«ҚҰДАЛЫҚ» ФРЕЙМІНІҢ ВЕРБАЛДЫ АССОЦИАТИВТІ ЭКПЕРИМЕНТІНІҢ ТАЛДАУЫ

А. Нұржаубек1, Т. Қалибекұлы2, З.С. Уранова3
1Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті,
Шығыс тілдері аударма кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қ., Қазақстан, e-mail: nurzhaubek-ainur@mail.ru
2ф.ғ.к, Абылай хан атындығы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдірі
университетінің професссоры, Алматы қ., Қазақстан, e-mail: tolkyn.kalibek@mail.ru 3Ш.Уалиханов атындығы Көкшетау мемлекеттік университеті, Ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы, Көкшетау қ., Қазақстан, e-mail: zulfiya-95thebest@mail.ru

«ҚҰДАЛЫҚ» ФРЕЙМІНІҢ ВЕРБАЛДЫ АССОЦИАТИВТІ ЭКПЕРИМЕНТІНІҢ ТАЛДАУЫ

Бұл мақалада Қазақстандағы титулды этнос қазақ социумдарының тілдік санасындағы құдалық фреймін ерікті ассициативті эксперимент әдісімен анықтау мәселелері қарастырылды. Қазіргі таңда лингвистикадағы тілдік бірліктердің бойынан көрінетін ұлттық мәдени ерекшеліктер когнитивті лингвистика, психолингвистика және лингвомәдениеттану бағыттарында зерттеледі. Тілдің мазмұндық жағын тану жолдарының арасында соңғы жылдары психолингвистикалық әдістерге жүгіну зерттеушілердің назарын аударып отыр. Психолингвистикада белгілі бір мәдениетті тұтынушының санасындағы бейнелердің еркешелігін көрсетудің түрлі әдістері бар. Солардың ішінде ең тиімді деп саналатын әдіс – еркін ассоциативті эксперимент. Вербалдық ассоциацияларға негізделген еркін ассоциативті эксперимент әдісі зерттеліп отырған құбылысқа респонденттердің көзқарасы туралы мәлімет жинауға, коммуникативтік орта қалайша адамның ассоциативтік базасын қалыптастыратындығын, оның дүниені қабылдауына қалай әсер ететіндігін түсінуге, зерттеліп отырған ұғымды қабылдаудың ұлттық мәдени ерекшелігін айқындауға мүмкіндік береді.
Кілт сөздер: ассоциация, ассоциативті эксперимент, тілдік сана, құдалық фреймі, ассоциативтік эксперименталды талдау.

КІРІСПЕ

Ассоциативті эсперимент ХХ ғасырда К.Г.Юнг пен М.Вертгеймдердің енгізуі бойынша адам танымының уәжін зерттеудің ең тиімді тәсілдерінің бірі ретінде психолингвистикада өз нәтежиесін көрсете бастады. А.А.Лентьевтін пікірінше: «Егер тілдік бірліктердің «мәдени» ерекшелігін, қандай да бір сөздің тікелей релевантты емес жанама семантикалық байланыстарын, оның семантикалық «орамдарын» жинақтау үшін неғұрлым обьективтілікпен ашуға мүмкіндік беретін әдісті табу керек болса, бұл әдіс ассоциативтік экперименттік әдісі болып табылатыны сөзсіз…» [1, 14-15]. Тілдік және мәдени семантика арасындағы біріктіруші бөлік психолингвистикалық экперимент болып есептеле алады, онда ассоциативтік байланыстар, концепциялық өрістер, сонымен қатар талданып отырған ұғымның жиілігі мен тіркесімділігі айқындалады.
Ассоциация латынның «association-біріктіру» деген ұғымын білдіреді. Ассоциация екі түрлі танымның өзара байланысы (сезіну, түсіну, ойлау, елестету қабілеттері) арқылы жүзеге асады. Бұл ассоциация деген ұғымды XVII ғасырда Дж.Локк енгізген. Ассоциация жеке субьективті тәжербиеге негізделген белгілі нысан мен құбылыс арасындағы байланыс. Ассоциативтік тәжірибеден субьектінің нәр алған мәдениеті мен өмірлік тәжірибесі байқалады. Ассоциация ұғымымен тығыз байланысты ғылымда ассоциативтік өріс ұғымы да бар. Ассоциативтік өріс – «тілдік бірліктердің жиынтығы, мазмұн ортақтығына қарай біріккен белгілеуші құбылыстардың заттық, ұғымдық және функционалдық ұқсастығы. Ол ассоциациалы сөздер мен стимуль сөздердің төңірегінде берілуі ретінде түсініледі» [2, 183].
Ассоциация адамның сенсорлы перцептивті қабылдауы арқылы туындайды дегенді алғашқы болып айтқан тілші ғалымдардың бірі И.М.Сееченов. Ғалымның зерттеулерінде ол «сезіну ассоциациялары» деп аталады [3, 44]. Сезіну ассоциациялары адамның өмірі мен тәжербиесі негізінде қалыптасып, дами отырып, елестету/түсіну ассоциациясына, күрделенген ассоциация түріне ұласады. Барлығы жинақтала келе сыртқы әлемге тәуелді болады. Соған сәйкестендіріледі. Бұның нәтижесі пайымдау барысында, ой жинақтау барысында өзара байланысқан ой жүйесін құрайды.
Демек, ассоциация – жалпы мағынасында, айнала қоршаған дүниенін үзігін таныту үшін қолданылатын, психикалық қабілеттер негізінде жүзеге асатын, білім алудың көзі.
Д.Гартли, Т.Браун, Дж.Милль, т.б ғалымдар ассоциациясының ментальды (санада, ойда болатын) тетік екенін, ассоциацияның негізгі белгісі деп ассоциациялық танымның адамның өмірде жинаған тәжірибесі мен сезінуі, ұғынуы арасындағы байланыстан туындайтынын атап көрсетеді.
Қазіргі кезеңде асооциацияның тәжірибелік деңгейі біртіндеп кеңейіп, ассоциативті эксперимент пен практикалық зерттеулер жүргізілуде. Ассоциативті эксперимент жүргізудегі негізгі мақсат – субьектінің ақиқат дүниені тану мен танытуға деген белсенділігін, әсерін (реакциясын) байқау, субьектінің «менін» бақылау.
Бүгінгі таңда ассоциация ұғымы кешенді ұғым ретінде психология саласынан басқа психолингвистика, когнитивтік лингвистика, психология, әлеуметтану, психиатрия сынды ғылым саласында қолданысқа ие болды. Мәселен, тіл біліміндегі жаңа бағыт психолингвистика, когтинивтік лингвистика салаларында адамның ақиқат дүниені қабылдап, тіл арқылы жеткізудегі психикалық құбылыстары туралы мәселелерді қозғағанда ассоциацияның психологиядағы қызметі ерекше байқалатындығы анықталды [4, 224].

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кез-келген тілдік бірліктің ассоциативтік өрісі әлемнің тілдік бейнесімен тығыз байланысты. Өйткені «Белгілі бір стимул сөздің ассоциативті өрісіне жүргізілген экспенименттен алынған нәтежие – адамның вербалды жадындағы көріністер ғана емес, сондай-ақ сол мәдениетті тұтынушының санасында бейнеленетін этносқа тән әлем бейнесінің, оның уәждері мен бағалауы, сәйкесінше мәдени стереотиптерінің көріністері болып табылады» [1, 140]. Сол себепті ассоциативтті өріс құрамын талдау ұлттардың дүниетанымынан, психологиясынан, тұрмыс-тіршілігінен, салт-дәстүрінен мол ақпарат алуға жол ашады. Сөздер арасындағы ассоциативтік қатынас психолингвистикалық эксперименттер барысында анықталады. Эксперимент тірек-сөзге байланысты ойға түскен барлық сөздерді жазып алуға негізделеді. Нәтежиесінде алынған сөздер тобы ассоциативтік өріс деп аталады. Оның құрамы, экспериментке түсушілердің анықтауы бойынша тірек сөзге қатысты ассоциативтік өріс құрайтын ортақ байланыстылық деңгейін анықтайды. Ассоциативтік мағына ұғымы адамда сөз бен ой арқылы түзілетін байланыстар мен қатынастардың терең үлгілерін, арнайы ішкі құрылымын табу барысында адамзаттың сан қырлы тәжербиесінің танымдық тұрғыдан ұйымдастырылуы негізінде қалыптасады. Сондықтан ассоциативтік мағына сөздің ассоциативтік байланыстарын талдау арқылы анықталады.
Соңғы лингвистикалық зерттеулер белгілі бір мәдениетті тұтынушылардың тілдік санасын зерттеуде, яғни тіл иесінің өзіндік ішкі лексиконын немесе сөздік қорын анықтау мәселесін лексика-семантикалық талдау жасау арқылы жан-жақты шешуге болмайтыны, тілдегі сөздік қорды психолингвистикалық жақтан таныстыруда, сонымен қатар адамның ішкі сөздік қорының құрылымын анықтауда ассоциативті экперименттің мүмкіншіліктері зор екендігі анықталды. Сондай-ақ, ішкі лексиконды ұйымдасытру мәселесі фрейм теориясымен де, когнитивтік үлгілерді вербалды толықтыру мәселесімен де ұштасып жатыр. Басқа да үлгілер сияқты фреймдік үлгі де психологиялық ақиқатты тексеруді талап етеді. Әрбір лингвистикалық құрылымның психологиялық ақиқатын анықтап алудың қажеттігі туралы мәселеге Ю.С.Степанов тоқталған болатын [5, 11].
Андерсон және Бауэр сынды ғалымдардың ойынша: «Егер сөзге сәйкес келетін ұғымдар жадыда сақталған пропозицияға кодталған болса, онда мұндай сөздер өзара ассоциациялануы мүмкін, өйткені бұл тұрғыдан алғанда өзара қиылыса байланысқан пропозициялар жадыда үлкен бір желі түрінде болады, ал олардың әрқайсысы жадының тораптар жиынтығынан тұрады» [6, 42]. Ғалымдар мұндай тораптарды концептімен, әрекеттер жүйесімен байланыстыра қарастырады, мұндай репрезентация жасаушы әрекеттер қарым-қатынасты күшейтеді: әрекет – атқарушы, әрекет – орын, әрекет – нысан және т.б. осы сияқты байланыстарға түседі, ал жадының мұндай үлгілері негізгі құрылым рөлін атқарады. Мұндай үлгілер жинақтала келіп, индивидтің жадында белгілі бір ассоциация туғызады. Сөздерді, беретін ассоциациясына (ассоциациялық өріс) қарай топтастырып ассоциациялық өрістердің өз ішіндегі байланыстарына талдау жүргізуді ассоциациялық мәліметтерге грамматикалық, лексика – семантикалық және басқа деңгейде сараптама жүргізуді Ресейдің көптеген зерттеушілірі белсенді түрде қолданып келеді, олардың арасынан Ю.Н.Караулов, А.А.Залевская, В.В.Красных сынды зерттеушілерді ерекше атап кетуге тиіспіз.
«Құдалық» фреймін толығырақ сипаттау мақсатында ақпарат алу үшін қазақ тіліндегі түрлі сөздіктерге жүгіндік. Сөздіктерде берілген мәліметтерге сүйене отырып, біздің ойымызша берілген «құдалық» тірек сөзінен бастап сынаққа алынушылардың реакциясына дейін алынған мәліметтерден қазақ тіл иеленушілерінің концептуалды әлемдерінің картинасындағы аксологиялық, прагаматикалық, когнитивтік ерекшеліктерін салыстырып шығуға мүмкіндік беретінін байқадық. Н.Уфимцеваның пікірінше сынаққа алынушылардың ассоциативтік реакцияларын “сол тілде сөйлеушілердің ассоциативті – вербалды жүйе өз кезегінде тілді меңгерудегі феноменді түсіндіруге жол ашады және ол мәтіндік пен өзіндік – жүйелік жағымен бірге сол тілді көрсетудің толыққанды құқылы тәсілі бола алады” [7, 7].
Қазақ социумдарының санасындағы ассоциативті реакцияларының шынайылығы және ұжымдық көрінісін анықтау үшін сынаққа алынуышыларға қойылатын талаптар мен нормалардың тізімін А.С.Бабичеваның пікіріне сүйене отырып жасап шықтық [8, 69]. Бұл эксперименттің шынайылығын, оған қатысушылардың жасы, жынысы, ұлты мен кәсіби мамандығы, сонымен қатар қандай әлеуметтік топқа сәйкестігі т.б анықтадық. Нәтижесінде сынаққа алынушыларға қойылатын талаптар төмендегідей болып шықты:
1) барлық респонденттердің ана тілдері – қазақ тілі;
2) эксперимент нәтежиесінің барынша шынайылығы мен нақтылығына қол жеткізу мақсатында, тірек сөз қатарына «құдалық» сөзіне мүлде қатысы жоқ сөздер мен «құдалық» жорасына қатысты қысқаша сұрақ қатар берілді;
3) сынаққа алынушылар елдің барлық аймақтарының болғандары дұрыс деп
есептелінді;
4) білімнің гумантитарлық салалары – жоғары оқу орындарында тіл (филология) мамандықтарында оқитын 17 жас пен 22 жас аралығындағы студенттер экспериментке қатысушылар ретінде таңдалып алынды.
Бұл арада сынаққа алынғандардың жастарының бекерден-бекер таңдалмағанына ерекше тоқталамыз, осы жасқа келгенде адам бойындағы тілдік тұлғалық ерекшеліктері негізінен қалыптасып үлгереді. Бұл өз кезегінде Ю.Н.Карауловтың көзқарасы бойынша «келесі он жылдық ішінде, яғни сынаққа алынғандар қоғамның белсенді ядросын құрған кездегі қоғам мүшелері бұқаралық санасының кейбір сипаттарының» қандай күйде болатынын болжауға мүмкіндік береді [9, 4].
«Құдалық» тірек сөзінің шығу төркінін, жасалу жолдарын, семантикасын кешенді түрде сипаттау үшін қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, аймақтық сөздік, фразеологиялық сөздік, этимологиялық сөздік және аударма сөздіктерді пайдаландық, сондай-ақ қазақ мәдениетін зерттеуге арналған түрлі мәдениеттанымдық этнографиялық тұрмыс-салттық және әдет-ғұрыптық зерттеулерге арналған ғылыми жұмыстарды саралап шықтық. Дегенмен, «құдалық» тірек сөзінінің мағыналық, мазмұндық болмысын толықтай ашып көрсететін тұстары аз. Ассоциативті эксперимент негізінде қолданбалы психолингвистикада «арнайы ассоциативті нормалар сөздігі» жарық көрді. Олардың қатарына Дж.Дизенің, кеңестік тіл білімінде А.А.Лентьевтің басшылығымен жарық көрген «Словарь ассоциативных норм русского языка» және толықтырылған нұсқасы «Русский ассоциативный словарь» (Ю.Н.Караулов, Ю.А.Сарокин, Е.Ф.Тарасов, Н.Ф.Уфимцева және
т.б) атты сөздіктерді жатқызуға болады [10, 782]. Ал отандық тіл білімінде Н.В.Дмитрюктің басшылығымен (Д.А.Молдалиева, В.Д.Нарожная, Ж.И.Молданова, Е.С.Мезенцева, Н.А.Сандыбаева, Г.И.Абрамова, т.б) жарық көрген «Қазақша ассоциациялақ сөздік/Казахский ассоциативный словарь» атты еңбектерін [11, 330], Г.Г.Гиздатовтың «Ассоциативные поля в русском и казахском языках» атты еңбегін және Ж.Ә.Жамбаева, М.Мамбетова, Х.А.Ордабекова, Қ.С.Алдашева, Б.Р.Қасенов және т.б тілші ғалымдардың осы бағыттағы еңбектерін ерекше атауға болады.
Біз бұл жұмысымызда қазақ титулды этносының тілдік санасындағы «құдалық» стимул–сөзінің семантикасын, яғни «құдалық» стимул-реакция арқылы қалыптасқан мағыналарын кешенді түрде қарастырамыз.
Қазақ лексикографиялық анықтамалары дереккөздері бойынша «құдалық» сөзі былай анықталады және релевантты түсініктеме қатарына жатады (ҚТТС, 1961; ҚТТС, 1982; ҚТЭС, 1966; ҚОС, 1981; ОҚС, 1982; ҚТСС, 1995; ҚТАС, 2003; ФС, 1997; ҚТФС, 2000; ҚТТС, 1997; ҚЫЭС, 1999). Қазақтың әлем бейнесін жасау үшін құдалық сөзінің негізгі анықтамаларын «құдалық» «құда болушылық, құда түсушілік», яғни биреудің қызын айыттыра бару немесе құда түсе бару (ҚТТС, 1961; ҚТТС, 1982; ҚТТС, 2010) [12, 533]. Ал осы құдалық сөзінің этимологиясын шығу тегін зерделеп қарасақ, құдалықтың түбір сөзі құда атауы «Қазақ тілінің этимологиялық сөздігінде» былай түсіндірілген: «Құда//қоза, құдағи, құдағай//құзағи сөздері қазақ, өзбек, қарақалпақ, ұйғыр, башқұрт, әзербайжан, тува, алтай тілдерінде үйленген жігіт пен күйеуге шыққан қыздың туыстарының бір-біріне туыстық қатынасын білдіретін атау. Моңғол, бурят-монғол тілдерінде де хут, худа сөзі осы мағыналарда қоладнылады. Ал түркі тілдерінде де бұл сөздің басқа түсінігі жоқ. Тек осы мағынада ғана қолданылатын құдаша, құдағы, құдағай, құдандалы, құда түсу, құда болу сияқты туыстыққа қатысты сөздер бар. Ал моңғол тілдерінде худалдаа, худалдаа (н) сөздері – «сауда, сауда істеу, сауда ісімен шұғылдану», худалдаачин, худалдааш(н) – «саудагер, коммерсант» деген мағыналарда қолданылады. Көне ескерткіш Мухаддимат ал-Адап сөздігінде де бұл сөздің саудаға байланыстылығы көрсетіледі» [13, 33].
Біздің ойымызша құда сөзінің туыстық мағынасы оның сатушы деген мәнінен шығып, осы мағынада монғол тілінен ауысып келген болуы керек. Түркі тілдерінде бұл сөз сатушы мағынасында қолданылмайды. Құда сөзі түркі тіліне моңғол тілдерінен ауысқан болуы керек деген пікірді Л.А.Покровская да айтады [13, 131]. «Қазақша-Орысша сөздікте» қазақ тіліндегі «құдалық» сөзінің орыс тіліне аудармасының бірден екі баламасын ұсынады: құдалық 1) сватовство (со всеми обычаями и установлениями); олар жақында құдалыққа барды; 2) родственные отношения между сватами; біздің олармен құдалығымыз бар деп берілсе [14, 540], «Орысша-Қазақша сөздікте» сватовство ср. құдалық, жениться по сватовству құдалық салтымен үйлену деп берілген [15, 305]. Біз де құдандалық туралы өз тұжырымдарымызды бұған дейінгі мақаламызда кеңінен талдаған болатынбыз [16, 305].
Біздің ендігі мақсатымыз – халықтың тілдік санасындағы құдалық сөзімен байланысты пайда болған тілдік бірліктерді ассоциативті экперимент арқылы жинақтау. Ғалым Г.Гиздатов концептіні толық түрде ассоциативтік өріс арқылы шығару мүмкін деп есептейді. Сөздің толықтай мағынасы лексикографиядық анықтағыштарда берілмейді. Сөздің біршама толық сипаты сол тілді тұтынушы халықтың тілдік санасында болада. Тілдік сана – тіл арқылы көрінетін ұлттық сананың бір бөлщегі, мәдениеттің ерекшелігі жайлы түсніктердің мазмұны, қандайда бір ұлттық психологиялық қоймасы. Ұлттың тілдік санасы сөз, сөз тіркесі, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер арқылы көрінеді. Г.Гиздатов: «Кумулятивная (хранительная) функция языка проявляется в лексиконе ассоциативного поля в системе словреалий, афоризмов, слов с нацианально-культурным компонентом значения, ввод которых в активное употребление дает не обеденное и усеченное представление, а полный концепт (в культурологическом аспекте того понятия) слова-понятие» [17, 30]. Яғни, тілді тұтынушы белгілі бір мәдени ортада тәрбиеленеді. Адам сол мәдениеттің өкілі болғандықтан, сөздің ассоциативтік өрісінде ұлттық-мәдени құрлымдар көрініс береді дегенді айтады.
Экспериментке қазақ тілді сынаққа қатысушылардан 200 адам қатысты. Олардың жас шамасы 17 мен 22 жас аралығында. Эксперимент нәтежиесінде «құдалық» стимул-сөзіне қазақ тілді қатысушыларынан 153 түрлі реакция алынған болып төмендегідей жиілік көрсеткіштерге қол жеткіздік: Ет (2), Бауырсақ (1), тамақ (3), сарқыт (1), бешбармақ (1), шарап (1), қауын (1), әшекейлер (1), жүзік (1), ақ орамал (1), орамал (1), подарки (1), сыйлықтар (6), жүктер (1), қымбат машине (1), түрлі-түсті гүлдер (1), стол (1), жайылған дастархан (10), киіт (6), төсек-орын (4), ана сүті (1), қалың мал (1), бата (1), той бастар (3), беташар (2), құйрық бауыр асату (3), төс қағысу (1), сыйлықтар беру
(4), тәтті шай (1), келіншай ішу (1), қыз ұзату (5), сырға салу (11), маңызды салт-дәстүр (8), үй болудан кейін жасалатын әдет-ғұрып (1), екі үйленген жас жұбайлардың арқасында болатын әдет-ғұрып (1), туыстардың бірін бірі от басына қабылдауы (1), достасуы (1), ата-аналардың көрісуі (1), танысу (4), келісу (2), кездесу (1), екі бөтен елді туыс қылу (1), екі жақтың ата-анасының бірін-бірі күтуі (1), екі отбасын туыстық қарым-қатынасқа байланыстыру (1), екі от баснының бір-бірімен туыс немесе құда-құдағи болуы (1), екі от басының үлкен той жасауы (3), жігіт пен қыз тойының алдында өтетін ата-аналар мен туыстар таныс, бола алатын кездесу (1), екі үйленіп қосылған жастың тойдан кейінгі қонақ шақыруы (1), от басынқұрып бақытты өмір сүру (1), отау құру (1), құдаласу (1), құда түсу (1), күйеу аттандыру (1), тұрмыс құру (1), екі жұрттың бір туыстық қатынасқа қосылуы (1), бөлек жанүялардың бірлесуі (1), ұл мен қыздың үйленгенде ағайын туыстарының қыздың немесе, ұлдың үйіне баруы (1), екі елдің бас қосуы (1), екі жас үйленгенде ата –аналары бас қосу (1), танысу ретінде құдаласу (1), екі от басының туыстық қарым қатынасқа түсуі (1), құда жегжет болу (2), қыз алысып қыз берісу (1), жақсылап қонақ күту (1), рұқсат беру (1), екі жақтың араласуы (1), туысқан (2), туыс (1), туған туыс (1), жаңа туыстар (5), жақындар (1), көп туғантуысқандар (5), қонақтар (5), жаңа адамдар (1), халық (1), адамдар (1), достары (1), жақсы адамдар (1), ата-әжелер (1), қызының ата-анасы (1), қызбен жігіттің ата-анасы (2), балалар (1), бала-шаға (1), ата-ана (5), нағашы (1), дос (1), ер (1), әйел (2), құдалар (7), құда (3), құда-құдағи (3), ата-ене (2), ене (1), құдағай (2), құдаша (1), күйеу бала (3), күйеу
(1), қалыңдық (2), болашақ жұбайы (1), жас жұбайлар (2), екі жас (1), асаба (1), тамада (2), той (34), свадба (2), үйлену (4), үйлену той (2), құдатүсу тойы (1), жаңа от басы (2), неке (1), от басы (2), өмірдің жаңа бастауы (1), от басылық өмірге бірінші қадам (1), уақыт (1), ақша (1), дайындық (3), ұйқысыз түндер (1), жұмыс (1), еш сөз келмеді ойға (1), ойланбаппын (1), жақсылық (1), достық(бірін бірі таныған немесе танымаған жаңа достар)(1), думан (1), қуаныш (5), шаттық (1), керемет көңіл күй (3), бақыт (3), мереке (1), мейрам (1), махабат (2), көтеріңкі көңіл күй (2), екі жақтың бақыты (1), ауа райы керемет (1), мәдениет (1), өркениет (1), ерекшелік (1), сыйластық (1), қарым-қатынас (1), үлкенжиын (1), аға мен жеңгенің бақыты (1), ән (1), өлең (1), музыка (2), би (4), құдасын құдайындай сыйлайтын қазақ (1), қызымның әке-шешесін үлкен тойханада қонақ қылып күтіп отырғандай (1), барлығы біз үшін риза (1), бір бірімен сырласып әңгіме айтып отырғандай (1), Шымкент (1).
Эксперимент нәтижесін талдау арқылы респонденттердің 75 пайызы бір-біріне ұқсамайтын реакциялар көрсеткенін байқадық. Бұл көрсеткішке қарап, қазақтардың бұқаралық ассоциялық қабылдауында консерватизмге басымдылық берілмейтіндігін байқауға болады. Оның үстіне Ассоциялық пайымның типтик және жеке тұлғалық сипат алатынын, сондай-ақ рационалдық және эмоциялық факторлардың құдалыққа қатысты кейіптердің бірін таңдауға ықпал ететіндігін ұмытпағанымыз жөн. «құдалық» стимул-сөзге берілген реакция-сөздерге жасалған талдау біздің төмендегідей қорытынды жасауымызға мүмкіндік берді. Респонденттердің жауаптарына қарай құдалық стимул сөзінде парадигматикалық та (құдалық: той, дастархан, стол, ән, музыка, келісім, құда, киіт, құдағи, күйеу, думан, қуаныш, шаттық, т.с.с.), синтагматикалықта (құдалық: құйрықбауыр асату, құдатүсу, қыз ұзату, күйеу аттандыру, тұрмыс құрудеген сияқты)байланыстардың болатындығын көрсетіп берді.
Кейбір синтагматикалық реакциялар көпшілік жиі қолданатын сөз тіркесінің үзіндісі, фразеологизмдер, белгілі әндердің, кинофиьмдер мен әдеби шығармалардың үзіндісі түрінде де кездесе береді (құдалық: құдасын құдайындай сыйлайтын қазақ, отбасылық өмірге бірінші қадам, қызымның әке-шешесін үлкен тойханада қонақ қылып күтіп отырғандай, магазинге тез бару, жақсылап қонақ күту, барлығы біз үшін риза, бір-бірімен сырласып әңгіме айтып отырғандай). Ю.Н.Карауловтың сөзімен айтқанда «Бұл жадыда сақталу үлгісіне және сөйлеушінің сөйлеу алды дайындығына байланысты болса керек» [9, 760].
Мұндай ассоциациялардың жадыда қалыптасып қойған әдеттегі мәнмәтіннен алынған тұрақты тіркес түрінде автоматты түрде айтылғанын да жоққа шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, біз ассоциация және стимул – сөз арасындағы қарым-қатынастың басқа да түрлерін кездестірдік, атап айтқанда: гипо-гипероникалық байланыс, (құдалық дастарханы: құйрық-бауыр, ет, бауырсақ, тамақ, сарқыт, бешбармақ, шарап, қауын) сондайақ стимулмен дыбыстық жақтан жақын, ұйқаса келетін байланыс: құдалық – құда, құдағай, құдағи, құдаша, құда бала, құда түсу, құда болу.
Қазақ қоғамында құдалық әртүрлі қызығымен қатар жүретін үлкен шара, соған орай оны қабылдау, сезіну де әрқилы сипатта болып келеді. Қазақтар үшін құдалық көбінесе жағымды кейіпте көрінеді: реакциялардың жалпы санының 26 пайызы осы сезімді таңдаған; жиі көрніс тапқан реакциялар төмендегідей сап түзеді: жағымды сезімді, психикалық жағдайды, таңданысты білдіретін ассоциалар түрінде көрінуі: керемет көңіл күй (3), көтеріңкі көңіл күй (2), екі жастың бақыты (1), аға мен жеңгенің бақыты (1), бақыт (3), ауа райы керемет (1), думан (1), қуаныш (5), шаттық (1), жақсылық (1), достық (1), мереке (1), мейрам (1), махаббат (2), ән (1), өлең (1), музыка (2), би (4), сонымен қатар социумдардың өміріндегі оқиғалардың рөлін квантификациялайтын және коннотацияның жағымды бағасын беретін реакциялар: мәдениет (1), өркениет (1), ерекшелік (1), сыйластық (1), той (34), свадьба (2), үйлену (4), үйлену тойы (2), құда түсу тойы (1), от басылық өмірге бірінші қадам (1), өмірдің жаңа бастауы (1), жақсылап қонақ күту (1); жағымды реакцияны сипаттауда ауыз екі тілде қолданылатын, стилистік жақтан маркерленген зат есімдер: Шымкент (1) сияқтылар да кездеседі. Ассоциация сөздердің бірқатары жекелеген тұлғаның жеке басына қатысты жағымсыз оқиғалардан хабар беріп, байланыстың басқа түрі мағыналық қарама-қарсы ассоциацияларды (құдалық: зерігішті, керек емес дүние, басы артық жұмыс) туындатуы да мүмкін. Алайда, қазақ тілді қатысушыларда ондай жағымсыз сипаттағы реакциялар кездеспеді. Тек уақыт (1), ақша (1), дайындық (3), ұйқысыз түндер (1), жұмыс (1), еш сөз келмеді ойға (1), ойланбаппын (1) сынды ассоциациялар ғана берілген.
Құдалық стимул сөзінің жағымды ассоциация тудыруы, осы сөз-реакцияның алдыңғы орынға шығуы көп нәрсені аңғартатын секілді. Бұл бүгінгі күнде біздің қоғамда, қазақ ұжымының тілдік санасында құдалық фреймінің маңызды ұлттық мәдени феномен ретінде өз құндылығын жоймағанын байқататын сияқты. Құдалық стимулына берілген ассоциациялық реакциялардың көбі құдалықты әдет-ғұрып, салт-дәстүр деп түсінген. Құдалық: маңызды салт-дәстүр (8), үй болудан кейін жасалатын әдет-ғұрып (1), екі үйленген жас жұбайлардың арқасында болатын әдет-ғұрып (1).
Экспериментке қатысушылардан (жалпы санның 12 пайызы) құдалықты әдет-ғұрып деп қана түсінбей, айналамызда, қоғамда болып жатқан маңызды әлеуметтік оқиға деп ассоциациялауы байқалады. Құдалық: туыстардың бірін-бірі отбасына қабылдауы (1), достасуы (1), ата-аналардың көрісу (1), танысу (2), екі бөтен елді туыс қылу (1), екі жақтың ата-анасының бірін-бірі күтуі (1), екі отбасының үлкен той жасауы (3), кездесу (1), жігіт пен қыз тойының алдында өтетін ата-аналар мен туыстар таныс, бола алатын кездесу (1), отбасын құрып бақытты өмір сүру (1), отау құру (1), құдаласу (1), құда түсу (1), қыз ұзату (3), күйеу аттандыру (1), тұрмыс құру (1), бөлек жанүялардың бірлесуі (1), екі елдің бас қосуы (1), танысу ретінде құдаласу (1), екі отбасының туыстық қарымқатынасқа түсуі (1), құда-жегжет болу (2), қыз алысып, қыз берісу (1), жақсылап қонақ күту (1), екі жақтың араласуы (1), өмірдің жаңа бастауы (1). Сондай-ақ құдалықтың маңызды әлеуметтік оқиға болуымен қатар «шешім қабылдау» деген маңызды фрейм бірге айтылады: келісу (2), рұқсат беру (1).
Экспериментке қатысушылардың (жалпы санның 11 пайызы) құдалықты құдалық фреймінің атрибуттары ретінде ассоциациялауға тырысқан. Құдалық: ет (2), бауырсақ (1), тамақ (3), сарқыт (1), бешбармақ (1), шарап (1), қауын (1), әшекейлер (1), жүзік (1), ақ орамал (1), орамал (1), подарки (1), сыйлықтар (6), жүктер (1), қымбат мәшине (1), түрлітүсті гүлдер (1), стол (1), жайылған дастархан (10).
Құдалық-стимулға құдалық фреймін оқиғаға қатысушылар слоты элементтері ретінде ассоциациялауы сандық жағынан басымырақ болып келген (жалпы санның 22 пайызы). Құдалық: туысқан (2), туыс (1), туған туыс (1), жаңа туыстар (5), жақындар (1), көп туған-туысқандар (5), қонақтар (5), жаңа адамдар (1), халық (1), адамдар (1), достары (1), жақсы адамдар (1), ата-әжелер (1), қызының ата-анасы (1), қыз бен жігіттің ата-анасы (2), балалар (1), бала-шаға (1), ата-ана (5), нағашы (1), дос (1), ер (1), әйел (2), құдалар (7), құда (3), құда-құдағи (3), ата-ене (2), ене (1), құдағай (2), құдаша (1), күйеу бала (3), күйеу (1), қалыңдық (2), болашақ жұбайы (1), жас жұбайлар (2), екі жас (1), асаба (1), тамада (2), сондай-ақ құдалық нәтижесінде құдалыққа қатысушы негізгі кейіпкерлердің қоғамда жаңа мәртебеге ие болатыны есепке алынған: құдалар (7), құда (3), құда-құдағи (3), ене (1), құдағай (2), құдаша (1), күйеу бала (3), күйеу (1), қалыңдық (2), болашақ жұбайы (1), жас жұбайлар (2), жаңа туыстар (5), екі бөтен елді туыс қылу (1), екі отбасын туыстық қарым-қатынасқа байланыстыру (1), екі от басының бір-бірімен туыс немесе құда-құдағи болуы (1), екі жұрттың бір туыстық қатынасқа қосылуы (1), екі отбасының туыстық қарым-қатынасқа түсуі (1).
Экспериментке қатысқан студенттердің 10 пайызы құдалық стимулын құдалық фреймінің типтік оқиғалар слотының элементтері ретін де таныған. Құдалық: ана сүті (1), қалың мал (1), бата (1), тойбастар (3), беташар (2), құйрық-бауыр асату (3), төс қағыстыру (1), сыйлықтар беру (4), тәтті шай (1), келіншай ішу (1), қыз ұзату (2), сырға салу (11), құда түсу тойы (1).
Ал, 16 пайыз респонденттер құдалық стимулын құдалық фреймінің оқиғадан кейінгі субфреймінің оқиға нәтижесі слоттарының элементтері негізінде ассоциацялаған. Құдалық: той (34), свадба (2), үйлену (4), үйлену тойы (2), жаңа отбасы (2), неке (1), отбасы (2), өмірдің жаңа бастауы (1), отбасылық өмірге бірінші қадам (1).
Бір қызығы кейбір ассоциациялық реакциалардан дәстүрлі құдалық сценарийлерінің динамикалық өзгерістерін аңғаруға болады. Яғни құдалық салтының қазіргі кезде қыз бен жігіттің шаңырақ көтергеннен кейін, тіпті бүгінде жастар балалы болғаннан кейін өтелуі. Құдалық: екі үйленіп қосылған жастың тойдан кейінгі қонақ шақыруы (1), ұл мен қыздың үйленгенде ағайын туыстарының қыздың немесе ұлдың үйіне 6аруы (1), екі жас үйленгенде ата-аналары бас қосу (1), үй болудан кейін жасалатын әдет-ғұрып (1), шаңырақ көтерген екі жастың арқасында болатын әдет-ғұрып (1).

ҚОРЫТЫНДЫ

Құдалық фреймі қазіргі қазақ қоғамында негізгі ұлттық мәдени феномен ретінде маңызды болып қалумен бірге, динамикалық өзгерістерге ұшырап түрлі ассоциацияларды туындата алатынын байқадық. Жалпы казактың құдалық салтына қатысты фреймсценарийлерінің өзгеруі заманның, қоғамның өзгеруіне байланысты өзгеріп отыруы да әбден заңды. Дәстүріміз заманға сай осылай өзгеріп барады. Дәстүріміз заманга сай өзгеруі қорқынышты нәрсе емес, қорқыныштысы – оның толығымен ұмытылып кетуі.
Біз мақаламызда құдалық стимулының сөздіктегі мағынасымен қатар, қазақ социумдарының тілдік санасында жеке тәжірибесінде «сәттік ойлаудан» туындаған ұлттық мәдени мағыналарын, яғни ассоциацияларын эксперимент арқылы кешенді түрде көрсетуге тырыстық.

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Леонтьев А.А. Основы психолингвистики. – М.: Смысл, Академия, 1999. –288 с.
2 Кубрякова Е.С. Язык и знание. – М.: Языки славянской культуры, 2004. – 560 c.
3 Яровицкий В. 100 великих психологов. – М.: Вече, 2004. – 432 c.
4 Рыжков В.А. Особенности стереотипизации, необходимо сопровождающей социализацию индивида в рамках определенной национально-культурной общности//Языковое сознание: стереотипы и творчество. – М.: Институт языкознания АН СССР, 1988. –С. 4–16.
5 Степанов Ю.С. Методы и принципы современной лингвистики. – М.: Едиториал УРСС, 2003. –312 с.
6 Залевская А.А. Слово в лексиконе человека. Психолингвистическое исследование. – Воронеж: Воронежский госуниверситет, 1990. –205 с.
7 Уфимцева А.А. Роль лексики в познании человеком действительности и в формировании языковой картины мира//Роль человеческого фактора в языке. Язык и картина мира. – М.: Наука, 1988. –С. 108–140.
8 Бабичева А.С. (2007). Фрейм «Свадьба» в английской и русской лингвокультурах.
(дис… канд. филол. наук). – Волгоград: Изд-во ВГПУ. –166 с.
9 Караулов Ю. Н. Русский язык и языковая личность/ – М.: Наука, 1987. – 261 с.
10 Караулов Ю.Н., Черкасова Г.А., Уфимцева Н.В., Сорокин Ю.А., Тарасов Е.Ф. –М.: АСТ–Астрель, 2002. –784 с.
11 Дмитрюк Н.В., Молдалиева Д.Л., Нарожная В.Д., Молданова Ж.И., Мезенцева Е.С., Сандыбаева Н.А., Абрамова Г.. Қазақша ассоциациялық сөздік/Казахский ассоциативный словарь. Алматы–Москва: Медиа-ЛогоС, 2014. – 330 с.
12 ҚТТС – Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: 1961. – Т. 1–2.
13 ҚТЭС – Қазақ тілінің этимологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1966. – 240 б.
14 ҚОС – Қазақша-орысша сөздік. – Алматы, 1981. – Т. 2.
15 ОҚС – Орысша -қазақша сөздік. – Алматы, 1981. – Т. 1.
16 Нуржаубек А. Қазақ лингвомәдениетіндегі «Құда-андалық» фреймінің репрезентациясы//Қазақстанның ғылымы мен өмірі. № 2 (77), 2019. –194 – 201бб.
17 Гиздатов Г.Г. Ассоциативные поля в русском и казахском языках. – Алматы: РНК, 1997. 132 с.

А.Нуржаубек1, Т.Қалибекулы2, З.С. Уранова3
Вербальный ассоциативный разбор эксперимента фрейма «сватовство»
1,2Казахский университет международных отношений и мировых языков им. Абылай хана, г.Алматы, Казахстан 3Кокшетауский государственный университет им.Ш.Уалиханова, г.Кокшетау, Казахстан
В данной статье рассматривается, как определить фрейм «сватовство» в разуме титульных этнических казахских социумов в Казахстане, используя свободноассоциативный экспериментальный метод. В наше время языковые единицы в лингвистике, проявляющие национально-культурные особенности, исследуются в направлениях когнитивной лингвистики, психолингвистики и лингвокультуралогии. В последние годы исследователи обращают внимание на психолингвистические методы, чтобы распознать смысловые стороны языка. В психолингвистике существуют разные методы, которые показывают особенности понятия в разуме представителя культуры. Среди них свободно- ассоциативный экспериментальный метод считается самым эффективным. Свободно- ассоциативный экспериментальный метод, который опирается на вербальные ассоциации, дает возможность собрать информацию о взглядах респондента на изучаемый процесс, понять, как влияет коммуникативная среда в создании ассоциативной базы и как она влияет на восприятие мира, так же дает возможность определить национальнокультурные особенности исследуемого понятия. В статье доказывается, что, используя свободно-ассоциативный экпериментальный метод при исследовании национальнокультурной концептосферы казахского этноса, аксиологические, прагматические и когнитивные особенности проявляются более развернуто, чем в лексикографических справочниках.

A. Nurzhaubek 1, Т. Kalibekuly2, Z.S. Uranova3
Verbal assosation of “кudalyk” (matchmaking) frame experemental analysis
1,2Kazakh University of International Relations and World Languages named by Ablai Khan,
Almaty, Kazakhstan;
3Kokshetau State University named by Shokan Ualihanov,
Kokshetau, Kazakhstan
By doing the experimentation study the current paper focus more on how the Kazakh “кudalyk” (matchmaking) frame is used in linguistic sense in their societies. According todays` research the study of the linguistics is more focus on one of the language unit visible feature about national culture of cognitive linguistics, psycholinguistic and linguistic directions among the ways of recognizing the content of the language. In recent years psycholinguistic methods are getting more attraction of researches. It is evident psychological linguistics the peculiarity of images in a conscious consumers consciousness method – free associative experiment. Vertical associations based on an arbitrary associative experiment, which is getting gathering information on the attitude of the respondents to the process, communicative environment and an associative basement of a person. This will addict the perception of the world understanding about the nature of the national perception and the concept of cultural features. This paper will focus on axiological, pragmatic, cognitive features of lexicological determinants and the richer.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *