Қош келдің Жаңа жыл! (мерекелік сценарий)

« Қош келдің Жаңа жыл!»
«Балапан» тобы
Дайындаған тәрбиеші: Абдуакасова Айнур Сериккажыновна.
Тақырыбы: « Қош келдің Жаңа жыл!»
Мақсаты : Балаларға мерекелік көңіл -күй тудыру. Мерекеде өздерін еркін ұстай білуге ,ұжыммен бірге болуға дағдыландыру, тілдік қорын дамыту.Достыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Шымылдық жабық,ортаға жүргізуші шығады.
Шымылдық ашылады, ортада жасыл шыршалар отырады.
Жүргізуші:
Аппақ аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан
Орманда кішкентай шыршалар туыпты.
Әуенімен қыздар-шыршалар және Ақшақар билейді.Осы кезде басқа әуен ойнайды.Қыздар –шыршалар отыра қалады,ал Ақшақар тығылып қалады.Осы кезде ортаға балтасын ұстап кішкентай Санта кіреді.
Санта: -Ой қандай керемет жерге келдім,шыршалар өте көп екен. Кішкентай шыршаның біреуін шауып алайын — деп бір шыршаға жақындайды.
Сол кезде қыз-шырша:- ой деп секіріп кетеді, оның артынан бәрі қашады. Санта шошып тұрып қалады.Ақшақар ортаға шығып айтады.
Ақшақар:- Сантасәлеметсіңбе! Неғып жұрсің?
Санта: Мені шошыттыңдарғой. Мен орманға шыршаға келдім. Шыршалар жүгіріп кетті ғой.
Ақшақар:- Сен қорықпа,бұл сиқырлы орман. Біздің орманда ағаштарды шабуға болмайды.
Санта: Біз енді шыршасыз мерекені қалай қарсаламыз?
Ақшақар:- Достарыңның бәрін осында шақыр, бірге мерекені өткізейік.Қарашы ортамызда қандай әдемі шырша тұр.
Санта:-Жәрайді, Бірақ маған ешкім сенбей қояды, сіздермен бірге барып достарымды ертіп келейікші.
Ақшақар:- Жәрайді, барып келіңдер.
Бәрі шығып кетеді. Жаңажылдық әуен ырғағымен балалар ортаға шығады.Шыршаны айналып тұрады.
Ақшақар:- Қош келдіңдер құрметті достар біздің сиқырлы орманымызға!

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, Ақшақар!
Келді міне жаңа жыл сәуле шашып,
Құлпырады табиғат нұры тасып.
Жаңа жылды ағайын қарсы алайық,
Ойын ойнап, би билеп, ән салайық.

Ән: «Жаңа жыл»

 

Оралдың өлкеме, Мариям
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.

Жапалақтап ақша қар Әкежан
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.

Бақша іші мереке, Масима
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.


Жаңа жыл келгенде Батырхан
Қуанып қарсы аламыз
Аяз ата келгенде
Билиміз ән саламыз.

Ақшақар:Балалар қараңдаршы, айнала қандай әдемі.Мына ортада тұрған шыршаға қараңдаршы әдемі безендірілген .
Балалар сендерге ұнадыма?
Балалар:Иә.
Жүргізуші: Өте тамаша! Бірақ шыршаның шамдары жанбай тұрғой.
Ақшақар: Әрине,ортаға Аяз Атаны шақырайық шыршаның шамын жағайық.
Жүргізуші: Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз атаны ортаға шақырайық.
(Аяз ата кіріп келед.)
Аяз Ата: Аяулы ата — аналар, ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
Бәрі Аяз атамен амандасады.
Жүргізуші: Аяз ата ортадағы шыршамыз қандай әдемі. Бірақ шыршаның шамы жанбай тұр.
Аяз Ата: Әрине жағамыз!Бәріміз шыршаны айналып тұрайық.
Шырша бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
Ортаға біз шығайық
Әсем әнге салайық
Шырша шамы жанады.
Жүргізуші:Біздің Ғибратрахим мен Айшаның әнін тыңдаңыздар.
Ән: «Шырша әні»
Жүргізуші: Аяз ата балалардың сізге дайындап келген тақпақтарын тындаңыз.

Жаңа жыл жаңа жыр Айкүнім
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр

Аппақ тонға оранып, Айбар
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Тамаша тамаша Мансур
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса

 

Аяз ата: Бәрекелді өте керемет тақпақтар.Балалар сендер хоккей ойынын білесіңдерме?
Балалар:-Ия
Аяз ата: Ендеше ойнаймыз!
Ойын: «Кім жылдам?»
Аяз ата: -Біздің балалар қандай жылдам.Керемет,керемет. Бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.
Ақшақар: Ормандағы кішкентай шыршаларымыз әдемі билерін дайындапты.
Би: « Шыршалар»
Бәрі балаларды мақтайды.
Санта:- Аяз Ата сіз билеу білесізбе?
Аяз Ата:Әрине билеу білемін!
Жүргізуші: Қане балалар Аяз атамызды ортаға алып бір би билейік.
Би: «Санталар».
Жүргізуші: Аяз Ата демалып алыңыз,балалардың тақпағын тыңдаңыз.

Көңілде көп қуаныш Айкүнім
Әр көңілде жақсы үміт
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық

Жүзімізге күлкі ойнап Мариям
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз!

Аспан жерге төгеді, Айбар
Ақ күмісін арқалап.
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.

Оралдың өлкеме Батырхан
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқартау қарлы шың

Жапалақтап ақша қар Әкежан
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап

Біздің бала бақшада Нұрмұхамед
Шырша тойы болады
Аяз ата, Ақшақар
Біздермен мәз болады

Аяз ата:Өте жақсы балалар! Өте өнерлі екенсіңдер, енді тағы бір ойын ойнасақ қайтеді?
Ойын: «Кім жоқ ?»
Аяз ата: Балалар біздің қоштасатын кезіміз келді. Бізді көп балалар күтіп жүр.
Ақшақар: Аяз ата сіз балаларға көп сыйлық дайындап едіңізғой, солар қайда?
Аяз ата: Ай,ай,ай ұмытып бара жатырмын. Мен сыйлықтарды қалдырып кетіппін ғой.
(Музыкамен Сиыр кіреді.)
Сиыр: Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін!
Мен сендермен бір жыл бойы бірге боламын. Сендерге денсаулық, шаттық күлкі, бақыт тілеймін!
Аяз Ата сіз орманға келе жатып балаларға беретін сыйлықтарыңызды ұмытып кетіпсіз! Мен ала келдім!
Аяз ата: Жарайсың тышқан! Кәне сандықты ашайық. Ай ай ай сандығым ашылмай жатыр , ал енді сандықты ашу үшін бір әдемі ән айтайықшы.
Аяз ата: Тамаша балалар!
Ән: «Жаңа жыл».
Сандықтан сыйлықтар таратылады.Аяз ата бәрін құттықтайды.
Жүргізуші: Осымен «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін.
Жаңа жылдық құттықтау сөз «Зүбән апа» балабақшасының директоры
А. Өмірсадыққызына беріледі

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *