АХМЕД ЙҮГІНЕКИДІҢ «АҚИҚАТ СЫЙЫ» ЕҢБЕГІ ЖӘНЕ АҚЫННЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ

АХМЕД ЙҮГІНЕКИДІҢ «АҚИҚАТ СЫЙЫ» ЕҢБЕГІ ЖӘНЕ АҚЫННЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Қадыров Ж.Т., Қайрула М., Нұртанова М.
Петропавл қ.,
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті zhkadyrov_777@mail.ru

Адамзат тарихындағы прогресс ғылымның дамуымен өлшенетіні белгілі. Ғылымның дамуындағы негізгі сипаттамалар мен заңдылықтар әлеуметтікмәдени контексте қарастырылып, ғылымның мақсаты, алынған нәтижелерінің маңыздылығы анықталады. Қоғам және оның мәдени жағдайы ғылымизерттеушілік процестерге бағынышты. Дарындылар шығармашылығы әлемдік мәдениеттің дамуы, жетістіктер шыңының әрбір тарихи прогресінің өлшемі болып табылады. Осы шығармашылықта барлық құнды және маңызды, адамзаттың ғылымдағы, өнердегі, тәжірибелік қызметтегі жетістіктері көрініс табады. Олардың идеялары, өнер туындылары, азаматтардың ұмтылыстарын білу арқылы, біз олардың сол дәуірдегі дүниетанымын танимыз. Өз дәуірінің танымал тұлғалары қалыптастырған шығармашылық еңбектері өзі өмір сүрген кезеңнің бейнесін береді. Ал, ғылым – жаңа идеяларды алға жылжытушы ғалымдар қызметінің нәтижесі болып табылады. Олардың мақсаты біреу ғана, ол – ғылыми жаңалық ашу. Олар қоғамға қажетті ерекше өнім, яғни, жаңа ғылыми білімдер қалыптастырады. Саяси ғылымдар мен саяси білім беру жүйесінде саяси ілімдер тарихы жеке ғылым және оқу пәні болып табылады. Берілген саясаттанулық дисциплина шеңберінде осы ғылымның пәні ерекше түрде зерттеледі. Қоғамдық өзгерістер мен тұрақтылықтың арақатынасы мәселесі саяси ғылымдардағы өзектілердің бірі болып саналады. Саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету реформаларды бұқараның толық қолдауы арқылы орын алады. Кез келген жүйенің абсолютті түрде тұрақтылығы ғылыми және тәжірибелік тұрғыда дәйектелмегендіктен, ол мүмкін емес. Сондықтан оны құрайтын элементтерінің толық қозғалысына кедергі келтірумен бірге, сыртқы ықпалдардан ажырайды. Дегенмен, қазіргі саяси ғылымдарда тұрақтылықтың жоғары дәрежедегі жүйелері де айқындалған. Ақынның жоғарыда айтылған ойлары арқылы біз бүгінгі қоғам үшін ең негізгі қажеттілік саяси тұрақтылық екенін түсінеміз. Шығармаға қатысты адамзаттың материалды және рухани саласындағы эталондық құндылықтар жүйесіндегі жетістік жиынтығындағы мәдениетін де атап өте аламыз. Мәдениет жетістіктеріне жету жолында бұл шығармада көптеген ой-пікірлер айтылған. Сондықтан ақынның әлеуметтік-саяси көзқарастарында сол кезеңнің саяси мәдениетіндегі олқылықтар туралы айтылып, оң нәтижелерге ұмтылуды қоғам мүшелеріне жүктейді. Ақын мәдениеттің жалпы органикалық бөлігін құрайтын түсініктерді қалыптастыруға тырысады. Сонымен бірге, «Ахмедтің дүниеге көзқарасының бұқарашылық сипаты мына тұжырымдардан жақсы байқалады: «әкімдердің игі жұмсақ, ақ көңіл екен деп сеніп қалуға болмайды, олардан әрдайым сақтанып жүру керек, өйткені олардың қолында шексіз күшті билік бар: кейде тіпті қалжыңқойдың зілсіз, бейкүнә қалжыңының өзі оның басын жұтар болар, пайдасыз дау-шар мен қалжыңнан аулақ бол». Ахмед Йүгінекидің этикалық-педагогикалық ой-толғамдары кейде нақты әлеуметтік жағдайлардан тыс пайымдалғанмен, бұларда адамгершілік ізгі мұраттардың, жалпы адамзаттың мінез-құлық нормалары мен қағидалардың гуманистік көріністері айқын аңғарылады». Ата-бабаларымыздың өміртанымы мен өсиетін меңгеру, тілін түсіну тез арада тындыра салатын шаруа емес. Ол тыңғылықты іздену мен қажырлы еңбекті талап етеді. Бұл шығарманың бүгінгі жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеудегі маңызы зор деп атап өте аламыз. Өйткені, бүгінгі Қазақстанның даму шарттарында отансүйгіштікке тәрбиелеу маңызды шаруа болып табылмақ. Сондықтан «Ақиқат сыйы» еңбегінің Қазақстандағы патриотизмді тәрбиелеу мен қалыптастыруда құнды еңбек екенін атап өтуіміз қажет. Осыған байланысты қазіргі Қазақстандағы қоғамды біріктірудегі негізгі фактор және тұрақтылықты қамтамасыз ету мен мемлекеттілікті бекітуде патриотизмнің орны зор. Сондықтан бүгінгі күндегі патриоттық тәрбие қазақстандық азаматтардың саяси санасындағы ең негізгі мәселе болып табылмақ. Өзінің тарихи даму ерекшеліктеріне қарай патриотизм бірнеше формаларда көрініс табады: полистік патриотизм – антикалық қаламемлекеттерде орын алды; империялық патриотизм – империя және оның үкіметіне лоялдылықты көрсететін сезімдік белгі; этникалық патриотизм (ұлтшылдық) – өз халқына деген сезім; мемлекеттік патриотизм – мемлекетке деген махаббат сезімі; ура-патриотизм – мемлекет пен оның халықтарына бағытталған сезім. Жалпы бұл түсініктің өзі әр түрлі анықтамалар арқылы өз дәуіріне сай түсініліп отырған. Антикалық дәуірде patria термині («Отан») тек туған қала-мемлекетке байланысты қолданыста болды. Рим империясындағы патриотизм жергілікті «полистік» патриотизм мен империялық патриотизммен шектелді. Полистік патриотизм түрлі жергілікті діни өкілдерден қолдау тапты. Орта ғасырларда бұл термин азаматтар ұжымына лоялдылықты білдірді. Американдық және француздық буржуазиялық революциялар дәуірінде бұл ұғым «ұлтшылдықпен» байланысты болды. Осы себептерге байланысты Франция мен Америкада бұл түсінік «революционер» ұғымымен синонимдес болды. «Патриотизм» түсінігіне кең түрде анықтамалар берілгенімен, оның жалпы сипатына қатысты нақты анықтамалар жоқ. Мәселен, С.И. Ожеговтың редакциясында жарық көрген сөздікте: «Патриотизм — өз Отанына, халқына деген адалдық пен махаббат», — деп анықтама берілген. Философиялық сөздікте: «Адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім. Оның мазмұны – Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшыныс», — делінген. Дегенмен, «патриот» түсінігіне біз түрлі мазмұнда анықтамалар берілгендіктен, «патриотизм» сипатына жан-жақты нұсқадағы түсініктемелер ұсынылады. Бұл аталмыш құбылыстың күрделі табиғатымен түсіндіріліп, мазмұнының көп қырлылығымен сипатталады. Сонымен бірге, патриотизм мәселесін білім берудің барлық салаларын қамтыған және Отанға деген қатынастағы авторлардың тарихи, әлеуметтік-экономикалық, саяси шарттарындағы азаматтық көзқарастары негізінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің аса маңызды шарты – бұл әлемдік бәсекелестік үдерісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім», — деп пайымдайды. Сонымен қатар, Елбасымыз қазақстандық патриотизм сияқты ұлт табысының маңызды құрамдасына тоқталып кетеді. «Бұл өз Отаның мен жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет, әркімнің өз күш-жігеріне деген сенімі мен барша қоғамның топтасуы. Бұл бүгін тұрғызылып жатқан өз еліңнің тарихына қатыстылықтың және оның болашағы үшін жауаптылықтың жоғары сезімі. Бұл әрбір қазақстандықтың табыстары үшін мақтаныш және қандай тұрғыда болғанына қарамастан өз салаңда табыстарға қол жеткізу ниеті. Және бұл табысты әркім Отанына бағыштап, әлемде оның даңқын асыруы, беделін көтеруі тиіс. Патриотизмді, әсіресе жастардың арасында, біздің балалардың бойында барша қоғамның ортақ күш-қуатымен қалыптастыру керек. Біздің әр азаматтың табысы және халықаралық тұрғыда мойындалуы – бұл баға жеткізгісіз капитал, барша қазақстандықтардың мақтанатын нәрсесі және байлығы екендігі