«Ғылым әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Ғылым әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты
5.1.1.1 Ғылымның қызметтерін адам іс-әрекетінің түрі ретінде анықтау
5.1.3.1 Зерттеу жоспарын құрастыру
5.1.3.2 Зерттеу жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін тұжырымдау

Бағалау критерийі Білім алушы
• Ғылымда зерттеу және оның қызметтерін сипаттайды
• Зерттеу жұмыстарын жоспарлайды
• Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында техника қауіпсіздік ережелерін атайды

Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Қолдану


Орындау уақыты

Тапсырма 20 минут
1. a) Ғылымда бірінші кезекте не өткізіледі?
А) жоспарлау
B) зерттеу
C) нәтиже
D) талдау

b) Ғылымның функцияларын атап көрсетіңіз.

2. Ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ғылыми әдістерді қолданады. (a) Зерттеу жұмысының жүргізілу тәртібін көрсетіңіз.
Гипотеза – мақсат – қорытынды – эксперимент – нәтиже

(b) Зерттеуде болжам деген не?
(c) Деректерді жинау үшін қолданылатын ғылыми әдісті жазыңыз.
(d) Зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы деректер қай уақытта жазылады?

3. Сізді зертханада қандай да бір зерттеу жұмыстарын орындауды сұрады. Зертхананың қабырғасында суретте көрсетілген ескерту белгісі ілулі тұр.


(a) Ескерту белгісінің атауын жазыңыз.
(b) Өзіңізді қорғау үшін қолданылатын қадамдарды жазыңыз.


Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Ғылымда зерттеу және оның қызметтерін сипаттайды 1 зерттеуде алғашқы қадамды көрсетеді; 1
ғылымның қызметтерін атайды; 1
Зерттеу жұмыстарын жоспарлайды 2 зерттеу жұмыстарын жүргізу барысындағы іс — әрекеттің кезектілігін анықтайды; 1
зерттеу жұмыстарының болжам кезеңі нені білдіретінін анықтайды; 1
деректерді жинау үшін қолданылатын ғылыми әдісті анықтайды; 1
зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы деректерді жинау кезеңін анықтайды; 1
Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында техника қауіпсіздік ережелерін атайды 3 ескерту белгісін анықтайды; 1
зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында жарақаттарды алу жағдайларын болдырмау үшін қажетті шараны тұжырымдайды. 1
Барлығы 8

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *