БОЛАШАҚ ОҚЫТУШЫ МАМАНДАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ БІЛІКТІЛІК
ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

БОЛАШАҚ ОҚЫТУШЫ МАМАНДАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ БІЛІКТІЛІК
ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Оспанова Баянды Рамазанқызы
Абай атындағы ҚазҰПУ «Әдебиеттану және тіл білімі ҒЗИ» baian_80@mail.ru

Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып дамуы әрі кең ауқымда ел қоғамына жан-жақты қызмет етуі ЖОО білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани кемелденуіне, мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – білім беру жүйесі мен білім беру орындары. Оладың дұрыс қызметі отандық білім саясатымен ұштасады.
Қазіргі уақытта еліміздің білім беру сапасын арттырып, оның оқу-тәрбие үдерісіне ақпараттық жаңа технологияларды енгізу арқылы тиісті деңгейге көтеру – отандық білім ошақтарының жүйелі басшылыққа алған саяси бағыты болып отыр.
Қазақстанда білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқу-
тәрбие үдерісін тиісті деңгейге көтеру, ЖОО ұстаздарының, басшыларының жүйелі басшылыққа алған бағыты болып отыр.
«Кейінгі бесжылдықтарда мобильді, мультимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, робот техникасы, гендік инженерия салаларын, болашақтың энергиясын іздеу мен ашудың негізін салған жөн. Мемлекет жұмысының негізгі бөлігі Қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ. Таяудағы 10-15 жылда ғылыми қамтымды экономикалық базис жасау керек, онсыз біз әлемнің дамыған елдері қатарына қосыла алмаймыз. Мұны дамыған ғылым арқылы шешуге болады.» [1], деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа сапалы білім, тағылымды тәрбие беру мақсатында ақпараттық технологияны тиімді пайдаланудың маңызы зор.
Қазіргі уақытта еліміздің білім беру саласы Еуростандартқа негізделген тың ұсыныстармен, тәжерибелермен толығып, жаңа сапаға көше бастады. 1990 жылдардан бастап ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келді. Бұл бағдарламалар білім беру саласына оң өзгеріс әкеліп, оның әлемдік кеңестіке енуіне мүмкіншілік берді.
1992, 1999, 2011 жылдары қабылданған және қайта өзгерістермен толықтырулар енгізілген «Білім туралы» заңға байланысты елімізде білім беру саласын ақпараттандыру, ізгілендіру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге байланысты тың мәселелер жылдан-жылға қолға алынуда. Мәселен, 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2007 – 2011 жылдарға арналған «Қазақстан студенттері» бағдарламасы, жас ұрпақты ЖОО-ға дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы қабылданды.
2011 жылы «Мемлекеттік білім берудің 2011–2020 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы» бекітілді. Қабылданған осы бағдарламада: «білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру; білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету» [2] – деген бағытбағдарлар атала келе: «Жоғары білім республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлауды қамтамасыз етуде, ғылым мен өндірісті біріктіруде маңызды рөл атқарады» [2], – деп көрсетілген.
2011 жылғы статистикалық мәлметтерге сүйенсек, елімізде 148 жоғары оқу орны бар. Олардың 9-ы ұлттық, 2-і халықаралық, 32-сі мемлекеттік, 12-сі азаматтық емес, 92-сі жеке меншік. Олардың ішінде 16-ы акционерленген. Барлық ЖОО-да 595 мыңнан астам студент оқиды. Осы ЖОО-лардың профессор-оқытушы құрамы 38 мың адам, оның 14 мыңы ғылым докторлары мен кандидаттары екен.
Әлемдік ЖОО-ның жетекші жүйесінің үлгісіне жақындастыру мақсатында Қазақстан Республикасы 3 сатылы мамандарды даярлау жүйесіне көшті: бакалавриат-магистратура-доктарантура /PhD/.
Білім беру саласында қайта құрудың ең басты кезеңі жалпы ЖОО білім жүйесін ақпараттандыру болып табылады. Осыған орай, электрондық оқу залдары мен кітапханалар жасақталып, қайта жабдықталуда. Еліміздің XXI ғасырға аяқ басуы, Евразиялық аймаққа кіруі, ел Президенті бастамасымен әзірленген «Қазақстан – 2030» атты стратегиялық бағдарламаға сәйкес жаңа техника мен технология үрдістерінің дамуы келешекте білім беру жүйесінің қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселені туғызды.
Өркениетті елдер қатарына ену үшін еліміздің білім беру жүйесін заман ыңғайына қарай дамыту қажет. Сонда ғана біз өткенімізді тануға, қазіргі жағдайымызды еркін бағамдауымызға және келешегімізді болжап, қалыптастырумызға мүмкіндік аламыз. Тарихымызға көз салсақ, еліміздің тәуелсіздік алғанына аз ғана уақыт өтіпті, соған орай, елдігімізді енді ғана әлемге таныта бастағанымызды байқаймыз.
Еліміздің білім беру жүйесіне жаңа технологияларды ендіріп, әлемдік білім кеңістігіне ену бүгінгі күннің басты мақсаты болып отыр. ЖОО-ғы студенттердің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, еркін енуіне дайындығын тың мазмұнды жаңашыл ЖОО-лар ғана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетуде. Мысалы, АҚШ, Финляндия, Сингапур сияқты тағы басқа алдыңғы қатарлы дамыған елдердің АТ-ны білім беру жүйесінде қолдануы нақты нәтижелерге жетулерінің дәлелі.
Біз де бүгінгі таңда әлемдік білім беру жүйесінің үздік үлгілеріне негізделген басым бағыттарын басшылыққа ала отырып, еліміздің білім беру жүйесін тың идеялармен, жаңа мазмұнмен, жаңа технологиялармен қамтамасыз етуіміз қажет.
Еліміздің келешегі ЖОО-ның қандай негізде құрылуына байланысты. Қазіргі дамыған технология жас ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндіктер беріп отыр. Бүгінгі білім алушы болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдайтын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүруі керек. Сондықтан да жаңа мазмұнды білім беру жүйесінің алдында студентті ойлануға үйрету, қандай жағдайда болмасын алдынан шығатын түрлі мәселелерді алдын ала ойлап, шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» [3], – делініп атап көрсетілсе, «Мемлекеттік білім беруді 2011-2020 жылға дейінгі дамыту бағдарламасында»: «Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру; білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету» керектігі айтылған [2] Ал ҚР «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық, қатынастық желілерге шығу деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері жөнінде айтылған. Бұл міндеттерді шешу үшін ЖОО ұжымдарының әр оқытушысының күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Білім мазмұнының негізгі өзегі – қарқынды дамып келе жатқан қазіргі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.
Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген дамудың негізгі үрдістері ретінде мына мәселелерді басшылыққа алып отыр:
— қоғам дамуының қарқындылығына сәйкес ақпараттық қоғамға көшуді;
— мәдениетаралық өзара қатынас ауқымын кеңейтуді;
— халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемаларға назар аударуды;
— қоғамның демократиялануын;
— экономиканың қарқынды дамуын;
— бәсекелестің өсуін;
— адам капиталы мәнінің артуы. Әлбетте, білім беру жүйесі аталған мәселелерден басқа да бағыттарды қамтиды.
Әлемдегі дамыған елдердің білім беру жүйесінде мынандай үрдістер басшылыққа алынғандығын көруге болады. Олар: білім беру жүйесінің философиясы мен әдіснамасының жаңаруы, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру жүйесінде жетілдірілген моделдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді жолдарының қарастырылуы, жаңа білім технологияларының енгізілуі, оқытудың дәстүрлі бағыттарын жаңарту, студенттердің танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі, студент жастарға азаматтықпатриоттық, рухани-адамгершілік, көп мәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің күшейтілуі, филологиялық білім беретін ұйымдардың студенттерін әлеуметтендірудегі рөлінің артуы секілді жұмыстар бүгінгі күні ЖОО жан-жақты қарастырылып жатыр.
Қазіргі кезеңде еліміздегі білім беру жүйесіне баса назар аударылып отыр, бейіндік оқыту әлеуметтік-гуманитарлық және технологиялық, жараталыстану-математикалық бағыттар бойынша жүзеге асырылуда. Осылардың ішінде филологиялық білім беру жүйесінің оқыту үдерісінің сапасын үнемі арттырып отыру талап етілуде. Сол себепті де филологиялық білім берудің жаңа технологиялармен қамтамасыз етілуі маңызды мәселесі болып отыр.
Қазіргі ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан да отандық білім беру салалары өзінің өркендеп дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға керек жағдай жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда. Қазіргі ақпараттық қоғамда ақпаратық технологиялардың пайдасы еліміз үшін маңызды.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Соңғы жылдары АҚТ игеру әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен қатар әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Себебі алынған білім мен дағдылар бұдан әрі көптеген жағдайда қоғамның даму жолдарын анықтайды.
Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділігін арттыру үшін заманауи технологияларға негізделген жаңа білім стратегиясына көшуді талап етеді. Осығай сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – алдын алу және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктерін ойластыру болып табылады.
ЖОО-да филологиялық білім алып жатқан жас ұрпақты сапалы оқыту, тәрбиелеу білім беру жүйесінің ежелден қалыптасқан дәстүріне негізделген.
Бұл жүйе ұзақ уақыт бойы дамыды. Соның негізінде еліміздің қазіргі білім беру жүйесі құралып, енді бүгін жаңа заман талаптары мен заңдарына сәйкес әрі қарай даму сатысында тұр. Алайда оны алдағы тәжерибелермен ұштастыра отырып жетілдіру, тың идеялармен толықтырып, яғни заманауи технологияларды тиімді пайдалана отырып дамыту кажет.
Осы мақсат-мүддеге сәйкес қазіргі уақытта отандық филологиялық білім беру жүйесінде оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінде жаңа технологияларды қолдану қолға алынып жатыр.
Филологиялық білім беру жүйесін ақпараттандырудың өзіне тән ерекшелігі бар. Олар: білім беру өрісіне белсенді түрде кіру, арнайы оқытатын ЖОО-ны құруға бағытталған оқытудың жаңа технологиясын пайдалану және дамыту, ақпараттық өнімнің жаңа тәсілдері мен құралдарын оқу үрдісінің заңдылықтарына сәйкес қолдану.
ЖОО-да филологиялық білім берудің басты мақсаты – әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құрзіретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін әрбір оқытушы алдымен білім мазмұнының даму тенденциялары мен оқу үрдісін ұйымдастыруда қолданылатын білім берудің жаңа технологияларын меңгеруі керек. Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отырғандығы сондықтан.
Жаңа ақпараттық технологияның көмегімен орындалатын іс-әрекет өзінің кез келген нақты жұмыс түрі мен сатысында тиімдірек орындалады, оқытушы мен студенттің уақытын үнемдеп, қажетті бағыт-бағдар бойынша пайдалануға мүмкіндік береді.
Компьютермен, тіпті кез келген электронды құарал-жабдықпен жұмыс істеу студенттің шығармашылық қабілетін дамытып, жалпы мәдениетінің деңгейі көтереді.
Соңғы кезде еліміздің білім беру жүйесінде ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бұл орайда филологиялық білім берудің өзіндік әдіснамасы болатынын ескерген жөн.
Қорыта келе, қазіргі филологиялық білім
беру жүйесіндегі ақпараттық жаңа технологиялар дегеніміз – электронды оқуәдістемелік материалдардың жинтығы, оқу-тәрбие үдерісіндегі және оқуәдістемелік қызметіндегі ақпараттық технологиялар, сонымен қатар осы технологияларды меңгертетін құралдар, оқу үрдісіндегі ақпараттық технологиялық құралдарының рөлі мен орнын, білім беру үдерісін және студенттер мен оқытушылардың еңбектерін жүзеге асыру үшін қолданудың жаңа формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни бір сөзбен айтқанда ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының заманауи техникалық құралдарды пайдалана отырып, өз іс-әрекетін жүзеге асырудағы әдіс-тәсілдерінің жиынтығы және студенттерге білім берудегі жаңа технологияға негізделген құралы.
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар
2. Қазақстан Республикасында білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. -Астана, 2010 жыл.
3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. -Алматы, 2000 жыл.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *