Биологиялық ресурстарды рационалды қолдану. Дәрістер

Дәріс сабақтарының мазмұны
Тақырып 1. Қазақстандағы биологиялық алуан түрлілік жағдайын қысқашаталдау
Дәріс тезистері.
Қазақстан территориясында жер шарының барлық ландшафтарының типтері құрғақ субтропикадан және ыстық, қапырық шөлдердің әртүрлі типтерінен биік тау тундрасына және мұздарына дейін кездеседі. Осындай әртүрлі ландшафтардың оған қосымша Каспий, Арал, Балхаш, Зайсан, Алакөл сияқты континентішілік теңіздердің және көлдердің болуы Қазақстан биоталарының бай және әртүрлі болуын қамтамасыз етті. Қазақстан территориясының 40%-дан аса бөлігін дала және 55% шамасында шөлдер алып жатыр, экожүйелер антропогендік әсерге әлсіз, оңай тұрақсызданады және қайтадан қалпына келу қабілеттілігі өте нашар.
Тақырып 2. Өсімдіктер әлемінің биоресурстары
Дәріс тезистері.
Қазақстанда пайдалы өсімдіктерді пайдалану олардың ішінде әрине бірінші ретте дәрілік өсімдіктерді пайдалану Шығыс және Батыс елдерінің медицина мектептерінің әсеріне байланысты болды. Мысалы Қазақстанның оңтүстік аудандарының Иран, Афганистан, Индия сияқты елдердің әсері бар. Оған қосымша Қазақстанда Европа елдерінде белгілі көптеген шипалық қасиеті бар заттарда қолданылады. Сондықтан шет елдерден әкелінетін шикізаттарды алмастыру қажет болған осы қажеттілік нәтижесінде Қазақстан флорасында коксағызды (каучук) илік заттары бар, шырышты өсімдіктер табылды.
Тақырып 3. Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын тимді пайдалану және бұл саладағы ғылыми зерттеу жұмыстарының бағыттары, этаптары
Дәріс тезистері.
Россияда табиғи шалғындықтар және жайылымдықтар кеңінен зерттелді іргелі еңбектер кеңінен жарияланды. Мысалы бұл саладағы іргелі еңбектерден «Шабындық және жайылымдық» деген кітап 1950-1958 жылдары ғана жарияланды. Авторлары И.В. Ларин, И.В. Цаценкин, Т.А. Работнов. Басқа топтардың өсімдіктері салыстырмалы аз зерттелді және пайдаланылды. Дәрілік өсімдіктер аз зерттелгенмен жиналды, тіпті кейбір түрлері екпе жағдайда өсірілді.
Тақырып 4. / Тема 4. Қазақстандағы әртүрлі пайдалы өсімдіктерді зерттеу және игеру тарихы
Дәріс тезистері. / Тезисы лекций
Өте жиі жақсы зерттелген пайдалы қасиеттері белгілі өсімдіктердің басқа пайдалы қасиеттері ашылуда. Мысалы құрамында глициризин қышқылы бар мия туысы (Glycyrrhiza) өсімдіктерінің медицинада пайдалануға болатын жаңа мүмкіншіліктері ашылуда. Қазір мия туысы өсімдіктері өзінің шипалық қасиеті жағынан бірінші орында тұр деп айтуға болады. Соңғы жылдардағы шетел ғалымдарының мәліметтері бойынша миядан алынған кейбір препараттарды СПИД-ке қарсы пайдалануға болады.
Тақырып 5. Дәрілік өсімдіктер және оларды денсаулық сақтау практикасына енгізу
Дәріс тезистері.
Дәрілік өсімдіктерді зерттеу мақсаты мен міндеттеріне келетін болсақ, ол биологиялық білім саласындағы ілімнің қазіргі замандағы жағдайын көрсету. Негізгі дәрілік өсімдіктермен, олардың таралу ерекшеліктерімен, медицина пайдалануымен таныстыру. Бұл тақырыпты оқығанда сіздер мына мәселелер туралы хабардар боласыздар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекетгер халықтарының дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Сондықтан олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданады. ДДС ұйымының бағасы бойынша дүние жүзі халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбір Азия мемлекеттерінде, мысалы Қытай, Жапония, Үндістан бұрынғыша қазіргі заманғы медицина жетістіктерімен қатар халық емшілерінің емдері кеңінен пайдаланылады.
Тақырып 6. Дәрілік өсімдіктер шикізатын дайындау
Дәріс тезистері.
Дәрілік өсімдіктерді жинау әдістері және уақыты ол өсімдіктердегі шипалық
әсері бар заттардың ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Биологиялық белсенді заттар (ББЗ) өсімдіктердің әр түрлі мүшелерінде немесе тек бір мүшесінде жинақталуы мүмкін. Сондықтан дәрілік өсімдіктердің барлық бөліктерінің түгел шипалық қасиеті бар деп айтуға болмайды. ББЗ белгілі бір өсімдік түрінің қай мүшесінде жинақталатынын біліп алып содан кейін ғана нақты қажетті мүшелерін жинау керек. Жалпы дәрілік өсімдіктің жер үсті мүшелерін тек ауа-райы құрғақ кездерде ғана жинайды.Ескеретін нәрсе шаң басқан немесе әртүрлі насекомдармен жарақаттанған немесе тат саңырауқұлақтарымен ауырған дәрілік өсімдіктерді жинауға болмайды.
Тақырып 7. Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы
Дәріс тезистері.
Өсімдік организмі өзінің химиялық құрамы және атқаратын қызметі жағынанөте күрделі. Табиғатта тек өсімдіктер ғана органикалық емес заттарданорганикалық заттар түзе алады, ал оларсыз адамдардың және жануарлардыңтіршілік етуі мүмкін емес. Өсімдіктер таңқаларлық әртүрлі зат алмасу процесінежәне көмірқішқіл газынан, судан және органикалық емес қосылыстардан алуантүрлі қосылыстарды синтездеуге қабілетті.
Қорыта айтқанда барлық өсімдіктер судан және құрғақ заттардан тұрады,судың мөлшері жалпы салмағының 70 % шамасында болуы мүмкін. Су бұл орта,ал ол ортада барлық биохимиялық процесстер жүреді.
Тақырып 8. Құрамында алкалоидтары бар дәрілік өсімдіктер
Дәріс тезистері.
Алкалоид дегеніміз — табиғи күрделі органикалық азотты зат. Әдебиеттегімәліметтер бойынша, дүние жүзі флорасының 10% түрлерінің құрамындаалкалоидтар болады. Профессор Соколов В.С. әдебиеттегі мәліметтердіжинақтап, қорытып құрамында алкалоидтары бар өсімдіктерді (папоротниктерденбастап Asteraceae-ға дейін) үш класқа бөлді:
І класқа Соколов В.С. 20%-дан кем емес туыстарының өсімдіктері құрамындаалкалоидтар бар тұқымдастарды жатқызады. Мұндай тұқымдастарды проф.Соколов В.С. құрамында алкалоидтары мол класс деп атауды ұсынды.
ІІ класқа құрамында 10-20% туыстарында алкалоидтары бар тұқымдастардыжатқызуды ұсынды. Бұл класты құрамында алкалоидтар мөлшері орташатұқымдастар деп атауды ұсынды.
ІІІ класқа құрамындағы алкалоидтары бар туыстарының мөлшері 1-10%болатын тұқымдастарды жатқызды. Мұндай тұқымдастар алкалоидтары аз депаталады.
Тақырып 9. Шыны майлы өсімдіктер
Дәріс тезистері.
Өсімдік түрлерінің 90 % жуығының тұқымдарында майлар болады, майларөсімдіктің басқа мүшелеріндеде жинақталуы мүмкін. Қорға жиналған майлардың негізгі ролі ол олардың қорлық материалдар ретінде пайдалануында. Мысалытұқым өніп өскенде ұрық дамығанда, оларға қосымша майлар өсімдіктің табиғатына қолайсыз жағдайларынан сақтайтын қорғаушы ролін атқарады,мысалы температура өте төмендеп кеткенде. Қыстайтын тұқымдардың жарнақтарында жиналған майлар күн суытқанда ұрықты үсіп кетуден сақтайды.Бірқалыпты климат жағдайында өсетін ағаштар тыныштық күйіне көшкендеолардың сүректеріндегі крахмал майға айналып өсімдіктің суыққа төзімділігі арттырады.
Тақырып 10. Эфир майлы Өсімдіктер және олардың шаруашылықтағы маңызы
Дәріс тезистері.
Пайдалы өсімдіктердің ішінде эфир майлы өсімдіктер маңызды орын алады. Өйткені олар косметикада, парфюмерияда тағамдық және фармацефтикалық өндірісте, яғни медицинада кеңінен пайдаланылады. Эфир майлы өсімдіктер шикізатына сұраныс тұрақты өсуде. Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша егер мысалы 1984 жылы 226,5 мың тонна эфир майлы өсімдіктер шикізаты дайындалса 1990 жылы 350 мың тонна 2002 жылы 700 мың тонна шамасында қажет болды. Осылайша сұраныс жылдан жылға өсуде. Эфир майларын өндіру мәдени өсірілген өсімдіктер плантацияларынан жиналатын болғандықтан ең жақсы деген дүниежүзілік генефондты пайдаланып әртүрлі сорттар және гибридтер алудың маңызы өте зор. Қазіргі кезде әрине үлкен перспективасы бар деп биотехнологиялық жұмыстарды айтуға болады. Яғни биотехнологиялық тәсілдерді пайдаланып клетка, ұлпа және мүше культурасымен пайдаланып жаңа шикізаттар алу.
Тақырып 11.Балды өсімдіктер және олардың шаруашылықтағы маңызы
Дәріс тезистері.
Егіс даласының бау бақшалардың, орман алқаптарының және шалғындықтардың бағалы балды өсімдіктері Азық қорын тиімді пайдалану ара шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру шаруашылыққа үлкен табыс әкеледі. Мысалы Совет үкіметі кезінде кейбір колхоздарда шаруашылқтағы жалпы табыстың-кірстің 35-50 % ара шаруашылығы беретін еді. Одан басқа насекамдармен тозаңданатын дақылдардың аралармен тозаңдануы оған қосымша алдыңғы қатарлы агротехниканы қолдану өнімділікті 20-30 % пайызға көтереді. Жоғары өнімді ара шаруашылығы мәдени және табиғи фитоценоздардағы балды өсімдіктерді тиімді, ебін тауып дұрыс пайдалануға негізделген. Сондықтан ара-шаруашылығын дұрыс жолға қойып табыс табу үшін сол регион флорасындағы балды өсімдіктерді зерттеп, олардың биологиялық ерекшеліктерін білудің маңызы зор.
Тақырып 12. Жануарлар және олардың ресурстары
Дәріс тезистері.
Қазақстан территориясында омыртқалы жануарлардың 834 түрі(сутқоректілердің -178 түрі, құстардың – 488 түрі, баурымен* жорғалаушылардың 49 түрі, қосмекенділердің 12 түрі, дөңгелекауыздылар мен балықтың 104 түрі)мекендейді. Ал бұған қоса омыртқасыз жәндіктердің шамамен 50 мыңнан аса түрітағы бар. Қазақстанда академик Т.Н.Досжанов (1995) мәліметі бойынша тексүтқоректілердің 178 түрі таралған, олардың 70-тен астамының кәсіптік маңызыбар, ал 42 түрінің саны азайып, қорғауды қажет етеді. Сүтқоректілердің арасындаауыл және орман шаруашылығының зиянкестері, адам мен жануарларға түрліаурулардың қоздырғыштарын таратушыларды көптен кездеседі. Сондықтандареспублика аумағындағы аңдарды ғылыми түрғыдан зерттеу, олардың пайдалытүрлерін қорғау мен тиімді пайдалану, ал зиянкестерімен күресудің ғылыминегізін жасау – Қазақстан зоолог-ғалымдарының алдында турған жауапты міндеттердің бірі.
