Арайлы алтын күз!

«Арайлы алтын күз!»
Тәрбиеші:Күз де келді алтын дәнін сапырып
Күз де келді той думанын шақырып
Күздің күні алтын нұрын шашады.
Жердің жүзін шұғылаға батырып.
Армысыздар құрметті қонақтар!
Бармысыздар,жадыраған жас достар!
Берекелі,мерекелі алтын,күз құтты болсын!
-Бүгін ,біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз күз мерекесіне деген қуаныш сезімдерін ән жолдарымен,тақпақтармен жеткізеді.
Айерке
1.Алтын,сары қызыл көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Бексұлтан Б
2.Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
шақырады біздерді.
Азиза
3. Осень с красками пришла
Красной, желто-золотой
У нее теперь дела
Все отправить на покой.
Амирлан
4.Мерейлі күз алтын күз
Сыйлығыңа ырзамыз
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз
Малика
5.Жомарт күздің жемісі дәмді болсын
Көңіліміз жайлансын әнге толсын
Карим
6.Небо загрустило,
Солнце унывает
Жаль что осень теплой
Долго не бывает
Айзере Е
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
шақырады біздерді.


Ән:»Алтын күз»(балалар отырады)
Жүргізуші:
Келістііріп бар сәнін
Берген өзі табиғат
Алтын күзді ал кәне
Қарсы алайық балалар.
(Алтын күз келеді)
Күз: Ырысқа толы қоймалар
Сабан тойы тойланар
Байлыққа мұртың байланар
Берекелі күз болам.
Сәлеметсіңдерме, балалар!
Балалар:Сәлеметсіз бе ,алтын күз!
Алтын күз: Күз мереке,күз ырыстың белгісі.Күздің сіздерге бақыт,байлық бергені-деп күздің керемет байлықтарын ортаға шақырайық.
Алма,алмұрт,картоп болып киінген балалар ортаға шығады.
Нұрасыл
Жиналып қаппыз бәріміз
Қайсымыз ең дәмдіміз
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз
Мансұр (бұршақ)
Мен кішкене түймедеймін
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдарыммен
Сый жасаймын бәріңе
Аяулым(қызылша)
Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды
Винегретте үстелде
Б. Айша(Орамжапырақ)
Мақтанғаннан не пайда
Менсіз дәмді щи қайда
Мені қосса самсаға
Бәрі жейді тамсана
Айша А( қияр)
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне
Санжар(шалқан)
Кім білмейді шалқанды
Талайлар маған таң қалды
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды
Нұрдаулет(Сәбіз)
Кім бар сәбіз шырынын
Жастацйынан ішпеген
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де

(балалар орындарына отырады)
Жүргізуші:Ән салыңдар келіңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Келіңдер күз тойын тойлайық
Би билейік ойнайық.
Би»Тамшылар»
Жүргізуші: Құстар қайтты ән салып
Бұлт торлады аспанды
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.
(Балалар орындарынан тұрады)
Ән:»Күз келеді далаға «
(балалар орындарына отырады)
Жүргізуші :
Алма өрікті қамбаға
Толтырды әкеп алтын күз
Дастарханды таба нанға да
Толтырды әкеп аалтын күз-дегендей балаларымыздың күз мезгіліне арналған тақпақтарына кезек берейік.
Азамат
Көп витамин құрамы
Шайға қосып ішкенде
Тұмауыңды қуады
Дәмі қышқыл ептеген
Ауруға ем көптеген
Иісін айт аңқыған
Лимонға жеміс жетпеген
Мейіржан
Мынау алмұрт ақылдым
Күзде жинап алатын
Балбыраған біреуін
Жесең тойып қалатын
Айзере Х
Дәмі аузыңнан кетпейді
Қызыл алма шырын бал
Көктей тісің өтпейді
Піскен кезде үзіп ал

Ернар
Нарттай қызыл алмам бар
Мәз болады алғандар
Күнде әдемі киінемін
Тілді балдай үйіремін
Айсана
Пусть природа отдахнет
Силы новой наберется
И весною через год
С новой зеленью вернется
Джангирхан
Осень с красками пришла
Красной, желто-золотой
У нее теперь дела
Все отправить на покой.
Аружан
Листья улетели
Вслед за птичьей стаей
Я по рыжжей осени
День за днем скучаю
Елжан
Сарғайды тоғай
Сап-сары маңай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып
Жүргізуші:Балалар тыңдаңдаршы,бізге біреу қонаққа келе жатыр ғой деймін.
Жел кіреді:Қалай жаңбыр жауады?-тырс,тырс деп қолмен көрсетеді.
Жел қалай уілдейді?-(у-у-у)
Жаңбырдан соң суда қалай жүреміз?-шылп,шылп аяқпен көрсетеді.
Балалар ойнағанда қалай қуанады?-(ха,ха,ха) қолын алға созалы.
Мамалары үстерін көріп не дейді?-(ах-ах-ах) екі қолымен бетін ұстайды.
Жүргізуші: Желім,желім соға бер
Қорықпаймыз біз сенен
Қолымызда қол шатыр
Кел билеші бізбенен
Би»Қолшатыр»
Жел:Бәрекелді балалар,өнерлеріңді тамашалап көңілім көтеріліп қалды.
Жаңбырдан кейін біздің бақшамызда көптеген жемістер мен көкөністер өсті.
Оларды жинауымыз керек.
-Кәне ойынды бастайық
Жемістер мен көкөністерді Бәріміз жинайық
Ойын:»Көкөністер мен жемістерді жинау»
Жел:Жарайсыңдар балалар жақсы ойнайды екенсіңдер.
Жүргізуші:Жел біздің балаларымыз күз туралы да өлең біледі.
Жел:тыңдап көрейін мен әнді жақсы көремін.
Жасұлу мен Жанельдің орындауында Алатау әнін қабыл алыңыздар
Жел:Балаларды мақтап шығып кетеді.
Алтын күз:Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Күн ашықта құр тұрамын,
Бұлтты күні қыдырамын.
Жұмбақтың шешуі не екен балалар?- (Қолшатыр)
Олай болса мен сендермен саңырауқұлақ жинау ойынын ойнағым келіп тұр.
Ойын:»Қолшатырлармен»
Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балалар тағы дакүз туралы көптеген тақпақтар біледі.
Батырхан Б
Берек бақ дарыған
Жомарт көңіл жарқын күз
Сары алтынға малынған
Жетті міне алтын күз
Алан
Ой , алақай тамаша
Шашу шаты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар ма еді жатып ап

Сұңғат
Бізде үлкен бақша бар
Онда қияр өседі
Үлкендігі мынандай.
Биіктігі осындай
Алихан
Бізде үлкен бақша бар
Онда сәбіз өседі
Үлкендігі мынандай.
Биіктігі осындай
Батырхан Р
Бізде үлкен бақша бар
Онда картоп өседі
Үлкендігі мынандай.
Биіктігі осындай
Қасымхан
Минавало лето
Осень наступила
На полях и в рощах
Пусто и уныло
Жүгізуші: Олай болса алтын күз мың бұралған бишілеріміздің тамаша биін тамашалаңыз
Би»Орыс биі»
Ән:»Жаңбыр»орындарынан тұрады.
Алтын күз: Балалар,»Алтын күз» мерекесіне арналған өз өнерлеріңді көрсетіп,бізді қуантып тастадыңдар,көп рахмет.Сендерге арнап әкелген сыйлығымды қабыл алыңдар.
(Күз себет толы жемісті береді)
Жүргізуші:Балалар,міне біздің де «Алтын күз»мерекеміз аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Көкөністер»жинау


1.Айсана 1. Алан
2. Мансұр 2. Малика
3. Карим 3. Батырхан Б
4. Алихан 4. Амирлан

 


«Қолшатыр»


1. Сұңғат
2. Бексұлтан
3. Қасымхан
4. Аружан
5. Джангирхан
6. Айша. А.

 

 

 

«Жапырақтар жинау»
1. Нұрасыл
2. Батырхан Р
3. Елжан
4 Нұрдаулет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *