МЕТАФОРА ЖӘНЕ М.ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫНЫНДАҒЫ
МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ТҮРІК ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ ТӘСІЛДЕРІ


Г.Б. Алмабаева

МЕТАФОРА ЖӘНЕ М.ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫНЫНДАҒЫ
МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ТҮРІК ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ ТӘСІЛДЕРІ
Given article is educated to a problematic of loan of abbreviations speaking another language by the Arabian literary language. The urgency to the given problematic consists that abbreviations are not peculiar to the Arabian language. At the same time, aspiration of language to brevity and influence of English language have reached such level, that in economic sphere of the Arabian language requires abbreviations.

Әpбip ұлтты, халықты танудың кiлтi, мәдениет ескерткiші – өзінің ана тiлi. Халықтың тарихын, мәдениетiн, ұлы мұрасын тiлi арқылы зерттеу – сол этнос мәдениетінің өзгешелігін, ұлттың эстетикалық таным-талғамын, шаруашылық кәсібін, мiнез-құлқын т.б. тануға мүмкiндiк бередi. Мұның өзi әлемдi тiл арқылы танудың негiзiн құрайды. Сондықтан да тiл – осы тiлде сөйлеушi халықтардың түсінicy, пiкiр алысу құралы ғана емес, Вильгельм фон Гумбольд айтқандай, «тiл – халықтың рухани көзiн бiрiктiрушi қуат, ол белгiлi бip ды6ыстар арқылы суреттелген керемет, ол осы кейпiнде және өзара байланыстағы өзiндiк ды6ыстар арқылы барлық сөйлеушiлерге түсінікті, әpi олардың бәpiнe бiрдей қуат көзiн таратушы» /1, 4/. Қоғамдағы адамдардың түсінісу, қатынас құралы тiл болса, оның лексикалық құрамының негiзгi тұтқacы – сөз. Сөз – қарым-қатынас аспектiсiнде әлемдiк бейненi таңбалайтын ұғым-түсiнiктер. Тiл – қоғамдық құбылыс ретiнде адам әрекетiнiң барлық жағын қамтитын тарихи категория. Адам әpeкeтi кең көлемдi және әp тарапты болғандықтан, тiл қарым-қатынастың, пiкiр алысудың және қоғам мүшелерiнiң бip-бiрiмен түсiнiсуiнiң, ойымыздың практикалық көрiнiсiнiң құралы ретiнде де, өзiнiң құрылымы жағынан да, түрлi жақтарының өзгеру сипаты жағынан да аса күрделi құбылыс болып табылады. Тiлдiң дамуы қоғамның дамуына байланысты болғандықтан, қоғам дамуындағы әркелкiлiк тiлге де ортақ. Сөз – қоғам мен табиғат құбылыстарының, адамның рухани өмiрiнiң айнасы /2, 158/. Сөздердiң мәнін ашу, қолданылу сырын сараптау, ашу, мағыналарына түсініктеме беру. Қазақ лингвистикасының елеулi мәселелерiнiң бiрi тiлдiң ғасырлар бойы табиғи даму процесiнде оның iшкi даму заңдылықтары арқылы қалыптасқан жүйелiлiгiне сүйену, сөйтiп жалпы халықтық сипат алған, өмipгe аса қажет, неғұрлым айқын сөз үлгiлерiн сұрыптап алу болып табылады. Оларға мәселен, айтылуы, қолданылуы әбден тұрақты қалыпқа түскен сөздер, фразеологизмдер, жалғаулар мен сөзжасам жүйесi, сөздердiң тіркесі, сөйлем құрау жүйесi, үндестiк заңы, ықпал сияқты тұрақтанған жүздеген тiл құбылыстарын жатқызуға болады /3, 25/. Осындай құбылыстың бiрi — әлі де жалпы тiл бiлiмiнде өз шешiмiн таппай талас тудырып келе жатқан метафора құбылысы. Соңғы кезде көркем номинацияны (метафора, метафоралы салыстыру) тек қана көркемдiк тәсiл мен номинация құралы ретiнде ғана емес сонымен бiрге ойлаудың ерекше тәсiлi ретiнде, яғни адам дүниенi өзiнiң заттық және теориялық әрекет ретiнде қарастыру қолға алынып келедi. Сондықтан метафора қазіргі кезде антропорталықты ғылыми парадигманың iшiне енуде. Өйткенi метафоралы ойлау – нысаналар арасындағы логиканы қатар орнататын шығармашылық потенция.
Метафораны жасау немесе жасай алмау бұл ойлаушы, сөйлеушi адамды сипаттайтын критерийлердiң бiрi ретiнде танылады. Зерттеушiлер сөзiмен айтқанда, метафора әлемнiң жеке тiлдiк көрініciн бейнелейдi, себебi индивидуальдылық жеке адамның белгiлi тiлдiк құралдарды таңдауына байланысты. Яғни әр адамға, сөз суретшiсiне, арнайы тек соған ғана тән қасиет бар.
Қазiргi кезде ғылыми парадигманың ауысуына байланысты, яғни өзiнiң дүниетанымы мен санасы бар адам орталығындағы тiлдiң «жансыз» жүйесiне қарсы тұpғaн, метафораға деген көзқарас қауырт өзгерiп, қызығушылық арта түсті.
Cөз мағынасының өзгеруi, әcipece, ауыспалы мағынаға ие болуы қазақ тiлiнде ерекше орын алады. Көп мағыналық құбылысының даму жолдары соның айқын көрінici. Полисемия, әдетте, сөздiң ayыc мағынасында қолданылуынан келiп шығады. Ал сөздiң ауыс мағынасында қолданылуы тiл бiлiмiнде қандай себептер, қандай әдіс-тәсілдер арқылы пайда болды дегенде лингвистикалық әдебиеттерде осындай әдiс-тәсiлдердiң басты бастылары деп метафора, метонимия, синекдоха және қызмет бiрлiгi тәсілдерін атайды. Жоғарыда айтып өткендей сөздер өзінің табиғатынан-ақ көп мағынлылыққа бейiм келедi. «Сөз мағынасы өзгередi, дамиды: мағына аясы бiрде кеңейе түсiп, бiрде тарылады; түрлi бейнелi мағыналар үстемелеп, бiрде сөз қолданыс тәсiлi молайып, бiрде соны мағына туады, заман ағымына қарай, кей peттe, сөз де, сөз мағынасы да мүлдем жаңарады; сөйтiп сөздердiң семантикасы үздіксіз екшеліп отырады» /4, 2/. Проф. І.Кеңесбаев, F.Мусабаев: «Сөз мағыналарының көпшiлiri семасиологияның белгiлi заңдары бойынша жасалады. Оның бастылары: ұқсату заңы (метафоризация); функциялық семантика заңы; бөлшектің бүтiнге ауысу заңы; мағынаның кеңеюi мен тарауы», — дейдi /5, 45/. Бұндағы уқсату заңы дегендi – метафора тәсiлi, функционалдық семантика заңын – қызмет бiрлiгi тәсiлi, ал бөлшектiң бүтiнге ayыcy заңын – синекдоха тәсiлi деп түciну керек. Бұл жерде тiл бiлiмiнде синекдоха метонимияның бiр түpi дейтiн де пiкiрдiң барлығын ескеру керек. Шындық болмыстағы белгiлi бiр сөзбен аталған зат немесе құбылыстың белгiлерiнің кейбiреулерi көбiнесе басқа бiр заттың немесе құбылыстың не түр, не тұлға, я болмаса қимыл ерекшелiктерiмен, тiптi кейде олардың iшкi мазмұнымен де ортақ болады. Метафора дегенiмiз осы белгiлердің ортақтығына, уқсастығына қарай бiр заттың немесе құбылыстың екiншi бiр зат не құбылыстың атауымен аталуының негiзiнде сөз мағынасының ауысуы. Қазақ тiлiнде көп мағыналықты тyғызуда метафора басты рөл атқарады. Егер сөздiң номинативтi – тура мағынасы оның қоғамдағы құбылысқа сай жалғыз тура атауы болып жұмсалса, сөздің метафоралық мағынасы мүлдем басқа сипатта болады. Метафора eкi белгiмен сипатталады. Бiрiншiден, ол семантикалық қосжоспарлықпен сипатталады. «В метафорном значении, который всегда является переносным, совмещаются, взаимодействуют «предшествующее» и «последующее» значения слова, они объединяются на основе какого-либо общего признака обоих сравниваемых предметов, наиболее существующего с точки зрения субъекта речи». Екiншiден, метафора зат немесе құбылысқа баға берушi бейнелiкпен де сипатталады. «Взаимодействие основного (прямого) конкретно-предметного и производного значений видоизменяет и осложняет номинативную функцию слова: оно уже слyжит не только средством наименования того или иного предмета, но также (и в этом специфика метафоры) средством выражения субъективной оценки предметов и явлений действительности со стороны говорящего» /6, 35/.
