Концептуалдық метафора туралы түсінік

Концептуалдық метафора туралы түсінік

Концептуалдық метафора термині шетел ғалымдары еңбектерінде, орыс тілшілері Е.О.Опарина, В.Н.Телия, Н.А.Арутюнова зерттеулерінде танымдық, жаңа ұғым жасау мағыналарында қолданылады.

Орыс тіліндегі метафоралардың концептуалдық қызметін арнайы зерттеген ғалым Е.О.Опарина еңбегінде концептуалдық метафораның жасалуына, танымдық қырларына, оның мағыналық ерекшеліктері, түрлері мен тілдегі қызметтеріне, ғылым тіліндегі концептуалдық қызметіне тоқталады.

Концептуалдық метафора – адам танымында анология, ассоциация сияқты ойлау үдерісі заңдылықтарының нәтижесінде туындаған деректі, дерексіз ұғымдардың атауы,жаңа лексикалық мағына.

Концептуалдық метафора заттық дүниені белгілеу құралы ғана емес,ол сонымен қатар абстрактілі болмыстарды табу,оларға сай келетін немесе тілдік ұғымдарды қалыптастыру болып табылады. Мысалы: ’’Ислам — халықтық мәдениеттің тірегі, оның рухани қазығы”.

Концептуалдық метафора дегеніміз — адам танымында аналогия, ассоциация сияқты ойлау үдерісі заңдылықтарының нәтижиесінде туындаған деректі, дерексіз ұғымдарға тілдің сөздік қорында бар сөздер арқылы атау беріліп, жаңа лексикалық мағына қалыптастыратын тілдік құбылыс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *