Жай жапырақтар мен күрделі жапырақтар

Жай жапырақтар және күрделі жапырақтар

Жапырақтың негізгі бөлігі оның тақтасы дедік. Егер жапырақтағы тақта саны біреу болса, онда ол жай жапырақ деп аталады. Жапырақтардың түсуі кезінде жай жапырақ тұтас түсіп қалады. Мысалы, егер жапырақ сағақты (серігүл, жөке және т.б.) болса, тақтасы сағағымен бірге үзіледі. Күрделі

   

 

2 — с у р е т. Жай жапырақ пішіндері:

1- ине (қылқан) жапырақ; 2 — таспа жапырақ; 3 — сопақша жапырақ; 4 — қаңдауыр жапырақ: 5 — сопақ жапырақ; 6 — дөңгелек жапырақ; 7 — жұмыртқа тәрізді жапырақ; 8 — теріс жұмыртқа тәрізді жапырак; 9 – ромб тәрізді жапырақ; 10 – қалақ жапырақ; 11 — жүрек тәрізді жапырақ; 12 – бүйрек тәрізді жапырақ; 13 — стрелка тәрізді жапырақ; 14 — жебе тәрізді жапырақ; 15 — қалқан тәрізді жапырақ.

 

жапырақта, бір жапырақтың негізгі сағағында екі, үш немесе бірнеше жеке тақташалар болуы мүмкін. Кейде олар өз сағақшалары арқылы өсіп жегіледі де кейін әрқайсысы жеке-жеке түседі. Мұндай жапырақ күрделі жапырақ, деп, ал оның жеке тақталары күрделі жапырақтың жапырақшалары деп аталады. Күрделі жапырақтың жапырақшалары орналасқан ортақ сағақ бөлімі рахис (грекше «рахис» — омыртқа) делінеді.

Жай жапырақ тақталарының пішіні алуан түрлі. Мысалы, ине тәріздестері қылқан жапырақты. Оған шырша, қарағай, балқарағай және т.б. жапырақтары жатады. Таспа немесе айыл тәрізді жапырақ астықтарға тән. Бұлардағы таспаның ұзыңдығы енінен бірнеше есе артық. Сол сияқты сыртқы пішініне қарай жапырақтар қандауыр, ромба, жұмыртқа, бүйрек, жүрек, дөңгелек, сопақ, эллипс, жебе, қалқан тәрізді және т.б. болып жүйеленеді (3-сурет).

 

                    

 

3-сурет.  Жапырақ жиегінің тілімделу        4-сурет. Күрделі жапырақтар

мөлшері: А-телімді, Б-тілімді; В-бөлімді;   1-қауырсын күрделі;

1-үш рет;  1а-екі рет,                                      қауырсын күрделі; 2-салалы күрделі;             

2-салалы; 3-қауырсынды.                              3-үшқұлақ күрделі; 4-бірнеше рет үш    

                                                                         құлақ күрделі. 

       

Жапырақ тақтасы жиегінің ерекшелігіне байланысты жапырақтар бүтін жиекті және бүтін деп бөлінеді. Бүтін жиекті жапырақтардың тақта жиегінде ешбір кедір-бұдырлары және тіліктері жоқ (серігүл, терек, қараған, жүгері және т.б.). Бүтін жапырақ тақтасының жиегінде азды-көпті кедір-бұдырлар бар, олардың пішіндері: үшкір тісті, ара тісті, жұмыр тісті (дөңес), ойыс жиекті және т.б. болын келеді. Үшкір тісті жапырақ тақтасының жиегіндегі тісшелерінің ұшы үшкір, әрбір тісше негізгі жүйкеге біршама перпендикуляр өседі. Жиегі ара тісті жапырақ тақтасындағы тісшелердің ұшы үшкір, тіс-тісшелердің сыртқы қабырғасы ұзындау. Сондықтан тісшелер орталық жүйкеге біршама параллель өседі. Жұмыр тісті немесе дөңес жиекті жапырақ тақтасындағы тісшелердің сырт жағы дөңес, түп жағы үшкір болып аяқталады. Ойыс жиекті жапырақ тақтасының пішіні керісінше, тісшелердің ұшы үшкір де, түп жағы ойыс.

Жапырақтар — жапырақ тақтасының ұшының пішініне қарай: доғал, үшкір, сүйір, ойыс, ал жапырақ тақтасының негізіне қарай: сына тәрізді, дөңгелек (жұмыр), жүрек тәрізді, бүйрек тәрізді, жебе тәрізді және т.б. болып келеді.

Тақтасының жиегіндегі тіліктердің аумағына қарай жапырақтарды телімді, тілімді, және бөлімді деп жүйелейді (3-сурет).

Телімді жапырақтарда — жапырақ тақтасының жиегіндегі тілімдерінің түп жағы, оның негізгі жүйкеге дейінгі 1/2 бөлігіне немесе тұтас тақта енінің 1/4 бөлігіне жетеді, тілімді жапырақтарда — жапырақ тақтасының жиегіндегі тіліктерінің түп жағы оның негізгі жүйкесіне дейінгі 1/2 бөлігінен асып кетеді, бөлімді жапырақтарда — жапырақ тақтасының жиегіндегі тілімдеу аумағы оның негізгі жүйкесіне дейін жетіп, тақта жеке бөліктерге бөлінеді. Жиегінің тілімделу бөліктерінің саны мен пішініне қарай жапырақтар: үш құлақ телімді, саусақ салалы телімді, қауырсын телімді, үш құлақ тілімді, саусақ салалы тілімді, қауырсын тілімді, үш құлақ бөлімді, саусақ салалы бөлімді, қауырсын бөлімді деп жүйеленеді. Қауырсын бөлімді жапырақта ірі жапырақтар майдаларымен кезектесіп орналасса, мұны үзілмелі қауырсын бөлімді жапырақ деп атайды (қартоп). Қауырсын бөлімді жапырақтың жоғарғы бөлігі (сегменті) бүйір жағындағылардан едәуір ірі болса, оны лира тәрізді жапырақ дейді (шомыр, қыша). Егер жапырақ тақтасы ұзынша, ал бөліктерінің пішіні үш бұрыштанып келсе, мұны сүргі тәрізді жапырақ деп атайды (мысалы, бақбақ).

Күрделі жапырақтар рахисте жапырақшаларының орналасуына қарай үш құлақ, саусақ салалы, қауырсын күрделі жапырақтар болып жүйеленеді. Қауырсын күрделі жапырақтың өзі тақ қауырсын, жұп қауырсын күрделі деп, одан әрі күрделілену нәтижесінде екі рет жұп, тақ қауырсынды, үш рет жұп, тақ қауырсынды күрделі жапырақтар деп жіктеледі (4-сурет).

Үш құлақты күрделі жапырақта рахиске үш жапырағы ғана орналасады. Мұндай күрделі жапырақ беде, жоңышқа, қытай бұршақ және т.б. өсімдіктерге тән. Саусақ салалы күрделі жапырақтағы жапырақшалардың саны үштен артық. Олар шоғырлана орналасқан. Мысалы, атталшын, кенепшөп, қазтабан жапырақтары. Қауырсын күрделі жапырақта рахиске жапырақшалар құс қауырсынының пәріне ұқсап орналасады. Рахистің ұшы бір жапырақшамен аяқталса, тақ қауырсыңды (шетен, ақ ақация және т.б.), екі жапырақшамен аяқталса, жұп қауырсынды (асбұршақ, чина) күрделі жапырақ болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *