КИЕЛІ ТҮРКІСТАНДА ЖЕРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫМЫЗДЫҢ ТІЗІМІ.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген тұлғалар.. Қазақтар Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңына жерленуді рухани сабақтастықтың белгісі, ұлағатты өнеге деп саналады. Бұл дүниеде ынтымағы жарасқан Алаш баласының, о дүниелік болған соң да Әзірет Сұлтанның қасына жерленіп, бір жерде жатуы кемелдікке жеткендіктің айқын көрінісі. Қолда бар мәліметтер бойынша Әулие қабірінің жанына қазақ халқынын жиырмадан астам хан-сұлтаны, көптеген батырлары мен билері, игі жақсылары жерленген. Кіші Ақсарайы бөлмесіне 1999 жылдың маусым айының 3 жұлдызында кесенеге алты жыл жүргілізген реставрациялық жұмыстар кезінде табылған мәйттер қайта жерленген.
Есім хан — 1627-28 жж;
Жәңгір хан — 1652 ж;
Тәуке хан — 1715 ж;
Болат хан — 1723 ж;
Сәмеке хан — 1738 ж;
Жолбарыс хан — 1740 ж;
Әбілмәмбет хан — 1771 ж;
Абылай хан — 1781 ж;
Бөкей хан — 1819 ж;
Ондан сұлтан — 1585 ж;
Жәнібек сұлтан — 1643 ж;
Тұрсын сұлтан — 1717 ж;
Қайып сұлтан — 1718 ж;
Сейіт сұлтан — 1745 ж;
Сығай сұлтан — 1750 ж
Есіркеп сұлтан — XVIII ғ.
Барақ сұлтан — 1750 ж
Әбілфеиз сұлтан- 1883 ж
Тәуке сұлтан- 1787 ж
Болат сұлтан- 1798 ж
Есім сұлтан- 1798 ж
Қасым сұлтан- белгісіз
Тоғай сұлтан- 1816 ж
Әликен хан- 1860 ж
Ақтан Абыз- XVI ғ.
Қосдәулет Нұрби Абыз- XVI ғ.
Қаракесек Шаншар Абыз Бұлбұлұлы- XVI — XVII ғ.
Арғын Әнет Баба Кішікұлы- 1723 ж
Жалайыр Нарынбай Әулие- XVIII ғ.
Найман Қонақай Әулие- 1763 ж
Арғын Сүгірұлы Мешітбай-шақшақ Жәнібектің Батагөйі- XVIII ғ.
Мадияр би Жауғаштыұлы- 1735 ж
Қаз Дауысты Қазыбек Би Келдібекұлы- 1763 ж
Қараменді Би- XVIII ғ.
Қарауыл Қанай Би- XVIII ғ.
Мүсірәли Сопы Әзізұлы Сауранбай- 1752 ж
Күлен Би- белгісіз
Үсен Би- белгісіз
Шаштығұл Би- белгісіз
Шоң Би- XVIII- XVIIIІ ғ.
Құшетқалиұлы Бекболат Би- XІХ ғ.
Қоңыршұнақ Ердес Би Шүренұлы- XVIII ғ.
Бағаналы Бабыр Би Бөкенбайұлы-1864 ж
Қожамқұлұлы Тұрдықұл Би- 1895 ж
Шекті Тілеу Батыр Айтұлы- 1684 ж
Шекті Жолдаяқ Батыр Тілеуұлы- 1684 ж
Есіркеп Батыр Жаманқараұлы- 1696 ж
Әжібай Батыр- XVIII ғ.
Адай Шоғы Батыр Мұңалұлы- 1726 ж
Тобықты Көкенай Батыр- 1728 ж
Шаншар Жарылқап Батыр- XVIII ғ.
Дәу Баласы Балта Батыр- 1743 ж
Тарақты Наймантай Батыр- 1745 ж
Жанұзақ Батыр Алдиярұлы- 1749 ж
Шақшақ Жәнібек- XVIII ғ.
Тобықты Жандос Батыр Олжайұлы- 1752 ж
Атығай-қойлы Андықожа Батыр- 1752 ж
Мерген Батыр Бабасұлы-1754 ж
Қанжығалы Әлібек Батыр Құдайбердіұлы- XVIII ғ.
Сейдалы Нияз Батыр- XVIII ғ.
Айтбай Батыр Аткелтірұлы- XVIII ғ.
Кәрсон Бекназарұлы Таңыбай Батыр- 1755 ж
Арғын Күлеке Батыр Тәңірбердіұлы- 1760 ж
Арғын Қойлыбай Батыр Малайұлы- XVIII ғ.
Матай Бөрібай Батыр- 1760 ж
Қарпықұлы Текей Батыр- 1764 ж
Қырықмылтық Шобан Батыр Жаманқұлұлы- 1773 ж
Қанжығалы Бөгенбай Батыр- 1775 ж
Желкілдек Батыр Бөлтекұлы- XVIII ғ.
Таңыбайұлы Жәутік Батыр- 1775 ж
Қоралас Жауғаш Батыр Қырбасұлы- 1782 ж
Қаракесек Жарылқап Батыр- 1786 ж
Бөртеұлы Мамай Батыр- 1789 ж
Қойкелді Батыр- 1795 ж
Қараша Айтбай Батыр Сырғақұлы- XVIII ғ.
Қаржас Мырзақұл Батыр- XVIII ғ.
Қоңырат Сырғақ Батыр Ниязұлы- белгісіз
Мәңжіғұл Батыр- белгісіз
Сіргелі Тілеуке Батыр- белгісіз
Есенқұл Қырғыз Батыры әрі Манабы- 1800 ж
Тобықты Мамай Батыр- 1810 ж
Есенбай Батыр- 1844 ж
Есей Батыр- XІХ ғ.
Найман Көшербайұлы Дулыға Батыр- 1890 ж
Қожа ….- 1432 ж
Әмірзада Әли- 1438 ж
Бақи Сұлтан Мір Қалани- XV ғ.
Рәбия Сұлтан Бегім- 1485 ж
Қожа Дәруіш Мұхаммед- 1514 ж
Мүбәрәк Шах Сұлтан- 1519 ж
Мәстүра ханым- 1519 ж
Аман Бике Ханым- 1520 ж
Құл Мұхаммед Сұлтан- 1524 ж
Сүйініш Қожа хан- 1524 ж
Шуджа Ад-дин Халил Мырза- 1533 ж
Мұхаммед Әмір Хан- 1541 ж
Шуджа Ад-дин Мансұр Мырза- 1543 ж
Құдайбердіұлы Тоқтасын-1543 ж
Тоқтасын- 1544 ж
Бек-Шайқым Қожа-шамамен XVI ғ.
Бұзау Жарасұлы
Бижігіт Бұзауұлы
Хандардың қабірлерінен тек қана Абылай ханның қабірі толығымен зерттелінген. 70 жасында қайтыс болған Абылай хан Ахмет Йассауи қабірханасының шығыс есігінің табылдырығының алдында жерленген. Тарихта осы орын ханның құрметіне Абылай хан бөлмесі деп аталған. Кейбір тарихи деректер бойынша Абылай ханның бейтіне «Айна-тас» атты құлпытас орнатылған. Археологиялық және антропологиялық зертеулердін нәтижесі табылған адам қанқасы Абылай ханға тиесілі екендігін дәлелдеді. Уақыт өте келе Түркістан қаласында ұлтымыздың тарихымызда өшпес із қалдырған, ұмыт болған тұлғалар да аз емес.
Мухаммедхан Билялов.
Рустем Ашетаевтың парақшасынан
#Түркістан #Яссауи #қазақ #хандары #батырлары #ӘзіретСұлтан #кесенесі