8-наурыз (мерекелік іс-шара сценарийі)

«8- наурыз»
«Балапан» тобы
Дайындаған тәрбиеші: Жұмағалиева Маншук Нұргалиқызы.
Кейіпкерлер: Көктем, Жаңбыр, Саңырауқұлақ..
Балалар әдемі әуен ырғағымен кіреді.
Жүргізуші:
-Құрметті аналар, әжелер, қыздар сіздерді 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. «Ана-аса қымбат жан» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Ән: «Көктем нұры»
Жүргізуші: Балалардың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Менің анам ақылшым
Күн секілді білгенге
Шашырайды шуағын
Үйімізге кіргенде. Айбар

Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Ұландарды құтықтап
Ұзақ өмір сүріңіз Мариям

 

Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай Батырхан

Алысқа кетсемде сағынам мен сені
Әрқашанда жанымнан
Табылатын менің анашым Мансур

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.
Осы кезде залға әуен ойнап, Көктем кіреді.
Көктем:
Мен көңілді көктеммін, Көзін ашып бұлақтың, Түбіне тал еккенмін. Гүл боп қырда егілем, Нұр боп көктен төгілем.
Көктем: Сәлеметсіңдер ме балалар?! Айнала сондай керемет! Мерекелеріңіз құтты болсын! Керемет әндеріңізді естіп ,сіздерге келуді жөн көрдім.
Балалар: Сәлеметсізбе Көктем ханшайымы!
Жүргізуші: Қош келдіңіз! Өте қуаныштымыз сізді көргенімізге! Біздің қонағымыз болыңыз,балалардың өнерін тамашалаңыз.
Тақпақтар:
Мансур: Бал бөбегін баптаған
Мамам үшін мақтанам.

Айкөркем: Ақ бетінен сүйейін,
Келші,келші ақ мамам.

Айкүнім: Еркелетсе күнім дейтін,
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.

Әкежан: Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.

Нұрмұхамед: Шалқып тасып әніміз.
Жадырасын жанымыз
Аналарды құттықтап
Би билейміз бәріміз.

Көктем: Рахмет балалар, ал сендер білесіңдерме көктемде ең бірінші не өсіп шығатын?
Балалар: Гүл!
Көктем: Әрине балалар! Ең бірінші бәйшешек гүлі өсіп шығады. Ендеше менімен бір ойын ойнайықшы.
Ойын: «Гүл құрастыру»
Көктем:Өте жақсы балалар! Сондай жылдам,епті екенсіңдер!
Жүргізуші: Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Табасыңдарма жауабын?
Дегенімді жасайтын
Қалған тамағымды асайтын
Ертіп алып жетектеп
«Немерем» – деп атайтын?
Балалар: Әже!
Жүргізуші: Өте жақсы балалар,әрине әже! Ендеше балалар әжелерімізге арналған тақпақтарымыз бен әнімізді орындап берейік
Тақпақ:
Менің әжем мейірбан
Мені жақсы көреді
Қажетіне жарасам
Жас балаша күледі Айкүнім.

Мақтанамын апа
Шат әнім апа
Өзіңе тақпақ
жаттадым апа Мариям

Би билейік ойнайық,
Мейрамды біз тойлайық. Батырхан


Жүргізуші: Раяна менАмираның орындауында «Әже» әнін қабыл алыңыздар.
Бәрі балаларды мақтайды.
Күн күркүреген даус естіледі.Ауен ырғағымен Жаңбыр кіріп ары бері су шәшәді,билейді.

Жаңбыр: Мен жаңбырмын. жаңбырмын
Көтереліп өзеннен,
Аспанға биік барамын,
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың.
Балалар қолшатырдың астына тығылады.
Көктем: Ой, ой, ой жаңбыр тоқтайғой. Сіз ерте келіп қойғанжоқсыз ба? Балаларымыз су болып жаурап қаладығой.
Жаңбыр:Сәлеметсібе Көктем!Кешіріңіз. Әдемі әуендерді естіп шыдамай кеттім және күн де жылып кетті.
Жүргізуші:Жаңбыр қош келдіңіз! Біздің балалар жаңбырдан қорықпайды қолдарында қолшатырлары бар,ал жылыну үшін билейміз кәзір.
Би: «Қолшатыр»
Жаңбыр бәрін мақтап шығып кетеді.
Жүргізуші:
Той пердесін ашайық, Тойға шашу шашайық. Аналарді құрметтеп, Ән маржанын шашайық- деп балалардың аналарына арналған әнін қабыл алыңыздар!
Осы кезде жапқыштың астынан саңырауқұлақ керіліп шығады да жан-жағына қарап шошып кетеді.
Саңырауқұлақ: Ой,ой,ой мен орманың ішінде күзде ұйқтап қалып едім кәзір басқа жерден ояндым. Бүл не ғажайып?Мен қайдамын?
Көктем ханшайымы: Сәлеметсің бе Саңырауқұлақ! Бәріңе не болған ерте шығып? Сенің алдыңда жаңбыр келіп кетті енді міне сен.
Саңырауқұлақ: Бәрі дұрыс! Сіздер білесіздерғой жаңбыр жауса болды саңырауқұлақтар көп болып шығатынын.
Жүргізуші: Сәлеметсізбе,өте жақсы!Бұл балабақша.Бізде аналарға,қыздаға арналған мереке өтіп жатыр. Ал сіз осы жерден шыққан себебіңіз біз ағаштың түбінен топырақ алып келіп гүл егеміз. Сол топырақтың ішінде болғансызғой.Біздің қонағымыз болып балалардың өнерін тамашалаңыз. Мерекемізді жалғастырайық.
Ән: «Мамочка моя»
Бәрі балаларды мақтайды.
Саңырауқұлақ: Өте керемет балалар! Балалар мен қыстай ұйықтап денем қозғалмай қалыпты. Жүгіріп бір ойын ойнайықшы.
Ойын: Қолшатыр ойыны.
Саңырауқұлақ:Ой қараңыздаршы мына қалпақтар менің қалпағыма ұқсайды екен,өздері сондай әдемі. Менің де қалпағым әдемі.
Жүргізуші: Бұл қалпақтар ұлдарымыздың қалпақтары . Кәзір бәрі қалпақтарын киіп билеп береді.
Би: « Факстрот»
Бәрі балаларды мақтайды.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! бәріміз экранға назар аударайық.
Балалар орындарынан тұрып бәрі қолдарына аналарына арнап жасаған гүлдерін береді.
Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй-деп, келесі кезекті әнге берейік.
Ән: «Ақ мамам»
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, аналар, әріптестер! Осымен біздің аналар күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі сөз кезегі «Зүбән апа» балабақшасының директоры А. Өмірсадыққызына беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *