«Зоология» пәні бойынша

«Зоология» пәні бойынша

1. Зоология пәнінің мақсаттары мен мәселелері, оның маңызы, қысқа даму тарихы, негізгі даму кезеңдері және бағыттары. Зоологияның басқа биология ғылымдарымен байланысы. Зоология тараулары және зерттеу әдістемелері Омыртқасыз жануарлардың систематикасы, практикалық маңызы. Клеткалық деңгейдегі жәндіктердің систематикасы мен жалпы сипаттамасы.
2. Жануарлардың құрылымдық деңгейі. Құрылымның клеткалық деңгейі. Қарапайымдылардың жалпы сипаттамасы және жүйелік шолу.
3. Паренхиматозды құрттар. Жалпақ құрттардың жалпы сипаттамасы және жүйелік шолу. Мезодерма және оның туындылары. Жұмыр құрттардың сипаттамасы. Паразиттік өмір сүруге жануарлардың бейімделуі. Буылтық құрттардың сипаттамасы, құрылысының ерекшеліктері, көбеюі мен дамуы.
4. Буынаяқтыларға сипаттама және жүйелік шолу. Шаянтәрізділер.
Насекома класының сипатамасы. Өкілдерінің құрылысындағы ерекшеліктерінің негізгі отрядтары. Насекомалардың эмбрионалды және постэмбрионалды дамуы.
5. Хордалылар типінің шығу тегі, сипаттамасы, систематикасы. Төменгі сатыдағы хордалылардың және омыртқалылардың жалпы құрылымы. Анамния және Амниота тобына бөлінудің негіздемесі. Омыртқалы жануарлардың жабындысының морфологиялық эволюциясы. Анамниялар мен Амниоталардың эпидермисі мен дермасының және оның туындыларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
6. Дөңгелек ауыздылар мен шеміршекті балықтардың шығу тегі, жалпы сипаттамасы мен систематикасы. Анамниялар мен Амниоталардың посткраниальды қаңқасының шығу тегі мен эволюциясы. Сүйекті балықтардың шығу тегі, жалпы сипаттамасы мен систематикасы. Екіжақты тыныс алушы, қалаққанатты мен сәулеқанатты балықтар. Қан және тыныс алу жүйесінің морфологиялық эволюциясы. Құрлық омыртқалыларының шығу тегі. Қосмекенділердің жалпы құрылымы, биологиясы мен систематикасы.
7. Омыртқалылардың асқорыту жүйесінің морфологиялық эволюциясы. Асқорыту жолдары бөлімдерінің қызмет атқару сипаттамасы.
Омыртқалылардың зәр-жыныс жүйесінің морфологиялық эволюциясы. Су және құрлық омыртқалыларының су-тұз алмасу ерекшеліктері. Тасбақалар, Крокодилдер мен Қабыршақты рептилиялардың шығу тегі, жалпы құрылымы, биологиясы мен систематикасы. Омыртқалылардың орталық және шеткі нерв жүйесінің морфологиялық эволюциясы. Жүзгіш, Жүгіргіш және Ұшқыш құстардың шығу тегі, жалпы құрылымы, биологиясы мен систематикасы. Жұмыртқасалушылар, Қалталылар және Плаценталы сүтқоректілердің шығу тегі, жалпы құрылымы, биологиясы мен систематикасы.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *