Сабақ – өркеннің негізгі мүшесі

Сабақ – өркеннің негізгі мүшесі
Сабақ – өркеннің өсі, оның қызметі және морфологиялық ерекшеліктері. Сабақтың анатомиялық жалпы құрылысы. Ондағы алғашқы ұлпалардың орналасуы. Сабақ және жапырақтар өткізгіш ұлпаларының байланысы. Прокамбийден алғашқы ұлпалардың пайда болуы. Сабақтың алғашқы құрылысы. Стела теориясы. Стелалар классификациясы (прото, актино-, сифоно-, диктио-, эу- және атактостелалар), олардың эволюциясының басты факторлары. Алғашқы өткізгіш ұлпалардың орналасуы, перицикл және эндодерманың тұрақталуы. Жапырақтар мен қолтық бүршіктердің стела құрылыстық ерекшелігінің
қалыптасуындағы мәні. Камбий жұмысы. Сабақтың соңғы құрылысына ауысуы. Соңғы өткізгіш ұлпалардың пайда болуы.
Көпжылдық ағаш өсімдіктер сабағының анатомиялық соңғы құрылысы. Камбий қызметінің нәтижесінде сүрек және тіннің үстеме өсуі. Сүрек құрылысы. Ядролық сүрек, заболонь. Соңғы тіннің (флоэманың) құрылысы, сүрек және тіннің жастық өзгерістері, қыртыстың қалыптасуы.
Сүрек және тін өнімін халық шаруашылығында пайдалану. Даражарнақтылар сабағының құрылысы. Өркен жүйесінің қалыптасуы. Үстемелеп өсу. Бұтақтардың аналық өске орналасуына қарай варианттары: акротония, мезотония, базитония.
Вегетативтік мүшелердің мамандануы және түрлене өзгеруі. Метаморфоз туралы жалпы түсінік. Өркен метаморфоздары. Каудекс және партикула туралы түсінік, өркеннің жерасты түрленуі және өркеннің жер бетіндегі түрленуі. Жапырақтар метаморфоздары. Тамырлар метаморфоздары. Эпигеогенді және гипогеогенді тамырсабақтар туралы түсінік.
Өсімдіктер морфогенезінің жалпы заңдылықтары. Бірдей қызмет атқаратын бірақ шығу тегі әртүрлі (аналогия) және шығу тегі бірдей (гомология) мүшелер және полярлық, симметрия, корреляция, регенерация және басқа да ұғымдар туралы түсінік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *