Өсімдіктер клеткасының жалпы құрылымдық ерекшеліктері
Клетка құрылымының биологиялық маңызы, оның мөлшері және сыртқы пішіні. Цитоплазманың клетка тіршілігіндегі маңызы. Цитоплазманың жалпы сипаты мен қозғалысы. Вакуоль жүйесі, оның клетка тіршілігіндегі рөлі. Плазмолиз, деплазмолиз.
Пластидтер, олардың құрылыстық ерекшеліктері және биологиялық маңызы. Хлоропластар, олардың құрылысы, лейкопластар және хромопластар. Пластидтердің өзара бір түрінің екенші түріне айналуы.
Клеткадағы органикалық және минералдық заттардың жинақталу түрлері және топтасуы. Алғашқы және қайта синтездеу туралы түсінікке клетканың қорлық қоректік заттары. Алмасудың соңғы өнімдері. Минералды қоспалар.
Клетка қабықшасы. Клетка қабықшасының қызметі мен маңызы. Қабықшаның химиялық құрамы мен молекулалық ұйымдасуы. Плазмодесмалар. Клеткааралықтар. Саңылаулар және олардың түрлері. Клетка қабықшасының пайда болуы және өсуі. Клетка қабықшасындағы өзгерістер.