Өсімдіктер физиологиясындағы биокибернетика жүйелері.
1. Ырықты иммунитет факторлары.
2. Фенолды қосындылар мен фитоалексиндер
3. Детоксикация.
Өсімдіктегі әртүрлі жолдармен жүзеге асатын қимыл-қозғалыстық әрекеттерді төмендегі түрлнрге бөлуге болады:
1. клеткалардағы цитоплазма қимылы.
2. локомоторлық қимылдар( сұйық ортадағы бөліктердіңқимылы: 1. Амебша қимылдау. 2. Кірпікше қимылдау.
3. Өсуге байланысты қимылдар( созылып өсу, тропизмдер, настиялық қимылдар).
4. қайтымды тургорлық (керілу) қимылдар: 1. Баяу қимыл (усьтицелердің ашылып-жабылуы, настиялар). 2. Жылдам қимыл (сейсмонастиялар).
5.Механикалық қимылдар (жемістердің шытынап жарылуы). Өсімдіктердегі цитоплазманың қимылы және локомоторлық қимылдар серіппелі( ұзарып, қысқаратын) белоктардың қатысуымен жүзеге асады.
Өсімдік клеткаларындағы цитоплазманың қимылы.Клетка цитоплазмасы үздіксіз қимылда, қозғалыста болады. Сыртқы және ішкі әсерлерге клетканың жауабы цитоплазма қимылының жылдамдығыынңөзгеруімен бейнеленеді. Өсімдік клеткалрндағы цитоплазманың қимылдары түрліше болып келеді.
Тербелмелі қозғалыстар Spirogyra балдыры Achyla саңырауқұлағы клеткаларына тән. Қозғалыстың бұл түрінде клетка бөліктері белгілі ретпен орын ауыстырмайды: біреулері клетка орталығына қарай, екіншілері жиектеріне қарай жылжиды да, басқалары жыжымайды.
Тамыр түктері мен гүл аталық клеткаларының цитоплазмасы шапшып (фонтанданып) қимылдайды.
Саңырауқұлақ жіпөрімдеріне ( гифы) цитоплазма құйылып қимылдайды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Геотропизм деген не.
2. Өсімдіктердің ырықтығы деген не.