М.ӘУЕЗОВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ЖАЛҒЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІ


М.ӘУЕЗОВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ЖАЛҒЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІ

Көкбас Ж.К., Ерсайынова Ә.
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, Петропавл қ. jazira_kokbas@mail.ru

Жалғыздық – қашанда жеке адамның басындағы қайғы-қасіретке, ішкі ойға, емін-еркін егілуге де, ішкі құпия тіршілікке ерік беруге, өз сезімін қадағалауға да, қадағалаумауға да құқысы бар мезет. Әрі бұл адамның (кейіпкердің) ішкі табиғатынан, болмыс-бітімінен сыр берер, оның характерін ашуға да өзіндік үлес қоса алатын көркемдік қасиет. Өйткені, адам жалғыз қалғанда ғана ішкі ой еркіндігіне бой алдырады. Жалғыздық- адамға өз ойымен болуға, еске алу, елесгеу, қайғыру, сүйсіну, белгілі бір шешім қабылдау т.б. секілді толып жатқан философиялық, психологиялық категориялар мен процесгерді, сан алуан түрлі сезімдік құбылыстарды бастан кешетін кезең. Ішкі монологтардың, ішкі ой қақтығыстарының жүзеге асатын кезі де осы сәт. Кейде адам қатты қапаланғанда немесе шектен тыс қуанғанда еркінен тыс, ойланбаған, тіпті ойы түгілі түсіне енбеген сұмдық іс-әрекеттерге баруы да мүмкін. Оны психологияда, философияда, әдебиеттану ғылымдарында шындықты санамен бейнеленуіне тікелей қатыспайтын, еркіннен тыс болатынпсихикалық, физиологиялық құбылыс «безсознательность» (санасыздық) делінеді. Оның қазақ әдебиетіндегі үздік үлгісі- «Қаралы сұлудағы» Қаракөз, оның ойда-жоқта өзінің қойшысы Болатқа сыр алдырып қоюы. Қаракөз тап сол сәтте бұл әрекет туралы саналы түрде ойлап үлгерген жоқ, тек ой оған аяқ асты келді де тіпті еркінен тыс түрде өзі ойламаған оқиғаға тап болды.
М. Әуезов бұл жерде жалғыздықтың шын мәнінде де табиғат пен тіршілік заңына тән емес үлкен трагедия екендігін терең философиялық астармен жеткізіп отыр [1, 26 б.].
Тегінде М.Әуезовтің суреткерлік шеберлігінің өзі осы адам жанын, табиғатын, психологиясын терең тануында жатса керек. Оны ұлы жазушының әзі былай деп түсіндіреді: «Тегі адам құр әрекет етпейді, ол белгілі бір байлау жасап, соның нәтижесінде мінез көрсетеді. Сол байлаудың жасалуын ішкі бір қажетті сырдан туатын бойлау екені бізден жасырын қалады. Ал, оқушыға ең керекті, ең қызықты жай- сол бүркемеде қалған жасырынның өзі емес пе?» Адамның ішкі өмірін, оның қайшылықтары, күрделілігі мен тереңдігін кеңінен талдап жазу М.Әуезовтің шығармашылығына тән қасиет. Сондықтанда психологизм суреткердің өзіне лайық стилі де. Әрине, адам өзінше бір жұмбақ әлем. М. Жұмабаев айтпақшы «Теңіз терең емес, адамның жаны терең. … Дүниеде адамнан қиын жұмбақ жоқ, адам- шешуі жоқ жұмбақ ,» [2, 97 б.]. Сол жұмбақ дүниенің шешуін табу таза таланттың ғана шығар шыңы. Ол үшін адамды сырттай суреттеп, бейнелеу емес, оның ішкі өміріне ену, оны зердемен зерттеу психологиялық бейнелеудің кеңдігін талап етеді.
Әуезовтің әңгімелерінде кейіпкердің ішкі монологы, үзіліссіз жүріп жатқан сана ағымы, психологиялық талдау секілді психологизмнің сан алуан түрлі тәсілдер екі-үш бетті тегіс алып жататын сәттері сирек емес. Кейде тіпті бүкіл әңгіме кейіпкердің ішкі өмірінен тұрады. Және бір тоқталар жай, жазушының әдеби әдістердің әртүрін пайдалана отырып, кейіпкөрдің көңілкүйі ұзақ әрі жан-жақты етіп жазудан, яғни оқырманын жалықтырамын деп жүрексінбейді де. Өйкені, шығарма шырайы осындай ойлығымен, жан дүние тереңдігімен, сюжеттік динамика мен психологиялық бейнелеудің нәтижесінде әңгімелеудің күрделі стилін тудырады.
Жазушының «Жетім » әңгімесі міне, осынау үлкен қасиеттерді бойына жинаған туынды. Әңгіме «әп» дегеннен-ақ қарама-қайшы /контраст/ жағдайдан басталады. Қалың тау ішін бетке алып келе жатқан үш жолаушы жігіт көңілді. Алыстан күн күркірегені білінгенімен олардың көңілдерінде кірбің көрінбейді, ән салып, тауды жаңғырықтырады. Ал, осы кезде оларға «қарсы жақты бөтке алып, жалғыз, жаяу бала келе жатты». «Оның» ойында үлкен мұң, қабағында қалың қайғы бар еді. Табиғат-тіршілікте, өмір-өзенде егіздің сыңарындай жүретін жақсылық пен жамандық, қуаныш пен қатты қайғы, адамгершілік пен әділетсіздік, т.б. екі жақтан келе жатқан екі, жағдайдағы, екі түрлі тағдырдың Өлім мен Өмірдің ешқашан бітпейтін күресін еске салғандай. Мына жанжағыңызды қоршаған тіршілік-табиғат осынау тұтасқан қарама-
қайшылықтардың бітіспес күресінен түратын секілді. Бірін-бірі білмейтін және біріне-бірінің ешқандай қатысы жоқ жолаушыларды жазушы оқырмандарына осылай ой айту үшін алып отыр.
Әңгіме кейіпкері он екі жасар бала Қасым тас жетім. Ол айналасы екі- үш жылдың ішінде бар жақынынан, әке-шешесінен, ата-әжесінен де айрылды. Дүниеде жалғыздықтан артық қандай қиянат-қайым қайғы, қасірет бар десеңізші?! Қаршадай Қасым сол қасіретті жұтып.жалғыз қалды. Бүгінгі мына азапты жолға шығуына мәжбүр еткенде осы жалғыздығы, жетімдігі еді. Жас баланың жалғыз жанашыры әжесінен айрылғандағы зары:
«… — Әжетай, мені кімге тастап кеттің?! Мені неге ала кетпедің, менің қаңғыпр қалғаным ба? Менің шынымен сорлы, шынымөн сорлы, шынымен жетім болғаным ба?» [3, 213 б. ], — деп дауыс салып жылауы-оның ішкі күйініші, жалғыздықтан жапа шеккен айқайы еді. Алайда, өлім — жалғыздық, жанжағындағы жатбауыр адамдардың алдындағы мұнның айғайы, шыңғыруыбейне бір бозторғайдың боздауындай шырылындай тым әлсіз екен. Әжесінің өлімінен соң қайғыдан қайтып бас көтере алмаған бала тек түсінде ғана бақытқа жөткендей болатын. Өйткені, ол түсінде үнемі «өзін алдына сүйіп уатып, көзін сүртіп жүрген әке- шешелерін көруші еді».
Түс көру тәсілі — психологиялық бейнелеудің бір түрі. Бұл тәсіл біздің әбедиетімізде кейіпкердің ішкі өмірін беруде жиі қолданылатын әрі берік дәстүрге енген көркемдік компонент [4. 28 б. ]. Оны жазушы жиі қолданбаса да ең онтайлы сәттерде сәтті пайдалана да біледі.
Мұндағы түс әжесінің артынан өлуге бар жас баланың аз да болса тіршілік кешуіне дәнекер болған, азғана өміріне талшық еткен тәсілтін. Түсінде әке-шешесінің:»- Біз тіріліп келдік енді өлмейміз… Сен қорғансыз емессің, сен жыламайсың, сенің көз жасын бізді қайта алып келді…» [4, 218 б.], деген сөздерді бала санасындағы арманның сәулесі-тін. Бірақ өмір секілді: түс те алдамшы екен, бертін келе енуді де қойды, әке-шешесі де, әжесі де «келмейтін болып, алыстай берді». «Қасымның үміті жарық күні де батты. «Міне, осы сәттен бастап Қасымның нағыз қасіретті де қайғылы күндері басталды. Әжесі қайтқан соң жаны ашығансып қолына алған ағайыны Иса бүкіл мал-мүлкін өзіне алды.
Әлгінде үш салт атты жолаушыларға қарсы жүріп келе жатқан Қасымның қайғысы-ағайыны Исадан көрген қорлығы. Әңгімеде басты рөл атқаратын авторлық әңгімелеу бізге жасырын жатқан кейіпкердің жан құбылысындағы психологиялық процесті жан-жақты ашады.
Үнемі аштықта, күтімсіздікте, ауыр жұмыста жүретін жас баланың бертін келе «ашулы болып, қаны бұзыла бастайды.» «… осының бәрі қосылып, ойын шатастыра берді. «Жетім ит», «Жаман неме» деген сөздер оның тілінде шығарады. Көршілердің қайрауымен Исаға ақырында қол да көтереді. БұлҚасымның тасбауырлыққа, өз тағдырына лақтырған тасы, қатыгездікке қарсы қарғысы еді. Осы бетінен қайтпаған бала қайтып Исаның үйіне қайрылмайды,..» зарлап еңіреп, әжесі мен атасының атын атап шақырып, солардың басына қарай жүгіреді. Одан арғы Қасымның тағдыры Ғазизаның тағдырын қайталайды «Қорғансыз күніндегі» Аяз- Ажал дүние — кеңістікті дүлей дауылға толтырып «Ғазизаны жетектей жөнелсе ол «Жетімде» күшейіп Адам образына енеді. Алдында тісі ақсиған, ұзын бойлы, қолында ұзын қара пышағы бар қара кісі» болып елестейді. Бір қызығы автор барлық жағдай осы боранды адамға, тіршілік тағдырына қарсы күш ретінде көрсетеді. Әуезов шығармаларындағы Аяз кейіпкер кейпіндегі Ажал- Адам образының толық қанды кейіпкер дәрежесіне жеткендегі, оның іс-қималдары да адам әрекетін жасайтындығын көрсетеді. Оған жазушының алғашқы жылдардағы әңгімелері толық дәлел бола алады. Мысалы, «Қысты күнгі дала» атты әңгімесінде: «Қалың қарды жамылған ақ дала. Айналада көз тоқтатарлық бұдыр жоқ. Ақ кебеге орнаған дүние ұзақ батқандай, өлім тыныштығындай зор тыныштық басында ұйықтатып тұрғанға ұқсайды.Тіршіліктің бір белгісі білінбейді. Көзге түсетін жан иесі жоқ. Жер жүзін тымсыл буғандай, ызғарлы қар, суық аяз тас қылып қатырғандай…» деген жолдар бар. Автор барлық жағдайда аязды «тірілтіп» адами кейіпте көз алдымызға елестетеді.
Осы Ажал-Адам қаршадай баланы бауырына қысып, тағы да тастай молаға қарай келеді. Тіпті асыққаны сондай «Қасымға әмірлі дауыспен ақырып:
— Артымнан еріп жүр, әлсіз денеңнің шаршап талғанына қарама! Аяғына кірген тікенге, жырған тасқа қарама! Өліп қалсаң да артымнан еріп отыр » — дейді. Әлсіз жетімнің жан ұшыра » — Ағатай, жетіммін…»,- дегеніне де қарамады [2, 219 б.]. Міне, Ажал-Адам жас баланы жалмауызша жұтқанша көрген қорлығын, қорқынышын, жол бойғы тартқан жан азабын, өз тағдырына қарсы қайсарлы т.б. санамен, бет-жүздегі физиологиялық өзгерістер мен психологиялық процестерді жазушы табиғатпен табыстыра, яғни психологиялық параллелизм арқылы бейнелей ашады.




Пайдаланылған әдебиеттер:

1. М. Әуезов. Жиырма томдық шығармалар жинағы Т-17. – Алматы, 1985. – 665 б.
2. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. – Астана, 2003 жыл, — 424 б.
3. Сүлейменов А. «Парасат падишасы» сын зерттеулер, — Алматы, 1998 жыл, — 265 б.
4. Рахманова Н. Әуезовтану дәрістері. — Алматы, 2010 жыл, — 354 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *