САЯСИ МЕТАФОРАЛАРДЫҢ АУДАРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Central Asian Journal of Translation Studies
Vol 3, Number 2 (2020) pages 84-92

САЯСИ МЕТАФОРАЛАРДЫҢ АУДАРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Скакова Айжан Қалиханқызы
Аударма ісі мамандығының
II курс магистранты
Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ
Алматы, Қазақстан
E-mail: aizh.skakova1@gmail.com

Аңдатпа: Соңғы онжылдықтарда дискурсты зерттеу лингвистикада пайда болған ғылыми парадигманың өзгеруіне байланысты қазіргі тіл біліміндегі өзекті бағытқа айналды, атап айтқанда: жүйелік-құрылымдық және статикалық парадигманың орнын антропоцентристік парадигма басты. Тілдегі метафоралану саяси дискурста көрініс табады. Саяси дискурстағы метафоризация үдерісін қарастыру – когнитивті лингвистиканың негізгі бағыттарының бірі. Метафораның адресатқа әсер етіп, белгілі бір шешім қабылдауға көмек берерлік зор прагматикалық әлеуеті бар. Метафора адам әрекетінің уәжділігі мен бағытына тиісті дәрежеде эмотивті әсер етіп, қоршаған ортаны модельдеуге ықпал етеді. Мақалада алдымен саяси метафораның анықтамасына қатысты көзқарастарға шолу жасалып және оның ортасында тіл, мәдениет және лингвокультурологиялық парадигма тұрғысынан осы тұжырымдаманың сипаттамалары сөз етілді, сонымен қатар саяси метафораның табиғаты, оның әр түрлі мәтіндердерде кездесуі және қазақ-ағылшын тілдеріндегі аудармасы, аудару тәсілдері қарастырылды.
Кілт сөздер: саяси дискурс, саяси метафора, аударма тәсілдері, транслитерация,

калька, балама.

Кіріспе. Көпаспектілі құбылыс болып табылатын метафора бірнеше ғылым саласының зерттеу аспектісі ретінде қарастырылады. Мәселен, троп түрі ретінде поэтика, стилистика, риторика, эстетикада; сөздердің жаңа мағынасының қайнар көзі ретінде лексикологияда; ассоциативті механизм, интерпретация нысаны және сөзді қабылдау құралы ретінде психолингвистикада; ойлау тәсілі және іс-әрекетті тануда логика, философияда; танымдық, тұрғыда когнитивті лингвистикада ғалымдардың назарын аударып, жан-жақты зерттелу үстінде. Демек, метафораның тек тілге ғана емес, адам баласының ойлау жүйесімен байланысты басқа ғылым салаларымен де тығыз байланыстылығынан оның қолданылу аясы кең екендігін байқауға болады. Метафора қазіргі когнитология тұрғысынан бір ұғымдық аймақтан екіншісіне білім проекциясынан тұратын концептуалды құрылымдарға (фреймдерге, слоттарға, тұжырымдамаларға, сценарийлерге) арналған ментальды операция ретінде; тану, категориялау, концептуализациялау, бағалау және әлемді түсіндіру тәсілі ретінде қарастырылады. Қазіргі метафораның когнитивтік (танымдық) теориясы Дж.Лакофф пен М.Джонсонның еңбегіне негізделген, мұнда авторлар метафора тек тіл саласымен ғана шектелмейді, адамның ойлау процестері негізінен метафоралық сипатқа ие деп тұжырымдайды (Дж. Лакофф және М. Джонсон, 2004). Метафора сананың феномені ретінде тек тілде ғана емес, ойлауда да, әрекетте де көрініс табады. Біздің күнделікті ойлау және әрекет ету жүйеміз, негізінен, метафоралық сипатқа ие. Метафора шындықты сипаттаудың құралы емес, оны ойлаудың
тұрақты тәсілі. Адамға белгісіз дүниені белгілі дүние арқылы тану тән, ал метафора – бұл тұрғыда ең ыңғайлы когнитивтік механизм.
Әдістеме. Метафоралық құбылыстың теориялық парадигмасы Аристотельден бастау алады. Адамзаттың алғашқы ұстазы өзінің “Поэтика” және “Риторика” атты трактаттарында метафораны, ең алдымен, стилистикалық тәсіл ретінде қарастырды. Мамұнында метафора бар сөйлеу тілі, әдеттегіге қарағанда, эстетикалық мәнді және экспрессивтік сипаты басым болатындығын айта келе, Аристотель: “Метафора – сөз мағынасының тектен түрге, түрден текке немесе түрден түрге, я болмаса, ұқсату негізінде өзгеруі” — дейді. Аристотель метафора туралы тұжырымдарын қорыта келе, келесідей аспектілерді бөліп көрсетеді:
1) Метафора балама (ұқсату) немесе салыстыруға құрылады;
2) Метафора түсініктілік пен жұмбақтылықты байланыстыруға тиіс;
3) Метафора белгілі дүние туралы білім негізінде белгісіз дүниені тануға мүмкіндік және оған атау береді;
4) Метафора түсінікті қалыптастыруда жеке акт болып табылады (Қ.Б. Сарбасова және С.Ә. Садуақасова, 2018).
Соның ішінде саяси метафораның бағалауыштық қызметі тіл білімінде кеңінен зерттелген. Саяси дискурстағы метафораның атқаратын қызметі зор, атап айтқанда, ол саяси дискурсқа жан бітіреді, Я. Эльсбергтің пікірінше, «саяси метафора өмірдің белгілі бір құбылысын бейнелі түрде көруге және аталған құбылысты дұрыс түсінуге, бағалауға, оны анықтауға мүмкіндік береді». Осылайша, саяси метафора оқырманның ерекше назарын аударады; оқыған адамның есінде біраз уақытқа дейін сақталатындай мәтінге көркемдік, эмоциялық, экспрессивтік сипат береді; ықпал ету құралы ретінде ассоциативті ойлауға әсер етеді; автордың жеке көзқарасын білдіруде тиімді құрал болып табылады, сондай-ақ ақпаратты нақтылау қызметін атқарады.
Саяси метафора шешім қабылдау процесіне әсер ету мүмкіндігіне де ие. А.Н. Бараев пен Е.Г. Казакевич метафораның когнитивті күші проблемалық жағдайлардың шешімін табуда маңызды құрал болып табылатындығын атап көрсетеді.
А.Н. Бараев пен Ю.Н. Караулов саяси метафораның негізгі мақсатын айқындауда келесідей анықтама береді: “Саяси метафора сол немесе басқа саяси бірлік (саясат, партия, бағдарлама, іс-шара) туралы реципиентте оң немесе теріс пікір қалыптастыру мақсатында қолданылатын тілдік әсер ету құралы” (Қ.Б. Сарбасова және С.Ә. Садуақасова, 2018).
Нәтижелер. Жоғарыда саяси метафораға қатысты берілген анықтамаларға сүйене отырып, «Саяси метафора саяси дискурста оқырман немесе тыңдарманның белгілі оқиғаға қатысты оң немесе теріс көзқарасын қалыптастыратын бағалауыштық және экспрессивті-эмоционалды сипаттағы көркемдік құралы» деген тұжырымдама жасауға болады.
Салыстыра қарағанда зерттеушілер метафораны прагматикалық аспектіде сирек қарастырады, бірақ метафораны саяси дискурста мәдени ұқсастықты қалыптастырудың әдісі ретінде жиі қолданылады. Мысал ретінде Ресей мен бұрынғы кеңестік Балтық жағалауы республикаларын ұғыну үшін өзектілендірілген ресейлік және британдық туыстық метафораларын зерттеуді келтіруге болады (Э.В.Будаев және А.П. Чудинов, 2008). Осы метафоралық үлгіге сәйкес мемлекет пен саяси қызметтің басқа да субъектілері бір отбасы болып саналады. Ресей саяси дискурсында бір отбасы мүшелері ретінде тұрақты түрде Ресей тұрғындары, бір саяси бағытты жақтаушылар, бұрынғы КСРО-ның кейбір халықтары саналады. Ресейлік саяси дискурс үшін билік пен қоғамның қарым-қатынасын неке алдындағы қатынастар, неке, ерлі-зайыптылық, ажырасу және т. б. ұғымдары арқылы таныту тән. Орыстар үшін шығыс славян (украиналықтар, белорустар) және оңтүстік славян халықтары (сербтер, македондықтар, болгарлар) бауырлас елдер болып табылады. Соған қарамастан ресейлік туыстық метафоралары Латвия, Литва және Эстонияның титулдық ұлттарымен қарым-қатынасын сипаттау үшін тән емес.
Британдық БАҚ-та метафоралық жағдай өзгеше. Британдықтардың санасында «Еуропалық Одақ – бұл отбасы» деген тұжырымдамалық метафора басым. БАҚ-тың Британдық дискурсінде Латвия, Литва және Эстония аға-інілері, апа-қарындастары, қызы, қалыңдықтары болып табылады. «Кеңестік оккупацияның» қиындықтарын еңсере отырып, Балтық елдері еуропалық метафоралық отбасына (және бір уақытта жалпыеуропалық үйге) оралады. Ресей Еуропалық отбасының құрамына кірмейді, және ресейлік шындықты ұғыну үшін отбасының прототиптік метафоралары өзекті болмайды. Сонымен қатар, Ресей халықтардың отбасы емес, олардың «түрмесі», кейбір халықтар билігінен босатылған Кеңес империясының мұрагері, ал кейбіреулері әлі күнге дейін оның құрамында «тұтқындар» (мысалы, шешен халқы) болып табылады.
Бұл жағдай этникалық мәселелер бойынша британдықтар мен ресейліктердің арасында үнемі түсініспеушілікте көрініс табады және ұлттық санада шындықты ұғынуға метафорикалық үлгілердің имплициттік әсер ету проблемасын, ұлттық санада әртүрлі когнитивтік метафорикалық модельдердің үстемдігі салдарынан дауласушы тараптар таңдайтын, бірақ қабылдамайтын ұтымды дәлелдеудің метафорикалық негіздеріне бейнелейді.
Талқылау. Сонымен, метафораның онтологиялық және гносеологиялық мәртебесі туралы заманауи көзқарастар жаңа қырларын ашып қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың пәнаралық кеңістігінде когнитологияның әдіснамалық эвристикасын қолдануға кең мүмкіндік береді. Бір жағынан, метафоралар ұлттық сананы (немесе танымды) көрсетеді және тиісінше метафораларды талдау – бұл белгілі бір қоғамдастықтың концептосферасын талдау. Екінші жағынан – метафора прагматикалық потенциалы байланыс адресатының әлем картинасын «қайта концептуализациялау» үшін дискурстарда саналы түрде қолданылады. Шын мәнінде, әлемнің ұлттық бейнесінің метафорикалық көрінісі және белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін шындықтың метафоралық моделін прагматикалық бағдарланған конструкциялау диалектикалық өзара байланысты, сондықтан метафора мәселесі дәстүрлі түрде философия, лингвистика, психология, мәдениеттану, саясаттану, тарих, әлеуметтану және дискурс-талдау саласына жататын мәселелерді шешумен тығыз байланысты. Өз кезегінде когнитивтік метафораларды талдау лингвомәдени ізденістердің теориялық және практикалық өлшемінде саяси ойлаудың, тіл мен мәдениеттің күрделі өзара ісқимылы туралы мәселелерді шешуге жақындауға мүмкіндік береді.
Әдеби тілдің публицистикалық стилдегі саяси дискурсы үшін метафораның мәнін асыра бағалау қиын. Баспасөзде, радиода, теледидарда, ғаламторда ішкі саясаттың шұғыл, өзекті мәселелері талқыланады ма, әңгіме сыртқы саясатта қолданылатын маңызды, айтулы, кезеңдік қадамдар туралы болып отыр ма, журналистер, публицистер, жазушылар, саясаттанушылар, көшбасшылар метафораларға әрдайым жүгінеді ме? Кейбір мысалдар: мәдени Хиросима (қазіргі ТВ әсерінің өсуі туралы), бюрократиялық Левиафан (бюрократияның басымдығы туралы), қанды ет тартқыш (мағынасыз қан төгу, әскери қақтығыстарда адамдарды жою туралы), қоңыр оба (фашизмнің таралуы туралы), Замор індеті (әлемдік дағдарыс туралы), кедейліктің обасы және т. б.
Метафоралардың шынымен тигізер әсері мол. Кейбір жағдайда мемлекеттік және мәдени кеңістіктегі бүгінгі қиындықтарды бір сөзбен жеткізуге септігін тигізеді. Төзгісіз азап әкелген соғыс өртін тұтатқан адамдарды кінәлау, айыптау. Экономикалық күйзеліс қаупін, кедейлік ауқымын елестету. Метафорлар тек анықталған шындықты бейнелі-ассоциативтік сипаттамада ғана емес, сондай-ақ оқырманның, тыңдаушының, көрерменнің тиісті қарым-қатынасын қалыптастыруына да әсер етеді. Мақтау кезінде саяси метафоралар (өте сирек жағдайда) қолданылмайды. Бұл жайтты көптеген отандық басылымдар дәлелдеді (ХХ ғ. 60-шы жылдары — XXI ғ. бірінші онжылдығында). Саяси метафоралардың эмоционалдық бағыттылығының ерекшеліктері, үстемдік идеологияның әсерімен, қоғамдық сананың жай-күйімен және басқа да себептермен байланысты, біз арнайы айтатын боламыз, ал әзірге «метафорикалық көмек» тақырыбына ораламыз.
Саяси метафораның екі жақты табиғаты (бейнелеу және бағалау үйлесімі) бар. Бір жағынан осыған дейін келтірілген мысалдар сияқты айқын, жарқын көрінеді. Екінші жағынан – мінездеме беру мен бағалаудың жасырын өзара байланысы орын алады. Бұл жерде иллюстрация ретінде белгілі халықаралық журналист В. Зориннің «Некоронованные короли Америки» кітабынан алынған үзінді мысал бола алады: «жағдайы мықты, ауқаттылар ресми түрдегі салық салу ережелерінен жалтару үшін мыңдаған айла-амалдар табады». Қырық бес жыл бұрын болған зерттеулерді ысыра тұрып, алайда бұл әлі де кейбір елдерде өзекті, “айла-амалдар” деген метафораға мән береміз. Бұл метафорасыз сөйлем: «жағдайы мықты, ауқаттылар ресми түрдегі салық салу ережелерінен жалтару үшін мыңдаған жолын табады», — мағынасын жоғалтпайды. Алайда, жағымсыз,қиын жағдайдан шығу үшін бейнелі мағынадағы – “қу”, “айлакер”, “шапшаң” іс-әрекетімен ірі байлық иелерін көз бояушылар мен алаяқтар ретінде көрсетеді.
Саяси дискурста метафоралардың бейнелі-ассоциативті оқу дереккөздері метафоралық стандарттар, стереотиптер жиі болады. Мәселен, “Аргументы и Факты” апталығы «ресми түрде Мәскеуде радикалды демократтар клубының пайда болғанын» жариялады. Клуб сөзі ауыспалы мағынада «Әкімшілік, қаржы-коммерциялық немесе қоғамдық-саяси ұйымдардың атаулары» (Шведова сөздігі, 2007) —типтік метафоралық стереотип мысалы ретінде: инвестициялық клубы туралы хабарланды. Өзара сақтандыру клубы. Кредитор-елдердің еуропалық клубы, Париж клубы, Лондон клубы және т. б. (Шведова сөздігі, 2007). Аифтің жарияланымында радикалды демократиялық бірлестіктегі елеулі келіспеушіліктер туралы айтылды, бұл материал авторы, журналист А. Углановқа өзінің мақаласын «радикалды демократтар клубы» деп атауға септігін тигізді. Басқаша айтқанда, ассоциациялар пікірлерді талап етпейді. Метафоралық стереотиптердің жаңаруларына мысал келтірейік: “Кейбір продюсерлердің бастарында телеқарулар үшін жарыс және эфир үшін қырғи қабақ соғыс жалғасын табуда”. Негізгі сөз тіркесінің екінші бөлігінің өзгеруі ( қарулар үшін жарыс – телеқарулар үшін жарыс) нақты бір нысанды белгілеу (қырғи қабақ соғыс – эфир үшін қырғи қабақ соғыс) арқылы заманауи телехабардағы бейберекет ахуалды білдіреді.
Саяси метафорлардағы бейнелеу мен бағалаудың өзара қарым-қатынасына қатысты келесі пікір: саяси сөйлеуде шетелдік баспасөз сөздігінен келген метафоралар аз емес екені белгілі: қара пантералар; гориллалар, «жібекке оранған»; ягуарлардың «дипломатиясы»; державалардың концерті және т. б. Мұндай метафоралар (кейде) арнайы сөздіктерде тіркеледі (Е. А. Караганов, 2015). «Қара пантералар» – бұл АҚШта леворадикальды шағын буржуазиялық негритян партиясы. «Горилла – зорлық әрекеттерін жақтаушы (әдетте жоғары қызметтегі әскери адам туралы)». ХХ ғасырдың 70ші жылдарындағы мәтіндердің мысалдары: «Эдгар Гувер құпия меморандумда… «қара пантера» партиясын және оның көшбасшыларын аластау үшін ең қатаң шараларға жүгінудің қажеттілігін түсіндірді». «Бүгін стресснерлер мен Пиночеттер, сомостар және соларға ұқсас «жібекке оранған гориллалар» диктаторлар орнын әлі де сақтап қала алады». “Париждегі Матин газеті Францияның Чадтағы оқиғаға әскери араласуын «ягуарлар» дипломатиясы деп атайды”.
Сондай-ақ, қазақ жҽне ағылшын газет беттеріндегі саяси метафораларды аудару ерекшеліктері қарастырылған. Негізінен «Дала мен Қала», «КZaman», «Айқын» сияқты мерзімді басылымдар негізінде саяси метафоралар зерттелінген. Саяси метафораларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аударылу ерекшеліктерін қарастырғандықтан біз бұл бейнелеуіштік – бағалауыштық, эмоционалды – экспрессивті мағынадаға стилистикалық құралдың пайда болу мен аудару әдіс – тәсілдері айқындалды.
Саяси метафораның кейбір газет бетінде қолданысы мен қазақ тілінен ағылшын тіліне аударылу әдіс – тәсілдердің ерекшеліктері қарастырылды. Зерттеу барысында негіз ретінде Л.К. Латышевтің жіктемесі негізге алынады.
Л.К. Латышев мынадай тәсілдерді бөледі: 1) транслитерация; 2) калька; 3) жақындатылған аударма (аналог/балама); 4) ұлттық ерекшелігінің элиминициясы; 5) сипаттамалы аударма.
Қазақ және ағылшын тілдерінде метафоралар толық, яғни екі тілде дайын баламалар немесе аналогтар болады. Аналог дегеніміз — қазақ тіліндегі лексикалық бірліктерінің шет тілдегі лексикалық бірлігі сҽйкес келетін мағынасының жақын болуымен ерекшелінеді (Н.Р. Омаров, 2009).
Мысалы, бақайшағына дейін қарулану деген метафоралық тіркеске сай ағылшын тілінде мынадай балама бар, мысалы:
бақайшағына дейін қарулану — to be
armed to teeth тізгін ұстау – to keep somebody under
somebody‘s thumb, ауырсоққы болу — to be under the
gun, біреудің қытығына тию — to tickle one‘s vanity (to shot somebody‘s nervous) және тағыда басқалар.
Бұл мысалдардан қарап отырғанымыздай, саяси метафоралдардың қазақ және ағылшын тілдерінде бір – біріне сай келетін баламалар, аналогтар түрінде қолданылатынын тұжырымдауға болады.
Сонымен қатар, зерттеу барысында біз саяси метафораларды аударуда калька тәсіліде қолданатынына көзіміз жетті. Жоғарыда атап өткендей, калька дегеніміз бір тілдегі лексикалық бірліктердің, екінші тілде оларға сай келетін сөздермен сөз тіркестері арқылы беруді айтамыз. Бұл тәсілде метафоралық тіркестерді аударуда өте жиі қолданатыны анықталды. Мысалы:
Тақатан аудару – to throw somebody down the throne;
Аяққа таптыру – to trample under somebody‘s foot;
Дабыл қағу – to sound the alarm;
Арам ақшаны жуу – money laundry;
Біреудің қармағына түсу – to be in one‘s hook
Бұл мысалдардан қазақ тіліндегі метафоралық тір кестер ағылшын тілінде оған сәйкес келетін әр сөздің қолданысы арқылы берілгендігін байқаймыз.
Қорытынды. Сонымен, саяси метафораның онтологиялық және гносеологиялық мәртебесі туралы заманауи көзқарастар жаңа қырларын ашып қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың пәнаралық кеңістігінде когнитологияның әдіснамалық эвристикасын қолдануға кең мүмкіндік береді. Бір жағынан, метафоралар ұлттық сананы (немесе танымды) көрсетеді және тиісінше метафораларды талдау – бұл белгілі бір қоғамдастықтың концептосферасын талдау. Екінші жағынан – метафора прагматикалық потенциалы байланыс адресатының әлем картинасын “қайта концептуализациялау” үшін дискурстарда саналы түрде қолданылады. Шын мәнінде, әлемнің ұлттық бейнесінің метафорикалық көрінісі және белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін шындықтың метафоралық моделін прагматикалық бағдарланған конструкциялау диалектикалық өзара байланысты, сондықтан метафора мәселесі дәстүрлі түрде философия, лингвистика, психология, мәдениеттану, саясаттану, тарих, әлеуметтану және дискурс-талдау саласына жататын мәселелерді шешумен тығыз байланысты. Өз кезегінде когнитивтік метафораларды талдау лингвомәдени ізденістердің теориялық және практикалық өлшемінде саяси ойлаудың, тіл мен мәдениеттің күрделі өзара ісқимылы туралы мәселелерді шешуге жақындауға мүмкіндік береді.
Жұмыстың өзегі болып отырған саяси метафораның жасалуы мен қолданылуы автордан қазіргі заманғы зерттеулерден, әлеуметтанудан, саяси және экономикалық жағдайдан хабардар болуды, өзінің аудиториясының мәдениеті, өмір деңгейі туралы түсінік алуды талап етеді.
Саяси метафораларды зерттепқарастыру арқылы біз қоғамда болып жатқан өзгерістерге қоғам мүшелерінің көзқарасын анықтап қана қоймай, сонымен қатар, әртүрлі мәдениет әлемінде болып жатқан тенденцияларды анықтап, баға бере аламыз. Әрбір саяси метафора субъектінің рөлі мен орны көрініс табатын саяси іс-әрекетті қабылдау үлгісін (моделін) қалыптастырады. Қазіргі кезде ең көп кездесетіні – саяси, әскери, спорттық, құрылыс, жол және тағы басқа метафоралар, олардан осы метафоралардың құндылықтарының және қазіргі заманғы шындықтар үшін қаншалықты маңызды екендігі туралы қорытынды жасауға болады. Бұл мақалада саяси метафора сипаттамалары, оның аударылу ерекшеліктері қарастырылды.



ЛИТЕРАТУРА
[1] Лакофф, Дж., Джонсон, М. Метафоры, которыми мы живем [Текст] // Дж. Лакофф, М. Джонсон. — М.: Едиториал УРСС, 2004. – 256 с. – кітап
[2] Сарбасова Қ.Б., Садуақасова С.Ә. Медиамәтін және саяси метафора. Қарағанды:
«АҚНҰР» баспасы» 2018 – 191 б. – кітап
[3] Будаев Э.В., Чудинов А.П. Зарубежная политическая метафорология: Монография /
Урал. гос. пед. ун-т. – Екатеринбург, 2008. – 248 с. – кітап
[4] Толковый словарь русского языка с включением сведений о происхождении слов. — М.:
ИЦ «Азбуковник», 2007. —1175 с– кітап
[5] Караганов Е. А. Политическая метафора в газетных статьях. Лингвокультурологический аспект // Молодой ученый. — 2015. – ғылыми мақала
[6] Омаров Н.Р. Прагматические особенности газетных диалогических жанров в политическом и творческом дискурсах: дис… канд. филол. наук / Н.Р. Омаров; Инновационный Евразийский ун-т. — Павлодар, 2009. — 162с. – диссертация


FEATURES OF TRANSLATION OF POLITICAL METAPHORS

Skakova A.1
1Postgraduate of Translation Studies of
Ablai Khan KazUIRandWL
Almaty, Kazakhstan
E-mail: aizh.skakova1@gmail.com

Rozieva D.2
2PhD, Associate Professor,
Ablai Khan KazUIRandWL
Almaty, Kazakhstan

Abstract: in recent decades, the study of discourse has become an urgent area of modern linguistics due to changes in the scientific paradigm that has arisen in linguistics, in particular: the system-structural and static paradigm has been replaced by anthropocentric. A metaphor in language can be reflected in political discourse. Consideration of the process of metaphorization in political discourse is one of the main directions of cognitive linguistics. The metaphor has enormous pragmatic potential, as it affects the addressee. The metaphor accordingly has an emotional effect on human and contributes to the modeling of the environment. The article first reviews the definitions of a political metaphor and describes the concept in terms of language, culture and linguistic-cultural paradigm, as well as the nature of the political metaphor, its role in various texts and Kazakh-English translation, translation methods.
Keywords: political discourse, political metaphor, translation methods, transliteration, calque, analogue.


ОСОБЕННОСТИ ПЕРЕВОДА ПОЛИТИЧЕСКИХ МЕТАФОР

А.К. Скакова1
1Специальность: Переводческое дело
магистрант II курсa
КазУМОиМЯ им. Абылай хана
e-mail: aizh.skakova1@gmail.com

Д.C. Розиева2
2доктор PhD, доцент,
КазУМОиМЯ им. Абылай хана,
Алматы, Казахстан

Аннотация: в последние десятилетия исследование дискурса стало актуальным направлением современной лингвистики благодаря изменениям в научной парадигме, возникшей в лингвистике, в частности: системно-структурная и статическая парадигма была заменена антропоцентрической. Метафора в языке может отражаться в политическом дискурсе. Рассмотрение процесса метафоризации в политическом дискурсе является одним из основных направлений когнитивной лингвистики. Метафора обладает огромным прагматическим потенциалом, так как влияет на адресата. Метафора оказывает соответственно эмоциональное воздействие на человеческую деятельность и способствует моделированию окружающей среды. В статье сначала рассматриваются обзоры определения политической метафоры и описываются понятие с точки зрения языка, культуры и лингвокультурной парадигмы, а также характер политической метафоры, ее роль в различных текстах и казахско-английский перевод, методы перевода.
Ключевые слова: политический дискурс, политическая метафора, методы перевода, транслитерация, калька, аналог.



Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *