
АНА АРХЕТИПІНІҢ АЙ БЕЙНЕСІ АРҚЫЛЫ БЕРІЛУІ
Хасенов Б.Р.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Boka_001kz@mail.ru
Архетип – ол жалпы адамзатқа ортақ мәңгі бейнелер. Архетиптік бейнелер мифтің, діннің, тілдің қалыптасуына өзінің ықпалын тигізген. Карл Юнг «Душа и миф» еңбегінде басты деген алты архетипті көрсетеді. Осы архитиптердің ішінен біз барлығына емес, тек Ана архетипіне назар аудармақшымыз. Ұлы Ана архетипінің қазақ танымында әр түрлі бейнелері қалыптасқан. Жақсы Ана архетипі Бөрі, Ай, Ұмай Ана, т.б. образдары арқылы, ал Жаман Ана архетипі Пері, Албасты, Су перісі, Мыстан кемпір,т.б. образдары арқылы беріледі. Ананың дүниеге сәбиін әкелуі, баланы 9 ай 9 күн көтеруі, ақ сүтпенен асырауы, құрсақтағы баланың судың қоршауында болуы, т.б. барлық халықтардың түсінігіне ортақ. Және осы жайттар секілді мифтегі, діндегі, тілдегі ортақтықтардың болуы да заңды құбылыс. Ана архетипінің Ай бейнесі арқылы берілуі кез келген халықта бар. Мәселен, қытай, «үндіс» халықтары, Индия, Египет, т.б. мифологиясында әйел образы Ай арқылы сипатталады. Айдың формасы, оның түнде әлем төрінен орны алуы, жаңаруы, ескіруі әр түрлі символдық, мифтік интерпретацияларға ие. Толған ай бүтіндіктің, толағай табыстың, туған ай жаңа өмірді, қайта гүлденудің, жаңғырудың, солып бара жатқан ай жамандықтың, қасіреттің белгісі. Буддизимде Ай бейбітшілікті, әдемілікті кейіптейді. Үндіс тайпаларында «Айды мәңгі өлемейтін кемпір» дейді екен. Көптеген халықтарда айдың құдайлары (айға қатысы бар) болған. атап көсететін болсақ, Селена, Шива, Диана, Осирис, вавилондық Ану, Син, майялық Иксчел.
Қазақ (түрік) мифологиясында да ол қыз образымен бейнеленеді. Бір аңыздарда ол Күнге сұлумын деп мақтанып, бетін тырнатқызғаны жайлы баяндалса, енді бір аңыздарда олардың тату-тәтті өмір сүргендігі жайлы баяндалады. Сондай-ақ айы толды, ай қабақ, айдай сұлу деген бейнелі сөздер тек әйел затына ғана қатысты болып келеді. Қазақ халқының айды құрметтеуіне байланысты Ш.Уалихановтың мына бір дерегін де келтіруге болады. Ғалым: «Ай – бір кезде тәңірі болған тәрізді. Қазақтар жаңа ай көргенде иіліп сәлем береді және жаздыгүні сәлем берген жердің шөбін жұлып, үйге келген соң шөпті отқа салады. Қазақтар айға ұзақ қарамайды, өйткені айдағы кемпір кірпік санайды деп қорқады. Дәретке отырғанда айға қарап отырмайды. Жалпы алғанда, қазақтар айға құрметпен сөйлейді», — деп жазады [1:25].
«Ай» сөзінің шығу төркінін Г.Вамбери «ақ» деген сын атауымен байланыстырып, бұның дәлелі ретінде «ай йүзлүк» деген тіркестің мағынасына тоқталады. Қ.Ғабитханұлы осы оймен келісе отырып, «расында ай атауы о баста заттың сын-сипатын білдіретін сөз болғанға ұқсайды. Қазақ тіліндегі «айдын», «айқын» сөздері «ай» түбірі негізінде жасалған. Демек, «ай» сөзі о баста «ақ» деген түсті білдіретін сөз болған, осы сөзден кейін келе қазіргі тіліміздегі сын есім «ақ» туындаған. Бұл өзгерісті ай > ағ > ақ түрінде көрсетуге болады. Түркі тілдерінде й-ғ-қ дыбыстарының сәйкестігі бұрыннан бар қалыпты құбылыс», – дейді. Бұл жерде бірден ақ және су сөзіне қатысты да мәліметтерді айта кеткен жөн деп ойлаймыз. Тарихшы Көктәнді көрсеткен мәлімет бойынша, көптеген тарихшылар, соның ішінде Рашид-ад-дин, Вассаф, А.Б.Греков, А. Якубовский сынды ғалымдар өз еңбектерінде Алтын Орданы «Сыр Орда» деп атаған немесе Су Орда жазған екен. Жошының ұлдарының ішінде алтын босағалы ақ орданың иесі – Бату екендігі жайлы аңызда да сақталған. Қазақ тілінде «су қараңғы соқыр» деген тіркестің «көзі аппақ болып ағарып кеткен адам» деген ұғымды білдіреді. Осы келтірген деректердегі су қараңғы соқыр, Су Орда деген сөздердегі су сөзі ақ мағынасын беретінін аңғарамыз. Демек, ай – ақ – су бір ұғымды білдіретін сөз болып шықты.
Жоғарыда біз Айдың атауы Су деп айттық. Ай — жарты, Су – бүтін дегенді көнеде білдірген … деп ойлаймыз. Тағы дыбыстық артикуляцияға назар аударамыз. Еріндік дыбыстары еріннің функциясына қарай қызмет атқарса, «а» дыбысын дыбыстағанда еріннің қатысына қарай езулік болып, жақ кең ашылып айтылады және осы дыбысты айтқанда, еріндіктермен салыстарғанда, жақ (кең ашылады) ерекше қызмет атқарады. Көне түркі жазуында «а» дыбысы былайша таңбаланады – )(. Яғни, бұл теріс қарап бірінен-бірі ажыраған Айға ұқсайды. «А» дыбысының артикуляциясына назар аударыңызшы. А дыбысын айтқанда, жақ кең ашылады және кей сөздердің, сонымен қатар сөз мағыналарының туындауына ұйытқы болған деп жорамалдаймыз. Аш, айыр, ара (бір жер мен екінші жердің арасы, қашықтық), арал (құрлықтан бөлініп тұрған жер), ара (екіге бөлетін құрал) деген сөздердің бойында екіге айырылу мәні бар. Туған ай, солған ай – толық айдың бөлшегі. Екі бөлік қосылғанда ғана дөңгелек формаға ие болады (қазақтың екі жарты бір болайық тіркесін есіңізге түсіріңізші). Сонда туған АЙ ол толық емес, бөлінген, толған айдың бөлшегі деген ұғымды білдірген (көне түркі жазуы)( ), Ал Су ол толық Ай дегенді білдірген, осы сөз құрамындағы ұу дыбысына байланысты. Су деген сөздің толық, тұтас, бүтін деген мағынаны бере алатындығын тілдегі қалыптасқан фразалық тіркестерден байқауға болады. Мәселен, су жорға, су қараңғы соқыр дегендегі су сөзі біріншісінде төрт аяғы тең жорғаны білдіреді. Жорғаның түртүрі бар аяң жорға, боз жорға, ал осылардың ішінде нағыз, толықтай (төрт аяғы тең) жорға – ол су жорға. Ал екінші мысалда мүлдем көре алмайтын, толықтай көру қабілетінен айырылған адамды айтады. Демек, бұл тіркестердегі Су деген сөздің мағынасында «толық, түгел, тұтас» деген семалар бар (Қорқақтыққа байланысты айтылатын су жүрек деген тіркестің де шығу мотивациясы аймен байланысты деп ойлаймыз. Кей халықтардың аңыздарында Күн – тұрақтылықты білдірсе, ай тұрақсыздықтың белгісі болып табылады. Өйткені ай үнемі өз пішінін өзгертіп отырады. Және кей аңыздарда ол күннен қашып жүреді). Сонымен қатар, төрт сөзі де толық, түгел, тұтас деген мағынаны береді (су (төрт)+егіз (2+2+2+2 немесе төрт екі=8) деген екі сөздің қосындысынан сегіз сөзі жасалуы мүмкін деп болжаймыз.) Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, дүниенің төрт бұрышы, төрт құбыласы тең, төрт көзі түгел, аман т.б. К.Юнг былай деп жазады: «Тройка как раз не является естественным выражением целостности, в то время как четверка представляет минимум условий для суждения о целостности»[2:56]. Ол бүтіндікті христиан әлемінен іздейді. Ғалым үштік ұғымның тағы бір элементі деп Дева Марияны қосады. Біздіңше, төрттің бүтіндікті беруі Аймен байланысты секілді. Айдың фазаларына назар аударсаңыз, ай әрбір 7 күн сайын формасын өзгертіп отырады екен. Бір жетіде жарты ай, екінші жетіде толған ай, үшінші жетіде кему процесі басталып, тағы жарты ай болады, 4 жетіден кейін ай өледі. Сонда 28 күнде 4 рет қалыбын өзгертеді. Айдың бұлайша қалыбын өзгертуі табиғаттағы жан-жануарға ерекше әсер етеді екен. Ай толған кезде өсімдіктердің суды көп сіңіретіндігі, сол уақытта отырғызылған өсімдіктің тез өсетіндігі, мол жеміс беретіндігі анықталған. Айдың адамзатқа да әсері зор. Әсіресе, әйел затының бала көтеруі осы айдың толуымен байланысты екендігін ғалымдар дәлелдеген. Нью-Йоркте 1948-1957 жылдар аралығында дүниеге келген 50000 нәрестенің жатырда айдың толған кезінде пайда болғаны дәлелденген.
Әйел затының 28 күнде қайталанатын физиологиялық құбылысы да осы аймен байланысты болып келеді. Қазақ халқының 9 ай, 9 күн көтерді дегеннің сырын осымен өлшеуше болады екен.Айда 28 күн бар екендігі белгілі. Бұл – табиғи ритм. Біз 28-ді кез келген санға көбейткенде, сол көбейтілген сан, шешімінде де шығатындығына таң қалдық.
1х28=28, осы жиырма сегіз деген сан 2 және 8 санынан құралған. Оларды бір біріне қосқанда, нәтижесі 10 болады. 10 санында 1 және 0 саны бар оның қорытындысы 1-ге тең. Әрі қарай 2х28 =56, 5-ті 6-ға қосқанда 11, 1-ді 1-ге қосқанда, тең болады 2. 3х28=84, 8+4=12, 1+2=34х28=112, 1+1+2=4,5х28=140, 1+4+0=5
Мысалы: 9х2=18, 1+8=9. 9х3=27, 2+7=9. 9х4=36, 3+6=9. 360=9). Сонда бұл тізбектен көретініміз – Тәңірі дүниені белгілі бір есепке құрып жаратқан екен. Және қазақтың 9 ай, 9 күні дегенін осы ретпен шығаруға болады, 9-ды 28ге көбейткенде 252 болады, сол санды 9-ға қосқанда 261 шығады. 2+6+1 тең болады 9. 28 санының исламға еткен әсері зор. Арабтар 29-бен айды есептеп, табиғи ритмді бұзған секілді. Ал исламның отаны арабия болса да, исламның көптеген құрани қағидалары бізге жақын. Мысалы, мұсылмандардың 5-ші парызы – Меккеге бару. Онда Қағбаны жеті рет айналу дәстүрі қалыптасқан. Қағба төртбұрышты екендігі белгілі, бұл жерде 4 және 7 саны басты орынға шығады, олардың өзара көбейтіндісі 28-ге тең. 2+8=10, 1+0=1, яғни бір жаратушыға құлшылық ету дегенді білдіреді.
Қазақ тілінде өзге ұлттың дыбыстың жүйесімен салыстырғанда, табиғи биоритммен үйлесіп жатыр. 9 дауысты, 19 дауыссыз дыбыс бар, барлығы 28 дыбыс. Мұхаммед (с.ғ.с.) 63 жасында дүниеден өтті. 6+3 =9. 9 деген жалпы аяқталғандықты білдіреді (әйелдің 9 ай бала көтеруі). Адам денесінде тоғыз тесік бар.
Диана, Шива, Син деген құдайлар айға қатысты айтылады. Ди-ана, Ши-ва (Шив-а), Си-н деген сөздердің алғашқы компоненттері ди, ши(в), си деп алсақ, оны көне майялардың ти сөзімен байланыстыруға болатын секілді. Ти деген сөз біздің тілде тіс деп аударылады. Ти (д-ш-с дыбыстарының алмасулары) – тістің айға қатысы болуы мүмкін бе? Біздіңше, қатысты болуы мүмкін. Өйткені біріншіден, тістің түсі ақ, екіншіден белгілі бір жасқа дейін адамның тіс саны 28 болып келеді. Сонда грек, үнді, вавилондықтардың құдай аттарының сыры тек қазақ тілі арқылы реконструкциаланантын көруге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қ.Ғабитханұлы. Қазақ мифологиясының тілдегі көрінісі. Алматы: Арыс, 2006. 156 бет.
2. www.koop.ru. К.Юнг. Архетип и символ. – CП.: Издательство «Ренессанс» СП «ИВО-СиД», 1991.