Т.ЖҰРТБАЙДЫҢ «БОЛАШАҚТЫҢ БӘЙТЕРЕГІ»
ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ЗАМАНА КӨРІНІСІ

Т.ЖҰРТБАЙДЫҢ «БОЛАШАҚТЫҢ БӘЙТЕРЕГІ»
ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ЗАМАНА КӨРІНІСІ

Боранбаева Ж.Қ., Мамышова Г.Ә.
Астана қ., «Астана» университеті boranbaeva_zhamal@mail.ru

Қандай жазшы болмасын, оның әдебиеттегі орнын айқындайтын негізгі мәселе олардың өз әдебиетіне қосқан үлесімен белгіленеді. Өзінен бұрынғы, не өзінің тұсындағы замандастарымен салыстырғанда, ақын өз шығармаларында әлеуметтік маңызы бар қандай мәселені көтерді, қандай жаңалықтар енгізді, көтерген мәселелердің тарихи таптық мәні, теориялық, тәжірибелік құны қандай, әдебиетте ол жаңалықтар тұрақталып беркіді ме, кейінгілерден өзін қолдаушы, жалғастырушылар таба алды ма, жазушылар туралы сөз қозғағанда, міне осы сұрақтар әрдайым зерттеушілердің алдында тұру керек. Ендеше біз осы сұрақтарға жауап бере отырып Т.Жұртбайдың «Болашақтың бәйтерегі» шығармасындағы замана көрінісін ашайық. Шығарма мәтінен үзінді алсақ: «Тынықсын: еш алаңсыз пәк жаның түсіңнен де рахат тауып, ләззат алсын. Уайымсыз күл, түсіңде де жаманшылық көрме. Сен үшін – мен, сенің ата-әжең бар қиыншылықты өмірінде де, түсінде де басынан кешкен. Мүмкін, сендерге деген жамандықтың бәрін солар өздері соңынан қалдырмай алып кеткен шығар. Ұйықта. Осы қам-қаперсіз күйің маған ұнайды. Менің сәби кезімде дәл осылай мейірімін төге қарап, тыныштығымды күзетуге атаң мен әжеңнің мұршасы да келмеді, уақыты да болмады. Жыртық жейде киген балалықтың кешпеген қызығын татпаған тәттісін, бұзылмаған ұйқысының есесін сендер қайтарасыңдар», -[ 1. 36-37 б.] деп Әкей ұйқыда жатқан баласына қарап отырып өзінің балалық шағын ой елегінен өткізіп салыстырмалы түрде заман көрінісін айқындап отыр. Автор суреттеп отырған жыртық жейде киген балалықтың дәуірі мүлдем басқаша, біздікімен салыстырғанда әлдеқайда төмен, тарыдай шашылған қазақтар бір тудың астына жиналаалмай есеңгіреп жүрген кезі. Әміршіл- әкемшіл жүйенің мықтап орнығып, нығая түскен шағы. Яғни адамның бостандығын аяққа басу, адам құқығын елемеу, еңбекшілерді саясаттан және мемлекеттік басқарудан шеттету. Бұл жүйенің жетекші күші болған Коммунистік партия органдарының қоғам өмірінің барлық салаларына басшылық ету партияның жетекшілік рөлі деп қабылданды. Осылайша еңбекші халықтың бар құқығын иемденді. Оларды ештеңеге араластырмай тек жанын азаптап айдап қара жұмысқа сала бастады. Бала- шағасына қарап, тәтті ұйқысын күзетуге мұршалары да келмеді. Жоққа қанағат қылаған қазақ тапқанын бала-шағасының жоқ-жітігіне жамады. Солақай саясаттың зардабын татқан қазақ аз ба?
Қазағым, елім, қайқайып белің сынуға тұр таянып
Талауда малың, қамауда жаның, аш көзіңді оянып
Қанған жоқпа әлі ұйқың
Ұйықтайтын бар не сыйқың!», – деп [2] алаштың көрнекті өкілі
А.Байтұрсынов қалың жұртты коммунистік партияның құрамынан еркін ел, қазақ азат болып шығыңдар деген арман — тілегін осы бір жырға қосады. 2030жылдарда басталған саяси қуғын соғыстан кейін де жалғастырылып, «халық жауларына», «Социализм жауларына» қарсы күрес үздіксіз жүргізілді. Осылайша халықтың материалдық жағдайыда, моральдық жағдайыда күрт төмендеп кеттті. Шындықты шын сүйген Бауыржан атамыз: «өтіріктің балын жалап күн кешкенше, шындықтың уын жалап өлген артық» деп еді. Шындықтың уын ішкендерді халық жауы деп жазықсыздан жазықсыз жызалап жатты. Ал бейбітшіліктің бесігінде тербелген сәбилердің заманы, яғни қой үстінде бозторғай балалаған күннің атқанын дәлелдейді. Жоғалтқанымызды қайтарып, жоқ-жітігімізді түгендеп жатқан шағымыз. «Астанамыз көрікті – жер кіндігі, Қандай бақыт ұрпақтың еркіндігі.
Ей, ағайын! Тәубе де, гүл жайнады,
Қазақстан! – Қазағым, көркің міне!»,- деп [2] Сайын Назарбекұлы бүгінгі кезеңді осылайшы жырға қосады. Автордың салыстырмалы түрде берген замана көрінісін осы бір шумақ өлең жолдарындағы әр-бір сөздерінен көз алдымызға елестетеміз. Осылайша автор әр заманның өз қиыншылығымен, қуанышын суреттеп береді. « Мүмкін, сендерге деген жамандықтың бәрін солар өздері соңынан қалдырмай алып кеткен шығар.»,- деген сөйлемінен-ақ бірден қазақ деген ұлттың жер бетінен пайда болғаннан бергі осы күнге дейінгі қанды қол ұрыстарда қаза болған, есімдері тарих беттерінде қалмасада, қандары қазақ жерінде тамған, өзінің жүрегі нәзік болғанымен жаны ер жүрек сынды батыр қыздарымыз, жаудың туын құлатып барып қаза болған жау жүрек жауынгерлеріміз көз алдымызға елестейді. Ер есімі – ел есінде деген осыдан шықса керек. Сенің тілің де, қылығың да тәтті. Көңіліңде де қылау жоқ. Бақытты балалығыңды қызықтаудан жалығар емеспін. Сенің сөздерің біздің сәби шағымыздағы сөзімізден мүлдем басқа. Соқа тартқан өгіздің мүйізімен алысып, бір уыс бидайды етегіне салып, табандалған пимамен омбы қарды кешіп, суық класта тоңып отыру – түсің түгіл қиялың да оралмас. Біздің сөзіміз: «Масақ тердің бе?», «Қурай ордың ба?». «Кімнің көкесінен хат келіпті?», «Тірі ме?» дегеннен басталады. Ал сенің тілің мүлдем басқа.»[ 1. 37 б.] Автордың бұл жердегі суреттеп отырған кезеңі соғыс жылдарымен тұспа – тұс келеді. Яғни қазақтың ауылын аралап еркек кіндіктің баршасын соғысқа алып кетеді. Осылайша Еңбекке кім бар екен бас имеген деп қалған қазақтар егіншілікпен айналысып күн кешті. Мектеп оқушылары жағдайлары болмасада оқуын-оқып, сабақтан тыс уақыттарында масақ теріп, қурай терумен айналыстыі. Бұл кезеңдегі адамдардың кеудесін үміт пен үрей сезімдері жаулап алды. Автордың астарын ғана берген салыстырмалы түрдегі мәтіндерінде қаншама адамдардың басындағы трагедиялық жағдайлары суреттелген.
Мысалыға: Жас балалардың өгізбен соқа тартып қалың қарды пимамен кешіп қыстың суық ызғарына қарамастан тынбай еңбек етуі. Олардың еткен еңбектерініңде жемісі болмады. Заманның келеңсіз тұстарының зардабын тек қана қарапайым халық шекті. Қазақтың шүрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шетке сыру.
Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ қоршауында қалды. Яғни қарапайым халықты ештеңеге араластырмай жеке басының құқыған үстемтап өкілдері билеп отырды. Қара қағаздың құрбандары болған қаншама? Күнделікті әр қазақтың шаңырағына қаралы хабар келіп тұрды. Осылайша жесір қалған әйел, жетім қалған балалар саны артты. Қазақтың кең даласында сары бидайын өздері орып, алайда жемісін рахатын өзгелелер татып отқанын, бір уыс бидайды уысына тығып, үйіне әкелгенінен-ақ халықтың әлеуметтік жағдайын аңғаруымызға болады. Кейде екеуіңді ойша жолықтырып, сөйлестіремін. Түрлерің, кейбір мінез құлықтарың ұқсайды. Анау тәмпіш танау қымсына келіп, киіміңді қызықтап, айналсоқтап жүреді. Жүгіріп барып қолыңды ұсынасың. Достасасыңдар. Сәлден кейін:
– Сенде қандай ойыншықтар бар. Ойнайық, — дейсің. Қымсынып жейдесінің жыртығын тыға тіл қатады.
– Мендеде киіз доптан басқа ештеңе жоқ.
– Тіпті машинада жоқ па?
– Иә
Аяғының басымен топырақты шұқиды. Сен жүгіріп барып, самолеттің, трактордың, автоматтың неше түрін әкелесің. Басыңда бес жұлдызды каска, беліңде қылыш. Ол қатты ұстаса сындырып алатындай ақырын сипайды.
– Жүр, балмұздақ жейік дейсің.
Ол иығын қиқаң еткізеді. Ойында кебежедегі жарты кесе айран, түюлі бір уыс бидай не талқан тұрады. Велосопедпен құйғыта жөнелгенде ол шаңды жалаңаяқ бұрқыратып, соңынан жүгіре ілеседі. Анау жалақ ерінге бұйырмаған тамаша-сауықты сенің еншілігіңе шүкіршілік етемін. Ол саған еш нәрсені мақтаныш етіп, көрсете де алмады, балмұздақтың, мультфилимнің не екенінде білмейді. Оның тамашалайтын зоо, луна паркі де жоқ. Тек жалғыз ғана қыстауы болатын. Сен арқылы өзімнің балалығымды елестетемін. [1.38 бет]Автор ойша екі заман өкілдерін бетпе-бет жолықтырып, сұхбат арқылы мәдениеттерін салыстырмалы түрде суреттейді. Мәдениет дегеніміз – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Жыртық жейдесін жасырған балалықтың кезеңінде тек қана қолдан жасалған бұйымдар мен ойнап, ағарғанмен, тары бидаймен азықтанып, жалаңаяқ шаңды бұрқыратып, ескі қыстауында күн кешті. Осыдан заман өзгергенін аңғарамыз. Анығырақ айтсақ заман емес адам өзгергінін байқаймыз. Ал Жасұланға келетін болсақ оның балалық шағы жұмақ мекенде өтіп жатыр десек адаспаймыз. Себебі өз елі еркін, ешкімнің құрсауында емес, дамыған заманда, яғни өз құқығын өзі билеген демакратиялық кезеңде өмір-сүріп жатыр. Осы күнге жетеалмаған қаншама қандас бауырларымыздың, ата- бабаларымыздың көрмеген күнін Жасұланның замандастары қол жеткізіп отыр. Жасұланның әкесі өз заманынан мақтан етіп ешнәрсе айталмайтынын тілге тиек еткен еді. Жәй ғана осы сөздің астарында қаншама қиындықтар, қорлықтар, өзі ертеңгі күні мақтан ететін тірлік жасай алмағаны, кеудесіндегі өкініші, арман-тілегі барша мұң-қайғысы жасырынып тұрғандай. Тек мақтан ететін бір ғана дүниеміз бар біздің. Ол– Тәуелсіздік.
Заман түзелсе, Жаманда түзеледі деп дана халқымыз текке айпаса керек. Осылайша автор бізге салыстырмалы түрде қаймана қазақтың тәуелсіздікке еркіндікке қол жеткізуіндегі тар жол тайғақ кешуін, қилы-қилы замандарды астарлы түрде суреттеп берді. С.Мұқановтың мына бір өлең жолдары да осы автордың ойымен үндесіп тұрғандай.
Еңбекші ел, айтатын жалғыз сөзім, Дұшпаныңа қырағы болсын көзің! Күресе біл, ұстаған серттен тайма, Бұрынғы күресшілдің басып ізін.
Денеден ыстық, қанды суытпаңдар!
Ұмтылып жетер жерге жуықтаңдар!
Қыр басына шық тағы кейін қара,
Арманда өлгендерді ұмытпаңдар! [2]

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Т.Жұртбай. Болашақтың бәйтерегі: Әңгімелер хикаяттар, роман – новелла. І том. – Алматы: «Қайнар» баспасы, 2007. – 368 бет.
2. М.Кемел. Ақыл ақылдан қуат алады. Астана. «Аударма». 2003 ж.
[15,23,58 б.]

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *