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Туркпенова Динара Кайратовна
Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті sleibl@mail.ru

Тіл мәдениеттің шағылысы бола алады ма, деген сұрақ лингвистикада орталық орындарының бірі алып жатыр. Оған жауап, мәдени ақиқаттылықтарын бейнелеу мүмкінділігінен тәуелді. Бұл ұлттық құндылықтарын басқа тілде оның мүлдем болмауын немесе мағынасы жаңаша болуы, тілде өзінің бейнесін табатын әлеуметтік-мәдени қоры болып табылады. Лексиканың және әлеуметтік-мәдени қорының зерттелуі, түпнұсқаның толық және терең түсінуі маңызы болып, осы басқа ұлттың мәдени мәліметінің аудару барысында құндылықтар болып табылады.
Белгілі бір ұлттың әлеуметтік-мәдени мәліметтері, В.С. Виноградов бойынша реңнің ақпараты деп атауға болады. Оған тарихтың төл деректері, мемлекеттің құрылымы, географиялық ортасы, осы ұлттың мәдени аспаптары, ауыз әдебиеті сияқтылар жатады. Осының бәрін аударма теориясында реалия сөздері болып табылады.
Аударматануда реалияларға көріністердің, құбылыстардың, ұлттық бұйымдардың, тағамдардың аттары ғана емес, олардың мағынасын ашатын сөз тіркестері де жатады. Реалиялардың мағынасын ұлттық сипатын ашатын, эквиваленті жоқ лексикалық бірліктерді жатқызамыз.
Алғашында реалия сөздер туралы болғар ғалымдар Сидр Флорин және Сергей Влахов айтты. Олар Реалия сөздерін мағынасына қарай классификацияларға бөліп, олардың аудару жолдарын ашып көрсетті.
«Әр тілде басқа ұлттардың тілдерінде кездестіре алмайтын өзгеше сөздер бар, алайда осы сөздердің түпнұсқаларын басқа тілге дағдылы әдістер арқылы жеткізуге болады және аудармашылар оларды: мәтінде өзгертілмей немесе аударма барысында олардың морфологиялық немесе фонетикалық құрылымын ішінара сақтай аударады;басқалар осы сөздерді басқа бір лексикалық бірліктермен алмастыру немесе «теру» арқылы жеткізеді. Осы сөздердің ішінде күнделікті өмірде қолданылатын, ұлттың, мемлекеттің, елдің тарихында, мәдениетінде кездесетін элементтердің аттарын кездестіреміз. Дәл осы сөздер аударматануда зерттеу нәтижесінде «реалия» деп аталады.»
«Реалия» термині латын тілінен «шынайы заттар» деп аударылады. Реалия сөздер (немесе тілдің басқа сегменттері) қандайда бір елдің мәдени элементтері, деп Дис Синтас және Ален Рамаел өзінің «Аудиовизуалды аударма:сілтемелер» деген еңбегінде «әр мемлекеттің, елдің тарихында, мәдениетінде кездесетін экстралингвистикалық сілтемелер» деп атады. 1997 жылғы Д.Гриттің «Реалияларды аудару» атты еңбегінде бұл терминді тек сөзді-заттармен ғана байланыстыра қоймай, осы сөздердің мағынасын анықтайтын лексикалық бірліктермен айқындайтындығын белгілейді.
Аудару кезінде реалия сөздерді жеткізуде негізгі екі қиыншылық кездесетіні туралы айта кету қажет: аудару тілінде сәйкес сөздің (эквиваленттің) болмауы, бұл осы тілде сөйлейтін адамдарда осы реалиямен белгіленген объектінің болмауына байланысты; реалияның заттық мағынасын (семантикасын) жеткізгенде оның нақышын (коннотациясын), ұлттық-тарихи ерекшелігін де жеткізу қажет.
Көп уақыт бойы реалия сөздерді аудару кезінде ұлттық және тарихи өзгешелігін жеткізу маңызды мәселелердің бірі болып келді.
Кейбір лингвист ғалымдар өз ғылыми зерттеулерінде «реалия» терминін емес, «эквивалентсіз лексика» терминін қолдайды. Алайда «реалия» ұғымын «термин» ұғымынан бөліп қарастыру керек. Реалия сөздер көркем әдебиетте өте жиі кездеседі. Олар белгілі бір халықтың мәдениетімен байланысты. Осы халықтың тілі үшін жалпы қолданбалы, ал басқа тілдер үшін жат. Қандай да болса ұлттық бояусыз, ғылым саласына жататын терминдер жасанды түрде пайда болады. Олар тек қана затты не құбылысты атау үшін қолданылады. Енді «реалия» терминінің әр алуан анықтамаларын қарастырайық:
1) реалия – бұл ұғым, практикалық түрде басқа тілде сөйлейтін адамдардың өмірінде болмайтын ұғым;
2) сыртқы лингвистикамен және аударматанумен зерттелінетін әр түрлі факторлар және олардың тілде бейнеленуі, сондай-ақ берілген елдің мемлекеттік құрылымы, халықтың тарихы, мәдениеті, тілі, берілген тіл меңгерушілерінің байланыстары және т.б.;
3) сөздің номинативті мәні үшін негіз болып табылатын материалдық мәдениеттің заттары;
4) өмірдің және тұрмыстың ұлттық ерекшеліктерін белгілейтін сөздер.
Аудармашылармен, аударма теоретиктерімен және лингвисттермен қолданылып жатқан терминологияда айқындық болмағандықтан, аударматанудағы реалия және әдебиет тану ғылымындағы, лингвистикадағы реалия арасындағы шекаралар өте тұрақсыз.
Реалия сөздерге эквивалентсіз лексиканы да жатқызуға болады. Эквивалентсіз лексика:
1) Басқа тілдің лексикалық бірліктері арасында толық немесе жартылай эквиваленттері жоқ лексикалық бірліктер (сөздер және тұрақты тіркестер). Өте жиі эквивалентсіз лексикаға: реалия сөздер, уақытша эквиваленті жоқ терминдер, кездейсоқ эквивалентсіз сөздер жатқызылады.
2) Аймақтық құбылыстарды және ұғымдарды білдіретін берілген мәтіннің реалия сөздері, аударма тілінде сәйкестілігі жоқ сөздер.
«Реалия» ретінде, қателікпен қолданылатын тағы бір ұғым — «лакуна». Номинативті бірліктердің номинативті-мәдени ерекшелігі тек қана эквивалентсіз лексика ретінде байқалмайды. Сонымен қатар, осы тілде басқа тілдегі сөздердің, ұғымдардың болмауы. Яғни, лакуналар – тілдің семантикалық картасындағы ақ дақтар.
Сонымен реалия сөзінің мағынасын ашып, олардың аудару мәселелерін қарастырайық. Раелияларды аудару мәселерін Соболев, Чернов, Алексеев, Федоров, Кашкин, Ретзкер және тағы басқа сияқты филолог-аудармашы ғалымдар өз еңбектерінде қарастырды.
Влахов С. Және Флорин С. «Непереводимое в переводе» атты еңбегінде реалияларды аудару жолдарын көрсетті.
1. Транскрипция 2. Транслетирация
а) Неологизмдер — Калька
— Жартылай калька — Үйлестіру (adaptation)
ә) Ұқсас аударма (Approximate translation)
— Грамматикалық ұйқастық
— Фукционалды ұйқастық — Сипаттау, түсіндіру б) Мәнмәтін аударма
Транскрипция(лат. transcrіptіo – қайта көшіріп жазу) – белгілі бір тілдегі дыбыстарды дәл бейнелеп көрсету үшін пайдаланылатын шартты белгі. Жазуда бір фонема түрлі әріптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол бір таңбамен белгіленеді. Транскрипцияның негізгі қызметі сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету, онда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Бір әріп ыңғайына қарай түрлі фонемаларды белгілесе, транскрипциялық таңба бір ғана мағынаға ие болады. Транскрипция екіге бөлінеді:
Фонематикалық транскрипция сөздердің дыбысталуындағы өзгерістерді ескермей, тек фонемаларды жазады, дыбыстар сөздің айтылуына жуықтап беріледі.
Фонетикалық транскрипцияда сөздердің айтылуындағы дыбысталу ерекшеліктері дәлме-дәл көрсетіледі. Әрбір жеке тілдің фонемалық жүйесін айқындауда фонемат. Транскрипция жұмсалса, ал фонетикалық Транскрипция барлық тілдердегі дыбыстық ерекшеліктерді түгел көрсету үшін қолданылады. Оқу барысында көбіне фонемат. Транскрипцияға жүгінуге тура келеді, яғни сөздер мен сөз тіркестерін, тұтас мәтінді айтылуына біршама жуықтатып жазу қажеттігі туындайды. Жеке дыбыстар мен әріптердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықтар, көрші дыбыстардың бір-біріне әсері ескеріліп отырады.
Транслитерация (лат. trans — арқылы, littera — әріп) — бір жазудағы әріптерді екінші бір жазудын әріптерімен, яғни бір әліпбидегі жазуды баска бір әліпбиге ауыстыру. Егер сөздердін дыбыстық құрамына әліпби сәйкес келсе, онда әліпби ауыстыру қиындық келтірмейді. Ал сөздердін дыбыстық құрамына әліпби сәйкеспеген жағдайда оларды жазу күрделенеді.
Неологизмнің енгізілуі – реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін (транскрипциядан кейін) қолданылатын тәсілдердің бірі. Алайда жаңа сөздің (сөз тіркесінің) пайда болуы кейде түпнұсқадағы ұлттық бояуы қалың сөздерді аударма тілге жеткізудің өнімді тәсілі емес. Дегенмен де кей реалия сөздердің баламасын жасауға тура келеді.
Калька (фр. calque – көшірме) – өзге тілдегі сөз тіркесі мен жай сөйлемнің құрылымдық-мағыналық негізділігін ана тіліндегі төл тәсілдер арқылы дәлмедәл көшіріп алу. Тілдің негізді бірліктеріне туынды сөздер, сөз тіркестері және жай сөйлемнің кейбір түрлері жатады.
Жартылай калька – бұл ауысып алынған сөздер және сөйлемшелер. Олар жартылай бастапқы тілінен, жартылай аударма тілінің элементтерін алады.
Үйлестіру — бастапқы тіліндегі бар материал негізінде аудару тілі үшін сөзге ана тіліндегі сөздің кейіпін беру.
Ұқсас аударма. Осы аударма тәсілі өте жиі қолданылады. Мысалы, көп таралған тәсіл функционалды эквивалентті таңдау. Бұл тәсіл бойынша аударма оқырманда түпнұсқа оқырманыңда туатын ассоциацияларыға сәйкес ассоциациялар туғызады.
Сипаттамалы аударма қолданылған кезде реалияның мазмұны ашылады. Егер аудармашыда басқа елдің заты немесе құбылысы туралы мәліметі, білімі жеткілікті болса, егер де ол осы реалия нені белгілейтінін білетін болса, онда сипаттамалы аударма дұрыс болады.
Қорыта келгенде, Гете айтқандай, «Аудармада аударылмайтынға жету қажет. Сонда ғана басқа халықты, жат мәдениетті білуге болады». Гетенің сөздерін реалия анықтамасына жатқызуға болады. Өйткені реалия тек қана аймақтық құбылыстарды және ұғымдарды білдіретін берілген, басқа халықтың тұрмысында, тілінде жоқ сөздер.





Қолданылған әдебиеттер:

1. http://study-english.info/article001.php#ixzz2p8XieDkO
2. Leppihalme, R. (1997) Culture Bumps: An Empirical Approach To The
Translation Of Allusions. Bristol:Multilingual Matters
3. Grit, D. (1997) De Vertaling Van Realia. In: Filter, Vol. 4
4. Díaz Cintas, J. and Remael, A. (2007) Audiovisual Translation: Subtitling. Manchester: St Jerome
5. Florin, S. (1993) Realia In Translation. In: Zlateva, P. (ed.) Translation As
Social Action: Russian And Bulgarian Perspectives. London: Routledge
6. http://bigox.kz/realiya-sozder-madeni-belgiler-retinde-zhane-olardy-audaru
-maseleleri/
7. Сорокин Ю. А., Морковина И. Ю. Лингвокультурология. – М.:
Издательский центр «Академия», 2001. – 208 с.
8. Vlaxov S., Florin S. Непереводимое в переводе. M, 1980.
9. Қазақ энциклопедиясы, 8 том
10. Тіл білімі терминдерінін түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-
Словарь», 2005. ISBN 9965-409-88-9
11. http://malimetter.kz/realiya-sozder-madeni-belgiler-retinde-zhane-olardyaudaru-maseleleri/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *