Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білу

Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білу.
Сондықтан оқытушы үшін сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу– тәрбие жұмыстарын жүйелеп, сапасы мен тиімділігін арттырып, өзгерістер енгізуге барлық күш – жігерін жұмсауы тиіс.
Оқытуда оқушылардың теориялық және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатын көздегендіктен Б.К.Сүлейменованың әдістемелік нұсқауы бойынша төмендегідей бағытты сабақта пайдалануға болады.
Әдістемелік сабақ жүйесі:
• Лекция
• Әдеби шығармаларды талдау
• Арнау- шығармашылық сабақ
• Жазба жұмыстары
• Оқушылардың білімдерін түйіндеу.
Дәріс — бұл сабақта әр тақырыптың теориялық материалы оқытылады. Оқу материалын оқушыларға түсінікті түрде айтуға, рационалды еңбектің әдістеріне үйрету, ең негізгісін бөлуге үйрету. Сызба бойынша ақын-жазушы өмірінен мәлімет бере отырып, шығармаларының маңыздылығын таныту және өз беттерінше сызба жасауға үйрету. Оқытылған тақырыпты өмірмен байланыстыру және осы сабақта оқушыларға шығарманың тақырыбын беру.
Әдеби шығармаларды талдау:
• Мәнерлеп оқу;
• Шығарманың мағынасын ашу
• Әр тармақтың мағынасын ашу
Өлеңді СКТ технологиясымен талдау немесе әдеби шығарманың композициялық құрлымын талдау;
• Өмірмен байланыстыру
• Ұқсас өлеңдермен салыстыру
• Өзіме не алдым?
• Сен ақынмен келісесің бе?
Арнау- шығармашылық сабақ:
• Ақынға арнап айтылған өлең түрін оқыту;
• Мұғалімнің шығармасын оқу
• Ақынға ізет-құрмет ретінде жазуды көздеу-дарынды балаларға берілетін тапсырма
• Денгейлік тапсырмалар:
«Япондық өлеңді» аяқтау; «Адасқан сандар» өлең жолдарын құрастыру.
Жазба жұмыстары- оқушыларға бірінші сабаққа берілген тақырып бойынша немесе ой толғау жазу.
Оқушылардың білімдерін түйіндеу- осы сабақта өтілген тапсырмаларды қортындылай отырып, шығарма жұмыстарын талдау және қандай жетістікке жеткеніміз туралы оқушылардың өздеріне түйін жасату.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің (Эрик Рустен, Сьюзан Шуман) бірлескен еңбегі. Бағдарламаның негізгі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алған.
Мақсаты – барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, өзіндік пікір айтуға , саналы шешім қабылдауға үйрету.
Сыни тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Қызығушылықты ояту.
Үйрену үдерісі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады.Осы арқылы ойды қозғату жүзеге асады.Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», « Түртіп алу», « Ойлану», « Болжау», « Әлемді шарлау», т.б әдістер (стратегиялар) жинақталған.Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушілік белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды.
Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі – мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі – INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – «білемін», — «мен үшін түсініксіз», + «мен үшін жаңа ақпарат», ? – «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне аламау, өмірмен ұштастыра алмау кездеседі. Мағынаны түсінуді осылай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни, байланыстар құруға дағдыландырады.
Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі.Күнделікті оқыту үдерісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болшақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Түсініктеме күнделігі», «Кейіпкерге хат», эссе жазу сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады.
«Қызығушылықты ояту» стратегиясы. (Оқушылар ақын жайлы білгендерін сызбаға түсіреді, уақыты белгіленеді.)

Білемін Білдім Білгім келеді

Концептуалдық кесте
Р/с Шығарманың аты Кейіпкер Адамгершілік қасиеті Кейіпкерге берілетін баға Ой-тұжырым, мақал-мәтел,
1

Сөздікпен жұмыс

Маңғаздану паңсыну, тәкаппарлану.


Мақтаншақ адам мақтау айтуды сүйетін, өзін-өзі асыра бағалайтын адам.


«Екі бетті күнделік» стратегиясы.

Әңгімеден алған әсерім Пікірім

«Әдебиет лотосы» Бұл бөлім бойынша әр топта оқушы – тексеруші сайланады. Әр оқушыға кесте парақшасы таратылады. Бұл кестеде жазушы әңгімелеріне талдау жасалады.

Әңгіме тақырыптары Кейіпкерлер Әңгіме желісі Немен аяқталады? Не суреттеледі?
жағымды жағымсыз
1
2
3
4
Дулат Бабатайұлының «Еспембет» поэмасына композициялық жоспар үлгісі
Композицциялық жоспар Суреттеу тәсілдері Поэманың тілі Поэмадағы салт-дәстүрлер

1. Пролог.

2. Еспембеттің нағашы жұртында тәрбиеленуі.


3. Туған елге оралсам деген арманы.

4. Атасынан бата алып, Ақбөртемен еліне оралуы.


5. Қалмаққа қарсы соғысқа аттануы.

6. Қалмақ батырымен жекпе-жекке шығуы.


7. Елінің олжаға кенеліп, Еспембеттің елге танылуы.

 

 



Деталь

 


Баяндау

 


Монолог

 


Диалог

 


Баяндау

Баяндау
Суреттеу
Суреттеу
Баяндау

 

 

Баяндау
Жетімдіктің арқаны (метафора)

Өрттен шыққан ұшқындай (теңеу)

Толқынды топ (метафора)

Қанқұмар қылыш (эпитет)

Бұйдалы тайлақ секілді (күрделі теңеу)

(Қаны толды ұртына) әсірелеу

Қанға сусап (әсірелеу)
Нағашы мен жиен (туыстық ұғым жайлы )

Ас беру

 

 

Сауын айту

 


Енші бөліп беру

 

 

 

Үйлендіру, қалыңдық әперу

 


Бата беру

Кейіпкер бейнесін ашу
Парасатты, алдына мақсат қоя білушілік, тектілік, ақылды, алып күш иесі, ержүрек, басқаларға үлгі, ұлтының патриоты, адал, ел қамқоры, ақжүрек, дүниеге қызықпайды, жомарт, кең пейіл, адал, сезімтал, т.
«Еспембет»поэмасы Өзара үндестік Батырлар жыры
1. Жазба әдебиет.
2. Әке-шешесіз жетім өсуі.
3. Сүйген жары айтылмайды.
4. Туған елінен, жерінен жырықта өсіп ер жеткен.
5. Жыраулар поэзиясы

 

 

 

 

 

 

 

Ұлттық психология.
Батырлықты дәріптеу.
Қазақ-қалмақ соғысы.
Ат-ер қанаты.
Елін, жерін жаудан қорғауды мақсат ету, т.б 1. Ауыз әдебиеті үлгісі.
2. Әке-шешесінің ерке балалары
3. Батырдың қасынан табылатын сүйген жарының болуы.
4. Туған елінің топырағында аунап-қунап өскен.
5. Түркі тектес халықтарға ортақ туынды.


Таратпа материал үлгісі
Ұлы тұлға Ол кім? Ол туралы не білемін?
Не біліп келдім?

Жыраулар
дың қоғамдағы рөлі
Жанрлық ерекшелігі
Жыраулардың аты-жөні
Жырлаған
тақырыбы, көтерген мәселесі

Тәлімгер
ой-толғау сыр толғау
Қазтуған
жырау,
Асан Қайғы,
Шалкиіз,
Тәтіқара
жырау,
Бұқар жырау,
Шал ақын ,
Қожаберген
жырау,
Табиғат.болмыс, өмір мәселелері, үлгі-насихат өлеңдері, шешендік сын-сықақ дидактикалық -үйретушілік сипаттағы шығармалар, халық
арасында тәлім-
тәрбиелік мәселелерге белсенді араласуы:
Әділдік пен әділетсіздік… Жырлауы (Гуманистік рухтағы шық\ы)

Мәмілегер
Арнау
жырлар, ода түрінде де
Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау,
Ел билеушілер мен халық арасындағы, ер мен ел арасындағы бітім, бірлік, ынтымақ мәселесі, өсиет сәугейліктері, сын болжаулар, қоғамдық әлеуметтік мәні бар мәселерге араласуы, данагөи билік айтуы (адамды жоғары
құндылық деп тану)

Жауынгер Қаһарман
дық толғау жорық жырлары Қазтуған
жырау,
Доспанбет,
Шалкиіз,
Жиембет,
Марқасқа,
Ақтанберді,
Тәтіқара,
Үмбетей,
Қожаберген
Жырау Жауынгерлік рух, елдік, ерлік, батырлық дәстүрді жырлауы, туған жер, қонысын қорғау,
қаһармандықпен күресу, азаматтық асқақ сезім, қол бастаған батыр, ел билеген қоғамдық -саяси қайраткер
дәрежесі (еларалық,
ерлікжайлы)
Мысал ретінде талданған сабақтың үлгілері оқытудың тұтас технологиясын құратын тапсырмалар жүйелерін жасауға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *