.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде негізгі 6 критерий.
Критерийлер Дескрипторлар Макс. балл
А
Теориялық білім Материалды білу және арнайы терминдер мен түсініктерді дұрыс және оңтайлы пайдалану. 6
В
Коммуникация Логикалық ауызша немесе жазбаша түрде берілген терминология мен шартты белгілерді пайдаланып, оқушыларға ғылыми ақпараттарды беру мүмкіндігі. Ақпаратты беру кезінде оқушылар көрнекілік құралдарын (суреттер, сызбанұсқалар, модельдер) пайдаланады 6
С
шешу Оқушылар ғылыми ақпаратты берерде әртүрлі ақпарат көздерін қолданып, таныс және стандартты емес жағдайларды шеше алады, оны қолдана алады, алынған ақпаратты талдай алады. 6
D
Жобалау жұмысы Оқушы мұғаліммен зерттеу мәселесін, мақсатын анықтап, зерттеу әдістемесін таңдайды, өз қызмектін жоспарлап, қорытынды шығарады, алынған нәтижелерді өз бетімен бағалай алады. 6
Е
Ақпаратты өңдеу Оқушы барлық мәліметтерді жинақтап, жаза алады; қажет болған жағдайда СИ жүйесіне келтіріп, сәйкестендіреді, мәліметтерді жүйелеп, сызбанұсқа түрінде және кесте түрінде жаза алады; нәтижені талдап, қорытынды жасайды 6
F
Тәжірибе жүргізу Оқушылар лабораториялық құралдарды дұрыс пайдалана алады; байқаудағы және өлшеулердегі нәтижелерді дұрыс ала алады; техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтайды. 6
Критериалды бағалау шкаласы (рубрикаторлар).
Критерий Тап-сыр-ма № Дескрипторлары Тексерілетін жұмысқа қойылатын ұпай Жетістік-тер деңгейі
А 1 Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалған жоқ. 0
6
Оқушы кесте бойынша денелердің тығыздығын анықтап, олардың мәндерін салыстыра алады 2
2 Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ. 0
Оқушы кесте бойынша денелердің тығыздығын анықтап, олардың мәндерін тұрақты көлемде салыстыра алады 2
3 Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ. 0
Оқушы кесте бойынша денелердің тығыздығын анықтап, олардың мәндерін тұрақты массада салыстыра алады 2
В 4 Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ. 0
6
Оқушы заттың тығыздығының молекуланың орналасуына тәуелділігі молекулярлық көзқарас бойынша жүйелі түсіндіріледі және дұрыс талдай алады. 2
5 Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ. 0
Оқушы зат массасының оның тығыздығына әсерін анықтай алады. 2
6 Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.
Оқушы зат ұзындығының тығыздығына тәуелділігін анықтай алады. 2
С 7 Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ. 0
4
Есептің шарты дұрыс жазылған 1
Өлшем бірліктерін СИ жүйесіне келтіре алады 1
Формуланы дұрыс түрлендірген 1
Оқушы мәндерді дұрыс қойып, дұрыс жауабын ала алады 1
8 Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ. 0
4
Оқушы есеп шартын жаза алады 1
Бірліктерді СИ жүйесіне келтіре алады 1
Формулаларды дұрыс жазады 1
Дұрыс жауабын шығарады 1
6 Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ. 0
6
Есеп шарты дұрыс жазылған 1
Өлшем бірліктерін СИ жүйесіне дұрыс келтіріп, формулаларды жазған 2
Ізделетін шаманы дұрыс таба алады 2
Оқушы дұрыс жауабын ала алады. 1
Жауап парағы:
№
Оқушының
аты — жөні Критерийлер бойынша ұпайлар Ұпай жиыны Бағасы
А В С
1 6 6 14 28
2
немесе
№ Оқушының аты жөні А Білім және түсінік В Коммуникация C Жағдаятты шешу D
Рефлексия ұпай
Жетістік деңгей(max 24) Жетістік деңгей(max 24) Жетістік деңгей(max 24) Жетістік деңгей(max 24)
0 1 2 3 4 5 6 0 1 2 3 4 5 6 0 1 2 3 4 5 6 0 1 2 3 4 5 6
1
2
Жиналған ұпайларды мектеп бағасына ауыстыру:
Жиналған ұпай саны Бағасы
24-28 (85-100%) «5»
20-23 (70-84%) «4»
14-19 (50-69%) «3»
13-0 (0-49%) «2»
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі — алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы, анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, баланың өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Бұл тәсіл баланың күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді. Қателіктерден сабақ алуды үйретеді.
Әр пәннің әр тапсырмасының бірнеше критерийі бар.
Критериалды бағалаудың функциялары:
— бақылау;
— дамытушылық;
— оқытушылық;
— мотивациялық;
— тәрбиелік;
— диагностикалық.
4.Критериалды бағалаудың тиімділігі
— Мұғалімдерге:
Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
Білім беру сапасын арттыруға;
Оқытудың сапасын жақсартуға;
Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке
оқыту траекториясын құруға;
Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді
— Оқушыға:
Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;
Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
— Ата-анаға:
Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;
Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
5-дәріс. Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау
Мұғалімдердің жиі қоятын сұрақтары:
— Топтық жұмыс әдісімен оқушылардың жетістіктерін қалай бағалауға болады?
— Топтық жұмыс әдісін бағалау формативті бағалауға қандай үлесін тигізеді?
Топпен бірге жұмыс жасау кезде қандайда бір істің атқарылуы маңызды емес, оның топпен қалай жасалғаны маңыздырақ. Бұл жағдайда жұмыстың нәтижесі ғана бағаланбайды, сонымен қатар жұмыс барысы да бағалануы тиіс, өйткені топта жұмыс істей білу оқушыны қалыптастырудағы өте маңызды құзіреттілік (компетенция). Бұл жағдайда формативті бағалау оқу процесінің бір бөлімі болып табылады, себебі топпен бірге жұмыс істеу арқылы оқушылар бір-бірімен ақылдасып, сұрақтар қойып олар өзара байланыс жасайды. Осы арада ұстаздың топтық жұмыс кезінде міндетті түрде бағалау керек еместігін есте ұстағаны жөн.
Топтық жұмысты бағалаудың бірнеше бағыттары бар.
— ұстаздың әрбір топтың белсенділіктерін бағалауы;
— ұстаздың белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалауы;
— өзін-өзі бағалау — топпен бірге жұмыс кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің
байланысын бағалауы;
Топпен бірге жұмыс істеуді ұйымдастырғанда мұғалім төмендегі шарттармен таныстырып өтуі керек.
• Топтық жұмыстың мақсаттарын хабарлау және оның оқытылатын тақырыпты оқыту әдісімен үйлесімділігі;
• Тапсырмаларды бағалау кезіндегі сындарды анықтау;
• Соңында кім бағалайтыны жайлы хабарлап алу; (мұғалімнің өзі; мұғалім мен оқушылар бірлесе отырып; тек қана оқушылардың өздері; арнайы әділқазылар)
• Топтық жұмыстың уақыты мен өткізілу түрін анықтау;
• Бағалаудың ұстанымдарын хабарлау;
Мұғалімнің топтық жұмысты бағалау кезінде топтағылардың әрқайсысына әр түрлі баға қоюы ұсынылмайды, себебі ол топтық жұмыстың белсенділігіне (концепциясына) кері әсерін тигізеді. Бірақ мұндай жағдайда да ұстаздың топтық жұмысқа қатысып отырған және мүлдем белсенділік танытпай отырған оқушылар жайлы айта кетуі жөн.
Топтық жұмыстың бағалануы.
Мұғалім бақылаудың бір түрін құрастырып оны қатысушылармен бірге талқылайды және мақұлдайды. Топтық жұмысты бағалауды қандайда бір уақыт көлемінде, яғни тоқсандықта, жартыжылдықта пайдаланған жөн.
Топтық жұмысты бағала
Топ нөмірі Топтағы бірлестік (орналастыру және міндеттердің орындалуы) Тәртібі (басқа топтардағыларға кедергі жасамау, берілген тапсырмадан ауытқымау, айғайламау) Тапсырманың, тақырыптың, материалдың ашылуы Топтың басқа мүшелерінің презентацияларын тыңдай білу, сұрақтар қою, толықтыру жасау. Барлық ұпайы
І + + +++ +
ІІ + +
ІІІ + — ++ +
ІV — — + ++++
V
Мұғалім тапсырмаларды берген соң әрбір топ белсенділіктерін бақылап, кестені толтырып отырады. Оқушылар тапсырмаларды орындап жатқан кезде мұғалім кестедегі «Топтық бірлестік» пен «Тәртібі» деген қатарларды толтырады. Ал әр топ өз жұмыстарын баяндап жатқанда, келесі екі катарды толықтырып отырады. Осылайша процесс жалғаса береді. Ең соңында қорытындысын шығарып және нәтижелерді талқылайды. Бұл кезде ұстаз қатысушыларға төмендегідей сұрақтар қоюына болады.
• Әр топтың жұмыстарының қандай жағымды жақтары болды?
• Тапсырмаларды орындау барысында қандай кедергілер болды? Оларды қалай жеңуге болады?
Бірінші сұраққа жауап алу кезінде мұғалім қатысушылармен әрбір топтың жұмыстарындағы жетістіктерін айта кетіп ортақ нәтиже шығарады.
Ал екінші сұрақ оқушылардың зейінін пайда болған кедергілерге шоғырландырып, бірлесе шешуді қарастырады.
Топтық жұмыс орындағандағы нәтиже мұғалімнің қандайда бір шешім қабылдауына мүмкіншілік береді.
• Егер де оң нәтижелер көрсетсе, онда мұғалім тақырыпты ары қарай жалғастыра береді;
• Ал егер нәтижелер жоғары болмаған жағдайда, онда ол оқушыларға қосымша тапсырмалар, жаттығулар беріп, тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, тақырыпты тереңірек түсіндіре түсуі қажет.
Оқушының жеке қабілетін бағалау.
а) топтық жұмыс кезінде мұғалім әр оқушының жетістіктерін жеке бағалауына мүмкіндік алады. Ол үшін ұстаз «Топтық жұмыс істегенде жеке оқушының қабілетін бағалау» үлгісін қолданады (№6 кесте). Мұғалім алдын-ала (сабаққа дейін) кімді бағалайтыны жайлы жоспарлап алады. (2-6 оқушы)
Топтық жұмыс орындағанда жеке оқушының қабілетін бағалау.
Оқушылардың аты-жөні 1. Асан 2. Шынар 3. Бақыт 4. 5. 6.
Топта әрқайсысына міндеттерді үйлестіріп, өз міндеттерін атқарады. + + +
Идеялар ұсынады — — +
Топ ішіндегі талқылауға белсене қатысады. (ұсынған идеялар, мәліметтерді жетілдіріп, жалпылайды) + — +
Топ қатысушыларына көмектеседі + ++
Мұқият тыңдап, сұрақтар қояды +
Талқылау жүргізе біледі (сыпайы түрде қарсылық көрсетіп, дау тудырған сұрақтарға дұрыс шешім беруге тырысты) ++ +
Топқа берілген тапсырмаға зейін қойып орындайды +
Ортақ ұпай
Мұғалім топтардың тапсырмаларды қалай орындайтын қадағалап, әр оқушының қабілеттіліктерін зерттеп кестеге түртіп отырады. Жұмыстың қорытындысы бойынша оқушыларға бақылаудың қорытындысын жариялап, әрқайсысымен кері байланыс жасап өзіне белгілеп отырады.
б) Мұғалім оқушылардың бірін-бірі бағалау әдісін қолданып, жұмыстарының нәтижесін және оқушылардың қабілеттерін байқап оларды бағалайды. Ол үшін мұғалім қатысушыларға топтағы әріптестерінің жұмыстарын бағалауын сұрайды. Бұл жұмыстың барысында оқушыларға бағаның межелеріне (критерилеріне) назарын аударту қажет.
Бұл маңызды! Топтық жұмысқа бұл үлгіні қолданар алдында мұғалім қатысушыларға осы белгілемелердің қорытындысы жеке оқушының жетістіктерін бақылауға қажет екендігін түсіндіре кетуі керек.
Топтық жұмыс барысында өзін-өзі бағалауы. Мәлiметтің көмегімен алынған бақылаулар және оқушылармен қарым-қатынас орнату арқылы мұғалiмдер талдау жасай отырып, топтық жұмыстағы дағдыларының дамыту деңгейін, оқу материалының меңгерiлуінiң сапасын анықтауға және оқушылардың оқудағы жетістіктерінің сапасын жақсартуы бойынша ары қарайғы қадамдарын жоспарлай алады.
Нәтижесiнде қолданылған әр түрлi формадағы топтық жұмыстың бағалауларын мұғалiм оқушыларға үйрете алады:
(1 ) топта жұмыс iстеу процесін бағалау;
(2 ) өзін-өзі бағалау механизмін қолдану арқылы дайын тұрған жұмыстың күштi және әлсiз жақтарын анықтау.