АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘЙГІЛІ ТЕЛЕ
БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ИНТЕРТЕКСТУАЛДЫҚ ЖӘНЕ
ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тоғай Ә., Батаева Ф.А.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті t_a_d_1987@mail.ru
Қоршаған ортадағы, қоғамдағы болып жатқан алуан түрлі өзгерістер, жаңарулар адамзат арқылы жүзеге асып жатады. Ал адамзаттың бір-бірімен қатынас құралы – тіл. Тіл ақиақат дүниені тануда, әлем туралы аялық білімімізді жетілдіріп, толықтыруда негізгі құрал болып табылады.
Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2011 ж. 28 қаңтарындағы жыл сайынғы Жолдауында қазіргі қазақстандық азаматтың үш тілді меңгеруі, жеке бас үшін міндетті шарт екендігін айтып өткен болатын [1].
Қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі- ағылшын тілі.
Тіл арқылы адамдар коммуникативтік мақсатта өзара қарым-қатынас түзеді, ақпарат алмасады. Сөйлеу кезінде сөйлеуші мен тыңдаушы арасында екі жақты әрекет жасалады. Сөйлеуші субъект пен адресаттын (тындаушынын) өзара карым-катынасынан туатын мәселелердің бәрі Лингвистикалык Прагматиканың кызметіне кіреді. Теле бағдарламада интертекст те жиі кездеседі. Интертекст дегеніміз бір туындыдағы мәтіннің өзге туындыдағы мәтінге негіз болуы, яғни мәтіндердің кірігуі. Әдеби мәтінді көп дауысты құрылым ретінде қарастырғанда, мәтін дегеніміздің өзі мәтіндер мен таңбалардың өрімі, өзге мәтіндердің өзгеріске түскен нұсқасы.
Интертекст мәтін шекарасын кеңейтіп, жаңаша пайымдауға, жүйелеуге жол ашады. Интертекстіліктің негізгі қасиеті оның ішкі болмысының әртектілігі, анықтығы және көпнұсқалығы. Мәтіннің қайнар көздері тек мәтіннен бұрын емес, онан кейін де өмір сүре береді. Бұл тұрғыда кез келген мәтін өзге мәтіндер кеңістігінде жанданып, қосымша мағына тудырады. [2] Қазақстандық мәдениет аясындағы ғылыми-әйгілі фильмдердің де интертекстуалдық қатынастары шет елдік көрермендердің осы фильмдердің мағынасын өзгеше қабылдауына себепші болады.
Ғылыми-әйгілі фильм — табиғат құбылыстары, ғылым, техника, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығының түрлі салаларындағы процестерді көрсету үшін алдын ала дайындалған әдеби сценарий бойынша түсірілетін фильм.
Ғылыми-әйгілі фильмнің басқа фильмдерден айырмашылығы- ғылымға,ғылымдардың жетістіктеріне көңіл бөлінуі және өмірге ғылыми тәсілді шығарады. Ал барлық деректі фильм түрлерінің ортақ мақсаты бір,ол: «біз өмір сүріп жатқан әлем туралы айту» (Хью Бэдли). Алайда, батыста ғылыми-әйгілі фильмдер деректі киноға жатқанмен, бізде олар бөліп қарастырылатынын айта кеткен жөн.
ҚР ағылшын тіліндегі ғылыми-әйгілі теле бағдарламалар көбінесе «Kazakh TV» — Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық спутниктік телеарнасы арқылы беріледі. Қазақстандағы ең ірі медиа-холдинг АҚ «Хабар» Агенттігі» құрамына кіреді. «Kazakh TV» арнасы өзінің алғашқы телевизиялық көрсетілімін 2002 жылдың 25 қазанында «Caspionet» деген атаумен бастады. «Kazakh TV» тәулік бойы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын ақпаратты-танымдық арна болып табылады. Арна өзінің сигналдарын Eutelsat, GlobeCast және RRsat сияқты ірі спутниктік операторларымен біріге отырып, 141 елдің территориясында таратады. Потенциалды аудитория саны 5,1 миллиард адам, сонымен қатар арнаны Солтүстік және Орталық Америка, Батыс және Шығыс Еуропа, Австралия және Океания, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия және Оңтүстік Кавказ елдері тамашалай алады.
«Kazakh TV» Қазақстан және Орталық Азия туралы өзекті және объективті ақпарат ұсынады. Арна эфирінде – Қазақстан мен әлемнің басты жаңалықтары, саясат, экономика, спорт саласының басты оқиғалары, отандық деректі жауһар туындылар мен классикалық және қазіргі заманғы фильмдер, балалар киносы, тарихи-этнографиялық бағыттағы бағдарламалар мен елдің мәдени өміріндегі жаңалықтар: театр қойылымдары, әр-түрлі бағыттағы шығармашылық көрмелер.
Ақпаратты-сараптамалық
«Kazakhstan Weekly», «News Summary», «Interview of the
Day», «Kazakhstan: International Vectors», «The Central Asian Report»
Экономика және инновациялар
«Market & Industries», «People and Economy»
ҮИИД шеңберіндегі инновациялық даму туралы бағдарламалар
«Innovative Kazakhstan», «Within the Process», «Infinite Science»
Публицистика
«Persona Grata», «Self Made», «Connecting Cultures»
Отандастарға арналған бағдарламалар
«Aghain», «Modern Nomads»
Тарих
«Reflections on History»
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр
«Атамекен», «Art Focus», «East or West Home is the Best», «Masters of Creativity», «KazArt», «Sounds of the Great Steppe»
Ұлтаралық келісім
«Accent»
Туризм және спорт
«Spirit of the Wild», «Sports Report», «Discovering Kazakhstan», «Routes and Notes: 9th Largest Country in the World»
2014 жылдың жаңа жобалары – «The Color of the Day», «Business Solutions», «Bolashak», «Astana», «Fashion Guide», «Around the World», «The World of Startups», «Calendar».
Арнайы жоба – «EXPO 2017».
Танымдық, имидждік тележурналдар – «Regional Focus», «Spirit of Eurasia», «International Dialogue», «Culture», «Industry and Technologies», «Global Village», «Portrait», «Astana Life».
«Kazakh TV» арнасының миссиясы – жылдам және объективті түрде шетел аудиториясына қазақ елінің тұрмысы мен бүгінгі тынысы туралы ақпарат беру, халықаралық саясат мәселелері туралы хабар тарату. Қаз ғылыми-әйгілі теле бағдарламалардың қандай тақырыбында (қандай салада) ағылшын тіліне аударғандағы интертекст және прагматика жиі кездесетінін табу арқылы олардың ерекшеліктерін анықтай түсу [3].
Елімізден шығатын ғылыми-әйгілі бағдарламалар — ҚР-әл-
ауқатының,тұрмыс-тіршілігінің,ғылым-білімдегі жетістік көрсеткішінің айнасы. Сол себепті,мәдени ментальдігімізді сақтай отырып, заманауи мәдениет кластерімізді дамытуымыз керек. Қазақстандық ғылыми-әйгілі теле бағдарламалардың ағылшын тіліне аударғандағы оның түпкі мағынасын өзгертілмей берілуі, көрерменнің ой-санасына дәл жеткізілуінің қадағалануы үлкен міндет.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың – Қазақстан халықына жолдауынан үзінді. Тіл туралы. 2011 ж.
2. http://malimetter.kz/bugingi-poeziyadagy-kone-turkilik-tanym-korinisteri/ 3. http://kazakh-tv.kz/kz/category/about_company