Тақырып 13. Кәсіптік маңызы бар Жұптұяқтылар, тақтұяқтылар және ескекаяқтылар отрядтары өкілдері
Дәріс тезистері. / Тезисы лекций
Маралдар Қазақстан жерінде Талас, Іле, Күнгей және Теріскей Алатауларында, Кетпен жотасында, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Оңтүстік Алтайда кездеседі. Маралдар аса бағалы еті мен дәрілік шикізат беретін «алтын мүйізі» үшін ауланатын аң. Әсіресе, сүйектенбеген жас мүйізі өте жоғары бағаланады. Одан пантокрин дәрісі жасалынады. Ол жүрекке, қан айналым жүйесіне, бұлшық етке, тыныс жолдарына, т.б. органдарға әсер ететін сергіткіш дәрі. Шығыс Қазақстан облысында алты мыңнан астам марал өсірілетін шаруашылықтар бар. Олар жылына 5,2 мың килограмға дейін маралдың жас мүйізін дайындайды. Бұл шаруашылықтарда өсіп есейген әр маралдан 5-5,3 кг дейін панта алынады.
Тақырып 14. Қазақстан территориясын ихтиогеографиялық болу және шаруашылықтағы бағалы балықтары
Дәріс тезистері.
Қазақстанда тұщы сулардағы, өтпелі және тұзды сулардағы жергіліктібалықтарды 9 отрядқа, 17 тұқымдасқа және 50 туысқа жатқызуға болады,негізнен ол балықтар Понто-Каспий-Арал және солтүстік-жазықтықфауналарының комплекстерінің өкілдері. Бірақта III дәуірдің тұщысуларының және жас таулы-азия комплекстерінің өкілдері де айтарлықтайорын алады.
Түрлік жағынан салыстырғанда ең көп кездесетіндері шамамен 50% олтұқы тұқымдасы (карповые) өкілдері.
Қазақстан ихтиофаунасында кездесетің түрлердің нақты санын айтуқазіргі кезде қыйындау өйткені ихтиологттар жаңа түрлерді уақытынабайланысты әрқалай анықтады. Яғни тәсілдері бірдей болмады. Кейбіртүрлер уақытша жасалған қазір жойылып кеткен су қоймаларындасипатталды. Дегенмен шамамен айтуға болады Каспий теңізінен басқаҚазақстан су қоймаларында жергілікті балықтардың 100 шақты түрі жәнеакклиматизацияланған (жерсіндірілген )20 түрі бар деп айтуға болады.
Тақырып 15. Қазақстанның құстар әлемі.биологиялық алуан түрлілікті тепе-теңдікте сақтап пайдаланудың жүйелі тәсілі
Дәріс тезистері.
Алматы обылысында құстардың 345 түрін кездестіруге болады, олардың 248 түрі мысалы: ителгі (сокол — балобан), үкі (филин), жекдуадақ (джек), құз кептер (скалистый голубь) қаратөс торғай (испанский голубь), қара сайлақ (черный дрозд) және т.б. ұя салады. Құстардың 28 түрі Алматы обылысында қыстайды мысалы: жүкбалақ тілеміш (мохноногий курганник), ақ жапалақ (белая сова), кәдімгі сұлыкеш (обыкновенная овсянка), шымшық (чиж), шекілдек ( чечетка) және т.б. Құстардың 64 түрі Алматы обылысы территориясынан ұшып өтеді мысалы: дуадақ (дрофа), дала құладыны (степной лунь), айдарлы аражегіш (хохлатый осоед) және т.б.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *