«Адам. Жер. Ғалам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
5.2.2.2 Жердің құрылысы мен құрамын атау
5.2.3.1 Жер қабықтарын және олардың құрамдас бөліктерін сипаттау
5.2.4.2 Тіршілік етуге қажетті жағдайларды анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Жердің ішкі құрылысы мен құрамын анықтайды • Жердің сыртқы қабығының құрамын және оларды құрайтын бөліктерін атап тұжырымдайды
• Тірі ағзаларға өмір сүруге қажетті жағдайларды атайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Тірі организмдердің өмір сүруі үшін қажетті шарттарды көрсетіңіз. А) азот, су, ауа, минералдық заттар
В) су, ауа, жер, жарық
С) ауа, су, темір, тыңайтқыш
D) су, ауа, калий, көмір қышқыл газы
2. Суретте көрсетілген Жердің ішкі құрылысының атауларын жазыңыз.
2
1
3
1___________________ 2_________________ 3_________________.
3. Кестені толтырыңыз.
Жердің сыртқы қабығының /сферасының
атаулары Жер қабығының сипаттамасы Жер қабығының құраушысы
A) Атмосфера тропосфера, озон қабаты, стратосфера
B) мұхиттар, теңіздер, өзендер, батпақтар, көлдер, жер асты сулары
C) Литосфера қатты қабығы
D) «өмірдің саласы», оны тірі организмдер және олардың тұратын ортасы құрайды
8
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Тірі ағзаларға өмір сүруге қажетті
жағдайларды атайды 1 өмір сүру үшін қажетті жағдайлардың тізімін көрсетеді; 1
Жердің ішкі құрылысы мен құрамын анықтайды 2 Жердің ішкі өзегін атайды; 1
Жердің ортаңғы қалың қабатын атайды; 1
Жердің беткі жұқа қабатын атайды; 1
Жердің сыртқы қабығының құрамын және оларды құрайтын бөліктерін
атап тұжырымдайды
3 Жердің су қабатын анықтайды; 1
Жердің тіршілік қабатын анықтайды; 1
Жердің сыртқы атмосфера қабығын сипаттайды; 1
Жердің су қабатын сипаттайды; 1
Жердің сыртқы литосфера қабығы бөлімдерін атап көрсетеді; 1
Жердің тіршілік қабаты бөлімдерін атап көрсетеді. 1
Барлығы 10
ЖОБА
«Адам. Жер. Ғалам» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика.
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Тірі ағзаларға өмір сүруге қажетті жағдайларды атайды.
Тірі ағзаларға өмір сүруге қажетті жағдайларды атауда қиналады.
Тірі ағзаларға өмір сүруге қажетті жағдайларды атауда қателіктер жібереді.
Тірі ағзаларға өмір сүруге қажетті жағдайларды дұрыс атайды.
Жердің ішкі құрылысы мен құрамын анықтайды.
Жердің ішкі қабықтарын анықтауда қиналады.
Жердің ішкі өзегін/ ортаңғы қалың / беткі жұқа қабатын атауда қателіктер жібереді.
Жердің ішкі қабықтарың дұрыс анықтайды.
Жердің сыртқы қабығының құрамын және оларды құрайтын бөліктерін атап сипаттайды.
Жердің сыртқы қабықтарын, оларды құрайтын бөліктерін анықтағанда және сипаттауда қиналады.
Жердің су / тіршілік қабатын анықтауда / сыртқы атмосфера / су қабатын сипаттауда / литосфера / тіршілік қабаты бөлімдерін атап көрсетуде қателіктер жібереді. Жердің сыртқы қабықтарын, оларды құрайтын бөліктерін дұрыс анықтайды және дұрыс сипаттайды.