АйСауле сорты

АйСауле сорты – топырақтың тұздылығына төзімді, ерте көктемде (сәуір) себуге қолайлы және төменгі температурада өне алады. Басқа сорттардан айырмашылығы бастапқы вегетациялық кезеңде өнуі қарқынды жүреді, жас өскіндер суда жақсы жетіле алады. Сондықтан өндірісте 210-230 кг/га себуге ұсынылады және механикалық жинау жұмыстары кезінде масақта дән төгілмейді [106]. Пісіп
жетілу мерзімі 108-110 күнді құрайды, масақтағы дән саны
125-150 дана. 1000 дәнінің салмағы 31-32 г. Жарма шығымдылығы 68-70 пайызды көрсетсе, бүтін дән шығымдылығы 85-90%.
Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты қолға алған тың сұрыптардың соңғысы – АйСауле сорты. Өндіріс алқабында жасалған тәжірибеде бұл күріш әр гектарынан 60 ц-ге дейін өнім берген. Авторлардың бірі а-ш.ғ.к. Қазақ күріш шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері С. Байбосынованың айтуынша, жаңа сұрып будандастыру арқылы алынған. Бұл сорттың ерекшеліктері – тұзға төзімділігі және сапасынын жоғарылығы, сосын өнімнің жоғарылығы. Ең айтып өтетін және осы өңірдің ауа-райының, климаттық жағдайына төзімділігі. Ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және Ресей сорттарын, мен ойлаймын, келешекте біздің өзіміздің осы өңірге бейімді шығарған сорттар басып озады. АйСауле күріші, кейбір ресейлік сұрыптармен салыстырғанда, 10-15 күн бұрын піседі.
Қазір оны облыстағы бірнеше шаруашылық тәжірибе ретінде егіп жатыр

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *