«ОТБАСЫ» КОНЦЕПТІНІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ СИПАТТАМАСЫ
Мукушева Гульмира Амангельдыевна, Рыспаева Д.С.
Көкшетау қ., Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті guadil@mail.ru
Отбасы институты қоғамдық институттың ішінде ең маңыздысы болып табылады, нақты лингвомәдени одақта адамға бейімделуіне керекті қасиеттер, яғни, мәдени, психологиялық, әлеуметтік және т.б жеке тұлғаға ғана тән қасиеттерге бұл институттан ие болып шығады. Өзге әлеуметтік – мәдени өкілдерімен мәдениетаралық қарым – қатынасқа тұскен кезде, адамдар оларды өз мәдениетінен, ең алдымен өз отбасында өзнің бойына сіңіріп алған құндылықтар арқылы бағалайды. Отбасылық құндылықтар балалық шақтан қалыптасады, айқындаушы болып табылады, бірақ өмірдің әр кезеңінде өзгерістерге тап болады.
«Отбасы» концептісін әмбебап мәнді концептілердің қатарына жатқызуға болады, себебі бұл концепт отбасының адамгершілік және ұлттық-төл (әлеуметтік, этикалық, адамгершілік) құндылықтарын көрсетеді. Отбасы концептісін және т.б өте жиі кездесетін концептілерді зерттеу кезінде жиып алған теориялық және тәжірбиелік білім мәдениаралық қарым – қатынас орнату кезінде лингвомәдени білімді қолдануға мүмкіндік береді.
Ұлттық концепттің өзгешелігін айқын түсіну үшін оны басқа мәденеиттің концептісінің мазмұнымен салыстыру арқылы жүзеге асыруға болады. Біздің ұлттық лингвомәдениетіміз орыс тілі және орыс мәдениетінің әсер ету арқасында қалыптасқан, сондықтан отбасы концептісінің мазмұны орыс мәдениетіндегі отбасы концептісімен ұқсастықтары өте көп. Сол себептен бұл тақырыпты толығымен ашу мақсатында орыс тілі материалдарын жұмылдырылады.
Сонымен қатар Елбасы «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингвафранкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады», – деп атап көрсеткені белгілі. Демек ағылшын тілін білмей, заман талабына лайықты, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға толық қол жеткізе алмаймыз. Орыс тілі арқылы қосымша білім алып, дүниетанымын байытып, араласатын ортасын кеңейтіп, іргелес мемлекеттерден анағұрлым ілгері тұрған Қазақстан бұл жетістіктерімен шектеліп қалмау үшін де көптілділікке ұмтылуда. Өйткені еліміздің біліктілігі мен сауаттылық деңгейін әлемге танытып, алпауыт мемлекеттермен тереземізді теңестіру мүмкіндігіне жетелейтін қадамдардың маңыздысы – көптілділік. Шетелдіктердің арасында біліктілігімен, сауаттылығымен суырылып алға шығу үшін де тіл білу маңызды. Сол себептен «отбасы» концептісін үш тілде қарастыру арқылы ғана бұл тақырыпты кең ауқымда ашуға болады [1].
«Отбасы» концептісін көптеген ғылыми әдебиеттерде кездестіруге болады (Ю.В Железнова, А.А Мамедгасанова, Н.Н Занегина, М.А Терпак, А.С Трущинская, А.С Сказко, Е.С Сироткина). Жоғарыда атап кеткен ұлы ғұламалар өз еңбектерінде «Отбасы» концептісімен байланысты көптеген басқа да концептілерді негізге алған. Мәдениеттану, лингвомәдениеттану және когнитивті лингвистикада «Ана» концептісіне өте көптеген еңбектер арналған (Ж.Л Фландран, Л Стоун, Р Трамбэч, Э Шортер, А.Т Аллен, Ф Хейер,
О Хаутон, П.А Андреева, Н.Л Пушкарева, Н.М Жанпеисова, Г Шокым және т.б).
Неке, отбасы және туыстық қарым – қатынас мәселелерін көптеген қазақ ғалымдары да зерттеген болатын. Солардың ішінен ерекше Халел Арғынбаевтың «Қазақ отбасысы» атты еңбегін атап кетпеске болмақ [2], бұл еңбекте 20 жылдам астам қазақ этнографиясы мен архив деректердің материалын зерттеп, байқаған жұмысы болып табылады.
Лингвокогнитивті әдіснама бірнеше тілдерде белгілі бір концептіні сипаттап және модельдеу арқылы ғана құрылатынына күмән жоқ.
Түрлі үлгідегі лексикографиялық басылымдарына анализы жасау барысында, отбасы сөзі әмбебап мағынаға сай келетіні айқын байқалды(үй іші, бала – шаға, үйелмен, ата – ана, жақын туған-туысқан), сонымен қатар ұлттық-төл, тарихи – мәдени дамуда айқын келетіндігі сөзсіз, алайда тілдік жүйенің әрқилығын ескермеске болмақ.
Тап осы өзгешеліктер «отбасы » концепттің ұлттық — мәдени өзгешелігін үш тілде салыстыру арқылы бір нысанға келтіреді.
Сонымен «отбасы» деген сөз орысша – қазақша сөздігінде былай аударылады: “1. отбасы, уй-іші; 2. урпак, аулет, топ” [4]. 2008 жылы жарық көрген қазақша түсіндірмелі сөздікте [6], отбасы деген сөзге өзге «Жанұя» сөз түсіндірме ретінде берілген болатын. Бірақ бұл сөзді толығымен ашатын сөз бұл сөздікте болған жоқ. Оның орнына бұл сөздікте отау деген сөз кездеседі, “Жаңадан тұрмыс құрып, енші алып бөлінген ұлдың үйі, отау үй” [4-5], деген мағына береді. Жануя сөзі — неологизм болып табылады, қазақ тілінде ХХ ғасырдың соңында пайда болған, публицистикалық жанрдың мәтіндерінде жиі қолданылады, ал ауызекі стилінде сирек кездеседі. Уй іші деген сөз тіркесі ауызекі стилінде өз артықшылықтары бар, «бірге бір үйде тұратындар» деген мағына береді. Отасу деген етістік «бірге өмір сүру» деген мағына береді [5]. Қазақ тілде отбасы сөзіне ошақ деген сөзді қолдану көкейкесті болып табылады [5]. Ошақ деген сөз орыс тілінде сияқты тура және ауыспалы мағынаға ие. Мысалы: очаги войны/ согыс ошактары. Семейный очаг денег сөз тіркесі қазақ тіліндегі ошак—«очаг» деген сөздің баламасы болып табылады. Дегенмен, отбасы деген сөздің тура мағынасы орыс тілінің семья және ағылшын тілінің family деген сөздеріне сәйкес келеді: 1. Семья – группа людей, состоящая из мужа, жены, детей и других близких родственников, живущих вместе [8]. 2. Family – related people, a group of people who are related to each other, such as a mother, a father, and their children [9].
Біздің байқауымызша, отбасы деген қазақ сөзі бірнеше стилистикалық синонимдерги ие: отбасы — ерекше, ресми және ғылыми болып келсе, жануя— публицистикалық, уй іші, ошак— ерекше, ауызекі стилінде қолданылады. Отбасы, жануя,уй іші, ошак, отау деген сөздер орыс тілінде семья деген сөздің ауыспалы мағынасына сәйкес келмейді, («объединение людей, сплоченных общими интересами», «группа животных», «группа родственных языков») [8]. Бұл жағдайда орыс тілінің бұл ауыспалы мағынасы ағылшын тілінің мағынасына сәйкес келеді: «a group of people joined by general interests», «a group of similar types of animals», «a group of languages» [9].
Орыс тіліндегі языковая семья сөз тіркесі [8], ағылшын тіліндегі a group of languages [9], қазақ тілінде тілдер тобы [6], деген мағына береді. Басқа да орыс тілінің семья, не болмасын ағылшын тілінің family деген сөзін ауыспалы мағынада қолданған кезде, қазақ тіліне топ деген сөзге сәйкес келеді.
Осыдан қорытынды жасасақ, қазақ тілінің отбасы (отбасы, ошақ, жанұя, отау), концептісі өзінің әлеуметтік нақты шеңберінің аясында қолданылса, ал сол уақытта орыс тілінің семья деген сөзі мен ағылшын тілінің family деген сөзі даму процесінің салдарынан әр түрлі топтарды бейнелегенде қолдануға ешбір қиындықты тудырмайды, мысалы: «семья берез», «семья груздей», «семья языков» [8], «family of plants», «family of animals») [9]. Сөйтіп, орыс тілінің семья және ағылшын тілінің family сөзі қазақ тілінің отбасы деген сөзіне қарағанда кең қолданысқа ие. Отбасы деген сөз ата –ана, туған үй, жақын туыстар деген сөздердің мағынасы жақынырақ келеді.
Отбасы мүшелерінің арасындағы ең басты принціп бұл үлкенді ардақтау, аялау, құрметтеу болып келеді. Отбасы деген сөздің әр тілде өзінің ауыспалы мағынасы болса да, оның басты тура мағнасында бұл принціп негізге алады. Өкінішке орай қазіргі қазақтың лингвомәдениетінде бұл принціп байқалмайды, алайда үлкендерді қадірлеу, құрметтеу қазақ халқының басты құндылығы болып есептелген.
Қолданған әдебиеттер тізімі:
1. Айқын газеті № 53 (2447)
2. Аргынбаев Х.А. Қазақ отбасысы. Алматы: Қайнар, 1996. -288 с.
3. Залевская А.А. Языковое сознание: вопросы теории // Вопросы психолингвистики. 2003, № 1. — С. 30—35.
4. Русско-казахский словарь. — Том 1. А-О. Алматы: Арыс, 2007. —
640 с.
5. Казахско-русский словарь / Под ред. Р.Г Сыздыковой и К.Ш Хусаин. Алматы: Дайк-Пресс, 2001. —1008 с.
6. Толковый словарь казахского языка / Общ ред. Т Жанузакова. (на каз. языке). Алматы: Дайк-Пресс, 2008. — 968 с.
7. Русско-казахский словарь. Том 2. О-Я. Алматы: Арыс, 2007. — 640 с.
8. Ожегов С.И. Словарь русского языка/ Под ред. Н.Ю Шведовой. М.:
Русский язык, 1983. — 816 с.
9. Кембриджский толковый словарь, 2012, — 722 с.