Биология пәні бойынша 11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

Биология пәні бойынша 11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақтың нөмірі: ___8_____
Сабақтың тақырыбы: Фотосинтездің жарық кезеңі. Фотофосфорлану
Мақсаты : 11.1.2.2 — фотосинтездің жарық кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру
Қысқаша конспект
Фотосинтезді зерттеу барысындағы ең басты мәселелердің бірі — осы процестің өсімдіктердің жасыл жапырақтарында жүзеге асуы құбылысын ашу. Бұл сұраққа нақты жауап берген неміс ғалымы Т.В.Энгельман болды. Ол фотосинтез процесінің хлоропластарда жүретінін дәлелдеу үшін жасушаның әр түрлі бөліктерін кішкене сәуле шоқтарымен жарықтандыруға болатын микроскоп құрастырды. Жасушаның жеке бөліктерін жарықтандыра отырып, оның қай бөлігінің фотосинтезге кабілетті екенін зерттеді. Сөйтіп, ол жасушаның қай бөлігі фотосинтез процесі үшін жарық қабылдағышы бола алатынын дәлелдеді. Фотосинтездік белсенділікке талдау жасау үшін ол тек анаэробты жағдайды ғана талдап алды. Ол үшін қозғала алатын және оттектің концентрациясы жоғары болатын аймақ бағытына қарай жылжитын бактерияларды қолданды. Сонда Т.В.Энгельман бактериялардың жасушаның жарық түскен хлоропластарына жылжитынын басқа жарық түскен органоидтеріне жылжымайтынын байқаған. Бұдан Энгельман: «Хлоропластар жасушалары оттек орталығы болып табылады және фотосинтез процесі нәтижесінде оттек бөлінеді» деген тұжырым жасаған. Сонымен фотосинтез процесі кезіндегі жарықтың сіңірілуі мен оттектің бөлінуі тек хлоропластарда жүретіні анықталды.
Оқушыларға арналған тапсырмалар
1. сілтеме https://stud.kz/prezentatsiya/id/14258 осы презентацияны көре отырып қандай ой түйдіңіз,ойыңызды қысқа хабарлама түрінде жазыңыз.
Тақырып бойынша сұрақтар
Сұрақтарға жауап беріңдер ,талдаңдар.
1. Фотосинтездің жарық фазасына сипаттама беріңдер.
2. Фотофосфорлану механизмін түсіндіріңдер.
3. Циклді және циклсіз фотофосфорланудың рөлін салыстырыңдар.
4. Фотофосфорланудың қысқаша сызбасын салыңдар.
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.
Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.
Биология пәні бойынша 11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақтың нөмірі: ___9_____
Сабақтың тақырыбы: Фотосинтездің қараңғы кезеңі. Кальвин циклі.
Мақсаты : 11.1.2.3 — фотосинтездің қараңғы кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіру
Қысқаша конспект
Фотосинтездің жарық сатысында синтезделген НАДФН және АТФ молекулалары қараңғылық жағдайда да жүзеге асатын -көмірқышқыл газының көмірсуларға айналу реакцияларында пайдаланылады. Өсімдіктер физиологиясының қазіргі кездегі жетістіктеріне сәйкес, фотосинтездің қараңғы сатысындағы реакциялары үш бағытта жүреді. Олардың ішіндегі негізгісі — көмірқышқыл газының тотықсызданып, көмірсуларға айналу реакциялары болып есептеледі. Осы реакциялардың неден басталып немен аяқталатындығын, яғни бірізділігін жете зерттеп, қалыптастырған Америка ғалымы Мельвин Кальвин болатын. Сол кісінің қүрметіне бүл реакциялар Калъвин циклі, кейінгі кезде оны қосымша фотосинтездің С3-жолы деп те атайды. Фотосинтезді тек осы бағытпен жүзеге асыратын өсімдіктер әдетте қоңыржай аймақтарда өсіп-өнеді.
Фотосинтездің С-жолы деп аталатын бағыт тропикалық аймақтарда өсіп-өнетін өсімдіктерге тән. Тек жасаңшөптер (суккуленттер) тұқымдасына тән үшінші бағыт органикалық қышқылдар метаболизмі деп аталады. Бұл өсімдіктер негізінен қуаңшылықты далалық аймақтарда өсіп-өнеді.
С3-өсімдіктерде көмірқышқыл газының көмірсуларға айналуы тек Кальвин циклінің реакциялары арқылы жүзеге асады. С4- және ЖОҚМ — өсімдіктерде аталған цикл бар. Бірақ, оларда көмірқышқыл газының көмірсуларға айналу процесіне ферменттік басқа реакциялар да енеді. Осы қосымша реакциялардың жүзеге асатын орындары және мезгілдері жағынан С4- және ЖОҚМ-өсімдіктердің өздеріне тән ерекшеліктері болады.
Ол ерекшеліктер сол өсімдіктердің жапырақтарындағы морфологиялық, анатомиялық айырмашылықтарына да байланысты. Жапырақ бетінің 1 см2 ауданына есептегендегі устьицалар саны С3- және С4-өсімдіктерде 5000-нан 30000 аралығында болады. Бірақ С4-өсімдіктердің устьицалары газдардың ірігуіне (диффузия) көбірек кедергі жасайды.
ЖОҚМ — өсімдіктердің устицаларының саны онша көп болмайды (100-800 см2); диффузиялық кедергісі жоғары. С4-өсімдіктердің жапырақтарында тарамдалып, торланған ауа қуыстары көп болады да, фотосинтездеуші клеткалардың көпшілігін ауамен қамтамасыз етеді. Бүл өсімдіктерде фото-синтездік реакциялардың бір тобы мезофилл клеткаларында, екінші тобы өткізгіш шоқтарын қоршау клеткаларында жүреді. ЖОҚМ-өсімдіктерде ауа қуыстары аз болады және фотосинтездеуші аппараты ауаның кіру жолынан 7-9 клеткалық қабатпен бөлініп жатады. Сондықтан бұл өсімдіктерде газдардың жапыраққа енуі жэне қайта бөлінуі өте төмен болады.
Оқушыларға арналған тапсырмалар
1. сілтеме https://ppt-online.org/126312 осы презентацияны көре отырып қандай ой түйдіңіз,ойыңызды қысқа хабарлама түрінде жазыңыз.
Тақырып бойынша сұрақтар
Сұрақтарға жауап беріңдер ,талдаңдар.
1. Фотосинтездің қараңғы фазасын салыстырыңдар.
2. Фотосинтездің қараңғы кезеңінің маңызын бағалаңдар.
3. Фотосинтез кезеңдерін салыстыру кестесін толтырыңдар.
Салыстыру критерийлері Жарық кезеңі Қараңғы кезеңі
Күн сәулесі
Реакциялардың жүретін орны
Энергия көзіне тәуелділігі
Бастапқы заттар
Кезеңнің мәні және не пайда болады.

Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.

Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *