Тәжірибе учаскесінде күріш сорттарын өсіру агротехникасы

Тәжірибе учаскесінде күріш сорттарын өсіру агротехникасы
Қызылорда облысында күріш ауыспалы егісі дақылдарын егу кезінде көктемгі-дала жұмыстарын өткізу бойынша аймақтық ұсынымдарына сәйкес орындалды. Себу мерзімі әр жылдарда мамыр айының екінші онкүндігінде, топырақ температурасы тұқым сіңіру тереңдігінде 16-18°С-қа дейін тұрақты қызған кезде мезгілде жүргізілді.
1. Алғы дақыл жиналып болысымен 25-27 см тереңдікте сүдігер жырту.
2. Көктемде аудара жырту. ХТЗ-150К, К-701 тракторларына тіркеумен аспалы, жартылай аспалы және тіркемелі ПЛ-5-35, ПЛН-5-35, ПЛН-6-35, ПЛН8-35 соқалары мен 27-30 см (25-27 см де жыртуға болады) тереңдікке.
3. Айдалған жерді дискілеу (2-3 қайтара). Ауыр дискілі БДТ-7 тырмаларын К-701 тракторына тіркеу арқылы 8-10 см тереңдікке.
4. Атыз бетін тегістеу. Лазерлі тегістегіштерді пайдалану арқылы атыз бетін ±2-3 см, басқа машиналармен ±5,0 см дәлдікпен тегістеу.
5. Минералды тыңайтқыштар беру (азоттың барлық дозасының 25-30%-ы, фосфордың 100%-ы) Минералды тыңайтқыштарды сіңіру үшін аударып 16-18 см тереңдікте жырту. Тыңайтқыштар атыз бетіне біркелкі шашылуы тиіс.
6. Минералды тыңайтқыштарды сіңіру үшін үшін аударып 16-18 см тереңдікте жырту немесе дискілеу. ХТЗ-150К тракторына тіркелген қайырмасыз соқа, БДТ-7,0.
7. Атыз бетін малалап, екі мәрте тырмалау. ХТЗ-150К тракторына тіркелген МВ-6, маласы мен БЗТУ-6 тырмасы.Тоң кесектерді толық майдалап, атыз бетін тегістеу. Ескерту: Лазерлі тегістегішті қолданғанда, маланың қажеті жоқ.
8. Сақиналы катокпен тұқым себер алды таптау,
9. Тұқымды 2-3 см тереңдікте топырақ температурасы 16-18°С болған кезде себу:
А)тәжірибе – сызбаға сәйкес себу нормасы бойынша СС-11 маркалы тұқымсепкішпен себу.
10. Алғашқы суға бастыру.
11. Сызба нұсқасына сәйкес үстеме қоректендіру, (азот-карбамид; түптену фазасының басында).
12. Күріштің сүттену-қамырлану пісу кезеңдерінде су беруді тоқтатып, өнімді жинау [67].
13. «Хазар» астық жинау комбайнымен әрбір мөлдек тәжірибе алаңы бойынша өнімді жинау.


а) танапты ә) тұқым себер б) топырақ бетін
мөлдектерге бөлу алдында жер жырту тырмалау

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *