Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары
Мектеп: Екібастұз қаласы №18 ЖОББМ
Мерзiмі: 08.05.2020 ж.
Мұғалім: Нурхаева Макпал Нурлановна
Семинарды тыңдаушылардың саны: 25
Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы: «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар»
Мақсаты: мұғалімдерді «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының негіздерімен таныстыру. Міндеттері: 1. Мұғалімдерге сабақтың негізі ретіндегі жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ұғындыру. 2. Сабақта жалпыадамзаттық құндылықтардың рухани-адамгершілік тереңдігін ашудың жолдарын көрсету. 3. Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісінде іс жүзіне асыруға бағыт-бағдар беру. |
Ресурстары: (материалдар, дереккөздер) Слайдтар |
Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды көңіл күйге келу. «Нұрға бөлену». Жоспар Кіріспе. Бағдарламаның ерекшелігі мен маңыздылығына тоқталу. 1. «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік Бағдарламасының аксиологиялық негіздері.Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар Жалпыадамзаттық құндылықтарды ағаш, күн арқылы түсіндіру. Жеке тұлға санасының құрылымының жалпыадамзаттық құндылықтармен байланысын, барлық жалпыадамзаттық құндылықтар бір адамдықтың қыры екенін түсіндіру. 2. Рухани –адамгершілік білім берудегі мұғалімнің рөлі. Мұғалім өміріндегі жағымды көңіл-күй ахуалының болуын, рухани-адамгершілік білім берудегі мұғалімге қажетті қасиеттерді айту. Педагогтың рөлі. Мұғалімнің үш типі. Мұғалімдерге арналған ережелерге тоқталу
|
Бейнекөрсетілім. «Әр бір ата- ана, ұстаз көру керек»
Бейнекөрсетілім: https://youtu.be/owcsyIK7NME
|
Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс Нұсқаулық : «Қазір арамыздан біреуміз «өз еркімен) есіктің сыртына шығып тұрады, ал біз қандай да бір түс таңдаймыз. Бөлмеге қайтып келген қатысушы біз қандай түс таңдағанымызды анықтау керек. Бұл үшін ол кез – келгенімізге бұрыла қарап сұрауына болады, ал ол таңдаған түсті қимылмен көрсетеді. Егер түс дұрыс анықталмаса «шешуші» басқа адамға қарап сұрауға болады және т.с.с дұрыс түс аталғанға шейін. Түсті көрсету арқылы осы түспен тікелей мағыналы байланысы бар қимылдарды немесе сол түс тектес болған затты бейнелеуге болмайды. Мысалы, көгілдір түсті бейнелей отырып, аспанды немесе судың құйылуын көрсетуге болмайды». |
|
Аңыз әңгіме «Ұстаз бен шәкірт»
|
МӨЛДІР БҰЛАҚТАН Өзін-өзі тану мұғаліміне арналған хрестоматия
I ТОМ 124 бет |
Үй тапсырмасы. Сара Алпысқызының «Өмір әдебі» кітабын оқуға кеңес беру «Ең жақсы мұғалім » фильм қарау. |
|
Семинардың қорытынды сәті. (мұғалімдер қағазға алақандарын қойып, қолдарының суретін салады. Әр саусаққа берілген нұсқау бойынша жауап жазады.) Бас бармақ – басты мәселе. Бүгінгі жиналыстағы құнды мәселе. Балан үйрек — бірлесу. Кімге көмек бердім, кімді риза еттім. Ортан үйрек — ойлану. Мен бүгін қандай тәжірибе алдым? Шылдыр шүмек — шынайылық. Семинар маған ұнадыма, неліктен? Кішкентай бөбек – көңіл –күй ахуалы. Мен семинарда өзімді қалай сезіндім?
Ән айту: » Ұстазым» Сөзі: Аманжол Шәмкеновтікі Әні: Әбілахат Еспаевтікі Семинар аяқталды. Рахмет! |
|
Мұғалім: Нурхаева Макпал Нурлановна
Директор: Зәкен Ержан Қайроллаұлы