сөзсіз. Осындай үлгілермен ұлттың рухын көтеру керек! Өз Отаныңның патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату. Мен сіздерді осыған шақырамын». Патриотизм мәнін толықтай түсінбеушілік біздің тарихымыз бен мәдениетіміз, тұрақтылықты қамтамасыз ететін қоғамның саяси дамуының стратегиясына қатынастары негізінде анықтай алмаймыз. Дегенмен, патриотизмды қалыптастыру бұл ситуативтік жоспардағы мәселе емес. Бұл еліміздің саяси жүйесін алға қарай демократияландыру жолындағы түрлі әлеуметтік топтарды біріктіруге бағытталған үнемі қозғалыстағы фактор. Сондықтан бүгінгі шарттарда жоғары патриоттық сананың қалыптасуына ықпал ететін кешенді ісәрекеттер қажет. Бүгінгі шарттарда мемлекеттілікті патриотизм негіздерімен қалыптастыру қоғамның модернизациялануына ықпал етуімен қатар, оның қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді. Бірақ, ұлттық құндылықтары айқындалған мемлекет те ғана ұлттың өзін-өзі тану, ұлттық мақтаныш сезімдері туындайды. Сондықтан осы процестегі жетекші рөл патриоттық тәрбие берудегі нормативті-құқықтық базаларға толықтай сүйенген мемлекет институттарына жүктеледі. Қоғамдық ұйымдар патриоттық жұмыстар жүргізуде ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық қиыншылықтарға ұрынатыны жасырын емес. Оларға мемлекеттің тікелей белсенді көмегі қажет. Көптеген қоғамдық ұйымдар мәселені өзіндік көзқарастармен бағалап, көп бөлігі патриоттық тәрбие беру жүйесіне араласпайды. Осыған сәйкес, мемлекет патриоттық тәрбие беруде азаматтық қоғам институттарын араластыруы қажет. Патриотизмге тәрбиелеуде ерекше рөлді білім беру атқарады. Осыған байланысты, бүгінгі күнде патриоттық тәрбие берудің сапасын жоғарылатуда білім беру мекемелерінің маңыздылығы жоғары. Патриотты тәрбиелеу – бұл әлеуметтік ортаның (отбасы, ұжым, мектеп, қоғамдық ұйымдар) объективті факторларының ықпалы мен индивидтің рухани-тәжірибелік қызметінің субъективті шарттарында орын алатын әлеуметтік процесс. Демек, патриоттық тәрбие беруде оқу-тәрбиелік жүйеге арнайы мақсатты қимылдар жүргізілгендігі дұрыс деп ойлаймыз. Мектептердегі оқу және сабақтан тыс жұмыстар шарттарында тұлғаның сәтті патриоттық тәрбие беруде кешенді жұмыстар жүргізілуі тиіс. Патриоттық тәрбие берудің әдістемесі тәрбиенің нақты кешенді шараларын айқындайды. Бүгінгі шарттарда патриотизмнің қалыптасуына ықпал ететін оқытудың инновациялық технологияларын қолдану белсенділігін жоғарылату қажет.
Жалпы қорытындылай келе өмір туралы, атамекен, туған елдің әлеуметтік және қоғамдық жағдайы жырланып, жағымды, жағымсыз тұстары, қатерлері мен мүмкіндіктері суреттелген керемет туындылары бүгінгі күнге дейін жеткендігі көңілімізді қуантады. «Егер өкіметке қолың жетсе, мақтанба», «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет», — деген пікірлері сол кезеңдегі басшыларға айтылған кеңесі секілді. Осыдан «Ақиқат сыйында» айтылатын лидерлік феноменіне қызығушылығымыз туындайды. Әлеуметтік процестегі басшы, лидердің орны мен рөлі, тарихтағы объективті және субъективті факторлар диалектикасы мен қоғамдық өмір диалектикасын айқындау шығарманы оқу барысынан кейін орын алады. Бүгінгі күнде лидерлік мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде.

Әдебиеттер:

1. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, Санат, 2006. – 899 б.
2. Қыраубайқызы А. Ежелгі әдебиет. – Алматы, Қазақ университеті, 1999. – 299 б.
3. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті.- Алматы, Мтамұра, 2005. – 336 б.
4. Жолдасбеков М. Тастар сөйлейді. – Астана, Фолиант, 2002. – 194 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *