“Цитология және гистология” пәні

“Цитология және гистология” пәні бойынша

1. Клетка теориясының негізгі қағидалары. Клетканы зерттеу әдістері. Жарық және электрондық мироскоппен зерттеу әдістері. Тірі және бекітілген клеткаларды зерттеу әдістері. Клетка компоненттерін зерттеудің иммунохимиялық әдістері туралы жалпы түсінік беру. Гольджи аппаратының құрылысы және қызметі, оның синтездегі, сегрегациядағы, жетілудегі, секрет шығарудағы және клеткаға басқа заттарды өткізудегі рөлі.
2. Лизосомдардың құрылысы, қызметі, класификациясы, олардың клеткаішілік асқорытудағы және фагоцитоздағы рөлі. Митохондрияның құрылысы: мембраналары, кристылары, матриксы. Оның синтездегі және АТФ жинақтаудағы рөлі. Клеткадағы АТФ-ң синтезделу жолдары: анаэробты гликолиз және тотығу-тотықсыздану процестері. Бактериялардағы митохондрияның қызметін атқаратын туындылар.
3. Эпителий ұлпаларының жүйесі. Шекаралық ұлпаларға жалпы морфофункционалдық сипаттама. Эпителий ұлпаларын классификациялаудың жалпы принципі. Эпителий классификациясының морфофункционалдық, филоонтогенетикалық жүйелері.
4. Тері эпителийінің классификациясы: бірқабатты, көпқабатты, кутикулалы. Тері эпителийінің негізгі түрлеріне жалпы морфофункционалдық сипаттама. Сүтқоректілер эпидермисінің құрылысы және репаративті және физиологиялық регенерациясы. Омыртқалы жануарлар тері эпителийінің туындылары. Эпидермистегі негізгі клетка популяциясы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *