КӨКШЕ ЖЕРІНІҢ АБЫЗ ҚАРИЯСЫ БАЯН ЖАНҒАЛОВ
Нурмуханова А.Х.
Көкшетау қ., Көкшетау қаласындағы № 16 ОМ
n.almushka@mail.ru
«Көкшетау !…Көкше!…
Бұл менің туған өлкем. Адам баласын өзінің қайталанбас ғажайып сұлу да әсем табиғатымен әрдайым тамсандырып келе жатқан да – сол Көкшетау…»,- деп өз туған өлкесін мақтан тұтып,жүрек жылулығы мен ,махаббатымен айтып қана қоймай, ХХ ғасырдың орыс билігінің астында болған Қазақ елінің ашаршылық пен жауыздықтың, репрессия мен Ұлы Отан соғысынан, Кеңес үкіметінің құлауы мен бейбіт, тәуелсіз, егемен мемлекеттің қалыптасуына дейінгі жолды өткен халықтың арасында өскен, әрі өзінің үлесін қосқандардың бірі – Баян Жанғалов.
Баян Жанғалов Абылайды хан етіп көтерген Қарауыл Қанай бидің ұрпағынан шыққан. Қанай Құттымбетұлы, Қарауыл Қанай (шамамен 16951698) — би, шешен, батыр, қоғам қайраткері. Қазіргі Ақмола облысының Зеренді ауданында дүниеге келген. Орта жүздің Арғын тайпасының Қарауыл руынан шыққан. Атығай-Қарауылдың бас биі болған. Абылайхан мен Бұқар жыраудың ұсынысымен көп жыл Орта жүзде төбе би болған. 1771 жылы үш жүздің басшылары Абылайды хан сайлағанда, Қанайды ақ киізге орап, қараша би ретінде, қатар көтерген.
Бізге ел ауызындағы әңгімелер мен тарихи шығармалардың деректеріне қарағанда Қанай би Абылайдың ең жақын кеңесшілерінің бірі болған. Абылай хан Арқа жерімен қоштасып, екінші рет Түркістанға бет алғанда жанында көптеген батырлармен бірге Қанай би де аттанған. Қанай Құттымбетұлы Абылайдың көмегімен Ташкенттің бегі болып, қаланы билеп тұрған кезінде дүние салған, сүйегі Түркістанға, Абылай хан зиратының жанына жерленген
[1].
Сонау заманнан әйгілі де атақты адамның ұрпағынан шыққандар жайлы, атын жерге таптатқызбай, бүгінгі күнге дейін ұмыттырмай, Қанай би ұрпақтары жайлы жерлес жазушы Жанатай Бекенов 2010 жылы «Қанай би және оның ұрпақтары» атты кітабын жазды. Бұл кітапта жоңғар шапқыншылығына қарсы төтеп берген атақты қолбасшы, батыр, Абылайды хан көтерген билердің бірі, ақылшысы, қазақ халқын Қытай қырғынынан сақтап қалған ұлы көреген, ірі дипломат, мемлекет қайраткері Қарауыл Қанай Би Құттымбетұлы туралы сөз болады. Сондай-ақ автор ата жолын жалғастырған Қанай ұрпақтары Мәлік Ғабдуллин, Мыңбай Ысқақов, Баян Жанғалов, Өзбек Елемесов және тағы басқалар туралы да кеңінен сөз қозғайды [2].
Осы кітапта сөз қозғаған ұрпағының бірі Баян Жанғалов өмірі жайлы, «Адам дүниеге келеді… Өмір сүреді…Дүниеден озады… Қамшының сабындай қысқа ғұмыр» [2, 265-б],-деп айтқанымен де, бұл қысқа ғұмыр ішіндегі өткен жолдың көрерін көріп, алатынын алған адманың көзімен, түсінген сана сезімімен көру, бүгінгі таңда біздің алдымызда тұрған бір ғанибет.
Баян Жанғалұлы 1914 жылы 15 маусымда, Көкшетау облысының Зеренді ауданының Жамантұз ауылында, Жанғаловтар отбасында дүниеге келді.
Оның балалық шағы Көкшенің бір-бір алатын тәжі іспеттес Айыртаумен аймаласып, сырлы Сырымбетпен сырласып, Имантау, Жыландымен ұйыса біткен зерелі Зерендінің атырабындағы Үкілі және Салы тауларының етегін шайып жатқан Жамантұз көлінің жағасында өтті. Әкесі Жанғал мен анасы Жұбаныштың кіндігінен тараған тоғызыншы баласы. Тоғыздың Тұңғышы Асылжаннан өзгелері тұрақтамай қалған болатын. Жарық дүниеге сәбилерін бірінен кейін бірін жер қойнауына беруден әбден зәрезап болып, жүректері шайлығып қалған ата-анасы талай бір ырымдарды жасап, баласын тіпті ауылдың Жәмішті Рақымжаны ырымдап кіндігін кестіртіп, есімін де әулие қарттар «енді осы ұлың баянды болсын деп тілеп отырмыз. Аты Баян болсын!» деп тебірене тіледі.
Сол замандағы қазақтың күні көшіп қонумен болғандықтан, бала Баян әке-шешесімен, ауылмен бірге қыс туысымен қыстауға, жаз туысымен жайлауға шығатын. Алғашқы атқа мінуі ауыл үлкендерінің тоқымқағар тойына ұласты. Атына мініп көз шалған жолмен жүріп кетіп, өзі жақсы көрген Мұқыш ағасы мен Бикеш жеңгесінің үйіне барып тоқымына күміс тақтыртып, өзін үлкен санап, баладай қуанды.
Тәңірден тілеп алған бір үйдің жалғызы болғанына қарамастан, атаанасының талап еткен әрі Баянның бойында тәрбиелеген қасиеттері: тәртіп, сыпайылық, адалдылық, әділділік болды.
Әкесі Жанғыл Баянның сауатын ертерек қолға алды. 1920 жылы сауатын татар молласынан, содан Фазыл молладан алды. Екі кісіде оқушыларын оқытумен қоса сабақ барысында сабауға құмар болатын.
1922 жылы орналасқан кеңес үкіметі оқу ісіне араласа бастаған кезінде Бейсенбай ақсақалдан жалдап алынған қос ағаш үйінде оқи бастады. Ұстазы Қожамсейіт Санбай болды. Қожамсейіт Санбай төте жазуды, дін оқуды қатар үйретіп, әр баланың иманшартты, құран сүрелерін жатқа айтуды талап етті. Біраз уақыт аса діни сенімділікке үйреткені үшін ауылдан қуғындырды.
1923 жылдың басында, қыстың ортасында ауылға мұғалім болып Әжікейұлы Нұрғали деген азамат келді. Ол дін оқу мен төте жазуды, есепті қатар үйрете бастады [2, 266-б]
1928 жылы Көкшетау қаласындағы жеті жылдық мектебіне оқуға ауылдың біраз балаларымен келіп, бірден үшінші сыныпқа қабылданады. Ауылда алған білімінің деңгейі төмен болғандықтан екінші сыныпқа төмендетеді. Сол жылы, қыс ортасындағы демалыс күнінен кейін үшінші сыныпқа қайта көшіртті. 1929 жылы төртінші мен бесінші сыныптың оқуын бірдей аяқтайды.
1930-1931 жылдардағы оқу жылына Көкшетауға ауылдан жалғыз өзі барады. Кейін Көкшетауға ағасы алып келеді. Майлымбай Жүсіптің үйіне орнықтырады. Бұл үйде тұрғанда ақын Үкілі Ыбырайды алғаш көрген болатын.
Сол жолы Үкілі Ыбырай Көкшетауға жұмыс бабымен келген болатын.
Көкшетау қаласында қазіргі Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 мектепті оқып жүргенде, Қарауылдың тағы бір ұрпағы Мәлік Ғабдуллинмен танысып,өмір жолында иыққа иық жанасып, өмірлік жолда біріккен.
1931 жылдың мамыр мейрамдары өтісімен ауылдан Баянның әкесі Жанғал біраз көңілсіздеу болып, «Анаң ауырады. Сені сағынып жүр», — деп келгеннен кейін Баян әкесімен бірге ауылға аттанды.
Көкшетаудың жеті жылдық мектебін оқып жүріп анасының хал-жағдайын білу үшін келген алтыншы сыныптың оқушысы Баянды ауылнай шақырып, білімін тексеріп соңында «ертеңнен бастап жұмысқа шық, маған хатшы боласың» дегенімен әкесінің қарсы болғанына қармастан, анасының құптауымен 1931 жылы қыркүйекте Қазақ АССР-і Қарағанды облысы Көкшетау ауданындағы №13 ауылсовет хатшысы болды.
1931 жылының қаңтар айында ауылдың кеңеске «Жамантұз» МТС-інің партия ұйымының хатшысы болып жүрген Алдажаров келіп, «колхоздарға есепшілер жетіспей жатқанда сенің ауылнайдың хатшсы болып жүргенінің жарамайды», -деп «Қарабұлақ» колхозына есепші етіп жіберілді. Бұл колхозда есепші болып 20 күн жүргеннен кейін оны «Кулет» колхозына ауыстырылады. Бір-екі жұмадан кейін «Игілік» колхозының есепшісі, екі айдан соң «Игіліктен» «Ұялы» колхозына ауыстырылады. [1, 65-б]
1932 жылдың мамыр айының егін салатын орта жатқан шені болатын. Баянның бастығы «Жамантұз» колхозының есеп жұмысы нашар болғандықтан оны қайта өз ауылына көшіртеді.
1932 жылы Баян Жанғалов өзінің бір қыста алты жұмыс ауыстырғанынан, «Жамантұз» колхозының есеп жұмыстарын Оспанов Қонақай жүргізгендіктен, Оспанның жұмысын алудан бас тартқанын ауданнан келген уәкілге айтқаны үшін, «бағынбадың» деген жаламен сарайға қамалды.
Баласының білімді болуын қалаған Баянның әкесі Жанғыл, Баянды қалада оқуын міндет тұтты. Көкшетауға келіп жұмыс таба алмағандықтан қалған ақшасына қара ірі малды алып қайта үйіне оралды. Әкесінің кез келген жұмысты қолына іліктіру деген талабымен қайта Көкшетауға келіп аудандық жастар комитетіне келді. Ақмоланың педтехникумына, қазіргі Жанайдар Мусин атындағы педколледжге орналасты.
1933 жылдың сәуір айында Баянның әкесі Ақмолаға келіп «Халық қасіретке ұшырап жатыр, аштықтан ел босуға айналған», — деп, сол аштық жылында Баянның ағасы Аңғал, оның әйелі Ұрқия, он үш жасар қызы Қазыбек, сегіз жасар Жәнібек, он төрт жасар Әлібек, бәрі аштан көз жұмды деген хабарды жеткізген болатын. Бұл ауыр мезетте жұбаныш болып ата-анасының, әсіресе әкесінің қасында болуын жөн көрді.
Кейін Бурабайдағы «Оқжетпес» санаторийінде 1995 жылдың 19 қазан күні мына бір өлең жолдарын Аңғал ағасын есіне алып жазған. Әкемнің кіші інісі Аңғал еді Бір өзі ұрулы елге аңғар еді. Қазина, Қазыбегімен үлкендері, Жәнібек Әлібегі кенжесі еді.
Ұрқия жастай алған сүйген жары,
Құрметтеп сыйлаушы еді елдің бәрі, Шыдамы қара жердей қайыспаған, Дейтұғын көрген адам ердің бағы. Деуші еді мені жеңгем Ерке бала, Ақылмен жүруші еді жөнге сала.
Барлығы осылардың аштан өлді Тағдырдың жазғанына не дүр шара?!-
деп қабырғасы қайыса өзінің сағыныш жолдарын білдіреді.
Зейнетке шығысымен Баян Жанғалұлы болашаққа аманат ете отырып жазған «Үш кезең» кітабі, ақынның жүргізген күнделігінің жобасына негізделіп, 2003 жылы Омбы қаласында шығарылған болатын.
Бұл кітапта ақын өзінің балалық шағынан, өскен ортасымен өмірлік жолында басын біріктірген адамдар, туған-туыстар жайлы, 1933 жылдағы ашаршылық пен,1941-1945 жылдағы Ұлы Отан соғысы мен 1954 жылдардағы тың игерудің бастамасы, 1991 жылдан Кеңес Үкіметінің құлдыраудан, 1991 жылы Қазқстан Республикасының өзін зайырлы, егемен, тәуелсіз мемлекет деп жариялағанға дейінгі күндері жайлы өмірін «Өмір бастауы», «Жұлдызды ғұмыр», «Болашаққа аманат» деген үш үлкен бөлімге бөліп жазған.
Ұлы Досбол Жанғалов, 90-шы жылдары Баян Жанғалұлына өзінің күндері жайлы жазуын ұсынды. Жалпы оқырмандарға емес, өз орталарына: достарына, жанұясына, балалары мен немерелеріне басылсын деп тілек білдірді. Ол осы кітапті сол кезде «Көкшетау» газетінің кореспондеті болған Жабал Ерғалимен бірігіп 2003 жылы кітапты аяқтап, Досбол Жанғалов Омбы қаласындағы қалалық типографиясынан бірнеше данасын шығарды. Бұл кітапта тек басты оқиғалар жазылған болатын.
Қазақ даласында туып, қазақ жерінде болған талай тарихи маңызды оқиғаларды: 1931-1933 жылдардағы ашаршылық, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы, 1950-інші жылдардағы тың игеруде өз үлесін қосқандардың бірі… Ол 17 жасынан бастап Қазақ АССР Ақмола облысы Көкшетау ауданында №13 ауылсовет хатшысынан, 73 жасына дейін Жамантұз ауылының қоғамдық-саяси жұмыстарына араласқан. Сталин, Брежнев, Хрущев басқарған заманның куәгері болып, жаңа мемлекеттің, жаңа Қазақстанның құрылуына біршама қосқан рөлі бар.[3]
Бұл кітаптың өзге кәсіби кітаптардың өзгешелігі, ақындық статусы жоқ жақындардың қалауымен жазылған Көкшенің тұрғыны, тілмен емес қолмен еңбек еткен адамның болашаққа амант етіп қалдырған шығармасы. Тілге жеңіл қарапайым, әрі жаныңды тебірерліктей жазылған.
Баян Жанғаловты көзі тірісінде білген адамдар оны аты өшпес тұлғадай қадірлеп, күні бүгінге дейін сыйластығын өз естеліктерін, жүрекжарды пікірлерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көптеп білдіруде және мұның өзі арық қарай да жалғаса беретін үрдіс екендігі даусыз. Себебі, Баян Жанғалов сияқты елі үшін елеулі еңбек еткен адамдардың есімі ешқашан ұмытылмақ емес.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жанғалов Б. Үш кезең. Омск: «Омский дом печати», 2003 ж. – 448 б.
2. Бекенов Ж. Қанай би және оның ұрпақтары. «Көкше-Полиграфия», 2010 ж.
3. Брежнев Л.И. Целина. Москва: «Политиздат», 1982 г.