Жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктер
Тіршілік циклында гаметофиті басым жоғары сатыдағы өсімдіктер.
Мүктәрізділер бөлімі. Мүктәрізділердің шығу тегі. Жалпы морфологиялық, анатомиялық сипаттама. Тіршілік циклі. Тіршілік жағдайы және географиялық таралуы. Мүктәрізділердің шаруашылық мәні және олардың табиғаттағы ролі. Мүктәрізділердің кластарға бөлінуі.
Антоцеротопсидтер класы. Жалпы сипаттама. Антоцероттар тұқымдасы. Гаметофиттің және спорофиттің құрылыс ерекшеліктері. Экологиялық, биологиялық ерекшеліктері. Мүктәрізділер жүйесіндегі орны.
Бауыршықтар немесе бауыршық мүктер класы. Маршанциопсидтер немесе Гепатикопсидтер класы. Гаметофиттің талломды және сабақ жапырақты формалары. Спорофиттің құрылыс ерекшеліктері. Тіршілік циклі. Маршанциидтер және Юнгерманниидтер класс тармақтары. Маршанциялар, Сферокарпостар, Метцгериялар, Юнгерманниялар қатарлары. Маршанциялар, Сферокарпостар, Пеллиялар, Радулалар тұқымдастары. Олардың сипаттамалары, негізгі өкілдері.
Жапырақ сабақты мүктер немесе бриопсидтер класы. Жалпы сипаттама. Гаметофиттің және спорофиттің құрылысы. Тіршілік циклі. Сфагнидтер, Андреидтер және Бриидтер класс тармақтары. Сфагнумдар, Андреялар, Полит- рихумдар және Бриумдар қатарлары мен тұқымдастары. Олардың сипаттамалары, негізгі өкілдері, таралуы, өсімдіктер жабынындағы рөлі.
Тіршілік циклында спорофиті басым өсімдіктер.
Риниофиттер бөлімі. Шығу тегі. Жалпы морфологиялық, анатомиялық сипаттама.
Риниопсидтер класы. Риниялар және Псилофиттер қатарлары. Риниялар, Хорнеофиттер және Псилофиттер тұқымдастары. Олардың сипаттамалары, негізгі өкілдері. Риниофиттердің филогенетикалық мәні.
Плаунтәрізділер бөлімі. Плаунтәрізділердің шығу тегі. Жалпы сипаттама.
Плаунтәрізділердің кластарға бөлінуі.
Ликоподиопсидтер класы. Қазба өкілдері (Астероксилдер, Протолепидодендрондар қатарлары). Плаундар қатары және тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Тіршілік циклі. Өскіншенің құрылыс және даму ерекшеліктері.
Полушниктер (Изоэтопсидтер) класы. Қазба өкілдері (Лепидодендрондар қатары). Морфологиялық, анатомиялық сипаттама. Өкілдерінің құрылыс ерекшеліктері және таскөмірдің түзілуіндегі ролі. Селагинеллалар және Полушниктер қатарлары мен тұқымдастары. Өкілдерінің морфологиялық, анатомиялық сипаттамасы. Тіршілік циклі. Таралуы және экологиясы.
Псилоттәрізділер бөлімі. Псилоттәрізділердің шығу тегі. Псилотопсидтер класы. Псилоттар қатары және тұқымдасы. Өкілдерінің жалпы морфологиялық, анатомиялық сипаттамасы. Өскіншенің құрылысы. Спорофит және гаметофит құрылысындағы қарапайым белгілер.
Қырықбуынтәрізділер бөлімі. Жалпы морфологиялық, анатомиялық сипаттама. Тіршілік циклі. Географиясы және экологиясы. Мәні. Кластарға бөлінуі.
Қазба Қырықбуынтәрізділер (Гиениопсидтер, Сфенофиллопсидтер кластары). Морфологиялық, анатомиялық құрылыс ерекшеліктері. Қатарлары, тұқымдастары, өкілдері.
Қырықбуындар (Эквизетопсидтер) класы. Қырықбуындар қатары және тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Өкілдерінің морфологиялық, анатомиялық ерекшеліктері. Стробилдердің, споралардың, гаметофиттердің ерекшеліктері.
Папоротниктәрізділер бөлімі. Папоротниктәрізділердің шығу тегі. Спорофиттің жалпы морфологиялық, анатомиялық сипаттамасы. Сорустардың, спорангийлердің құрылыс ерекшеліктері. Эв- және лептоспорангиялық папоротниктер. Гаметофит және ұрықтану. Тіршілік формалары. Папоротниктәрізділердің классификациясы және филогениясы. Таралуы және экологиясы.
Қазба Папоротниктәрізділер. Аневрофитопсидтер, Археоптеридопсидтер, Кладоксилопсидтер, Зигоптеридопсидтер кластарының өкілдері (птилофитон, кладоксилон, зигоптерис, ставроптерис ж.б.).
Офиоглоссопсидтер класы. Жалпы сипаттама. Ужовниктер қатары және тұқымдасы. Өкілдерінің құрылыс ерекшеліктері (гроздовник, ужовник, гельминтостахис). Гаметофиттері. Таралуы.
Мараттиопсидтер класы. Класқа тән ерекшеліктер. Мараттиялар қатары және тұқымдасы. Морфологиялық, анатомиялық сипаттамасы. Көбею органдарының құрылысы. Гаметофиттері. Өкілдері. Таралуы.
Полиподиопсидтер класы. Морфологиялық, анатомиялық сипаттама. Тең және әртүрлі споралық. Класс тармақтарына бөлінуі. Полиподиидтер класс тармағы. Жалпы сипаттама. Полиподиумдар және Циатеялар қатарлары. Полиподиумдар және Асплениумдар тұқымдастары.Тіршілік формалары. Құрылыс ерешеліктері. Жергілікті флорадағы өкілдері. Сорустардың және спорангийлердің құрылысы. Тең споралық. Өскіншенің құрылысы. Ұрықтану, спорофиттің дамуы. Таралуы. Марсилеидтер және Сальвиниидтер класс тармақтары. Марсилиялар және Сальвиниялар қатарлары және тұқымдастары. Өкілдерінің тіршілік жағдайы. Морфологиялық, анатомиялық құрылыс ерекшеліктері. Көбею органдарының құрылысы. Әртүрлі споралық. Тіршілік циклы. Таралуы және экологиясы.