Сөйтiп, iшкi немесе сыртқы ұқсастыққа байланысты атаудың ауысып, келтiрiндi мағынада қолданылған сөздi метафора дейдi. Метафора негiзiнен eкi топқа бөлiнедi поэтикалық және
лингвистикалық. Поэтикалық метафораларды ақын-жазушы, публицистер жасайды. Ол әр жазушының өзіндік шеберлігіне байланысты. Оны кейде метафора арқылы жасалған оккозионализм деп те атайды. Метафора тәсiлiмен ауыстырып айтудың бәрi бiрдей сөзде нақтылы мағына туғыза бермейді. Олардың көпшiлiгi жеке қолдану дәрежесінде қалуы мүмкін, ал бұдан сөздiң семантикалық құрамы өзгеріске
ұшырамайды. Енді біреулері алғашқы кезде метафоралық қолданыс дәрежесiнде көрiнiп, соңынан метафоралық мағына ретінде қалыптасқан бірқатар полисемиялы сөздердiң көпшілігі бүгінде образдық мәні өшіп, нақты заттың немесе құбылыстың тура атауы болып келетін көруге болады. Сөздiң метафоралық мағынасы шешендiк сарындары өсиет өлендерден, мақал – мәтелдерден, айтысжырлардан, қиссалардан, жумбақ пен жаңылтпаштардың, ауыз әдебиетiнiң өзге де үлгiліерiнен кездеседi. Бiрақ осының iшiнде өте-мөте жиi және әртарап түрде келiп отыратыны көркем әдебиет стилi. Мысалы, Сөз бақпаған момын ағайынның бәрi де Қодарды қараламады (М.Әуезов). Өмір бойы кiмге кездессе де ылғu тapқaп кеткен базардың соңына iлiнумен өткенi ме? Өткен соң базар, қайтқан соң ажар… Сен едiң базарым (Абай). Осы үзiндiдегi қараламады деген eтicтiк метафоралық тәсiлмен өзiнiң тiкелей мағынасынан шығып, стильдiк жаңа ұғымда жасалған. Метафораның ең басты стильдк ерекшiлiгi – бейнелiлiгi, ойды бейнелi жеткiзетiндiгi. (Ол сондықтан да көркем әдебиет стилiнде жиi қолданылады).
Ал ғылыми, кеңсе, ресми-iс қағаздар стилiнде метафора дәл мұндай дәрежеде кездеспейдi /7, 63/.
Р. Садықбеков өзiнiң зерттеу еңбегiнде «Сөздiң көп мағыналығы (полисемия) мәселесiне тоқтағанда басты мiндeт метафора тәсiлiмен ауысқан әрбiр сөздiң жеке автор қаламынан тyғaн қолданыс дәрежесiнде тұр ма, жоқ әлде жалпы халық таныған лексикалық мағына ретiнде көрiнiп тұр ма, мiнe осыны анықтау қажет. Осы турғыдан бiз сөздердің метафора тәсiлiмен ауыс мәнде жұмсалуын метафоралық мағына және метафоралық қолданыс дегеніміз не, оның пайда болу себептеріне жеке-жеке тоқталған /8/.
Typкi тiлдерінде көптеген сөздер полисемияға лингвистикалық мeтафора жолымен келген. Оған төмендегі мыcалдap дәлел болады: құлақ – қазан, кәстрөл, мылтық, малақайдың, сондай-ақ домбыраның шекті тартып тұратын құлағы. Бұл сөздің негізгі мағынасы – есіту мүшесі, ал қалғандары сыртқы тұлға не орналасуы жағынан ұқсастыққа негізделіп пайда болған. Ауыр сөзінің негізгі мағынасы салмақпен байланысты болса, белгілі бір салмақтың миға немесе денеге күш түсіруге байланысынан – қиындық мағынасы келіп шыққан: ауыр жүк, ауыр ой, ауыр іс, ауыр жағдай, ауыр сөз, ауыр күн.
Метафора (гр. metaphora – ауысу) – сыртқы не iшкi белгiлерiндегi
(тұлғасындағы, атқаратын қызметiндегi т.б.) ұқсастығына қарап бiр зат атауының басқа бip затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы. Мағына ауысуының бұл тәсiлiнiң негiзiнде ұқcaту заңдылығы жатыр. Метафора қолдану сипатына қарай негiзiнде eкi түрге бөлiнедi: а) тiлдiк (сөздiк) метафора, ә) поэтuкалық (сөйлеу кезiнде туындайтын конmeксmiк) метафора /9, 88/. Тiлдiк (сөздiк) метафора сөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық шеңберiн кеңейтiп, әрдайым үздiксiз дамытып отырады. Тiлдiк метафораны жалпы халықтық сипатына қарап дәстүрлi метафора деп де атайды. Дәстүрлi метафоралық тәсiл бойынша қазақ тiлiндегi көп мағыналы сөздер ұқсату заңына сүйенiп, шыққан.
Аударматану – аударма ғылымының қалыптасуы мен өркендеуін, зерттелуін қарастыра отырып, әр қилы қызмет атқарады: әдеби амалдардың қолданысы, аударма трансформациялары, әдеби аударманың негізгі тұжырымдары, өзіне тән ерекшеліктері, аудару тәсілдері мен тәжірибелері, аударма мәтінінің түпнұсқамен сәйкестігін пайымдап, барлап-байқаудан туған қағидаларды ғылыми негізге сүйеніп қорыту да аударматанудың негізгі міндетіне жатады.
Әдеби аударматану – мәтіндерді талдаудың әдеби стилистикалық әдісамалдары, түпнұсқа мен аударма мәтін арасындағы коммуникативтік, функционалдық қарым-қатынастарын айқындау, сәйкестік мәселелерін саралайды. Көркем мәтіндегі подтекст, контекст, метотекст, интертекст ұғымдарының қолданылу аясына да назар аудартады.
Қазақ әдебиетіндегі елеулі туындыларының өзге тілге түпнұсқадағыдай болып шықпаса, әрине оқырманның авторға деген көзқарасы өзгереді.
М. Әуезовтың «Абай жолы» романэпопеясының түрік тіліне аудармасын қарастыра отырып метафоралардың аударылу барысында аударманың мынандай тәсілдері қолданылғаны байқалды.
Дәл аударма – жазушының тіл, стиль, сөйлем ерекшеліктерін дәл беру. Сөйлеміне сөйлем орай етіп аудару. Дәл аударма түпнұсқасының идеялық мазмұны мен стилі жайында дұрыс түсінік береді. Мысалы: “Мен бөрінің бөлтірігімін деп” келеді-ау. “Ben kurt yavrusuyum” diyor yahu! Қонақ үйі шешелер үйіндей емес, сыртынан да салқын, үнсіз.
Misafir evi, annelerinin evi gibi değildi, dışarıdan da donuk ve sessizdi. Қырықтың ішіне жаңа кіріп, семіз тартып қалған сар-қызыл бәйбіше жаңағы дауыстарды түгел естіді.
Kırkına yeni basmış, biraz şişlanlamış, ama yuzu hala canlı görünen hanım deminki seslerin hepsini duydu. Балама аударма — сөз баламаларының әрбір контекстің ыңғайына қарай орынды қолданылуында. Аудармашы белгілі бір сөзді қазақшалағанда онымен ұғымдас, мәндес келетін бар сөздерді саралай отырып, солардың ішінен нақ осы қалыпқа, осы көрініске жазушының бейнелеп отырған өмір көрінісін құрастырарлықтай сөздерді дәл тауып қоя білу керек.
Мысалы:
Енді кеп: “бұл жерде ұры бар, сұмдық жер, бәле жатқан жер” дегенсөздің қандайы болса да көңілге дарымайды.
Şimdi birinin “Burada eşkiya var. Burası tehlikenin ve belanın kol gezdiği bir yer” demesi ona hiç inandırıcı gelmiordu.
– Одан да, не күтсеңдер де осы жаман қарадан күтсеңдерші! – деді.
– Onun yerine, ne beklersiniz şu haylazdan bekleyin! dedi.
Адекватты (барабар) аударма – түпнұсқаның мазмұны мен пішіні бірлігінің басқа тілдің құралдпры ырқылы қайта құрылуы, яғни аудармада тілдің жанрлық-стилистикалық, құрылымдықсемантикалық, т.б. тілдік нормалары мен заңдылықтарының сақталынуы.
Мысалы: – Балам-ай, әжеңде қуыс кеуде болмаса, не сымбат қалды? — деп, өзінің дағдылы мұң-шыңына беттеп еді.
– Ah yavrum! Büyükannende bir kuru kemikten başka ne güzellik kaldı ki! deyip kendisinin alışageldiği üzüntülü tavrını takındı.
Ат тұмсығы бір бітеу, меңреу қабырғаға тірелген сияқты.
Bıcak kemiğe dayanmıştı artık.
Сөзбе-сөз аударма – аударма тілі сөздерінің бастапқы тіл сөздерімен автоматты түрде алмастырылуы.
Мысалы:
Өзге балаларының ажарынан бөлек, қызулы саналы оты бар сияқты. (18)
Ulcan’ın diğer çocuklarının ışığından
farklı, ateşli, duigulu bir kor vardı. (16)
Сипаттама аударма (экспликация) – белгіленген ұғымды басқа тілдің құралдарымен сипаттаудан (оның мағынасын экспликациялаудан) тұратын аударма тәсілі. Бұл тәсіл аударма тілінде атаудың болмаған жағдайында пайдалынады.
Мысалы:
Құнанбай бұға шейін ашумен, зілмен кеп, енді осы тұста күйзелгендік күй көрсетіп, осымен жиынның кабырғасын қайыстырғысы келген.
Kunanbay sıkıldığını söyleyip buraya kadar öfkeyle sürdürdüğü toplantıyı artık bitirmek istediğini dile getirdi.
Бөжей қалың Жігітектің адамы. Бұрын орталарынан Кеңгірбайдай теріс азу, мықты биі шыққан ел.
Böcey, kalabalık Cigitek Boyun’nun temsilcisiydi, önceleri aralarından Kengirbay gibi, bildiğini yapan güçlü bir bey yetiştiren toplumdu.
Метафора нақты болмыстың сан алуан салаларына жататын объектiлерге атау бередi. Метафора арқылы тек жаңа мағына ғана жасалмайды, ол атап тұpғaн объектiсi туралы қосымша көптеген жаңа тyciнiктep бередi /10, 9/.
Жалпы тiлдiк метафораның құрылымы, жасалу механизмi өте күрделi. Тiлде метафораның жасалуының арнайы ереже, тәртiбi жоқ. Метафораның туындауы ойлау процесiнiң ұқcaту, байланыстыру заңдылықтарына тiкелей байланысты. Метафораның жасалуын тек тiлдiк заңдылықтармен түсiндiру мүмкiн емес. Адамның ойлау, таным дүниесi қоршаған ортадан ұқсастық, қapaмa-қарсылық ассоциацияларын табуға бейiм. Метафора зат, құбылыс, оның белгiлерiнiң ассоциациялануы арқылы жасалады. «Ассоциация» латын сөзi, «байланыс» деген мағынаны бiлдiредi. «Бiр нәepceнi еске caқтay – оны байланыстыру» деген сөз. «Ес процесiнiң негiзi болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды» /11, 128/.
Сөз мағынасының метафоралануында ассоциациялар үлкен орын алады. Мида ерiксiз пайда болатын елестеулер осы ассоциация заңдары арқылы пайда болып отырады. Ассоциация заңдарын ғылымға бiрiншi рет енгiзген ежелгi грек ойшылы – Аристотель. Ассоциациялардың Аристотель заманынан белгiлi үш түpi бар. Олар: iргелестiк, ұқсастық және қарамақарсылық ассоциациялары. Ассоциациялардың табиғатын былайша түciнyгe болады:
1) Iргелестiк ассоциациясы бойынша бiр зат жөнiндегi елес сезiмен бiрге оғaн қатысы бар екiншi затты қоса туғызады.
2) Ұқсастық ассоциациясынан нәрсенiң көpiнicтр бейнелерi өздерiне ұқсас образдарды iлестiрiп, еске түсiредi, яғни бiр зат жөнiндегi елес сол затқа қандай болса да ұқсастығы бар екiншi затты елестетеді.
3) Қарама-қарсылық ассоциациясы заңы қарама-қарсы құбылыстар арқылы бiреуiн қарама — қарсы екiншi бiр құбылысты еске бередi.
Метафоралану процесiне көбiне ұқсастық ассоциация заңы және қарамақарсы ассоциация заңы негiз болады.
Сонымен, метафора тepeңдігi басқа жанама атаудың метафоралық сипатымен байланысты болады. Метафораға eкi жақтылық тән. Kүдік кұрты, дала ұлы, тағдыр жазуы, ғасыр nерзентi сияқты метафоралық қолданыстардан оның осы қасиетiн анық аңғаруға болады.
Метафоралар заттардың бiз байқамаған қасиеттерiн байқауға көмектеседi. Олар адам таңқаларлық аналогия мен ұқсастықтарды көрсетедi. Метафора арқылы адам ойлау дуниесiнде күтпеген батыл ассоциациялар жасалады.
Суреткердiң жiтi көзi барлық нәрселерден ортақ ұқсастықтар табады. Кенеттен, күтпеген жерден мұндай салыстырулар жасау – метафораға ерекше көркемдiлiк бередi.
Метафораның танымдағы рөлiне байланысты әртүрлі болжамдар мен ойлар субъективизм, мифтiк-поэтикалық ойлау мен әлемнiң ұлттық көpiнicтepiнe назар аударған барлық философиялық концепцияларда кездеседi.
Қорыта келгенде, метафораның зерттелу тарихынан дүние жүзi ғалымдарының метафора туралы ой-пiкiрлерi қарамақайшылықты, қызғылықты, алуан түрлi екендiгiн көруге болады. Бұл ойлар мен көзқарастар метафора мәселелерiнiң дүние жүзi тiлдерiнде қарастырылып, жан-жақты зерттеле бастауына зор ықпалын тигізді.
Әлемдiк ғылымда метафораның зерттелуiнiң бiрнеше ғасырлық тарихының қалыптасуы күнi бүгiнге дейiн аталған тақырыпта алуан түрлi көзқарастағы еңбектердiң дүниеге келуi, бұл құбылыстың көп қырлылығын дәлелдей түседi. Бiрақ осы бағытта дүниеге келген зерттеулер метафораны терең түсiндiрiп, толық ашып, көрcетiп отырған жоқ тек оның кейбiр қырлары мен мәселелерiн қамтып келедi. Метафораны тануға, танытуға қаншама көп зерттеу еңбектерi арналғанымен, метафора құбылысы соншалықты тереңге тамыр тартып, зерттеу мәселелерiнiң бетi ашыла түседi. Бұл бiзге метафораға, оның феноменiне жалаң, бiр жақты қарауға болмайтындығын айқын көрсетедi /10, 27/.
***
1. Гумбольдт В. Язык и философия культуры. – М.: Прогресс, 1985. – 400с.
2. Аханов Т. Тіл біліміне кіріспе. – А.: Мектеп, 1965. – 158 б.
3. Қалиев Ғ., Болғанбаев Б. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – А.: Дәуір, 2003. – 245 б.
4. Қазақ тілі түсіндірме сөздігі. т. I. – А., 1959.
5. Мұсабаев Ғ., Кеңесбаев І. Қазіргі қазақ тілі.
– А., 1962. – 315 б.
6. Черкасова Е.Т. Опыт лингвистической интерпретации тропов (метафор)// Вопросы языкознания. 1963, №2. – С.35. 7. Балақаев М., Томанов М., Жанпейісов Е.,
Манаспаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – А., 1974. – 63 б.
8. Садықбеков Р. Қазақ тіліндегі сөздердің көп мағыналылығы. – А.: 1973.
9. Барлыбаев Р. Қазақ тіліндегі сөз мағынасының кеңеюі мен таралуы: Фил. ғ. к. дис. – А., 1963. – 124 б.
10. Сыбанбаева А.С. Қазақ тіліндегі концептуалды метафораның қызметі. Фил. ғыл. канд…. дис.: А., 1999. – 130 б.
11. Жарықбаев Қ. Психология. – А.: Қазақстан, 1996. – Б. 128.
Қосымша әдебиеттер
1. М.Әуезов Абай жолы. Бірінші том. – А., 1961. – Б. 804.
***


А.К. Анипина

«ШИЦЗИН»: ШЫҒУ ТАРИХЫ
2. M. Awezov Abay yolu. – Ankara, 1997


Ұлы және өшпес қытай шеберлерінің көркемдік туындыларындағы шындықты бейнелеуі, патриотизм идеяларын қолдауы және халыққа қызмет етуі қытайдың ұлттық байлығы болып табылады. Қытай – ең көне мемлекет. Табылған археологиялық материалдар – бал сүйектеріндегі, тасбақа қабықшаларындағы, қола аспаптардағы, керамикалық заттардағы жазбалық материалдар – 5 мың жыл бұрын Хуанхэ бассейіні аумағында неолит мәдениеті болғанын дәлелдейді. Шан хандығында – қола дәуір болды.
Қытай халқы басқа ұлттардан ерте материалдық мәдениет пен мемлекеттік құрылыс иеленді. Ерте заманда Қытайда ауыл шаруашылығы және әртүрлі қолөнер дамыды. Европадан да ерте заманда қағаз жасау, баспа, оқ, компас ойлап табылды. Ерте Қытайда үлкен төл мәдениет қалыптасты. Мао Цзедун айтуынша: «Ұзақ жылғы феодалдық қоғам кезеңінен кейін – керемет мәдениет құрылды» /1, 53-55/. Қытай жерінен ұлы ойшылдар, ғалымдар, өнертапқыштар, мемлекеттік қызметкерлер, қолбасшылар, әдебиет және өнер қайраткерлері шықты, олар әлемдік ғылым мен мәдениетке өз үлестерін қосты. Көп ғасырлық тарихта архитектуралық ескерткіш, кескіндеме, скульптура, қолөнер және қолданбалы өнер туды. Көне дәуірде Қытай жазбасы пайда болды, сол арқылы қазірге дейін тамаша көркем әдебиеттер, поэзия мен өнер шығармалары туды. Қытай мәдениеті Азия халықтарына әсер етті. Жапония, Корея, Үндіқытайға да өз әсерін тигізді.
Қытай көркем әдебиетінің қайна көзі – терең көне Қытайда жатыр. Қытай поэзиясының және прозасының ескерткіштері мыңдаған онмыңдық том құрайды. Көне Қытай ескерткішінің бізге дейін сақталғаны – «Шицзин» болып табылады, 300-ден аса өлеңдер мен тақпақтар еңген, б.э.д. XI-VII ғ. жатады. Бұлар – халық өлеңдері, 4 буыннан тұрады. Онда экономикалық, саяси, қоғамдық жылдардағы өмір бейнеленген. Құл иеленушілер мен чиновниктік аристократтардың қарапайым халықты қалай қинағаны айтылады /2, 158-161/. Қытай халқында ерте заманнан поэзияға деген бейімділік пайда болған, поэтикалық шығарманы терең түсіну пайда болған еді. Қытайда поэзиясы әдеби

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *