Тәжірибелерді бақылау, талдау және есептеу

Тәжірибелерді бақылау, талдау және есептеу
1. Фенологиялық бақылау (көктеу, түптену, түтікшеге шығу, масақтану, гүлдену, сүттену, қамырлану, толық пісуі).
2. Метеобақылау (2015-2017 ж.ж.).
3. Өнім шыққаннан кейін және егінді жинар алдындағы санау (бекітілген нүктелерде). Даму кезеңдерінің басталуы көзбен шолып бағалау арқылы келесі белгілермен анықталды:
а) толық өскіндер, мөлдекте қатарлар белгіленіп, өсімдіктердің 75%
көрінгенше;
б) кезеңнің басы, өсімдіктердің 10% кем емесі басталғанда;
в) толық кезең-өсімдіктердің 75% кем емес кезеңге кіргенде.
3. Тұқымның далалық шығымдылығы, өсімдік тығыздығы және жинау мерзіміне өсімдіктің сақталуын есептеу өніп-өсу дәуірінің негізгі кезеңдерінде жүргізілді. Күріш дақылын есептеу мөлдектің диагоналы бойынша орналасқан
2 алаңшаларда танаптық тәжірибе жүргізу әдістемесіне сәйкес
0,25 м өлшемдегі жүргізілді
4. Топырақ үлгілерін алу (агрохимиялық талдауға).
5. Биометриялық талдауға әр мөлдектерден 10 өсімдіктен алу.
6. Өнімді анықтау (мөлдек бойынша) және оны математикалық өңдеу
7. Биохимиялық талдауға сортүлгілерін алу (талдау «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы» ЖШС ғылыми зерттеу институтында жасалды.)
8. Зерттеу нәтижелері статистикалық өңдеу дисперсиялық талдау әдісі арқылы жүргізілді [105].
9. Күріш дақылының экономикалық тиімділігі Қазақстандық Арал өңірі бойынша типтік технологиялық карталар, нормативтерді қолдану арқылы есептелді.
Зертханалық өнгіштік пен тұқымның тазалығы белгілі болса егу жарамдылығын төмендегі формула арқылы анықтауға болады:
ВхС
А =
100 Мұнда: А-егу жарамдылығы, пайыз
В-зертханалық өнгіштік, пайыз
С-тұқым тазалығы, пайыз
Өсімдіктің жиілігі мен себу мөлшері белгілі болса тұқымның далалық шығымы мына формула арқылы анықталады:
Вх 100
А =
С
Мұнда: А-тұқымның далалық шығымы, пайыз
В-нақтылы өсімдіктің жиілігі,
С-себу мөлшері, 1 га-ғы дәннің саны, млн. дана.
Өсімдіктің жинар алдындағы өсімдік жиілігі мен көктеу кезіндегі өісмдік жиілігі белгілі болса өсімдік өміршеңдігін мына формула арқылы анықтауға болады:
Сх 100
А =
В
Мұнда: А-өсімдік өміршеңдігі, пайыз
В-нақтылы өсімдіктің жиілігі,
С-жинар алдындағы нақтылы өсімдік жиілігі

Минералдық тыңайтқыштарды енгізерде есептейтіні оның қоректік заттарының мөлшері (N, P2O5 немесе K2O). Тыңайтқыштардың керекті мөлшері мөлдекке кг-мен шаққанда мына формула арқылы анықталады: а ∗ С
Х =
100 ∗ в
Мұнда: Х-мөлдекке керекті тыңайтқыштың мөлшері, кг;
а-қоректік заттың әсерлі зат түріндегі мөлшері, кг/га;
в-тыңайтқыштағы қоректік заттың құрамы, %; с-мөлдек көлемі, (м2).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *